АСТАФЬЕВ ИВАН |
Автор: phoenix | |
07.11.2013 12:08 | |
1922 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Усть-Таловка ауылында дүниеге келген. 1941 жылдың желтоқсан айынан бастап майданда болды. Батыс және 1 - Белорус майдандарында пулеметші, танктің және өздігінен жүретін СУ-85 қондырғысының механик-жүргізушісі болып, неміс-фашист басқыншыларына қарсы соғысты. Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1945 жылғы 27 ақпандағы Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Неміс қаласы Воленді алу кезінде қаза тапты. Усть-Таловка мектебіне, Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен ауылдарындағы көшелерге, саябақтарға есімі берілген. |