|
|
Мероприятия
|
Республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы ел арасында аса танымал жобалардың біріне айналды. Оқырман қауым жалпыға бірдей оқуға ұсынылған туындыларды өте қызығушылықпен оқи отырып, автордың өмірбаянымен және шығармашылық жолымен терең танысуға мүмкіндік алды. |
|
25.09.2013 15:02 |
|
2013 жылдың халық жаппай оқитын кітабы ретінде, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық ақыны Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты лирикалық жыр кітабы ұсынылды. Осыған орай, акция аясында Орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінде ақынның шығарамашылығына арналған «Қазақтың ақын қызы» атты портрет кеші ұйымдастырылды. Кешке Байланыс және радиотехника колледжінің студенттері қатысты.
Кітапханамыздың шаңырағында өтетін әр іс – шараның мақсаты, өскелең ұрпақты поэзияны сүюге, ақынның жырларын, әндерін айта отырып, өз елін, жерін сүюге, олардың өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру болып табылатыны белгілі.
Осы орайда, кешімізге келген қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шынар Серикқалиқызы акцияға байланысты өз пікірін білдірді. «Бір ел – бір кітап» акциясына арнайы, оқу залында ұйымдастырған «Фаризаның жауһар жырлары» атты кітап көрмесі қойылып, оған ақынның шығармалары, өлеңдер жинағы, әр жылдарда мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалалар, жылы лебіздерге толы дүниелер оқырман назарына ұсынылды.
Поэзия, алып-ұшқан лирика – адам жанына барынша жақын жанр. Қалматаев атындағы Медициналық колледжінің студеттері Бүгілбаева Айгерім, Нурабидуллаева Самал Фариза Оңғарсынованың шығармашылығынан өздері ұнатқан өлеңдерін мәнерлеп оқып берсе, Аманғазина Фариза ақынға арнауын паш етті.
Лирик ақынның өлеңіне жазылған әндер әлемі де өзінше бір төбе. Оған қоса ақынға арналған ән – жырларда аз емес. Кеш барысында күмбірлеген күй де, тамылжытқан әндер де шырқалды. Оқырмандарға арнайы «Дауаға» байланысты бұндай ізгі шаралар әлі де жалғасын табатыны белгілі. Кітапханамыз әрқашан өз оқырмандарын құшақ жая қарсы алады!
|
|
LAST_UPDATED2 |
|
|
2007 жылдан бері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында қолға алынған «Бір ел – бір кітап» акциясы биыл да жалғасын тапты. |
|
27.06.2013 20:28 |
|
Осыған орай бүгінде Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің барлық кітапханаларында 7-ші рет қатарынан дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» ақциясы өткізілуде. Акция аясында кітапхана қызметкерлері қаламыздың түрлі қоғамдық, мемлекеттік ұйымдарымен тығыз байланыста бірлесіп түрлі кездесу, әдеби кештерін, оқу марафондары, дөңгелек үстелдер, пікірсайыстар өткізу жоспарланып, акцияға қала тұрғындарын тарту үшін жарнама науқанын кеңінен жүргізуде.
Осындай қала көлеміндегі мәдени шаралардың бірі Орталық мәдениет және демалыс саябағымен бірлесіп ұйымдастырылған «Фаризаның жауһар жырлары» атты кітапханалық-анонс болды. Фариза Оңғарсынованың шығармаларын көпшілікке насихаттау мақсатында өткізілген бұл шараға Семейдің Абай атындағы драма театрының әртісі, Қазақстанның халық әртісі Бекен Имаханов, тұрақты оқырмандарымыз, қала тұрғындары мен қонақтары, жастар мен поэзияға жаны құмар балғындар қатысты.
Қазақтың ерке, ақын қызы Фаризаның талантына тәнті, өлең құдіретін түсінетін біздің тұрақты оқырмандарымыз Бекен Имаханов пен Кеңесбек Жармұхамедов Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы туралы кеңінен әңгімелесе, Фаризаға еліктеп өлең жазып, ақын апаларына жыр арнаған жас ақындарымыз – Арман Шеризат, Жасұлан Мақаев, Серік Қуанған, Еркебұлан Мұса жыр-арнаудан шашу шашып, жас ақындар шеруін өткізді.
Ғажайып таңның рауаны; -
оқыған кезде, - «Дауаны».
Жадырар жаның жыр кернеп
жұтқандай жұпар ауаны, - деп Жалаңтөс Жайпарұлы жырлағандай, «Дауа» жыр жинағына енген «Үш Қара» деген өлеңінің тууына ақын апамыздың туындыларын сүйіп оқитын тұрақты оқырмандарының: «Апай! Сіз қай ауылда тудыңыз, ауылыңыздың аты қалай?», - деген сұрақтары себеп болған екен. Осы сауалға жауап ретінде жазылған «Үш Қара» өлеңін №27 орта мектебінің оқушысы Закария Әлия мәнерлеп оқып берсе, жазғы демалысқа келген қонақ балалар Серікқалиева Ақерке, Әлімханова Әсел, және №22 мектеп оқушылары Жеңісов Сабыржан, Берікқажиев Махамбет, Оспанова Аяулым Фариза ақынның шығармашылық жолында – балаларға арналған туған ел, Отан, ана туралы өнегелі өлеңдерін оқыды.
Сондай-ақ Орталық мәдениет және демалыс саябағында демалушылар мен айтулы шараға қатысушыларға Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығы, «Бір ел – бір кітап» акциясы туралы түрлі жаднамалар, дайджест-ақпарат, буклеттер, бетбелгілер таратылды.
Өмірі өлеңге айналған апамыздың демінен сезім аңқыған, гауһар тастай жарқыраған жырларынан жанымызға әркез шипа табамыз. Оның өлеңдері арқылы күш алып болашаққа нық сеніммен аттанған бүгінгі ұрпағы Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы алдында тағзым етеді. Олай болса, Фариза апамыздың жүректерді нұрландыратын ақық та жақұт жырлары жазыла берсін, алысқа самғай берсін, кейінгі ұрпақтарға үлгі, бағдаршы бола берсін дегіміз келеді.
|
|
LAST_UPDATED2 |
|
Мәдениет министрлігі мен Ұлттық академиялық кітапхананың қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында қолға алған «Бір ел – бір кітап» акциясы биыл да өз жалғасын Балалар және жасөпірімдер кітапханасында тапты. |
|
12.06.2013 22:17 |
|
Биылғы акция Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті ақын, ірі тұлға Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты жыр жинағы таңдалғаны баршамызға белгілі. Осыған орай кітапханада Фариза Оңғарсынованың өмірі мен, шығармашылығын насихаттау, оқырмандардың көркем шығармаға қызығушылығын арттыру мақсатында «Фариза Оңғарсынованың жібек жырлары» атты әдеби-виртуалды салон қаламыздағы Радиотехника және байланыс колледжінің 2 курс студенттерінің қатысуымен өтті.
Шара барысында кітапханашы слайд көрсете отырып жазушының өмірі мен шығармаларын таныстырды. Қазақтың жыр падишасы атанған Фариза апамыздың «Дауа» атты лирикалық өлең кітабынан үзінділер оқи отырып, студенттер оған талдау жасады. Сондай -ақ «Жалғасын тап?» атты жазушының өлеңдеріне викториналық ойын жүргізіліп, онда осы колледжінің студенті Байжигитова Ақмаржан өзінің білімділігімен ерекшеленді. Жиылғандар «Поэзия падишасы» атты көрмені тамашалады. Мұнда «Біздің кәмшат» повесі, «Дауа», «Екі томдық: Таңдамалы шығармалары», «Шілде» тағы басқа шығармалар жинағы мен баспасөз беттерінде жарияланған Фариза Оңғарсынованың өлеңдері қойылған. Сондай-ақ шара барысында осы топтың студенті Дауытбеков Диас домбырамен «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» атты ақын Мұқағалидің өлеңін шырқады. Студенттер дискіден ақын Фариза апамыздың өлеңі «Қыз монологын» тыңдады. Шараға қатысушылар ақынның өлеңдері мен шығармаларын жыл бойы оқи беретіндіктерін айтып, шараны ақынға арналған арнау өлеңмен аяқтады.
|
|
LAST_UPDATED2 |
|
Мәдениет министрлігі мен Ұлттық академиялық кітапхананың қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру мақсатында қолға алған «Бір ел – бір кітап» акциясы биыл да өз жалғасын балалар және жасөпірімдер кітапханасында тапты. |
|
15.11.2012 22:12 |
|
Кітапханада Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» повесі мен шығармалар жинағына талқылау Семей Мемлекеттік Педагогикалық Иституттың 2 курс студенттерінің қатысуымен өтті. Шараны кітапханашы Жакееева Ш. жүргізді.
Мақсаты: Оралхан Бөкейдің өмірі мен, шығармашылығын насихаттау. Оқырмандардың көркем шығармаға қызығушылығын арттыру.
Шарада кітапханашы «Қайдасың, қасқа құлыным» повесінің әдеби ерекшеліктері» атты тақырыппен сөз алса, СМПИ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің ұстазы Абикенов Мұхит Төкенұлы О.Бөкейдің шығармаларына тоқталып өтті. Мұндағы жағымды, жағымсыз кейіпкерлерге анализ жасады. Шараға қатысушылар қазақ әдебиетіне өзіндік ерекшелігімен, өзіндік өрнегін сала келген жазушы Оралхан Бөкейдің өмірінен оқырманға белгісіз беттері туралы айтылып, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, жас ұрпақты елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматыққа баулу туралы үлкен толғаныс білдірді.
Оқырмандар «Қайдасың, қасқа құлыным» повесін оқып, жазушының туған жер табиғатын суреттеуіне тамсана таңырқаса, оның өз әкесіне деген балалық махаббатына сүйсіне қарады. Ал повестегі оқиға желісіне байланысты биенің егіз тууы жаман ырымға жорылып біреуін өлтіреді. Міне, осыған өкініш білдірген автор келесі туған құлынын анасы өлтіретінін суреттейді де, көңілінде қасқа құлынға деген аяныш, өкініш сияқты сезімдер пайда болады. Ескі ырымға сенбей құлынды өлтірмесе, мүмкін ол қазақтың құлагері болар еді деген ой түйеді.
«Қайдасың, қасқа құлынымның» тақырыбы да, мазмұны да оқырмандардың пікірінше осылай ашылады.
Шараға ««Бір ел – бір кітап» акциясы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Қара сөзбен жыр кестесін төккен хас шебер – Оралхан Бөкей» атты слайд-шоу көрсетілді.
|
|
LAST_UPDATED2 |
|
Цемент кентінің кітапхана бөлімшесінің ұйымдастыруымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жылдың ең үздік кітабы «Қайдасың қасқа құлыным» атты әдеби сағат «Семей геологиялық барлау колледжінің» І курс студенттерімен болып өтті. |
|
12.10.2012 18:19 |
|
Әдеби сағаттың мақсаты: студенттерді қазақ әдебиетіне өзіндік ерекшелігімен, өзіндік өрнегін сала келген жазушы Оралхан Бөкейдің өмірімен таныстыру, оқырманға белгісіз беттері туралы айту, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, жас ұрпақты елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматыққа баулу.
Оралхан шығармасы Алтай тауының шыңындай асқақ екені көзі тірісінде-ақ мойындатқан. Сөзден өрім өре отырып, қазағының қанталаған жеріне шипа іздеген жазушының бар кейіпкері – шынайы тұлғалар. Сондықтан да Оралханның кірпияз шығармасы жасандылыққа ұрынбаған. Шара барысында студенттер жазушыға арналған қазақ ақын -жазушыларының өлеңдер топтамасын оқып берді. Кітапханашылар «Қайдасың қасқа құлыным» повесінің қысқаша мазмұнымен оқырмандарды таныстырып, кітапханаға келіп түп нұсқасымен толықтай танысуларына болатынын айтты.
Шара соңында «Бір ел – бір кітап» акциясы атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Алтайдан ұшқан ақиық» атты слайд-шоу көрсетілді.
|
|
LAST_UPDATED2 |
|
|
|
|
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 Келесі > соңғы >>
|
|
JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL |
|