Бас мәзір
ОҚЖ ТУРАЛЫ
05.09.2010 20:52

Кітапхана туралы

Кітапхана оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын сиқырлы да киелі орда. Кітап – уақыт пен кеңістіктің тынысына толы адамзат ойының жемісі, қоғамның мәдени күштерін дамытудың қуатты құралы, қайнар бұлағы. Оқырман сана-сезімінде адамзат жүріп өткен тарихи-мәдени әлеуметтік жол кітап арқылы өзінің мән-мағынасымен, барлық қырмен ашылды. Мәдениет пен өнер ұлы болмайынша, ұлт ұлы болмайды дегендей, егеменді мемлекетіміздің болашағы жастардың мәдени танымдық қабілетін қалыптастыратын мәдени ортаның бірі кітапхана болып табылатынын бүгінде білмейтін адам кемде кем.

Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі /ОКЖ/ Семей қаласының мәдени-ақпараттық орталықтарының бірі болып табылады. ОКЖ өз ақпараттық аясын әрдайым кеңейтіп отырады.

Мақсаты: кітап оқу арқылы тұлғаның жан-жақты дамуына, үздіксіз білім алуына, әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделуіне ықпал ету және түрлі ақпарат пен білімге қолжетімділікті қамтамасыз ете отырып, оқырман сұранысын қанағаттандыру.

Міндеттері:

 оқу беделін көтеру, балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын шығармашылық үрдісте ұйымдастыру;

 толассыз және өздігінен білім алуға, өзін-өзі жетілдіруге, тұлғаның ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға көмек беру;

 жас пайдаланушыларға қоғам ережелері мен құндылықтарын түсінуге көмектесу, олардың әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделуіне кітап оқыту арқылы ықпал ету;

 мәдени даму, бос уақытты тиімді пайдалану әдістерін меңгерту.

1976 жылы құрылған Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қалыптасу мен даму жолы жеңіл болмай, өз қиыншылықтарын да бастан өткізді. Құрылған кезеңде Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде барлығы 30 кітапхана-бөлімшесі болды, оның ішінде 5 - балалар, 1 – жасөспірім, 15 – үлкендер мен балаларға қызмет көрсететін кітапхана. 1995 жылы ОКЖ құрамына Жаңа-Семей ауданына қарасты тағы 13 ауылдық кітапхана қосылды.

Оңтайландыру жылдарында 26 қалалық кітапхана-бөлімшелері қысқартылды, оның ішінде барлық балалар және 12 ауылдық кітапханалар. Жабылған кітапханалардың кітап қорлары қалалық және ауылдық мектеп кітапханаларына, балалар үйлеріне, әскери бөлімшелерге тегін таратылды. Бүгінгі таңда ОКЖ құрамына 11 кітапхана кіреді, оның iшiнде 9 кітапхана Семей қаласында, 1 кітапхана-бөлiмше Шүлбі кентінде және 1 кітапхана-бөлiмше Шақаман ауылында орналасқан.

Біздің жетістіктеріміз:

 Бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп жұмыс жасау

 Телеарнамен бірлескен «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы

 «Радуга» шығармашылық бірлестігі

 Білім және әлеуметтік орталықтарымен бірлесіп жұмыс жасау

 Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының ашылуы (2003 ж.)

 Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесінің ашылуы (2004 ж.)

 Автоматизация бөлімінің ашылуы (2005 ж.)

 Дамыту және әдістемелік бөлімінің ашылуы (2013 ж.)

 Анықтамалық-библиографиялық бөлімі және Әдебиеттерді толықтыру және өңдеу бөлімінің жеке бөлім болып құрылуы (2013 ж.)

 Мирный кентіндегі кітапхана-бөлімшесінің ашылуы (2013 ж.)

 Жоламан және Шығыс кентіріндегі кітапхана-бөлімшелерінің ашылуы (2014 ж.)

 Шақаман ауылында кітапхана-бөлімшесінің ашылуы (2020 ж.)

LAST_UPDATED2