Әдеби өлкетану
Көпсалалы колледждің 101 тобымен №12 кітапхана-бөлімшесінде «Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік індет» атты сұрақ-көрме презентациясы өтті.
03.02.2013 21:26

Сұрақ-көрменің мақсаты: сыбайлас жемқорлықтың қоғамда пайда болуына қарсы күрес, жас жеткіншектердің құқықтық білімдерін арттыру, олардың өз Отанына деген патриоттық сезімдерін арттыру, жетілдіру.

Көрмеде сыбайлас жемқорлықтың шығу тарихы, себебі, зияны, мемлекетке қандай зиян келтіретіні, сондай-ақ жеке адамдарға келтіретін зияны туралы, және басқа елдерде жемқорлықпен күрес туралы кітаптардан материалдар қойылған. Сұрақ-көрмеде сонымен қатар мынандай тақырыптар қаралды:

• «Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік індет»

• «ҚР-дағы жемқорлықпен күрес стратегиясы»

• «Жемқорлыққа қарсы құқықтық күрес».

Көрмеге сыбайлас жемқорлық туралы кітаптар мен мерзімді басылымдар және «Сыбайлас-жемқорлық - әлеуметтік індет» атты тақырыптық-досье қойылды.


1 2
 
Орталық кітапхананың оқу залы бөлімінде №31 орта мектептің 9 сыныптың оқушыларына «Ұлттық дүниетаным және патриоттық тәрбие» атты дәріс өткізілді.
24.01.2013 18:56

Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. Арғы ата-бабаларымыз жас өренді елін, жерін сүюге үндеп, ұлттық салт-дәстүрмен сусындатуды мұрат тұтқан-ды. Жаңа ғасырлардың белесінде өзінің 21 жылдық тарихына табан тіреген Қазақ елінің патриоттардың мекеніне айналуы өзгеге үлгі, өзімізге медеу. Қазіргі кезеңде патриотизм тақырыбы, оның ішінде қазақстандық патриотизм мәселесі барлық қоғамдық, мемлекеттік, саяси, мәдени-рухани тақырыптардың өзегіне айналуда. Біз патриоттық тәрбие беру шеңберінде азаматтық-патриоттық тәрбие, қоғамдық-саяси және құқықтық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие беру секілді бағыттарды дамытуды көздейміз. Қазақ халқы аса отаншыл, патриоттық сезімі жоғары халық. Адам баласы жеке – дара өзінен – өзі тіршілік ете алмайды. Әр адам үшін өзінің туып өскен елі мен жері Отан болып табылады. Өз Отанының жетістіктері мен табыстары, елінің тыныштығы мен қауіпсіздігі әр азаматты алаңдатады. Отанның өркендеуіне үлес қосу, алдан шыққан қиындықтарды бөлісу, ел басына күн туған шақта өз Отанын қорғау әр Қазақстан азаматтарының борышы.


DSCF3922 DSCF3927

 

СОсыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан –ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан оқу залы бөлімінде №31 орта мектептің 9 сыныптың оқушыларына «Ұлттық дүниетаным және патриоттық тәрбие» атты дәріс өткізілді.

Дәріс барысында кітапхана қызметкері жас ұрпақтың бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, ержүрек қолбасшы, жазушы, Қазақстанның Халық Қаһарманы батыр Б.Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларын атап өтіп, қазақ халқы өз ұрпағын, үлкенді құрметтейтін адал, инабатты, әділ, ержүрек, намысшыл, Отанына адал қызмет ету керек деп айтып өтті.

Патриотизмнің негізгі мағынасы әр азаматтың ұлтын, Отанын сүюден туындайды. Зейнеткер, ұстаз, кітапхананың тұрақты оқырманы Жармұхамбетов Кеңесбек ерте заманда қазақтың тілінде "патриотизм" деген сөз болмаған, бұл ұғым Қазан төңкерісінен кейін сөз қорымызға енген тарихы туралы айта отырып, жас ұрпаққа бізге тек ұлттық тәрбие мен қазақтың ұлтжандылығын бүгінгі таңда дұрыс бағыт деп санаймыз деп өз пікірін ортаға салып, жастардың сапалы білім алып, саналы азамат болып өсулеріне тілектестігін білдірді. Дәріс барысында қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі елбасымыздың «Қазақстан - 2050» стратегиясының 7 басымдық бағыты туралы ақпарат беріп, оның ішіндегі «Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» атты 7-ші бағытына ерекше тоқталып, талқылады.

Оқырмандар өз пікілерін ортаға салып, би- шешендердің нақыл сөздерін тілге тиек етті. «Мен -Қазақстан патриотымын» атты ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жасалынып, слайд- шоу көрсетілді.

 
№2 кітапхана-бөлімшесі №42 мектеп-кешенінің 9 сынып оқушыларына арнап «Менің Қазақстаным – менің болашағым » атты таным сағат өткізді.
20.01.2013 23:05

Мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу.

1Қазақстан Республикасы – біздің туып өскен жеріміз, біздің Отанымыз. Бұл жерде қазақ халқы ертеден тұрып келген. Қазақтар мал өсіріп, жер игеріп, өз Отанын жаудан қорғаған, жерін болашақ ұрпағына мұра етіп қалдырған. Қазақ халқы еркіндікке жету үшін - қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірген, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы, еліміздің Тәуелсіздігінің 21 жылдығы, дербес мемлекет ретінде әлемге танылғандығы жайлы кітапхана қызметкері айтып берді. Оқушылар Отан, Қазақстан туралы өлеңдер оқылды. Таным сағатының соңында «Менің Қазақстаным» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

 
Орталықтандырылған кітапхананың қызмет көрсету бөлімімен, маркетинг және әлеуметтік мәдени жобалар бөлімінің бірлесіп «Нашақорлыққа қарсы күрес бүкілхалықтық іс» атты мамандармен кездесу өтті. Оған транспорт колледжі мен радиотехника және байланыс колледж студенттері қатысты.
04.11.2012 10:43

Адамның ең басты құндылығы – денсаулық. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Жастардың зиянды әдеттерден сақтану жолдарын, оның денсаулыққа зияндылығын түсіндіру, денсаулықтарын сақтау, 1нығайту шараларымен таныстыру мақсатында Орталықтандырылған кітапхананың қызмет көрсету бөлімімен, маркетинг және әлеуметтік мәдени жобалар бөлімінің бірлесіп «Нашақорлыққа қарсы күрес бүкілхалықтық іс» атты мамандармен кездесу өтті. Оған транспорт колледжі мен радиотехника және байланыс колледж студенттері қатысты.

Шарада елбасының Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген өзекті мәселелерінің бірі – салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі туралы және де адамзат ұрпағына төніп тұрған нашақорлық қазіргі таңда қоғамның ең басты қауіпті дерті екендігі айтылды.

Дүниежүзілік қауым осы қауіпті және зиянды қиянатпен күресуге бар күштерін салуда. Қазіргі уақытта дүниежүзі бойынша 500 миллионнан астам адам есірткі затының әр түрін пайдалануда екен. Соның ішінде 340 миллионға жуық адам сора есірткісін, 23 миллиондай адам кокаин түрін, 18 миллионнан астам адам героин түрін, ал 60 миллион адам амфетамин стимуляторларын пайдаланады екен.

Есірткі айналымының Қазақстандағы жағдайы туралы мәліметтерге қарасақ, Қазақстан әлемдегі елдердің ішіндегі жүргізілетін нашақорлыққа қарсы күресті қолдай отырып, елде мемлекеттік саясат жүргізуде. Н.Назарбаевтың «Қиын-қыстау он жылдық» кітабының нашақорлыққа байланысты «Арнайы аймақтық көзқарас» атты жеке тармағында есірткі затын тарату еліміздің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін фактілердің бірі ретінде көрсетілген. Денсаулық министрлігінің болжамы бойынша, елімізде 254000 адам есірткі затын жеке басына пайдаланатын көрінеді. Алғашқы есірткі затын пайдаланып көрейін деген адамдардың жасы 13-14-те. Ең жас нашақордың жасы - 7-де. Мемлекетіміздегі есірткіге қарсы күрес жұмыстары туралы айтар болсақ, есірткі айналымына қарсы күресті ИМ, ҰҚК және кеден органдары жүргізуде.

Нашақорлық — адамзатқа берілген ең ауыр жаза. Нашақорлық-өзін-өзі өлтірудің ең баяу тәсілі, өз бойында өмірді, ерікті, ақылды, қабілетті саналы, ерікті түрде бұзу.

Адамдар, әрекетті саналы түрде жасаңдар! Себебі есірткі деген уды бір рет қабылдау сауықпайтын зардаптарға әкелуі мүмкін. Нашақорлардың көбі ұрпағын жалғастыра алмайды.Соңғы уақытта нашақорлықпен байланысты қылмыстардың көбейгендігі және нашақорлықтың артуы туралы жиі естіп жатамыз. Есірткі заттардың қалай әсер ететіндігін және оған адамның қалай үйренсіп кететіндігін түсіну үшін гоместаз туралы түсінік болуы қажет.

2Іс-шараға арнайы мамандар қалалық «Салауатты өмір салты» орталығынан дәрігер психолог Қалиева Айна Нұрғазықызы мен «Жас өмір» волонтерлары, қаладағы наркологиялық орталықтан Балтакаева Рыскуль Женисовна қатысып, оқушыларға нашақорлық кеселдің пайда болуын, зардаптарын түсіндіріп, денсаулықтарын сақтау, нығайтуға салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырды. Студенттерге арнайы психологиялық тренинг жүргізіліп, бейне слайдтар көрсетілді, «Өз өмірінді қима» атты арнайы ашық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шара соңында кездесуге қатысушы студент жастар қаламыздағы орталық саябаққа барып, шараға арнайы жасалған үлестірме қағаздарын таратты.

 
Балалар және жасөспірімдер кітапханасы №17 мектептің 10 «Б» сынып оқушыларымен «Қазақстан экономикасы және жемқорлық» тақырыбында дөңгелек стол өткізді.
29.10.2012 23:55

1Оқушылар өздерінің тарих пәнінің мұғалімі Ерғалиева Б.Ш. Бірге келді.

Мақсаты: Әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, білімі мен біліктіліктерін жетілдіру, өз құқығын қорғай білуге, мемлекет басқару құқығын дұрыс пайдалануға тәрбиелеу.

«Жемқорлықпен-айқас!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды, дөңгелек стол барысында бірнеше сұрақтар талқыланды. Талқыланған сұрақтың бірі Қазастанда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары және көлеңке тұстары туралы айтылды.

Ерекше белсенділік көрсеткен оқушылар Оспанова Гүльнұр, Құсманов Серік, Қожахметов Айдын. Балалар өздері деректер дайындап, көз қарасын айтып өтті. Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жыл ішінде ел эконмикасы көптеген қиын кезеңдерін бастан кешті. Аз уақыт ішінде елміз үш дағдарыстан өтті, Қазақстан экономикасы2 сынбай, алға қарай жүрді.

Қатысушылар жемқорлық саяси және эконмикалық елді дамытудың кедергісі емес, бюджет мәселесін айқындап, эконмикалық көлеңке тұстарын кеңейтіп, салық түсімін азайту кекрек деген қортындыға келді.

 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL