Мәдени іс-шаралар

Кітап мерекесі аясында Мирный кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде №26 мектептің 4-5 класс оқушыларымен және Орталық қызмет көрсетуге қарасты мүмкіндігі шектеулі балалармен «Ертегілер әлемінде» атты ойын-викторина өткізілді.

Мақсаты: Балалардың кітапқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру. тіл байлығын дамыту.

pk4pk6 pk5

Кітапханашы шара басында қатысушыларға Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты барлық кітапхана-бөлімшелерінде 2 - 23 сәуір арлығында дәстүрлі түрде Кітап мерекесі өткізіліп келе жатқандығы жөнінде айта келіп, оның 2 сәуір күні әйгілі дат ертегішісі Х.Андерсеннің құрметіне арнап «Халықаралық балалар кітабының күні» деген атпен басталатындығын тілге тиек етті.

Н.Королеваның орындауындағы «Маленькая страна» әуені аясында слайд-тұсаукесері көрсетілімімен қатар кітапханашы Кітап мерекесі туралы және әйгілі ертегіші Г.Х.Андерсен туралы айтып берді. Андерсен ерегілерінің кейіпкерлерін білмейтін ел шамалы. Оның қаһармандарының бойында нағыз жақсы адамға тән қасиеттердің бәрі бар. Ерлік пен батылдықты қастерлеу; зәбір шеккенге қол ұшын беру, мейірімділікті уағыздау, қарапайым адамды қастерлеу. Адам тағдыры, адам өмірінің тарихы, балалық, жасөспірім, ұлғайған шақ, кәрілік, өмірден кету, ертегіде-қиял ғажайыптың үйлесімі, Андерсен ерегілері балаларды да, үлкен адамдарды да қызықтырады.

Балалар, ата-аналар және кітапханашылар әртістік бейімділіктерін танытып «Шалқан», «Бауырсақ» ертегілерінен көрініс көрсетті. Шара барысында №26 мектептің оқушылары, көрермендер назарына өздерінің шағын концерттік бағдарламасын ұсынды.

Есімханова Гүлназ және Нұралықызы Дильназ «Туған жер» және «Туған ел» әндерін орындаса, Төлеуғазиева Балнұр және Бласпаева Ақнұр «Маймылдар» биін билеп берді. Асылбеков Алмас домбырада «Балбырауын» күйін нақышына келтіріп орындады.

Ертеңгіліктің соңында балалар ертегілер бойынша құрастырылған викторинаның сұрақтарына жауап берді. Шараға қатысып белсенділік танытқан балаларға сыйлықтар табыс етілді. Сыйлықтарға шараны ұйымдастырушы Орталық мәдениет және демалыс саябағының қызметкері Имашева Дәмеш Кадылбекқызы демеуші болды. Кітапханада «Ертегілер әлемінде» - атты кітап көрмесі безендіріліп, әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.

 

Балалар және жасөспірімдер кітапханасында №15 мектептің 4 сынып оқушыларымен «Менің досым – кітап» атты әдеби-ойын өткізілді.

Мақсаты: оқушының білімділік танымын, есте сақтау, логикалық қабілетін дамыту.

Кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, жалпы ой-өрісін кеңейту.

pk2 pk1 pk3

Кітапханашы балаларға кітап адам өміріндегі адал досы, серігі, қандай қиындықтар туындаса да, кітапқа тәуелді екендігіміз жөнінде түсіндіріп жеткізді. Әрбір адамның өмірінде жоқ дегенде бір досы болады. Нағыз дос ол - сені ешқашандай нәубетте қалдырмауы керек. Ал сондай достарың сенен теріс айналып кеткенде көмекке кім келеді. Осындай қиын сәттерде ғана көмекке келетін, ақыл кеңес беретін дос іздейміз, кімді бар жүрегімізбен сүйеміз, кімге сенеміз. Әрине, кітап. Кітап — бұл адамға дос және ақылшы. Олармен бірге күлеміз, қуанамыз, олармен бірге қайғырамыз.

Іс – шара барысында «Кітап білім бұлағы», «Кітаптің шығу тарихы» атты слайд тұсаукесерінің көмегімен викторина өткізілді. Сондай-ақ, «Менің досым – кітап» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды. Т.Дәуренбековтың «Кітаптар мұңы» әңгімесі бойынша талқылау өтті. Шара соңында балалар мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар айтып, өлең шумақтарын оқыды, сүйікті кітаптары жайында әңгімеледі.

LAST_UPDATED2
 

№6 кітапхана-бөлімшесінде Кітап мерекесі аясында орыс балалар жазушысы П.П.Бажовтың туғанына 135 жыл толуына орай №9 орта мектептің 4-5 сынып оқушыларымен «Алтын сандық» атты ертеңгілік өтті.

Мақсаты: жас оқырмандардың кітапқа деген ой-өрістерін кеңейту, шығармашылық бейімділіктерін дамыту, кіші және орта жастағы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, кітапханада өткізуді ұйымдастыру, оларға балалар әдебиетінің бай құндылықтарын ашу.

przk4 przk5 przk6

Шара басында кітапханашы «Халықаралық балалар кітабы күні» мерекесінің тарихына тоқталып, балалар жазушыларының жазған қызықты оқиғаларын, кітаптарын қызықпай, құмартпай оқу мүмкін емес екендігін айта кетті. Ертегілер әлеміне саяхат жасады. Ондағы оқиғалар, повестерден барлық балалар өздерін қызықтырған көптеген сұрақтардың жауабын алды. Орыс жазушысы, атақты ертегіші туғанына 135 жыл толып отырған П.П.Бажовтың өмірімен шығармашылығын оқырмандарға таныстыра отырып, жазушының шығармашылық жолы және кітаптарынан алынған ертегі кейіпкерлері безендірілген слайд-тұсаукесерінің көрсетілімімен шараны жалғастырды.

