Әдеби өлкетану
Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Радиотехника және байланыс колледжі студенттерінің қатысуымен «Шипагер» клубының аясында «Зиянды әдеттерден сақтан!» атты маманмен кездесу өткізілді. Кездесуге №9-шы ЖДА-ның (жанұялық-дәрігерлік амбулатория) дәрігері Айтхожина З.Н. қатысты.
21.01.2014 01:03

Мақсаты: жастарды зиянды әдеттерден сақтандырып, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Кездесу басында кітапханашы ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» атты Кодекс туралы ақпарат берді. Бұл Кодекстің басты мақсаты – халық денсаулығы. Ел үкіметі бірінші кезекте қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға күш салуда. Денсаулық саласын дамытуға мол қаржы бөлініп, жаңа ауруханалар ашылуда.


3 4

Кездесу барысында дәрігер З.Н.Айтқожина шығыстың әйгілі данышпаны әл-Фараби «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін», - деген екен деп, мысал келтірді. Расында да, ел болашағы - жастар. Ал, жастарымыз нашар, маскүнем, ауру болса, ел тағдыры не болмақ? Сондықтан біздің елімізде жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлкен көңіл бөлінеді. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде», - деген халық даналығы бекер айтылмаған. Сондықтан сананы улайтын жаман әдеттен бойды аулақ ұстап, ділге, дінге, ұлттық салт-сана мен әдет-ғұрыпқа бет бұру керек екендігін әрбір азамат, әр отбасы, әр ұжым саналылықпен түсінген жөн.

Сондай-ақ ол зиянды әдеттердің ең қауіптілері – шылым шегу, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания адам денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, кейде қайғылы жағдайларға да әкеп соғатынын ескертті. Ең қайғылысы сол – зиянды әдеттер тек өзіне ғана емес, жанындағы қоршаған адамдарға да зиянын тигізуі әбден мүмкін.

№9-шы ЖДА-ның маманы З.Н.Айтқожина жастарға «Мұндай зиянды әдеттерге қарсы күресу қиын болғанымен, әр адам өзін қолға алса, тәжірибелерге сүйеніп, мамандар кеңесін тыңдаса кез-келген адам жаман әдеттерден құтылып, денсаулығын сақтап, ұзақ өмір сүре алады», - деп қорытындылады.

Бұл шараға арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған мерзімді басылымдар, әдебиеттер мен бүктемелер қойылды. Кездесу соңында кітапханашы осы көрмеге қойылған

 
Балалар және жасөспірімдер кітапханасында СМПИ-ның ІІІ курс студенттерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» тақырыбында пікірталас өткізілді.
21.01.2014 00:58

Мақсаты: студенттердің ҚР үкіметінің сыртқы саясаты туралы білімдерін толықтырып, өз көзқарастарын дамытуды қалыптастыру.

Мәдени шарада кітапхана қызметкері Қазақстанның басты сыртқы саяси басымдықтары туралы мағлұмат берді. Қатысқан студенттер екі топқа бөлініп - еліміздің сыртқы саясаты, сыртқы экономикалық байланыстар, Қазақстанның халықаралық қатынастары, өңірлік және жаһандық қауіпсіздік, азаматтарымыздың құқықтары мен мүдделерін қорғау, шетелдік инвестицияларды тарту, халықаралық және екіжақты ынтымақтастықты нығайту жөнінде пікірталасты.


1 2

Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан үлкен ұлы жолдардан өткендігі жайында айтылды. Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде тарихи және геосаяси дәстүрлер жатыр. Қазақстан экономикалық басымдықтар мен стратегиялық іс-әрекеттерді, интеграциялық және аймақтық даму үрдістерін мақсатқа сәйкес бұрынғы кеңестік елдермен бірлесе отырып нығайтуда. Бұған айғақ «Бүгінгі күнгі басты бағыт-бағдар Қазақстан халқы үшін интеграциялық идея мен теңдестірілген ынтымақтастық», - деп Елбасымыздың тұжырымдауы.

Осы шараға арнайы дайындалған «Қазақстан Республикасының шетелдермен қарым-қатынасы» атты кітап көрмесіндегі әдебиеттер мен еліміздің экономикасы мен саясатынан сыр шертетін мақалалар топтастырылған мерзімді басылымдарға библиографиялық шолу өткізілді.

 
ҚР Тәуелсіздігі мерекесіне орай Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен №11 мектеп кітапханасының оқу залында «Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан» атты тарихи сағат 8 «г» сынып оқушылары арасында өткізілді.
21.12.2013 00:59

Мақсаты: өскелең ұрпаққа Тәуелсіз Қазақстан Республикасының өткені мен болашағы, даму тарихы туралы мағлұмат бере отырып, келешекке сеніммен қарауға елжандылыққа, ұлтын сүюге, қастерлеуге үйрету, қазақ елінің тарихи кезеңдерінен мағлұмат беру. Оқушылардың бойына адамгершілік, ізгілік, имандылық қасиеттерін сіңіру, батырлыққа, Отанға деген сүйіспеншілік, туған жерді, елді қорғай білетін патриот бола білуге тәрбиелеу.

4Тарихи сағат барысында оқушыларға 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы туралы мәліметтер беріліп, мемлекет тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңдері туралы сұрақтардан құралған «Сен еліңнің тарихын білесің бе?» атты блиц-турнир электронды тұсаукесер көрсету арқылы өткізілді. Даулетқазинов Бекнұр, Айтқазин Думан, Әнуарбекова Айым, Орынбеков Бекжан және т.б. оқушылар шараға белсене қатысты.

Шара соңында «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

 
№2 кітапхана-бөлімшесінде №42 жанында интернаты бар жалпы орта мектептің 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Желтоқсанның ызғарлы желі» атты кеш өткізілді.
21.12.2013 00:55

Мақсаты: оқушыларға 1986 жылғы көтерлістің болуы, жастардың көтерліске шығу себептері, олардың алдына қойған мақсаты жайлы түсінік беру, Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С. Мұхаметжанова, Е.Сыпатаевтың өмір жолдарымен таныстыру және артында қалған мұраларын қастерлеп, халық батырларының рухына тағзым ету, халқын, ұлтын сүйе біліп, елін қорғай білуге тәрбиелеу, өз елінің тілін, салт-дәстүрін, тарихын біле отырып патриоттық рухта тәрбиелеу.

1 2

 

Іс-шара ҚР мемлекеттік әнұранымен басталды. Кешті жүргізушілер Желтоқсан көтерілісінің басталу себептері мен құрбандары жайлы айтып берді. №35 орта мектептің оқушылары Аманғалиева Аружан мен Жарқын Айдананың орындауында «Қазақ елі осындай» әні көпшіліктің көңілінен шықты.

Белгібаева Мадина «Тәуелсіздік таңым» атты арнауын оқыды, Күзембаева Мадина Қалқаман Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңін мәнерлеп оқыды.

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты электронды тұсаукесер көрсетілді. Әбиірбек Тінәлиевтің «Желтоқсан желі» өлеңі бойынша бейнеролик оқушылар назарына ұсынылды.

Кеш «Желтоқсан тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты көрмеге библиографиялық шолумен аяқталды.


3

 
Халқымыздың ғасырлар бойғы арманын жүзеге асырған 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай №6 кітапхана-бөлімшесінде «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» атты тақырыптық кеш №8 мектеп-кешенінің 8 сынып оқушыларына арнап, М.Төлебаев атындағы Музыкалық училищесінің 2-3 курс студенттерінің қатысумен өткізілді.
21.12.2013 00:51

Шараның мақсаты: оқырмандардың Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту, туған жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.

Қазақстан тәуелсіздігіне 22 жыл толуына орай ұйымдастырылған шара басында кітапхана қызметкері «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» атты слайд тұсаукесерін және «Тәуелсіз Қазақстанның тарихи кезеңдері» атты бейнебаян көрсете отырып тәуелсіздік тарихынан қызықты мәліметтер берді.

Шараны М.Төлебаев атындағы Музыкалық училищесінің 3 курс студенттері Ешекеева Ислана мен Мұқанов Есболат жүргізді. Шара барысында «Тәуелсіз Қазақстанның тарихи кезеңдері» атты бейнебаян, «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» атты слайд тұсаукесері көрсетілді. Төлеубаева Сымбат, Қалым Ербұлан, Ақылбек Нұрбек, Болысбек Абзал, Ақмет Ержанат, Абсалямов Манаттың қатысуымен «Елім менің» атты әдеби-композиция оқылып, онда жасампаз жылдарымыздың жетістігі жаңғыртылды.

Осы училищенің студенттері Хасиханұлы Нұрлан, Ақмет Ержанат, Советқазиев Бейсен, Каджимуратов Әділет «Туған жер», «Үш қоңыр», «Елім менің» атты патриоттық әндермен шараны көркемдеп отырды. Омарбекова Альмира «Шашу» атты қазақ биін мың бұрала биледі. Азатқызы Айжан мен Хасиханұлы Нұрлан «Тәуелсіздік күні» атты көркем сөз оқыды.

Осы шараға арнайы ұйымдастырылған «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы» атты кітап көрмесіне кітапхана қызметкері библиографиялық шолу жасады.


2 3
 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL