Әдеби өлкетану
Жиреншин Әбусағит
18.12.2023 23:12
There are no translations available.

LAST_UPDATED2
 
№12 кітапхана-бөлімшесінің оқу залында Еуразиялык гуманитарлы-техникалық колледжінің студенттерімен «Би - көнілдің ажары» атты әдеби-музыкалық композиция өткізілді.
16.04.2014 15:17

Мақсаты: қатысушыларды бидің шығу тарихымен, түрлерімен таныстырып, ой-өрістерін кеңейту.

buduwee2buduwee3

Кітапханашы кіріспе сөзінде бидің шығу тарихымен, оның ерте заманнан бастап қазіргі кезге дейінгі дамуы жөнінде айтып өтті. Биде бәрі бар. Бидегі жан күйзелісі әсем қимылдар арқылы беріледі. Көпшілікке танымал билерде – адамгершілік, нәзіктік, байсалдылық, тез биленетін билерде – қозғалыс, ырғақ, көптеген өзгерістер бар. Шығыс билерінде өздеріне тән философия, ақылдылық, сенімділік, нәзіктік кездеседі. Әрі қарай Үнді, Қытай, Греция сияқты әлем халықтарының, сондай-ақ қазақ ұлттық билері туралы айтылды.

Іс-шара барысында «Қазақ биі», «Татар халқының биі» және «Заманауи билер» көрсетілді. Ашық кітап көрмесіне 22 басылым қойылып, әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.

 
№12 кітапхана-бөлімшесінің оқу залында №27 мектептің 9 сынып окушыларымен «Таныс кітаптардың беттерін ашайық» атты іс-шара өткізілді. Іс-шара әдеби жұмбақтар түрінде өтті.
16.04.2014 15:07

Мақсаты: Кітаптың – маңыздылығын, оның білім мен мәдениетті насихаттаудағы маңызды құрал екендігін, қоғамның рухани жағынан дамуына және мәдениетін көтеруге ықпал ететіндігін оқырмандарға жеткізу.

buduwee

Әдеби жұмбақ басында кітапханашы қоғамдағы кітаптың маңызы, оқудың пайдасы, әдеби сөздердің көркемдігі туралы, кітапқа білімнің дереккөзі ретінде ұқыптап қарау керектігі жөнінде айтып өтті.

Оқу залының қызметкері тыңдармандарды кітаптардың құрылымымен, түрлерімен және мазмұнына қарай топтарымен таныстырды. КБЖ-ге (кітапханалық-библиографиялық жіктеу), алфавиттік және жүйелі каталогтарға қысқаша түсініктеме берілді. Оқушыларға кітаптардың құрылымы туралы қысқаша мағлұмат берілді.

Іс-шараның негізгі бөлігі байқаулар мен жұрақ-жауаптардан тұрды.

«Кітап – нағыз дос» атты байқауда қатысушылар шығармалардың авторларын тапты. «Өмір баянына қарап тап» деген байқауда жазушылардың өмірінен келтірілген деректерге қарап, олардың тегін тапты. «Қазақстан – менің Республикам» байқауы қазақ жазушыларының шығармаларына, роман, повесть, поэмаларына қатысты сұрақтардан құралды.

«Өте күрделі сұрақтар» атты байқауда қатысушылар, берілген үзінділерге қарап, оның қандай шығарма екендігін, сюжеттік желісін, жазушының аты-жөнін табу керек болды.

Көркем сөз байқауына, поэзияны оқығанды жақсы көретін оқырмандар қатысты. Олар өлеңнің алғашқы жолына қарап, шығарманың атын, оның авторын тапты. Артынан өздерінің жақсы көретін өлеңдерін мәнерлеп оқып берді.

Барлық қатысушылар белсенділік танытып отырды. Қатысушылар жеңуге тырысты, ал жанкүйерлер өз жолдастарына сүйсіне қолдау көрсетіп отырды. Шара «Таныс кітаптардың беттерін ашайық» атты кітап көрмесіндегі әдебиеттерге библиографиялық шолумен қорытындыланды.

 
Қалалық орталық кітапханада «Жемқорлықпен күрес бүгінгі күннің өзекті мәселесі» атты ақпарат сағаты өткізілді.
09.04.2014 10:41

 

Мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы түсініктеме бере отырып, жастардың құқықтық сауатсыздығын жою және теориялық білімдерін арттыру.

pk4pk5

Алғашқы сөзінде кітапханашы «сыбайлас жемқорлық» сөзінің мағынасы туралы түсіндірді. Сыбайлас жемқорлық - жаһандану заманындағы қоғамның ең қауіпті құбылыстарына жатады. Онымен күресу өзекті мәселердің бірі. Қазіргі кезде еліміздің барлық күштерін дағдарыстың алдын алуға жұмылдырып жатқанда, жемқорлық мәселесі әсіресе өткір тұрады, - деп, сөз кезегін Сарбасова Әлия Кабдрасулқызына берді.

Шәкәрім атындағы СМУ-нің ұстазы А.К.Сарбасова сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында елімізде жүргізіліп жатқан шаралар және оның нәтижелері жайында айтып өтті.

«Жас Отан жастар қанатының» мүшесі Сламджан Мухамед өз ұйымдарының жұмыстары туралы және «Жемқорлыққа – тосқауыл» атты жобасына тоқталып өтті.

Сонымен қатар осы тақырып жайында Радиотехника және байланыс колледж студенттері де өз ойларын ортаға салды. 2 курс студенті Еңкебаев Нұрбол: «Жемқорлықтың пайда болу себептері, студенттердің білім алу барысында пара беру мен оқытушыларды пара алуға мәжбүрлейтін жағдайларға тоқталып, жемқорлықтың алдын-алу үшін осындай іс шаралар жиірек болса», - деген ұсынысын айтып өтті.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күреске байланысты заңдар мен қаулыларды насихаттау мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа – жол жоқ» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Бұл көрмеге «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы», Қазақстан Республикасының заңы, жемқорлықпен күрестің мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Президентінің тиісті жарлықтары, жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық қаулысы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі бекітілген т.б. құжаттармен толтырылған тақырыптық досье қойылды.

 
Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты маманмен кездесу Қайнар колледжінің студенттерімен ҚазИГЗУ университетінің «Экономика және құқық» кафедрасының оқытушысы Атабаев Жанат Төлеуғазыұлының қатысуымен өткізілді.
09.04.2014 10:35
pk1 pk2 pk3

Мақсаты: өскелең ұрпақтың құқықтық білімдерін арттыру.

Кітахана қызметкері тарихи тереңнен бастау алған сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отыр, - дей келе онымен күрес шаралары тек сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарлама аясында ғана іске аспай, барлық бағдарламалар көлемінде жаңаша өткір көзқараста болуы керек екендігіне тоқталды. Ол біздің еліміздің әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін ең маңызды екендігін жеткізді.

Бұдан соң сөз кезегін алған Атабаев Ж.Т. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына қысқаша тоқталды. Құқық саласының маманы азаматтарды сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден сақтануға, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алуға, жолын кесуге және олардың зардаптарын жою керектігін айтып өтті. Сондай-ақ студенттерді келесі тақырыптар қызықтырды:

  • құқықтық заңнамаларды бұзу фактілері;
  • мораль және сыбайлас жемқорлық.

Талқылауда белсенділік танытқан оқырмандар жемқорлық туралы өз ойларын ортаға салды. Шара слайд тұсаукесерінің көрсетілімімен жалғасып, «Жемқорлық індет – жою міндет» атты суретті кітап көрмесіне библиографиялық шолумен аяқталды.

 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL