Мәдени іс-шаралар
Балалар және жасөсіпірімдер кітапханасында «Кітап сенің барлығыңа рахмет» атты ертеңгілік өтті
06.04.2012 21:14

0772012 жылдың 2-сі мен 23-ші сәуiр аралығында ОКЖ-да жарияланған кітап мерекесі аясында, №1,17,26 мектептердің бастауыш сыныптың оқушыларымен бірге Балалар және жасөсіпірімдер кітапханасында «Кітап сенің барлығыңа рахмет» атты ертеңгілік өткiзілдi.

Ертеңгіліктің мақсаты: балаларды оқуға қызықтыру.

Залдың ресiмдеуi: «Кітап, сенің барлығына рахмет» атты кiтап көрмесi, «Кітап мерекесі» ертегі бұрышы, «Туған өлкем», кiтаптар туралы дәйексөздер.

Ертегi қаhармандардың костюм киiген кiтапхана қызметкерлері мерекенiң тарихымен оқушыларды таныстырып, кітаптың адам өміріндегі алатын орны туралы айтып өтті және кітап туралы слайд көрсетілді.

«Білімімізді ортаға салайық» сұрақ жауап ойыны өткізілді, «ғалымның мысығы» жұмбақпен берілген тапсырманы балалар белсене орындады, өлеңдер оқылып, әндер айтылды.

Ертеңгілікті №17,26 мектеп оқушыларының дайындаған музыкалық нөмірлері әрлендіре түсті.

Шара қызықты өттi, оқушылар белсене араласты, музыкалық нөмiрлер көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

 
№ 12-ші кітапхана-бөлімшесінде "Білім көзі кітапта" атты сабақ өтті
06.04.2012 21:11

12012 жылдың 2-сі мен 23-ші сәуiр аралығында ОКЖ-да жарияланған кітап мерекесі аясында, Еуразиялық техникалық - гуманитарлық колледждiң студенттерiмен №12-шi кiтапханада "Білім көзі кітапта" атты сабақ өткiзілдi.

Мақсаты: кітаптың адам өмiрдегі құндылығы және мәнi туралы жас өсіпірімдерге әңгiмелеу.

Студенттер жазбашалықтың тууы тарихы, бiрiншi басылымдарының пайда болуы, кітаптің қоғамның дамуындағы рөлі және мәнi туралы ақпарат алды.

Студенттер шара барысында кітапқа арналаған өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер мен дана сөздер айтты.

«Жаңа кітаптар» атты кiтап көрмесi ресiмделiп, кітаптараға шолу өткiзiлдi.

 
ОКЖ-не қарасты №6 кітапхана-бөлімшесінде «Әлем таныған Әуезов» атты өлкетану сабағы өткізілді
06.04.2012 21:05

Шараға №8 мектеп-кешенінің «Жас қаламгер» студиясының мүшелері мен студия жетекшісі Айсрахунова Айгерим Марияханқызы қатысты.

Шараны өткізу мақсатымыз: Жазушының өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға кеңінен таныстыру, өткенді саралау, жазушының әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы ақпарат беру.

Сабақ М.О.Әуезовтың өмірі мен өнерi туралы әңгiмеден басталды, ерекеше ықылас оқырмандарыдың сүйіктісіне айналған «Абайдың жолы», «Көксерек» романдарына бөлінді. Шараға қатысушылар көрсетілген слайдқа қызыға қарады, өлкетану сабағына белсене қатысты – «Абай жолы» романын оқығанда алған балалық әсерін Қайратова Назым айтып өтті, ал «Жас қаламгер» студиясының мүшелері Қадірхан Әйгерім, Молдажанова Диана, Қабірхан Мират, Мұратова Айзада, Қанатова Айзада мерей той иесіне арналған өз өлеңдерін оқыды. Ал 10 сынып оқушысы Түсіпбек Ғанибек заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесінен үзінділер оқыды.

Өлкетану сабағының соңында «Әлем таныған Әуезов» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.


SAM 1952 SAM 1964
LAST_UPDATED2
 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL