04.11.2016 12:20

 

lapteva1

Лаптева Нина Витальевна

Родилась 02 мая 1947г. в г.Семипалатинск с заболеванием «детский церебральный паралич», имеет инвалидность 1 группы. С 1958г. по 1966г. училась в школе №4, окончила 8 классов. С 1978г. в течение 3-х лет училась в вечерней школе рабочей молодежи. Стихи начала писать с 18 лет. Первое стихотворение было опубликовано в газете «Иртыш» в 1966г.

laptevНина Витальевна общительная, доброжелательная, всегда готова помочь ближнему, тонко чувствует чужую боль.

В «Семейском Центре оказания специальных социальных услуг №2» проживает с августа 2013г. Любит читать детективы.

 Посещает кружок «Рукоделие», занимается вышивкой. Обучилась компьютерной грамотности и пользованию интернетом. С удовольствием дарит свои произведения сотрудникам, декларирует стихи на концертах художественной самодеятельности учреждения.






Читать    

Обновлено 04.11.2016 12:51
 
30.04.2014 12:25
Mugajimova

Мугажимова Кулгайша Капсаметовна родилась 8 января 1958 г. В 1975 году закончив среднюю школу им. В.И.Чапаева в с.Бестерек Урджарского района, работала чабаном в комсомольской бригаде. 1977-1981 гг. закончила факультет казахского языка и литературы Семипалатинского педагогического института. Получив направление работала педагогом в Кокчетавской области, а затем в Аксуатском районе. В 29 лет потеряла зрение. Вырастила прекрасных двух дочерей. Старшая дочь Жанаргуль продолжила путь Кульгайшы Капсаметовны и работает педагогом. В данное время Кульгайша Капсаметовна воспитывает двух внуков. В свободное время любит свои мысли о жизни излагать на бумаге.


Толғаныс

Сыңғырлап сұлу Ертіс сылаңдаған

Қасында биші қайың бұраңдаған.

Күніне жүз рет келіп, кетсемдағы,

Өзіңді көрген сайын құмарланам.

Жағаңда өткен күннің мұңы қалды,

Ақынның толғанысы, жыры қалды.

Ойласам жастығымды тебіренем

Құмыңда он сегіздің ізі бар-ды.

Мынау ағаш дәл біздердей қартайған,

Ертіс - дағы таязданып ортайған.

Таста қалған бәз-баяғы қалпында,

Сенің салған суретің мен қолтаңбаң.


Тәуелсіздік жолында

Шаштан сүйреп аруды,

Қолданды кейде қаруды.

Жөн көрді сонда Кеңесің

Түрмеге бәрін жабуды.

Тәуелсіздік жолында

Арпалысты арулар.

Тәуелсіздік жолында

Қайрат сынды жастардың,

Қаны менен жаны бар.

Тәуелсіздік жолында

Әзиз шашты ананың

Қайғысы мен мұңы бар.

Тәуелсіздік жолында

Қаракөз қайсар сұлудың

Айта алмаған сыры бар.

Тәуелсіздік жолында

Арманда кеткен жастардың

Сала алмаған әні бар.

Тәуелсіздік – ұлы сөз

Бостандық деген мәні бар,

Замандас, менің достарым,

Осыны сенде ұғып ал.


***

Өмір-ай, неткен сонша қатал едің,

Тағдырдың тауқыметін талай көрдің.

Көз жанардан айырылсам да ризамын

Сен маған қос қызымды сыйлап едің.

Өмір-ай, сенде осы сыншылма едің?

Жоқ, әлде, қатыгез міншілме едің?

Қалт-құлт жүргенімді көре алмаған

Естимін мен өсегін күншілдердің.

Күтемін жаз келуін біздің бауға,

Біреулер сұрап жүр-ау, жанға сауға.

Сезгенде сұм жалғанның қысқалығын

Етемін бұл күніме мың бір тәуба.


Қыздарыма

Қыздарым – қызғалдақ гүлім,

Қыздарым – шуақты күнім.

Қыздарым – сыр сандық сырым,

Қыздарым – жырланған жырым.

Қыздарым – сән салтанатым,

Қыздарым – қос қанатым.

Қыздарым – нақ сүйеуім,

Қыздарым – бақ тілеуім.

Қыздарым – көктеген дәнім,

Қыздарым – шырқалған әнім.

Қыздарым – үлгілі сәнім,

Қыздарым – өмірлік мәнім.

Обновлено 30.04.2014 12:29