Бажовтың шығармалары бойынша викториналық ойындар ұйымдастырылды. Балалар «Сөйлемді жалғастыр» ойынында Бажовтың ертегілерінен алынған сөйлемдердің жалғасын тауып белсенділік танытты. Келесі кезекте «Тауып көр» - атты ойын ойнатылды, онда көрсетілген заттың Бажовтың қай ертегісіне қатысы барын табу керек болды. Мысалы: түйреуіш-Малахит шкатулкасы (Танюшаның сыйлығы), балға – Тас гүл (Даниланың құрал-сайманы) т.с.с. Ойын арасында «Уральский хоровод» әуені орындалып тұрды. Соңынан балалар кітаптарына, соның ішінде П.П. Бажовтың ертегілеріне библиографиялық шолу жасалды.

LAST_UPDATED2
 

Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде №22 мектептің 6 сынып оқушыларымен Бердібек Соқпақбаевтың – 90 жылдығына арналған «Менің атым Қожа» атты оқырмандар конференциясы өткізілді.

Мақсаты: повесть идеясын түсіндіру, Жантаспен салыстыра отырып Қожа бейнесін талдау. Оқушы қабылдауы мен ойлау аралығын зерттей отырып ой қорытындылау. Жаңа ұғымды өзі іздеп табуға бағыттау. Повесть бойынша оқушы ойын тиянақтау.

przk1 przk2 przk3

Конференция басында кітапханашы оқырмандарды Б.Соқпақбаевтың өмірімен және шығармашылығымен таныстыра отырып, оны әлемге танытқан шығармалары жайында әңгімеледі. Балалар «Менің атым Қожа» повесін мектеп бағдарламасы бойынша өтетіндіктен, кітапханашы олардың басты кейіпкерлерін және шығармадағы негізгі оқиғаларын қаншалықты білетіндіктерін тест арқылы анықтады. Оқушылар бұл шығармамен жақсы таныс болғандықтан, қойылған сұрақтарға белсене қатысып жауап беріп отырды.

Шараға қатысушылар «Менің атым Қожа» повесін белсенділікпен талқылады. Конференция барысында оқушылар: Ерасыл Сайлауғалиев, Сұлтан Сағатбеков, Жаннұр Карибаева, Ернар Екпінбаев және т. б. «Менің атым Қожа» повесіндегі кейіпкерлерге жеке-жеке тоқталып, шығарманың басты кейіпкері Қожаның жақсы және жаман жақтары туралы қызықты эпизодтар келтіріп, өз ойларын ортаға салды. Балалар «Менің атым Қожа» повесінің қызықты бір эпизодынан көрініс көрсетті. Конференция слайд-шоу арқылы жалғасын тапты.

Шара соңында осы шығарма бойынша кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.

№6 кітапхана-бөлімшесінде Кітап мерекесі аясында орыс балалар жазушысы П.П.Бажовтың туғанына 135 жыл толуына орай №9 орта мектептің 4-5 сынып оқушыларымен «Алтын сандық» атты ертеңгілік өтті.

Мақсаты: жас оқырмандардың кітапқа деген ой-өрістерін кеңейту, шығармашылық бейімділіктерін дамыту, кіші және орта жастағы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдаланып, кітапханада өткізуді ұйымдастыру, оларға балалар әдебиетінің бай құндылықтарын ашу.

LAST_UPDATED2
 

Кітап мерекесі аясында Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Бәрін білетін кітаптар» атты саяхат-ойын №6 гимназияның 2 сынып оқушыларымен өтті.

Бұл шараның мақсаты оқушыларды білімділікке, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыруға, кітап оқуға саналы түрде баулуға, оларды адамгершілікке, эстетикалық тәрбиеге үйрету, өз ойларын ашық жеткізе білуге тіл байлықтарын одан әрі жетілдіру, көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылықтарын оятып, ынталарын арттыру. Шара барысында кітап туралы мақал-мәтелдер айтылып, ойындар ойналды.


1 2
 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
                   1243

 

sem

alash baner1

 

aya

 

zastavka kalendar

banner

 

mirdetey

Көруді ұсынамыз

 

Восточно-Казахстанская областная библиотека им. А.С.Пушкина

 

 

Национальная Академическая Библиотека РК

 

 

Библиотечная ассоциация РК

 

<

 

 

Электронные пособия

 

 

БД
 

 

Валюта бағамдары

 

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Тіркелгендер

На сайте зарегистрировано пользователей 43150

qazlat2

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ruhani
engnews.gazeta.kz
elbook

 

logotype

Іс - шара күнтізбесі

Прошлый месяц Қыркүйек 2020 Следующий месяц
Же Дү Се Сә Бе Жұ Се
week 36 1 2 3 4 5
week 37 6 7 8 9 10 11 12
week 38 13 14 15 16 17 18 19
week 39 20 21 22 23 24 25 26
week 40 27 28 29 30

Тіркеу

Қатысу санағы


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін472
mod_vvisit_counterКеше5915
mod_vvisit_counterОсы жұмада22351
mod_vvisit_counterОсы айда112961
mod_vvisit_counterБарлығы8538349

Қазір сайтта: 68

Jivosite



Сұраныс

Для информационных потребностей вы используете?

Интернет - 39.4%
Сайт библиотеки - 45.5%
Печатные издания - 6.1%
Другое - 9.1%