Атап өтсек №2 кітапхана-бөлімшесінде 27 наурыз күні «Бір ел-бір кітап» акциясы бойынша
№42 орта мектептің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Жыл кітабы - «Дауа» атты әдебиет сағаты өткізілді.
Шараның мақсаты: Оқушыларды Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылық еңбектерімен таныстыру. Ақынның жыр жинақтарын оқушылар назарына ұсыну. Ақын шығармалары арқылы ұлттық намысты ояту, адалдықты, шындықты, сұлулықты қадірлей білуге тәрбиелеу.
Шараны бастаған кітапхана қызметкері кешке қатысқан оқырмандарды «Бір ел - бір кітап» акциясының тарихымен таныстырып, оның алдына қойылатын мақсаттарын, мәнін түсіндірді. Содан кейін заңғар ақынның өмірбаянымен таныстыра кетіп, оның әдеби жолының ерекшелігін жайында флэш-слайд көрсете отырып әңгімеледі.
Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде-кем. Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады. "Маңғыстау монологтары" ақынның отыз жасындағы қолтаңбасы. Содан бері "Мазасыз шақ", "Мен сенің жүрегіңдемін", "Шілде", "Сенің махаббатың", "Дауа" сияқты кітаптары адам атты күрделі жаратылысты сан зерттейді. Олар не туралы? Махамбеттің мұңын сезгенде, қайратынан жыр жанығанда өршіл сарынға ерік береді. Міне, Фариза ақынның халқына ұсынған өр мінезді жырлары осы еңбектері арқылы белгілі болғаны кеңінен айтылды.
Ақын жырында әйелдер бейнесінің көңіл күйі дауылды сезім болып жырланады, тек жай жырлау емес, қазіргі замана талабының биік өрісіне лайықтап жырлау - Фариза туындыларының бір қыры. Ол сезім күйлерін шертуге, Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен трагедиясына дастандар арнағаны туралы баяндалды.
Фаризаның беріліп, шабыттанып, аса құмарта, кең көсіліп жырлаған табысты тақырыбы - махаббат, сүйіспеншілік тақырыбынан басқа да саяси-әлеуметтік тақырыптарды әуелде публицистикалық толғау үлгісі арқылы игерген ақын бірте-бірте философиялық, психологиялық монолог формаларға ауысып суреттегенін көреміз. Туған жер, Отан-Ананы нақты сурет, бейнелі тіл, көркем тәсілмен өрнектегені жайында ақпарат берілді. Бұдан соң оқушылардың назарына М. Мақатаевтың «Фариза қыз» әні ұсынылды.
Жыр әлеміне құлаш ұрған Фариза ақынның жырлары өз оқырмандарын қуанта берері сөзсіз. Ақын - өз заманының ар-ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі - дауасы - поэзия.
Әдеби сағат «Жыл кітабы - Фариза Оңгарсынованың «Дауа» өлеңдер жинағы» атты кітап көрмесіне шолумен аяқталды.
№6 кітапхана-бөлімшесінде №8 мектеп-кешенінің 7 «Ә» сынып оқушыларына арнап «Дауа» жыр жинағы - жыл кітабы» атты әдеби сағат өткізілді.
Шараның мақсаты: Жалпыға бірдей оқуға ұсынылған туындындыға оқырмандардың қызығушылықтарын арттыру, ақын Фариза Оңғарсынованың өмірбаянымен және шығармашылық жолымен таныстыру.
Әдеби сағат «Фаризажан» әнімен ашылды. Шара барысында кітапхана қызметкері 2013 жылы бүкіл ел болып оқылатын туынды белгілі ақын Фариза Оңғарсынованың «Дауа» жыр жинағы екендігін айтып өтті. Қазақ поэзиясында өзіндік тұлға болып қалыптасқан ақын өлеңдерінің негізгі тақырыптары: махаббат, замана, уақыт тынысы, туған жер, туған ел туралы екендігіне тоқталды. Осы сыныптың оқушылары Низан Абылай ақынның «Құштарлық», «Жетімхана», Жексенбаева Ақерке «Батырлардың ұрпағымын» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Сонымен қатар шарада кітапхана қызметкері Фариза Оңғарсынованың поэзиясы өз ұлтын құрметтеуге, оның дәстүрі мен мәдениетін сүюге шақыратындығына тоқтала келе, Фариза Оңғарсынқызы бүгінгі күнге дейін Қазақстан поэзиясының дамуына өз үлесін қосып келетіндігін айтып өтті.
Шараны қортындылау үшін «Кім көп біледі?» атауымен сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылып, ақынның өмірбаянына байланысты құралған сөзжұмбақ шешілді.
Сонымен қатар аталған кітапхана-бөлімшесінде «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында №9 орта мектептің 11 сынып оқушыларына арналған «Поэзия падишасы» атты поэзия кеші өткізілді.
Шараның мақсаты: Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқырмандардың көркем шығармаға қызығушылығын арттыру, жас ұрпақты елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматыққа баулу.
Кітапхана қызметкері тума талант иесі Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығын флэш-слайд көрсете отырып таныстырды. Ақынға арналған арнау өлеңдер оқып, естеліктер тыңдалды. Қазақ поэзиясында өзіндік тұлға болып қалыптасқан ақын өлеңдерінің негізгі тақырыптары: махаббат, замана, уақыт тынысы, туған жер, туған ел туралы екендігіне тоқтады. Оқырмандар қазақтың жыр падишасы атанған Фариза апамыздың «Дауа» атты лирикалық өлең кітабынан үзінділер оқи отырып, оған талдау жасады. Туған жер, махаббат лирикасынан өлеңдер оқылды. «Жалғасын тап?» атты жазушының өмірі мен шығармашылығынан құрылған викториналық ойын өткізілді. «Поэзия падишасы» атты көрмеге шолу жасалды. Онда «Сөз сыры», «Дауа», «Алғашқы сабақ», «Сұхбат» т.б шығармаларымен баспасөз беттерінде жарияланған Фариза Оңғарсынованың өлеңдері қойылған. Шара Мұқағали Мақатаевтың «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» өлеңімен аяқталды.
Кітап көрмесін безендіргенде Ф.Оңғарсыновадан алынған сұхбаттар, саясаттанушылар мен қоғам қайраткерлері, жазушылар мен мәдениет қайраткерлерінің ақын туралы айтқан пікірлері қолданылды.
«Бір ел – бір кітап» жобасы аясында талант иесінің қаламынан туындаған жырларына қызығушылық танытқан оқырман қауымға ақын шығармашылығынан мол мағлұмат беретін төмендегідей шаралар өткізілді.
- «Фариза, Фаризажан, Фариза қыз» - әдеби кеш, №42 мектеп, 7 сынып, №2 кітапхана-бөлімшесі;
- «Қалам падишаһы» - әдеби кеш, Семей мемлекеттік Шәкәрім атындағы университеті студенттері, Балалар және жасөспірімдер кітапханасы;
- «Қазақтың ақын қызы» - портрет кеші, Музыка мектебі және Көп салалы колледжінің студеттері, Қалалық орталық кітапхана;
- «Фариза Оңғарсынованың жібек жырлары» - әдеби салон, Радиотехника және байланыс колледжінің 2 курс студенттері, Балалар және жасөспірімдер кітапханасы;
- «Поэзия падишасы – Фариза» - поэзия сағаты, №32 мектеп, 8 «А», «Ә», «Е» сыныптары, Цемент кентіндегі кітапхана;
- «Фариза – поэзия сандуғашы» - поэзия сағаты, «Қайнар» колледжінің студенттері, Балалар және жасөспірмдер кітапханасы;
- «Тыңда мені жүрекпен» - поэзия сағаты, тұрақты оқырмандар, Қалалық орталық кітапхана;
- «Жырларымды оқы да ойларымды ал» - ақпарат сағаты, №26 және №2 орта мектептері, 5,6,9 сынып оқушылары, Мирный кентіндегі кітапхана-бөлімшесі;
- «Ақынның жаны еш қартаймайды» - хабарлама сағаты, «Бүлдіршін» аула клубы мүшелері, №12 кітапхана-бөлімшесі;
- «Сұлу жырдың төкпе ақыны» - кітап көрмесі, көпшілік оқырмандар, Балалар және жасөспірмдер кітапханасы.
Өмірі өлеңге айналған апамыздың демінен сезім аңқыған, гауһар тастай жарқыраған жырларынан жанымызға әркез шипа табамыз. Оның өлеңдері арқылы күш алып болашаққа нық сеніммен аттанған бүгінгі және келер ұрпаққа Фариза Оңғарсынованың шығармашылығы үлгі, бағдаршы бола бермек. Сондықтан Дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімінің қызметкерлері ақын шығармашылығын насихаттауда кітапханашыларға көмек ретінде төмендегідей құралдар құрастырды:
|
|
- «Сұлу жырдың төкпе ақыны» - әдістемелік-библиографиялық құрал;
- «Имя в истории литературы – Фариза Онгарсынова» - методико-библиографическое пособие;
- «Мақтанышы ұлтымның – Фариза ақын» - мақалалар мен естеліктер топтамасы;
- «Фариза лирикасындағы балалар әлемі» - өлеңдер топтамасы;
- «Жыр жұлдызы Фаризаға арнаймыз жауһар жырды» - арнаулар топтамасы;
- «Поэзия жұлдызы – Фариза» - жаднамалық бүктеме (буклет);
- «Звезда по имени Фариза» - памятка-буклет;
- «Ғажайып таңның рауаны – оқуға шақырамыз «Дауаны» - жарнамалық шағын-бүктеме (мини-буклет);
- «Приглашение к чтению» - рекламный мини-буклет
- «Шабыт құсы шарықтаған Фариза ақын» - электронды тұсаукесер (слайд-презентация)
- «Фариза – драгоценный камень поэзии» - флэш-слайды;
- «Звезда по имени Фариза» - электронная презентация;
- «Муза казахской поэзии» - флэш-слайды;
- Суретті-ақпараттық буклет;
- Иллюстрированный информационный буклет;
- Бетбелгілер (книжные закладки).
Бұл құралдар балалар оқуының жетекшілеріне, мұғалімдерге, студенттерге, оқушыларға және ақын шығармашылығына қызығушы көпшілік қауымға арналған. Екі тілдегі әдістемелік-библиграфиялық құралдар мен арнаулар топтамасын және электронды тұсаукерді Calaméo – сайтына жүктеп алу фукциясымен жариялаған болатынбыз. Calaméo дегеніміз – Интернет жүйесінде тез арада интерактивті жарияланым сервисі. Бүгінгі күнгі статистика төмендегідей:
Республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы ел арасында аса танымал жобалардың біріне айналды. Оқырман қауым жалпыға бірдей оқуға ұсынылған туындыларды өте қызығушылықпен оқи отырып, автордың өмірбаянымен және шығармашылық жолымен терең танысуға мүмкіндік алды.
Қазіргі нарықтық қатынас кезінде кітапхана қызметінің қажеттілігі - қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерді ескере отырып, ақпараттық сұраныстарға дер кезінде жауап беріп, пайдаланушы талаптарын олардың мүдделерін зерттеу арқылы орындаумен тығыз байланысты. Бұл міндеттерді шешу үшін кітапхана қызметінде әлеуметтік тәжірибе қолданылады. Әлеуметтік зерттеу жұмыстары нәтижесінде кітапханалық қызмет сапасы жақсарып жаңа деңгейге көтеріледі.
Барлық кітапханаларда әлеуметтік ақпаратты жинақтаудың ең тиімді тәсілі – сауалнама жүргізу болып табылады. Өйткені негізгі зерттеу құжаты – сауалнама сұрақтары арқылы қарапайым тәсілмен ешқандай материалдық шығынсыз-ақ маңызды және көлемді ақпарат жинақтауға болады.
КММ «Семей қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» Дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімінің қызметкерлері «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында биылғы жылы бүкіл ел болып оқуға таңдалған Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты жыр жинағына арналған сауалнама сұрақтарын дайындап, респонденттерге тарату барысында - кітап оқуды насихаттау, оқырмандардың қазақ жазушыларының шығармаларына деген қызығушылықтарын қалай тудыруға болатынын анықтауды басшылыққа алды. Сауалнама нәзік жанды лирик, зерек психолог, қоғам қайраткері және өмірге ғашық адам шығармашылығына арналады.
Сауалнама мақсаты:
- қоғамды республикалық акциялар туралы ақпараттандыру дәрежесін айқындау;
- оқырманның Ф.Оңғарсынова шығармашылығына деген көзқарасын анықтау;
- 2014 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында жалпыға бірдей оқу үшін ұсынылатын кітапты анықтау.
Біздің сауалнама құрылымында жабық сұрақтармен бірге жартылай жабық сұрақтар да болды, яғни респондент ұсынылған жауаптар тізімінен өз таңдағанын белгілеуге және өзінің жауап нұсқасын жазуға мүмкіндік алды.
Респондент өз ой-пікірін ашық түрде білдіру үшін жартылай жабық сауалнамаларда «сіздің пікіріңіз» немесе «басқа» деген сияқты ашық жауап нұсқасы беріледі. Ал осындай жауаптар арқылы біздер әртүрлі күтпеген ақпараттар аламыз.
Фариза Оңғарсынованың шығармашылығымен көпшілік қауымды таныстыру мақсатында жыл басынан бері Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты барлық бөлімшелерде арнайы ақпараттық стендтер мен кітап көрмелері ұйымдастырылды. Мұнда акцияға, ақын өмірбаяны мен шығармаларына және «Дауа» жыр жинағына байланысты ақпараттар ұсынылды.
Қалалық орталық кітапхана қызметкерлері Орталық мәдениет және демалыс саябағымен бірлесіп «Фаризаның жауһар жырлары» атты кітапханалық анонс өткізді. Осындай көрнекі жарнаманы көрген оқырмандар еріксіз қызығушылық танытып, бүкіл ел болып оқу үшін таңдалған кітапты оқуға ынталанады. Акция әдеттегідей көп қатысушылар мен көрермендер жинайды, ал осындай маңызды мәдени шара барысында сауалнама жүргізу дәстүрге айналған.
Сауалнама қортыныдысын шығару үшін 196 респондент жауаптары сарапталды.
Сауалнама есебі
Сауалнама жүргізілген уақыт
|
Таратылған сауалнама саны
|
Қайтарылған сауалнама саны
|
Сараптауға жарамды сауалнама саны
|
2013 жылдың маусым-қыркүйек аралығы
|
200
|
196
|
196
|
Сауалнамаға 196 адам қатысты, олардың 127-і (64,8% ) әйелдер, 69-ы (35,2%) ерлер адамдар болды. Берілген диаграммадан қатысушылардың көпшілігі әдеттегідей әйелдер болғанын көреміз.
Ал қатысушыларды біліміне қарай бөлетін болсақ, төмендегі нәтиже шығады:
Толық емес орта біліммен - 48 (24%)
Орта біліммен - 71 (36%)
Арнаулы орта біліммен – 26 (13,%)
Жоғары біліммен - 51 (26%)
Сауалнамаға қатысушыларды біліміне қарай бөлгенде олардың аралас, яғни әртүрлі болғанын айғақтайды, және респонденттердің көпшілігі қаламыздың орта мектептері мен колледждерінің оқушылары, сонымен қатар жоғары білімді оқырмандар болғанын байқадық. Өткен 2012 жылмен салыстырғанда жоғары білімді қатысушылар саны 12% -ға артқан. Ал арнайы орта білімді қатысушылар керісінше, 11% -ға азайған. «Бір ел - бір кітап» акциясының белсенді қатысушылары орта білімді респонденттер болды, яғни барлық қатысушылардың 36%-ын құрады.
Қазақ тілінде жауап бергендер 96 болса, орыс тілінде 100 респондент жауап берген.
Оқырман құрамына қарай келесі көрсеткіштерді анықтадық:
- 51 адам (26%) - қызметкерлер;
- 20 адам (10,2%) - жұмысшылар;
- 55 адам (28%) - студенттер;
- 54 адам (27,5%) - мектеп оқушылары;
- 16 адам (8,1%) - тағы басқалары.
Сауалнамада 8 сұрақ ұсынылды.
«Сіз «Бір ел - бір кітап» акциясына қатыстыңыз ба?» - бұл сауалнаманың бірінші сұрағы. Талдау қорытындысы бойынша 196 пікір білдірушілердің жартысынан көбі, яғни 109 адам (56%) осындай акцияға қатысқандарын көрсеткен.
2013 жылы акция жетінші рет өткізіліп отыр, 2012 жылмен салыстырғанда акция аясында өткен шараларға қатыспаған респонденттер саны 18,6%-ға азайған. Бұдан ОКЖ кітапхана-бөлімшелері мен құрылымдық бөлімдері қызметкерлерінің жыл сайын өткізіп тұратын «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында қазақ қаламгерлерінің жыл бойы оқуға ұсынылған туындылары жайлы толық ақпарат беріп отырғаны байқалады.
196 сауалнамаға қатысушылардың 28% (55) - колледж студенттері, 27,5% (54) - мектеп оқушылары, 26% (51) – қызметкерлер, 10,2% (20) – жұмысшылар, 8,2% (16) – басқалар болды. Осы көрсеткіштер нәтижесінде оқушы-жастар белсенді түрде кітапхана келушілері деп айта аламыз.
Осындай акция өткізілетінін білмегендер саны – 20, яғни барлық респонденттердің 10,2%-ын құрады. Олардың 5-уі – қызметкерлер, яғни барлық пікір білдірген 51 қызметкердің 9,9%-ы, ал барлық қатысушылардың 2,55% болды. 54 мектеп оқушыларының 8, яғни 4%, ал студенттердің 5-уі, яғни 9%-ы акция жайынан бейхабар болған.
Бұдан мектеп оқушылары арасында «Бір ел – бір кітап» акциясы туралы ақпараттық жұмыстар өз деңгейінде жүргізілмейді деген қорытынды шығаруға болады.
Ал енді келесі сандарға назар аударып көрейік – 34 (17,3%) студент, 30 (17,3%) қызметкер, 23 (11,7%) оқушы акцияға қатысқан. Бұл жерде де мектеп оқушылары басқаларынан аз екендігін көреміз, яғни оқушылар арасында акцияны насихаттаудың тиімді түрлерін қолдану керектігін дәлелдейді.
«Сіз қашан алғаш рет Ф.Оңғарсынованың шығармашылығымен таныстыңыз?» - деген екінші сұраққа 50% пікір білдірушілер (98 адам) мектепте деп жауап берген. Олар:
- қызметкерлер - 24 немесе 24,4%;
- жұмысшылар - 6 немесе 6,1%;
- студенттер - 32 немесе 32,6%;
- оқушылар - 35 немесе 35,7%;
- тағы басқалары - 3 немесе 3%.
Ф.Оңғарсынованың шығармашылығымен акция кезінде танысқандар саны 42, барлық қатысушылардың 21,4% -ын құрайды. Олардың 11 (26,1%) қызметкерлер, яғни Оңғарсынова поэзиясында көтерілетін мәселелер мен тақырыптар арнаулы орта және жоғары білімді немесе жасы үлкен адамдарды көбірек қызықтырады.
43 адам (21,9 %) акция жайында достарының кеңесімен және естігендері бойынша хабардар болған. Ал ақын шығармашылығымен мүлдем таныс емеспін деушілер 13 адам (6,3%) болды. Қазақтың белгілі ақын қызының поэзиясы мектеп бағдарламасына енгізілгенімен Фариза Оңғарсынованың жырларын оқымағандырдың көпшілігі мектеп оқушылары (7 адам немесе 53,8%) болғаны біздерді еріксіз таң қалдырды.
Сауалнаманың келесі сұрағы - «Сіз Ф.Оңғарсынованың шығармаларын оқыдыңыз ба?» - болды. 72% (141) респондент оқыдық десе, 47 адам (24%) оқымағандығын айтады. Осы 47-нің 19-ы немесе 40,4%-ы тағы да мектеп оқушылары болғандықтан, бұл топпен ақпарттық жұмысты жандандыра түсу қажет. Бұдан соң ақын жырларын оқымағандардың қатарында 12 қызметкер (25,5%), ал үшінші орында 11 студенттер (23,4%) тұр. Ф.Оңғарсынова туралы бірінші рет естіп тұрмын дегендер 2,5% пайызды құрады, яғни 5 адам.
Отаншылдық, тарихқа, адамға деген ерекше қатынас, әйел-анаға айрықша көңіл, әйел және отбасы бақыты, махаббат - міне Фариза Оңғарсынова шығармашылығының негізгі және басты тақырыптары. Осыған байланысты респонденттердің 88,2%-ы «Егер Сіз Ф.Оңғарсынованың шығармаларын оқысаныз, оған деген көзқарасыныз қандай? Сіз оларды ХХI ғасырда өзекті деп санайсыз ба?» - деген 4-ші сауалды құптап, жағымды жауаптар жазған. Олар ақын өлеңдері 21 ғасырда біздің қоғамымызға өте қажет деп санайды. Ф.Оңғарсынованың жырларына қызықпайтын және өз пікірін білдіре алмаған 23 адам, яғни барлық қатысушылардың 12,8%-ын құрады.
|
|
Отанға деген сүйіспеншілік пен өз елінің жазушыларына деген құрмет сезімдері алғашқы оқыған кітаптан бастау алады. Сауалнамаға қатысушылардың 86,2%-ы (169 адам) Фариза Оңғарсынованың шығармаларын оқуға кеңес беруге келісетіндіктері бізді қуантады. Алдыңғы сұрақ көрсеткішінде ақын өлеңдерін оқымаған 23 адам болуы керек «Сіз өз отбасыңызға Ф. Оңғарсынованың лирикалық «Дауа» жинағын оқуға кеңес берер ме едіңіз?» - деген кезекті сауалға келіспегендер - 27 немесе 13,8% болды. Жағымсыз жауап жазғандардың саны аз болғандықтан, Ф.Оңғарсынованың шығармаларын пікір білдіргендердің көпшілігі сүйіп оқиды деген қорытындыға келеміз.
Бүгінгі күні Фариза Оңғарсынова Қазақстанда ең көп оқылатын авторлардың бірі болып табылады. Оның шығармашылығының негізгі тақырыптары – шындық, қайсарлық, адамгершілік, махаббат. Өзінің өлең-жырының көпшілігін ақын туған ауылына, жерлестеріне және барлық қазақстандықтарға арнады. Фариза Оңғарсынованың поэзиясы өз ұлтын құрметтеуге, ұлт дәстүрі мен мәдениетін сүюге шақырғандықтан оның жырларында әлеуметшілдік пен азаматшылдық көріністері нанымды, салмақты орын тапқан. Сондықтан «Сізді Ф.Оңғарсынованың шығармалары несімен қызықтырады?» - деген сауалға 113 (57,6%) респонденттер – лирикалық кейіпкерлері, махаббат жырлары, қызғаныш, қорқыныш, өкініш, мұң сияқты т.б. сезімге толы оқырманға ой салар отты жырлары қызықтыратынын айтқан. Сонымен қатар ақын шығармаларының терең философиялық мағынасы қызықтырады деушілер 47 немесе 24,%.
Фариза өлеңдерінде жасандылық жоқ, азаматтық лирикасы сыншылдығымен, қоғамдағы, адам мінезіндегі келеңсіз тұстарды дәл нысанаға алуымен ерекшеленетін болғандықтан өткір әлеуметтік және азаматтық лирикасы үшін дауыс бергендер саны 44 немесе 22,4% болды.
Акция өткізу барысында Қазақстан халқы қазақ әдебиетінің таңдаулы шығармаларымен танысумен қатар, егер үй кітапханасында ол кітаптар болмаса, оны сатып алуға ынталанады. Сонымен ОКЖ шараларында Ф.Оңғарсынованың шығармашылығымен танысқан 55 (28%) респонденттер, оның кітаптарын сатып алуға шешім қабылдады. 78 (40%) сауалнамаға қатысушылар Фариза кітаптарының бақытты иеленушілері болып табылады. Ал қалған 63 (32%) оқырмандардың жеке кітапханасында оның кітаптары болмағанымен, «Бір ел – бір кітап» акциясы барысында олар ақынның өмірбаяны, қоғамдық қызметі, шығармашылығы жайында ақпараттанып, кітаптарын сатып алады деген ойдамыз.
«Сіз 2014 жылы қазақ жазушыларының қандай шығармасын республикалақ «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында жалпыға бірдей оқуға ұсынар едініз?» - деген соңғы сұраққа жауап беру барысында оқырмандардың таңдауы төмендегідей болды:
Реттік №
|
Автордың аты-жөні
|
Дауыс саны
|
%
|
- 1.
|
Мақатаев М.
|
18
|
9,1%
|
- 2.
|
Әуезов М.
|
18
|
9,1%
|
- 3.
|
Есенберлин І.
|
11
|
5,6%
|
- 4.
|
Шаханов М.
|
8
|
4,08%
|
- 5.
|
Мұқанов С.
|
6
|
3,06%
|
- 6.
|
Нұршайықов Ә.
|
6
|
3,06%
|
- 7.
|
Сүлейменов О.
|
6
|
3,06%
|
- 8.
|
Кекілбаев Ә.
|
4
|
2,04%
|
- 9.
|
Мүсірепов Ғ.
|
4
|
2,04%
|
- 10.
|
Сейфуллин С.
|
4
|
2,04%
|
Бұл кестеден біздің оқырмандарымыздың көпшілігі келесі жылы Мұқағали Мақатаев, Мұхтар Әуезов, Ілияс Есенберлин қаламдарынан туған шығармаларды бүкіл ел болып оқуға шақырғандықтарын көреміз.
Сонымен қатар Ш.Айтматов, Ы.Алтынсарин, тіпті Дейл Карнегидің кітаптарын атағандар да болды. Бұл ОКЖ кітапхана-бөлімшелерінің қызметкерлері дайындық және түсіндірме жұмыстарын жеткіліксіз жүргізетіндігін көрсетеді. Кейбір респонденттер бұл сауалға мүлде жауап жазбаған. Бұлар қазақ әдебиеті әлеміндегі тамаша туындылармен таныспаған немесе көркем шығармаларға деген қызығушылықтары төмен адамдар деген ой келеді. Сондықтан осы «Бір ел – бір кітап» акциясы және т.б. кітапханалық шаралар арқылы олардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру біздің міндетіміз болып табылады.
Сауалнама нәтижесін қорытындылай келе пікір білдірушілердің көпшілігі Фариза Оңғарсынованың туындыларымен таныс екендігін және «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының жалғаса беруін қолдап, акция аясында өткізілетін шараларға қатысатындықтарын көреміз. «Бір ел – бір кітап» акциясы Қазақстан қоғамының көркем әдебиет оқу арқылы рухани баюына, кітап мәртебесі мен оқу мәдениетінің одан әрі дамуына септігін тигізе берері сөзсіз.
|