Мәдени іс-шаралар

№12 бөлімшесінің балалар бөлімінде «Негеш» клубы отырысының аясында «Біз Андерсенд құрамыз» атты ойын-сайыс өтті. Шараға №30 мектептің 3 «б» сыныбының оқушылары, «Негеш» клубының мүшелері қатысты.

Мақсаты: балалардың ойлау қабілеттерін, шығармашылық қиялдарын дамыту, ой-өрісін, эстетикалық талғамдарын кеңейту.

9 10

Шара басында кітапханашы балаларды мерекелерімен құттықтап, 1967 жылдан бастап, яғни 49 жыл бойы Г.Х. Андерсеннің туған күні 2 сәуір - Халықаралық балалар кітабы күні ретінде аталып өтілетінін жеткізді. Бұдан соң ұлы ертегішінің өмірбаянымен таныстырып, оның қиын тағдыры туралы әңгімелеп, тек өжеттілігі мен еңбекқорлығының арқасында құрмет-даңққа жеткенін баяндап берді.

Екі мерзім: 1805 жылдың 2 сәуірі және 1875 жылдың 4 тамызы... осы аралықта оның өмірі, кедей башмақшының және кір жуушының ұлынан, әлемге 170 тамаша ертегілерімен, ертегі тарихын сыйлаған танымал ұлы ертегішіге айналды.

Егер әрбір адам өз өмірін ертегілердің томынан бастаса бұл дүниеде жамандық және рақымсыз адамдар азырақ болар ма еді... Кітапханашы оның фантастикалық, шыншыл, қызықты және дана ертегілеріне толықтай тоқталды. Бұдан соң балаларды Андерсенд қаласының құрылысын салуға шақырды. Ол үшін балалар екі құрылыс бригадасына бөлініп сынақтан өтті. Бұдан кейін «Андерсенд мұражайы», «Қалдырып кеткен сөз», «Ұмытшақ гном», «Вокал сыныбы», «Ескілікті телеграф», «Суреттер гаереясы» атты сайыстарға қатысуға мүмкіндік алды. Әрбір сайыс сөзжұмбақтың бір сөзінің шешуімен және Андерсенд қаласының бір элементін тауып оны стендке жапсыру арқылы қортындыланып отырды. Ойын балалардың сөзжұмбақтағы жасырылған сөзді тауып және Андерсенд қаласын салып бітірулерімен аяқталды.

Шара соңында ойынның нәтижесі шығарылып, жеңген бригада және белсене қатысқандар марапатталды.

LAST_UPDATED2
 

Мирный кентіндегі кітапхана бөлімшесінде Халықаралық кітап мерекесі аясында, №2 мектептің 3 сынып оқушыларының қатысуымен «Ертегі еліне саяхат» атты ертеңгілік, әйгілі ертегіші Шарль Перроның 195 жылдығына орай өткізілді.

7 8

Шараны кітапханашы: «XIX ғасырда қоғам балалардың өз әдебиеті болу керек екенін мойындады, сол мезгілден бастап балалар әдебиетінің көркеюі басталды», - деген сөздермен бастады. Бұдан әрі қиял-ғажайып сыйқырлы сөздермен ерекшеленетін, үлкендерімізге де ұнайтын балалар әдебиетшісі және ұлы ертегіші Ганс Кристиан Андерсен жайлы әңгімелеп берді.

2 сәуірде Халықаралық кеңестің шешімімен Халықаралық балалар кітабы мерекесі жыл сайын аталып өтілетіндігін естеріне салып, балаларды кітап мерекесінің шығу тарихымен таныстырып өтті.

Сондай-ақ, француз ертегішісі Шарль Перроның шығармашылығына тоқталды. Оның «Ұйқыдағы ару», «Қызыл телпек», «Етік киген мысық», «Күлше қыз», «Шынашақтай бала», «Перінің сыйлықтары», «Есектің терісі», «Рике-Хохолок», т.б. шығармаларын атап өтті. Шарль Перроның айтып кеткен «ертегі еріккеннің ермегі емес» деген сөздерінің тереңіне үңілді. Ондағы ең бастысы - адамгершілік екендігін жеткізіп, ертегінің құндылығын жас ұрпақты адалдыққа, шындыққа, шыдамдылыққа жетелейтіндігімен түсіндірді.

Іс-шара барысында «Ертегілер әлемі» атты танымдық викторина слайд тәртібімен өтті. Оқушылар ертегі кейіпкерлерін анықтауға белсене қатысып, білімдерін көрсете білді.

Мереке оқушылардың орындауындағы балаларға арналған өлең тақпақтармен және оқушылар дайындаған ертегі көріністерімен жалғасын тапты.

Шара соңында ана тілімізде және орыс тілінде «Ертегілер әлемінде» атты суретті кітап көрмесі балалардың назарына ұсынылды.

 

Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Кітап мерекесі аясында қала мектептерінің оқушыларына арналып «Рухани қазына» атты ертеңгілік өткізілді.

Мақсаты: осындай кең ауқымды іс-шаралар аясында оқырмандарды, мүмкіндігінше көпшілік балалар мен ата-аналар назарын кітап оқу мәселесіне аудару, кітап оқуға үндеу. Әрбір баланың жан дүниесінде кітапқа деген қызығушылығын оятып, шығармашылық ізденістерге баулу. Балалардың оқуларына көмек ретіндегі жаңа кітаптарды ұсынып, өздігінен білімдерін жетілдіруге көмектесу.

4 5 6

Көркем безендірілген оқу залында кітапханашы балаларды мерекелерімен құттықтап, 1967 жылдан бастап балалар кітабы бойынша Халықаралық Кеңестің шешімімен 2 сәуір ұлы ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне орай бүкіл әлемде Халықаралық балалар кітабы күні болып аталып өтетіні жайлы естеріне салды.

Сонымен қатар қаламызда жыл сайын 2003 жылдан бастап 2-23 сәуір аралығында Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің барлық кітапхана-бөлімшелерінде Кітап мерекесінің аталып өтілетіні жайлы әңгімелеп берді. Сондай-ақ, балаларға биылғы жылы Кітап мерекесінің «Кітапханаға құрметпен» деген атаумен Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 40 жылдығына арналып отырғандығын атап өтті.

Мереке аясында барлық қатысушылардың сайыстарға қатысуға мүмкіндіктері бар екендігін жеткізген кітапханашы «Кітапханаға шат күлкі сыйлайық» атты фотобайқау, «Мен кітапхананы жырлаймын» атты жас ақындар сайысы, және «Шын жүректен...» тақырыбында бейне-құттықтау сайысы жарияланғандығымен хабардар етті.

Бұдан әрі кітап тарихы туралы әңгімелеп, балалар викториналық сұрақтарға жауап берді. Балалар жазушыларының мерейтойлары туралы мағлұматтар алып, «Кітап театры» қойған «Үйшік», «Шалқан» ертегілерінен көріністерді тамашалады.

Шара барысында өнерпаз оқушылардың орындауындағы әсем ән мен мың бұралған билер мерекенің көркін шырайландыра түсті. Концертке қатысушылар «Кітапханашы», «Я нарисую счастье» әндерін орындаса, кішкентай өнерпаздарымыз билерімен таң қалдырды.

Аталмыш шараға арнайы көркем безендірілген «Кітап мерекесі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды. Ертеңгілікке қатысқан оқырмандарымыз мол әсер алып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

 

В первый день «Недели детской книги», для учащихся 4 классов средней школы №9 в библиотеке-филиале №6 ЦБС к 210 - летию со дня рождения Г.Х.Андерсена был проведен утренник «Путешествие в сказку».

There are no translations available.

Цель мероприятия: развивать логическое мышление, память, зрительное внимание, творческое воображение, эмпатию.

1 2 3

В начале мероприятия библиотекарь рассказала детям о Международном Дне детской книги, об истории и традициях праздника, отметила важность книг для человечества. Поговорила с детьми о том, что Праздник Книги – это самый необычный праздник на земле. Этот праздник хорош тем, что его можно отмечать одному, а можно встретиться с друзьями и почитать вслух или рассказать друг другу о любимых книжках, любимых авторах. И один из них - великий датский сказочник Г.Х. Анднрсен.

На этом утреннике дети познакомились с творчеством датского писателя, по иллюстрации или предмету угадывали название сказки и давали характеристику героям, разгадывали анаграммы и угадывали героев сказок.

Также был проведен обзор литературы с выставки-инсталляции «Сказочный мир Г.Х.Андерсена», на которой были представлены различные предметы сказочных героев: зонтик, шкатулка, Дюймовочка, Гадкий утенок и др.

В продолжение утренника дети участвовали в викторине по сказкам, угадывали героев сказок. И в заключении дети отвечали на вопросы: «Какие сказки они любят?», «Какая сказка понравилась больше и почему?», «Чему учат герои сказок Андерсена?».

LAST_UPDATED2
 

Халықаралық балалар кітабы күні

 

2 сәуір – бүкіл әлем балаларының ең сүйікті, Дания елінің ертегішісі Г.Х.Андерсеннің туған күні және Халықаралық балалар кітабы күні. Бұл мерекелер 1967 жылдан бері аталып келеді. Ал біздің қаламыздың Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 2003 жылдан бері 2-23 сәуір аралығында Кітап мерекесі дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Халықаралық балалар кітабы күні мен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне, ұлы ақын, ойшыл философ, қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына орай қала көлемінде өтетін «ӘЛЕМ ТАНЫҒАН АБАЙ» атты Кітап мерекесі аясында «Абайдың туған жері балалар көзімен» атты жас суретшілер сайысы, «Абай әлемі» атты бейнероликтер байқауы және «Абай – қазақ поэзиясының асқар биігі» атты жас ақындар сайысы жарияланды.


Балалар және жасөспірімдер кітапханасында 2 сәуір күні сағат 11:00-де №1, 17, 19 жалпы білім беретін мектептердің 1-4 сынып оқушыларының қатысуымен «Барлық білім - кітапта» атты ертеңгілік өткізілді. 


12 13 14

Мерекеге сай безендірілген кітапхананың оқу залына келген оқушыларды сүйікті мультфильмдер әуендерімен қарсы ала отырып, жүргізушілер кітаптың шығу тарихы туралы әңгімеледі. Кітап, ертегі кейіпкерлері туралы викториналық ойындар слайд арқылы ойнатылып, оқушылардың қызығушылығын арттыра түсті. Сонымен қатар ертеңгілікте атаулы күндерге толы жыл мерейгер балалар жазушылары туралы қысқаша айтылды.

Мәдени шарада әсем ән айтылып, мың бұралған бишілер мерекенің көркін қыздыра түсті. Қаламыздың Орталық саябағынын вокал студиясының балалары және «Жас жұлдыз» балалар орталығының өнерпаздары қатысып, «Жас дәурен» вокал студиясының балалары «Родина – моя отчизна», «Я нарисую счастье» т.б. әндерін орындап, «Аққу» бишілер тобының орындауында қазақ, өзбек билерінен өнер көрсетті. Мектеп оқушылары да қалыс қалмай өздерінің дайындап әкелген өлең, әндерін нақышына келтіре орындап берді. 

15 16 17 18

Мерекелік шараға қонақ ретінде келген ата-аналар, ұстаздар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтты. Оқырмандар мол әсермен, көтеріңкі көңіл-күймен қайтты.

Аталған шарада «Кітап меркесі», «Ертегілер елінде» атты суреттермен безендірілген кітап көрмелеріне қойылған кітаптарға библиографиялық шолу өткізілді.

LAST_UPDATED2
 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL
                   1243

 

sem

alash baner1

 

aya

 

zastavka kalendar

banner

 

mirdetey

Көруді ұсынамыз

 

Восточно-Казахстанская областная библиотека им. А.С.Пушкина

 

 

Национальная Академическая Библиотека РК

 

 

Библиотечная ассоциация РК

 

<

 

 

Электронные пособия

 

 

БД
 

 

Валюта бағамдары

 

Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан

Тіркелгендер

На сайте зарегистрировано пользователей 42124

qazlat2

РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ

ruhani
engnews.gazeta.kz
elbook

 

logotype

Іс - шара күнтізбесі

Прошлый месяц Ақпан 2020 Следующий месяц
Же Дү Се Сә Бе Жұ Се
week 5 1
week 6 2 3 4 5 6 7 8
week 7 9 10 11 12 13 14 15
week 8 16 17 18 19 20 21 22
week 9 23 24 25 26 27 28 29

Тіркеу

Қатысу санағы


mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін258
mod_vvisit_counterКеше7177
mod_vvisit_counterОсы жұмада259
mod_vvisit_counterОсы айда141776
mod_vvisit_counterБарлығы7359897

Қазір сайтта: 104

Jivosite



Сұраныс

Для информационных потребностей вы используете?

Интернет - 39.4%
Сайт библиотеки - 45.5%
Печатные издания - 6.1%
Другое - 9.1%