Әдеби өлкетану
Халқымыздың рухани ғұламаларының тілге арналған нақыл сөздері, өлеңдері оқылып, «Тіл ұлттың жаны, халықтың үні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдеби шолу жасалды.
02.10.2013 11:22

Қазақстан халықтарының тілдер күніне орай оқушылардың ана тіліне деген сүйспеншілігін, ынтасын арттыру, ана тілін құрметтеуге баулу. Ана тілі туралы кең түсінік беру. Тіл көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту мақсатында №6 кітапхана-бөлімшесінде №8 мектеп-кешенінің 4 сынып оқушыларынан құрылған «Шаңырақ күмбездерінің астында» клуб мүшелеріне арнап «Ана тілім – асыл қазынам» атты әдеби кеш өткізілді.

            Шара барысында «Ана тілім – асыл қазынам» атты баяндама оқылып. «Бәйге», «Полиглот», «Мақал - сөздің мәйегі» (мақалдың жалғасын табу), «Сен білесің бе?» атты кезеңдер арқылы кеш жалғасын тапты. Оқушылар белсенді қатысып қызығушылық танытты.

Кітапханашы «Ана тілі – қазақ тілі» деген сөзді қағазға емес, көкірегімізге жазатын уакыт жетті. Олай болса, біздің мақсатымыз – Ана тілімізді қадірлеу, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру», - дей келе шараны аяқтады.

18
 
Мирный кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде №18 мектептің 10-11 сынып оқушыларына «Нашақорлыққа қарсы күрес бүкіл халықтық іс» атты бейне-сабақ өткізілді.
25.09.2013 14:43

Шараның мақсаты: оқушылардың бойына салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, денсаулығын сақтай білуге үйрету, зиянды нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу, нашақорлықтың алдын алу.

Шараға қатысушылардың назарына нашақорлық туралы әлеуметтік бейнежазба ұсынылып, артынан оған кітапхана қызметкері қысқаша түсіндірме жүргізді. Ол соңғы кездері салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында белсенді шаралар ұйымдастырылып, нашақорлықпен күресуге арналған қоғамдық қайырымдылық қорлары ұйымдастырылып, наркологиялық диспансерлерде анонимді емдеу кабинеттері жұмыс істейтіні туралы ақпарат берді.

Осындай күрес шаралары қоғамдағы тұлғаны бірінші орынға қойып, оның дамуына және психологиялық ахуалына жағдай жасайды.

Нашақорлықпен күрес ең алдымен тәрбиелеу процесі болып табылады. Ата-аналар, одан соң мектеп өз оқушыларын дұрыс тәрбиелеуі қажет. Дәрігерлер мен милиция қызметкерлеріне иек сүйемей, ата-аналар мен балалар арасында тығыз отбасылық байланыс болуы қажет. Ал балалар мен жасөспірімдер нашақорлыққа қарсы күрестің қоғамға қажетті шара екенін түсіне білуі қажет.

Бұдан соң кітапханашы өткен өмірінде есірткі пайдаланған нашақорлардың ағынан жарылып - есірткі заттарының ағзаға тигізер әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты, өкінішке толы естеліктерін оқып берді. Бейнесабаққа қатысушылар алған ақпараттарын өзара талқыға салып, өз көрген-білгендері туралы ой бөлісті.

Шара соңында «ХХІ ғасырдың улы жыланы» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.


7 8
 
№12 кітапхана-бөлімшесінде Евразиялық техника-гуманитарлық колледж студенттеріне «Туған қалам менің сүйікті» атты виртуалды саяхат өткізілді.
14.09.2013 13:38

Виртуалды саяхатта көне және жаңа Семей туралы слайдтар көрермен назарына ұсынылып, М.Сұлтанбеков, А.Кузнецовтың Семей қаласына арналған өлеңдері оқылды. Қосымша сдайдтармен бірге «Қазақстан», «Танысыңыз, Қазақстан», Семейдің көшелерінің жылнамасы» атты әдеби, ғылыми-көпшілік кітаптардан үзінділер оқылды. Қала туралы иллюстрациялық көрнекі материал көрсетіліп, «Семейді білісің бе?» атты сұрақ жауапқа оқушылар белсене қатысып, қойылған сұрақтарға ақпараттармен кітапхана қызметкерлері толықтырып отырды. «Біздің қаламыздың 300 жылдығы» деген кітап көрмесіне шолу өткізілді.

LAST_UPDATED2
 
Жас ұрпақты кітап оқу арқылы қайырымдылыққа, адалдыққа, әділеттілікке, жамандықпен күресе білуге баулу мақсатында Мирный кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Кітап – білім бұлағы» тақырыбымен «Жас толқын» шығармашылық клубының отырысы болып өтті.
18.07.2013 00:00

Шара барысында кітапханашы көрермендерді қызықтыру мақсатында кітап жайлы бір топ өлең шумақтарын оқыды. Оқырмандарға кітаптың шығу тарихы жайлы слайд көрсетілді. Олардың кітапқа деген ынтасын арттыруда ежелгі парсы жерінде өмір сүрген Сахиб ғұламасы туралы сипатталды. Кезінде ат үстінде жүріп, жорықтарға шыққан жауынгерлерге кітап үлкен көмек, рухани байлық бергені түсіндірілді. Әлемдегі ең танымал және ең үлкен кітапханалар жайында қысқаша әңгімеленді. «Ой – қозғау»- суреті көрсетіліп, балалардың не түсінгені сұралды. Балалар өз түсініктерін ортаға салып, қызу талқылады.

Конкурс ұйымдастырылып, көрермен 2-топқа бөлінді. Бұл ойында кітап туралы мақал- мәтелдер, «кім жылдам» - энциклопедиядан мәлімет табу, оқушылардың кітапқа деген білімділіктерін аңғару мақсатында «сұрақ-жауап» өткізілді. «Кітап – асыл мұра»- атты кітап көрмесі ұйымдастырылып әр кітаптың қысқаша мазмұнынан ақпарат алу арқылы оқушы жүректеріне жол тауып, кітапқа деген құштарлықтары артты. Оқырмандар өздері ата-аналарынан естіген кітап жайлы аңыз деректерін ортаға салып білетін тақпақтарын айтты.

Кітап өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу, тәрбие құралы.


1 2
LAST_UPDATED2
 
Жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беру және табиғатты аялауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу, қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту; қоршаған ортаға қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу мақсатында Қалалық орталық кітапханада «Табиғаттың панасы – адамзаттың баласы» атты экологиялық сабағы өткізілді.
27.06.2013 20:25

1Сабақ барысында Елбасымыз Н. Назарбаев 2030 жылға дейінгі бағдарламасында «Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі» деп, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мәселесіне айрықша мән бергені туралы және бүгінгі таңда экологиялық дағдарыс жекелеген ел көлемінен асып, бүкіл әлемдік мәселеге айналу туралы сөз қозғалды.

Кітапхана оқырмандары «Табиғат дегеніміз не?» атты саяхат шолумен танысып, тіршіліктің көзі – су, ауа, табиғат байлығы – өсімдіктер, орман сәні – құстар, табиғаттың сұлу мүсіні – хайуанаттар туралы көптеген мәліметтер алды.

Сабақ қорытындысында оқырмандар «Мен табиғатты сүйемін немесе табиғатпен сырласу» , «Егер табиғатқа тіл бітсе...», «Егер мен суретші болсам...», «Егер мен ақын болсам...» деген тақырыптар бойынша ой-толғауларын ортаға салды.Туған жер табиғат туралы мақал-мәтелдер, жұмбақтар айтылды. Мәдени шараның соңында оқырмандар «Табиғатты қорғау – адамзаттың парызы» атты кітап көрмесімен танысты.

 
Тағы мақалалар...
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL