Әдеби өлкетану
Қалалық орталық кітапханада «Үмітін елдің арқалап, арманнан туған рәміздер» атты тақырыпта ақпарат сағат өткізілді.
05.06.2012 20:48

1992 жылғы маусымның 4-інде тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері алғаш рет бекітілді - бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздер күні ретінде мәңгі есте сақталады. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұран мемлекеттің негізгі рәміздері саналады. Мемлекеттік рәміздер тарихымен таныстыратын, Елтаңбасы мен Әнұраны, Туын қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақтың терең түсініп, оны қастерлей білу, борышы екендігін айқындайтын «Үмітін елдің арқалап, арманнан туған рәміздер», тақырыбында ақпарат сағаты радиотехника және байланыс колледжінің екі топ студенттерімен өткізілді.

1 2

 

Рәміздердің, мемлекеттің қалыптасу үрдісіндегі рөлі мен мәнін терең түсіндіру, жастардың санасына сіңіру мақсатында бөлім қызметкерлері Ж.С.Жиенбаева және Л.А. Мадибаева жаңа тарихымыздағы ерекше оң таңбалы оқиғаларылардың бірі – Қазақстан Республикасының рәміздерінің 20 жылдығына орай елтаңба, әнұран, ту тарихына кеңінен мағлұмат беріп, «ҚР рәміздерін білесіз бе?» атты викториналық сұрақтар қойылды.

Шара барысында колледж студенттері Ж.Молдағалиевтің «Мен қазақпын» және «Елтаңба» атты өлеңін оқып, «Елім менің» атты әнін орындады. Сондай-ақ «Ел рәміздері – Тәуелсіздік айғағы» атты кітап көрмесімен таныстырылып, елдің өмір салтын, бүкіл болмысын, ерекшелігін, басқалармен байланыс мұратын білдіретін мемлекет нышандары жайындағы бірнеше әдебиеттер мен мерзімді басылымдардан жинақталған мақалалар ұсынылып, «Рәміздеріміз - ұлттық мақтанышымыз» атты слайд-шоу көрсетілді.

Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті ел ретінде танылып, өзінің Елтаңбасын, Туын, Гимнін белгіледі. Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны қастерлей білу керек дей отыра біз бүгін мемлекеттік рәміздер еліміздің қоғамдық-саяси өмірінің маңызды бөлігіне айналады деп сеніммен айта аламыз.


3 4
LAST_UPDATED2
 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL