Санамазға нұр құйды Печать
Автор: Administrator   
26.01.2011 00:01

 

Санамазға нұр құйды

Қайым Мұхамедхановтың ұстаздық қызметінің жөні бөлек. Біз Қайым ағаға студент шағымызда да, кейін де еліктейтінбіз. Қайым ағаша сөйлеуге тырысатынбыз, лекция оқығанда да ұстазға ұқсасам деген ұмтылыс бойды билейтін. Біреуге қалжыңдасақ та Кәкең есте тұратын, ең аяғы шылым шеккенде де ағаның машығын қайталағың келетін. Ойлап отырсам, мұның барлығы әншейін еліктеу емес. Ұстаздың бойындағы қарапайымдылық, инабаттылық, мәдениеттілік, ең бастысы, зор білімдарлығымен шәкірт жүрегін баурап алғандығының шынайы көрінісі іспетті.

Қ. Мұхамедханов шәкірттеріне тапсырма беріп, қалай орындайды, қандай әдіс-тәсілдер пайдаланады - соны қадағалайтын. Бұл ретте Кәкең бақшадағы бағбан сияқты.

- Арап, сен Кәмелетдин хазіреттің қайда оқығанын білесің бе? Қай жерде, қай үйде, қай жылдары тұрған? Немесе, Ақылбек Сабал қолжазбалары Қазан архивтерінде сақталып па? Көшірмесін алдыру мүмкін бе? - дер еді (ондай тапсырма берген қағаздарды сақтап қоймаппыз, керегі енді болып отыр). Оңай шешілер түйін емес. Жеңіл дүниені тәптіштеп сұрап несі бар. Біледі-ау деген ғалымдарға дереу хат жолдаймыз, телефон шаламыз.

34

Неге іздегенін ішім сезеді. Бір шәкіртіме студенттердің ғылыми конференциясында "Біржан-Сара айтысы" жөнінде баяндама тақырыбын бергенмін. 1959 жылы Жұлдыз" журналының тоғызыншы санында профессор Б.Кенжебаевпен бірігіп жазған "Біржан-Сара айтысыныд авторы кім?" мақаласымен таныспын. Әлсін-әлсін "Біржан-Сара айтысы" жөнінде баспасөзде қым-қиғаш пікірлер бұрқ етіп жататын.

Қазанға, Марсель Ахметжановқа хат жолдадым. Ол-филология ғылым- дарының кандидаты, СССР Ғылым академиясы Татарстан филиалының аға ғылыми қызметкері, архивтер фондының білгірі.

Келесі хатТашкентке, Қыдырәлі Саттаровқа аттанды. Әдебиетші ғалым, Өзбекстанды мекен еткен қазақтардың ауыз әдебиетін зерттеуде. Бүгінде филология ғылымының докторы, профессор.

Көп ұзамай, 1976 жылдың 24 қаңтарында, Қыдырәлі Саттаровтан жауап келді. Көңіл көншітпеді: "Арап, хат арқылы жазған өтінішіңді А.Науаи атындағы мемлекеттік кітапханадан көптен бері қарастырып жүрмін. Себебі, мұндағы кітапхананың сирек кездесетін кітап фондысының журнал, газет тұратын жерін екі-үш жыл бұрын (1973 жылы жазда) өрт шалған... "Жетісу әйелі" деген журналдың бірде бір саны жоқ. Сұрастырдым, білмейді. Егерде қолға түсе қалғандай болса, өтінішіңді толық орындап жіберуге әзірмін".

Марсель Ахметжановтан хат ұзақ сарылдырып жетті-ау. "Арап, Сіз сұраған сұрауларға жауап былай:

- татар газет-журналдарының архиві сақталмаған;

- олар бойынша Татарстан мемлекеттік архивінде цен-зура фондыларында ғана материалдар бар", - дей келіп өзі өтініш жасапты: "Арап, Қайым ағадан календаршы Шарафитдин Шаһидуллин хақында сұрап көрші, оны білер ме екен?! 1921 жылда Ш.Шаһидуллин Семейде болған. Сол ағартушының өмірбаяны белгісіз".

Ғылым жолы қиын да қызық. Сырт қарағанда түкке тұрмайтын ұсақ фактілер, үңіле түсіп, тереңдей бойласаңыз, шағын дерек үлкен ойларды қозғайды. Ғылымда үлкен, кіші сұрақтар болмайтындығына, шағын деректен үлкен қорытынды туындайтындығына ғылыми зерттеумен шұғылданғандықтан риясыз сенесіз.

Жеке кітапханаларымызда да ауыс-күйіс болмай қалған жоқ. Шағын хатты дәлел ретінде ұсынбақпын:

35

Қуғын-сүргінді көп көргендіктің салдарынан біраз кітаптары мен қолжазбаларынан айырылғандығы шығар кітапханасынан шашау шықпауды қалайтын.

Әдебиет сүйер қауым, тіпті кейбір әдебиет зерттеушілері Қайым Мұхамедханұлы ізденістерінің аясын Абай және оның ақындық мектебі мәселелерімен тұйықтауға ыңғайлы тұрады.

Шындыққа мойынсұнсақ, Қ. Мұхамедханов - ірі әдебиетші-тарихшысы.

Қазақ әдебиетінің тарихында Кәкең араласпаған сала жоқ. және не жөнінде жазса да, басты тіреніші - тарихи шындық пен бұлтартпас жазба, әрі қолжазба деректер.

Әдебиет тарихында шешуін таппай келе жатқан мәселелердің көптігін мойындай отырып, Аягөздік оқымысты Құрбанғали Халидидің "Тауарих хамсашарқи" ("Шығыстың бес елінің тарихы") атты 1910 жылы Қазан қаласында баспа көрген көлемді еңбегін оқуға кеңес бергені бар. "Іздеген тарихың да, этнографияң да, әдебиетің де осыдан табылады. Оқып, түсіну өте қиын. Араб, парсы, түрік, шағатай, татар тілдері аралас қолданылады. Оқығанда үнемі түрлі сөздіктерді пайдаланамын. М.Әуезовтің қолынан түспеуші еді", - деп пысықтайтын.

Хандық дәуірдегі ХУІП-ХІХ ғасырлардағы, XX ғасыр басындағы әдебиетті игеруде "Шайыр", "Көксілдер" жинақтары көмекке келеді. Ғажап кітаптар, оқу қажет дейтін.

Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев туралы алғаш Кәкең аузынан естідік. Бірде Сұлтанмахмұт Торайғыровтың бізге бейтаныс өлеңдерін жатқа оқып еді. Аз ойланып отырып, тағы жатқа соққан:

Жанды құдай алады, кісі алмайды,

Себепсіз шыбын қонып-ұша алмайды.

Кеудеге өлең кернеп келген шақта,

Шындықтан басқа жолга түсе алмайды.

- Кім?..

- Шәкәрім бе?!

- Жоқ. Көкбай Абайдың сүйікті шәкірті, досы.

- Біздің естуімізше, Абай оны ұнатпаған сияқты ғой?

- Бос сөз. Бос сөз. Абайдың сынына толу оңай шаруа емес. Ойланып сөйлеу керек, - деген ұстаз.

Әңгіме жарасымды өрбіп, жан дүниесімен беріле сырласқанда, қолына домбыраны алып, әндетіп те жіберер еді:

Абылай аспас Арқаның сары белі,

Қуандық пен Сүйіндік жайлайды елі.

Қырық мың жылқы су ішсе лайланбайтын

Нияздың Аюлы мен Каракөлі...

Қош, аман бол, Сарыарқа, өскен жерім,

Кір жуып, кіндігімді кескен жерім.

Тартысып ертелі-кеш ұлықтармен

Шұбырып маңдайымнан аққан терім.

- Авторы кім?

- Қандай ғажап ән?!

- Иманжүсіп Құтпанұлы. Ержүрек батыр, бунтарь. Өзі ақын, өзі композитор. Жалған жалаға тап болып, атылып кеткен. Нағыз азамат!

- Біз мүлдем білмейді екенбіз.

- Білмейтін дүние көп қой. Бірақ айтуға да, жазуға да мүмкіндік тумай тұр ғой!..

Иә, бірнеше лекцияға бергісіз мұндай мазмұнды кештердің талайына куәгер болдық қой.

Шырғалаң өмірді бастан кешкен Қайым Мұхамедханов жөнінде талай естеліктер жазылар. Кейбір естелік авторлары өзін кеуделеп алға шығарғысы да келер.

Менің естелігімнен мына оқырман өнеге тұтарлық түйін тапса, міндетімнің орындалғаны.

Әдебиет:

Қайым туралы сөз = Слово о Каюме: сб. воспоминаний / Құраст. Қайым Мұхамедхановтың отбасы; жауапты ред. Ғ.Қабышұлы // Санамызға нұр құйды / А.Еспенбетов. -Астана: Фолиант, 2006. -Б. 172-177.