Мәдениет
СЕМЕЙ
14.02.2012 22:22

Семей қазақ халқының тағдырында, дамуында және оның материалдық, тарихи-рухани мәдениетінде үлкен рөл атқарды. XIX ғасырдың ортасынан бастап өзінің географиялық жағдайына қарай, ол жоғары Ертістің - Қытайдан Омбыға дейін созылып жатқан орасан үлкен өлкенің орталығы болды. Ол аймақ қалаларының арасында жетекші орындардың бірін алған және қазірде де алады.

Халықының саны 325 мың адам және алып жатқан көлемі 27 мың шаршы шақырым қаланың көліктік коммуникациясының ыңғайлы желісі бар: ол Қазақстанның ғана елді мекендерімен емес, Ресей, Орта Азия және Қытаймен байланыстыратын, темір жолы, әуе жолы, өзен және автомобиль жолдары.

Семей әдебиет, өнер және ғылымның бір тұтас саңлақтары - көрнекті қайраткерлердің отаны болып табылады. Бұл жер әлемге танымал ұлы ақын мен ойшыл Абай Құнанбаевті, ұлы философ Шәкәрім Құдайбердиевті, әлемдік әдебиеттің саңлағы Мұхтар Әуезовты, асқан әнші-ақын Әміре Қашаубаевты берген. Мұнда атақты саяхатшылар Джордж Кеннан, Семенов-Тянь-Шанский, Янушкевич, Паллас, Коншин т.б. болған, олар қазақтардың тұрмыстары мен дәстүрлі, дала өлкесінің атақты адамдары туралы қызықты естеліктер қалдырған.

 

Каспий мен Ертістің арасындағы осынау алып кеңістікте орын тепкен, халықтың рухани өмірінің тарихы ғасырлар бойы қалыптасты. Сонау ХVII ғасырда Ресейде қазіргі Семей қаласының орнында орналасқан, Доржинкит қаласын білген. Оның ресми тарихы, осы жерге ресей бекінісін салғаннан, 1718 жылдан басталады. 1734 жылдан бастап бекіністе тұрақты шекаралық кеден жұмыс істеген.

XIX ғасырдың ортасында қалаға келген, белгілі орыс саяхатшысы Г.Потанин, Семей басқа азиялық қалалардан өте өзгешеленеді, ол сауда орталығы, Қытай, Орта Азияға керуен жолы болып табылады, деп жазды.

Климатының қаталдығына, Ресей империясы орталығынан қашықтығына қарай патша үкіметі Семейді саяси тұтқындарды, сенімсіз адамдарды айдауға жіберетін жер ретінде таңдады. Декабршілер, поляк көтерілісшілері, патшаға жақпайтын ақындар, жазушылар, әскери дәрігерлер осында айдаудың ұзақ жылдарын өткізгендер, қаланың мәдени және рухани өмірінің қалыптасуына маңызды рөл атқарды.

Ертіс өңірі Семейде Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевскийдің арасында достық қарым-қатынас туды.

 

Осы жерде еркіндік пен тәуелсіздіктің туын «Алаш орда» партиясының жетекшілері көтерді - Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов. XX ғасырда Семейде Қазақстан ғылым Академиясының алғашқы президенті академик Қаныш Сатпаев, ғалым Әлкей Марғұлан, белгілі жазушылар - Всеволод Иванов, Николай Анов, Галина Серебрякова, ақындар Сәбит Дөнентаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, зерттеуші-абайтанушы Қайым Мұхамедханов, мәдениет қайраткерлері Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева, Еркеғали Рахмадиев және көптеген қайраткерлер туып-өсіп, оқып, еңбек еткен.

Қаланың мәдени бейнесі мұражайлар мен кітапханалардың көптеп болуымен анықталады. Семейде Қазақстандағы алғаш қоғамдық мұражай мен кітапхана ашылған. Тарихи өлкелік мұражай мен Абай атындағы кітапхананың қорында қазіргі бар бай қордың негізін қалаған, экспонаттар мен кітаптар бар. 1883 жылы негізі қаланған, Абай атындағы Семей ғылыми кітапханасы, ең ертедегі кітапханалардың бірі болып табылады, оның оқырмандарының бірі ақынның өзі болған.

Бірегей тарихи сәулеткерлік ескерткіштер қала қонақтарының қызыға көретін жерлерінің бірі болып отыр. Олардың арасында Мемлекеттік тарихи- мәдени және әдеби-мемориалдық Абай атындағы мұражай-қорық, Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайы, Невзоровтар жанұясы атындағы бейнелеу көркемөнер мұражайы. Абай мұражай-қорығы А.Құнабаевтың шығармаларының бірегей басылымдары бар, ірі ғылыми абайтану орталығы болып табылады. Федор Достоевскийдің 150-жылдығына жазушы тұрған оның үйінде 1971 жылы әдеби-мемориалдық мұражай ашылды. Мәскеу жинқтаушысы Ю.Невзоров XVIII-XX ғасырлардың кескіндемелер мен графикалар жинағын сыйлыққа берді, қазіргі кезде Невзоровтар жанұясы атындағы бейнелеу өнері мұражайы жинағында ұлы суретшілер - К.Брюллов, В.Тропинин, А.Васнецов, В.Маковскийдің шығармалары, барлығы 500 картиналар бар.

 

Осы кезге дейін XIX ғасырдағы кейбір мешіттер сақталған, олар қалаға сәулеттік әсемдік беріп тұрады. Қаланың ең әдемі ғимараттарының бірі қазірде жұмыс істейтін екі мұнарлы мешіт. Ол 1858-1862 жылдары жергілікті көпестер Сүлейменов, Әбдішев, Рафиков және Халитовтың қаржыларына жергілікті дін басқармасының тапсырысымен салынған.

Көпес Мусин қаржыландырған, Стамбул сәулетшісі Ғабдулла Эфендінің жобасы бойынша салынған, бір мұнаралы мешіт те одан әдемілігі мен сымбаты кем емес.

Қалың топтың арасынан түрлі түсті сәлделерді, шаруа әйелдерінің ала орамалдары, орта азия телпектері, малақайлар, цилиндрлер мен қалпақтарды көруге болатын, шалғайдағы қала, аймақтың мәдени, ғылыми және өнеркәсіптік орталығына айналды. Белгілі көпестер отбасылары - Плещеевтер, Степановтар, Ершовтар, Мусиндер аттары тек қайырымдылық қызметтермен ғана емес, жеке үйлердің құрылысы, өнеркәсіптік ғимараттар, сауда қатарларын салумен де байланысты. XIX ғасырдың ортасында Семейде қазақстанның шығысындағы алғаш баспахана ашылды, алғашқы су құбыры жүргізілді, бірінші телеграф, пароходтық серіктестік жұмыс істеді.

Семей қаласының ең көруге тұратын жерлері оның тарихи-сәулеттік ескерткіштері болып табылады: Ямышев қақпасы, Воскресенкий шіркеуі, Знаменско-Петропавлов монастырьі (бұрынғы Қырғыз миссиясы), православтық кішкене шіркеу, губернатордың үйі, облыстық кітахана ғимараты, көпес Степановтың үйі, мұғалімдер семинариясының ғимараты, Чернышевский атындағы № 1 орта мектеп ғимараты, т.б.

XX ғасырдағы жиырмасыншы жылдар Семейдің тез дамыған инфракұрылымы бар, индустриялық орталыққа айналуының басы болды: өзен кемелерін жөндеу зауыты, тері-үлбір тері комбинаты және ет комбинаты ашылды, аты аңызға айналған Түрксібтің ең ірі - Ертіс арқылы темір жол көпірі салынды, ұн тарту комбинаты, машинажасау зауыты жұмыс істеді, тұрғын үйлер, мәдениет, денсаулық сақтау және білім беру обьектілері салынды. Қаланың визиттік карточкасы бұрынғы советтік кеңістіктегі бірінші және әлемде он жетінші Ертіс өзені арқылы аспалы көпір және ядролық сынақтардың құрбандарына арналған «Өлімді жеңгендер» монументі болды.

¥лы отан соғысының қаһарлы жылдары Семей, басқа да тылдағы қалалар сияқты «Барлығы да майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін!» ұранымен жұмыс істеді. Майданға жылы киімдер, тамақтар, медикаменттер жіберетін, тоғыз зауыттар мен фабрикалар қайта салынды. Осы жерден, қырық бірінші жылдың сол бір қиын күзінде Мәскеу үшін айқаспен майдандағы өз жолын бастаған, 28-ші атқыштар дивизиясы қалыптасқан. Батырлықтары мен ерліктері үшін 52 семейліктерге Совет Одағының Батыры атағы берілді. Қала ортасындағы жеңіс мемориалдық саябағы - белгілі және белгісіз, батырлар туралы естеліктің бөлігі.

Соғыстан кейінгі жылдары семейде цемент зауыты, силикат кірпіш, асбоцемент бұйымдары зауыттары, кәбілдік, үйқұрылысы және сүт комбинаттары құрылды. 60-жылдың басында Ертіс жағалауларын автомобиль әсем-көпірі жалғастырды. Жаңа тұрғын көп қабатты мөлтек аудандар өсіп келеді, қала көркейтілді, жасылдандырылды.

 

Тарих иілімдері қаншама қатпар болғанмен, Семей өзінің тарихи орнына адал болып қалды-қайсысы бірінші, кейбірі алғаш рет. Рухани байлықты дамыта, материалдық игілікті жасай отырып, қала жердің басты байлығы - халық таланттарына бай.

Ондаған ғалымдар, жазушылар, суреткерлер, ақындар тек семейліктер болуын қойды. Олардың даңқы Қазақстанды, одан әрі де жайлады.

LAST_UPDATED2