Әдеби өлкетану
Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналып «Рәміздер еліміздің нышаны» атты әдеби-сазды кеш өткізілді.
12.06.2013 22:03

Өскелең ұрпаққа Қазақстан рәміздерінің мәні мен маңыздылығын түсіндіріп, оны ерекше құрметпен мақтан тұту керектігін, Отанды сүю, халқымыздың прогресшіл дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу, балалардың бойына патриоттық сезім, отаншылдық рухты дарыту мақсатында Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналып «Рәміздер еліміздің нышаны» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Шараға №10 мектептің жазғы лагерь демалушылары қатысты.

Мерекелік шара әнұран шырқаумен басталды. Кеш барысында «Қазақстан тәуелсіздігінің рәміздері» атты слайд-презентациясы көрсетілді. Шараға қатысушы әрбір бала Отанға деген сүйіспеншілік сезімін, мемлекеттік тілді, рәміздерді құрметтейтінін, ел азаматы атағына лайықты елінің патриоты екендіктерін айтып, қазақ және орыс тілдерінде өлең оқып, ән айтып өнерлерін ортаға салды. Іс-шара соңында кітапхананың оқу залында ұйымдастырылған «Мемлекеттік рәміздер – халық киесі» атты кітап көрмесіне қысқаша библиографиялық шолу жүргізілді.


1 2 3
 
№12 кітапхана-бөлімшесінің балалар бөлімінде «Тәуелсіз елдің рәміздері» атты сұрақ-жауап өткізілді. Шараға №30 мектепішілік жазғы лагерінің демалушылары қатысты.
07.06.2013 00:00

Шара мақсаттары: Балалардың еліміздің рәміздері туралы білімдерін толықтырып білімдерін арттыру, оқушылардың өз еліне деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру, патриотизмге тәрбилеу, Қазақстанның заңына құрметпен қарап, оны орындауға тәрбилеу.

Сұрақ-жауап ойынына қатысушылар екі топқа бөлініп, әр топқа мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін тексеруге 10 сұрақтан берілді. Ойын соңында әділ-қазылар алқасы қорытынды жасағанша, жүргізуші балаларға әр елде елтаңбаның ел тарихын, мәдениетін, өмірін белгілейтіні туралы әңгімелеп берді. Осы әңгімеде «Астана-Бәйтерек» монументі, Алтын адам, барыс туралы ақпарат берілді. Жеңген топ сыйлықтармен марапталды.


1 2
 
Қазақ елін бір тудың астына жинап біртұтас тәуелсіз ел болу үшін күрескен Алаш арыстарының қиын-қыстау өмір жолдарымен, олардың өнегелі шығармаларымен жас ұрпақты таныстыра отырып, адамгершілік және рухани-патриоттық тәрбие беру мақсатында №12 кітапхана-бөлімшесінің оқу залында «Алашым - Арыстарым» атты әдебиет сағаты өтті. Әдебиет сағатына Көп салалы колледжінің студенттері қатысты.
23.05.2013 22:15

Әдебиет сағаты «Алашорда» партиясының құрылу тарихымен, оның негізін қалаушылар, партияның құрамы туралы әңгімемен басталды. Сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы Алашордашылардың рөлі туралы айтылды. Оқушылар үш топқа бөлініп, «Қазақстанның патриоттары» атты сайысқа қатысты. Олар Қазақстан тарихы мен әдебиеті туралы сұрақтарға жауап берәп, сайыстың аяғында ең белсенді оқушылар өлеңдер оқып, ән салды. «Алаштың қозғалысы» тақырыбымен ұйымдастырылған ашық көрмеге қойылған әдебиеттерге оқушылар аса қызығушылықпен қарап, танысты.


1.1 2.2
 
Әр оқырманның өзінің туған жеріне, өлкесіне деген қызығушылықтарын арттыртып, патриоттық сезімін ояту мақсатында Қалалық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Радиотехника және байланыс колледжінде «Шежіреге толы Семей» атты тарихи-танымдық кеші өтті.
25.04.2013 00:00

Кештің ашылуы Александр Кузнецовтың «Семипалатинск» атты өлеңімен басталып, мәдени іс-шара барысында кітапхана қызметкері қазіргі Семей Еуразияның географиялық ортасында орналасқан Қазақстанның ірі және әдемі қалаларының бірі. 1718 жылы құрылған Семей өзінің 295 жылдығын қарсалуда. Семейдің тарихы көп қырлы, байлығы мол екендігіне тоқталып, қаламыздың даму тарихы туралы мағлұмат берді.

Мәдени іс-шараның соңында оқырмандарға сұрақ-жауап викторинасы ұйымдастырылып, «Туған өлкем – мақтанышым» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Көрмеге жергілікті өлкетанушы В.Н.Кашляктың «Храмы Семипалатинска: прошлое и настоящее», «Семипалатинск. Три века истории» және энциклопедиялық-анықтамалық басылым «Свод архитектурных памятников» атты т.б. кітаптары қойылды.


1 2
 
Экономикалық сауаттылықты қалыптастыру, оқушыларға экономика негізі туралы түсінік беру мақсатында №12 кітапхана-бөлімшесінің оқу залында №27 орта мектептің 10 сынып оқушыларының қатысуымен «Экономикалық білімінің банкі» атты ой-өрісін дамыту ойыны өткізілді.
12.04.2013 00:00

Біз күнделікті өмірде міндетті түрде экономика заңымен қақтығысамыз. Сондықтан да экономикалық білім өмірімізді қызықты және қисынды қылып орналастыруымызға көмектеседі. Ой-өрісін дамыту ойыны барысында: банк, жарнама, валюта, құнсыздану т.б. ұғымдар туралы түсініктер талқыланды. Оқушылармен «Экономикалық мақал-мәтелдер», «Ортақ терминдерді қос», «Әзіл жұмбақтар» атты конкурстар өткізілді. Бұл ойындарда балалар өздерінің тапқырлықтарын, зеректіліктерін, білімдарлықтарын көрсете білді.


1 2
 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL