Қалалық орталық кітапханда Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Ойы терең, жігері ерен» атты әдеби кеш өтті.
27.04.2012 21:01

Мақсаты: Сөзі шежіре, ісі үлгі болған, бүкіл шығармашылық ғұмырын қазақ жастарының тағдырына, болашағына арнаған жазушыны жас ұрпаққа таныстыру, өлкеміздегі ақын – жазушыларымыздың өрнегі мол жырларын насихаттап, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

2Жетпіс жыл бойы қолынан қаламы түспеген әдебиетіміздің Абыз ақсақалы, Соғыс ардагері, «Семей» қаласының құрметті азаматы, қазақ сөзінің қара нары, махаббат жыршысы Әзілхан Нұршайықовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Радуга» шығармашылық ұйымы аясында «Ойы терең, жігері ерен» атты әдеби кеш өткізілді. Кешке Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымының кандидаты, ақын, аудармашы Мұрат Сұлтанбеков және Қазақ гуманитарлық-заң университеті мен Қалматаев атындағы медициналық колледжінің студенттері қатысты.

Кітапхана қызметкері жазушының бүгінгі жас ұрпаққа патриоттық, еңбекшілдік, адалдық тәрбиесін беруді басты мақсат тұтқан өмірі мен шығармашылығына тоқталды. Ә.Нұршайықовтың бірнеше шығармалары орыс тілінде, "Ақиқат пен аңыз" роман-дилогиясы украин ("Дніпро", 1984) және чех (1985) тілдеріне аударылса, бірқатар шығармалары қырғыз, өзбек, тәжік, молдован, татар, якут тілдеріне тәржімаланған. Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымының кандидаты, ақын, аудармашы Мұрат Сұлтанбеков жазушының «Мәңгілік махаббат жыры», «Халима» атты құнды прозалық поэмасын орыс тіліне аударғаны жайлы және жазушыны алғаш көрген қызықты сәттері мен шығармаларының қай қырынан3 қарасақ та әдебиетіміздің асыл қоры екендігін айтып берді.

Кеш барысында жазушының сол кездегі студенттік өмірін арқау еткен, адал махаббат пен адал сезімді жастар романтикасын тебіренте толғаған «Махаббат қызық мол жылдар» атты кітабының қай жылы, қалай жазылғаны, роман неге тек қана махаббатқа құрылғаны туралы талқыланды.

2008 жылы роман желісі бойынша Абай атындағы қазақ драма-сазды театрында қойылған спектакльдің алғаш сахнада қойылыуы бүгінгі жастарға берер тағылымы мен тәрбиесі зор екені атап өтілді.

Кешке арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды және мерзімді басылымдарға шолу жасалды.

LAST_UPDATED2
 
Қазақстанның тарихи қалалалары, мұражайлары және ескерткіштері
23.04.2012 21:06

(«Кім? Қайда? Қашан?»)


№12 кітапхана-бөлімшесінің балалар бөлімінде №30 мектептің 7-8 сынып оқушыларымен Халықаралық ескерткіштер күніне арналыған, «Қазақстанның тарихи қалалары, мұражайлары және ескерткіштері» деген тақырыпта «Кім? Қайда? Қашан?» атты ойыны өтті, көрме ұйымдастырылды.

Мақсаты: Ұжымдық жұмысқа баулу; өз отанының тарихы мен мәдениетiн оқыту арқылы отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Тарих өткен өмірді сөз еткенімен бүгінге және болашаққа қызымет етеді. Сондықтан тарихқа мойын бұру, ата-бабаның өмір тіршілігін ұмытпау – тірілердің міндеті ғана емес, сонымен бірге ілгері дамуы мен ұрпақтарымыздан ұлы адамдар өсетінің кепілі де.

Ойынға екі топ қатысты. Ортада үстел қойылған, оның үстінде зырылдауық. (юла), конвертке салынған сұрақтар қойылған.

Бірінші топтың сұрақтары:

1-ші раунд - Тәуелсіздік монументі бойынша сұрақ;

2-ші раунд - блиц-сұрақтар;

3-ші раунд - «Елімай» өлеңі бойынша;

4-ші раунд - Ұлы Жібек жолы бойынша;

5-ші раунд - Алматыдағы Абай ескерткіші бойынша;

6-ші раунд - Астанадағы үш биге арналған ескерткіш бойынша;

7-ші раунд - Қожа Ахмет Иасауи кесенесі бойынша сұрақ.

Бірінші команда 6-1 есебімен жеңді.

Музыкалық үзілістен кейін ІІ топ ойынға кірісті.

Екінші топтың сұрақтары:

1-ші раунд- Айша бибі кесенесі бойынша сұрақ;

2-ші раунд - «Қандай ғылымды тарихтың қарындасы деп атайды?» деген сұрақ;

3-ші раунд - Ұлттық тағамдар бойынша сұрақ;

4-ші раунд - Зенковтың кафедралық соборы бойынша сұрақ;

5-ші раунд - Блиц-сұрақтар;

6-ші раунд - «Тәуелсіздік таңы» ескерткіші бойынша сұрақ;

7-ші раунд - Талғар, Отырар, Тараз көне қалаларының археологиялық қазбалары бойынша сұрақ

Екінші команда да 6-1 есебімен жеңді.

Ойын соңында командалар бір-бірін табысты ойынмен құтықтады және осындай танымдық шаралар өз елінің тарихы, мәдениеті, архитектурасы бойынша өз бiлiмдерiн жетілдіруге және толықтыруға мүмкiндiк туғызатынын атап өтті.

 
№12 кітапхана-бөлімшесінде Евразия техника-гуманитарлық колледж студенттерімен "Ақын - елдің ардағы" (М. Оспанов - 50 жас) атты кеш болып өтті.
03.04.2012 22:05

2.1Кешке Мұратбек Оспанов арнайы шақыртылды.

Мақсаты: Мұратбек Оспановтың еңбек жолымен, шығармашылығымен студенттерді таныстыру.

Кештің арнайы қонақтары болған Республикалық "Абай" қорының Президенті Ерсәлімов Б.Б. «Абай» журналының бөлім меңгерушілері М.Кенемолдин, С.Төлеуов ақын жайлы өз ойларын ортаға салды.

Кеште оқырмандар ойларында жүрген «Шабыт дегенініз не? Сіз келген уақытта өлең шығара аласыз ба?» «Шәкірттерініз бар ма? Шәкірт тәрбиелейсіз бе?» «Ақындықтан басқа қандай өнеріңіз бар?» «Тәуелсіздікке қосқан үлесініз?» тағы басқа сұрақтар қойылып, жауап берілді.2.2

М .Әуезов атындағы педогогикалық колледждің 1 курс студенті Бауыржан Шыңғыс "Ақынға арнау" атты өз шығармашылығынан туындаған арнауын оқыды. Ақынның шығармашылығы жайлы арнайы слайд көрсетілді.

"Таңдайдағы тамшылар "атты ашық кітап көрмесі ұйымдастырылып, кеш соңында шолу өткізілді. Көрмеге кітап, мерзімді басылымнан алынған мәліметтер қойылды.

LAST_UPDATED2
 
Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, республикалық «Абай» журналының бас редакторы, бірнеше республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері, ақын Мұратбек Оспановтың 50 жылдық мерейтойына орай «Ақын – елдің арқауы» кездесу кеші болып өтті.
03.04.2012 22:01

1Қазіргі таңда өскелең ұрпаққа өлкеміздің тарихымен, ескерткіштерімен, ақын- жазушыларымен таныстыруда кітапхананың алатын орны еркеше. Осы орайда Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, республикалық «Абай» журналының бас редакторы, бірнеше республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері, ақын Мұратбек Оспановтың 50 жылдық мерейтойына орай «Ақын – елдің арқауы» кездесу кеші болып өтті. Кешке «Радиотехника және байланыс» колледжінің 1 курс студенттері қатысты.

Кездесу кештің мақсаты: жергілікті ақын М. Оспановтың өмірбаяны мен шығармашылығына тоқталып, автордың шығарған жыр жинақтарын оқушыларға таныстыру.

Шара барысында кітапханашылар ақынның өмірі мен еңбек жолын таныстыра отырып, сөз кезегін ақынға берді. М.Оспановтың шығармашылығына арналған слайд көрсетілді. «Радиотехника және байланыс» колледжінің студенттері де ақынға қызықты сұрақтар қойып, өлеңдерін оқыды. Әсіресе Мамырбекова Аяулымның ақынға арнаған арнауы өте жақсы шықты. Кеш барысында ақын «Таңдайдағы тамшылар», «Жырұйық», «Сүмбіле» атты кейінгі шыққан кітаптарынан өзінің өлеңдерін оқыды. Шара соңында кітапханашылар ақынды мерейтойымен құттықтап, сыйлық табыстады.

Қазіргі таңда өскелең ұрпаққа өлкеміздің тарихымен, ескерткіштерімен, ақын- жазушыларымен таныстыруда кітапхананың алатын орны еркеше. Осы орайда Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, республикалық «Абай» журналының бас редакторы, бірнеше республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері, ақын Мұратбек Оспановтың 50 жылдық мерейтойына орай «Ақын – елдің арқауы» кездесу кеші болып өтті. Кешке  «Радиотехника және байланыс» колледжінің 1 курс студенттері қатысты.

            Кездесу кештің  мақсаты: жергілікті ақын М. Оспановтың өмірбаяны мен шығармашылығына тоқталып, автордың шығарған жыр жинақтарын оқушыларға таныстыру.

            Шара барысында кітапханашылар ақынның өмірі мен еңбек жолын таныстыра отырып, сөз кезегін ақынға берді. М.Оспановтың шығармашылығына арналған слайд көрсетілді. «Радиотехника және байланыс» колледжінің студенттері де ақынға қызықты сұрақтар қойып, өлеңдерін оқыды. Әсіресе Мамырбекова Аяулымның ақынға арнаған арнауы өте жақсы шықты. Кеш барысында ақын «Таңдайдағы тамшылар», «Жырұйық», «Сүмбіле» атты кейінгі шыққан кітаптарынан өзінің өлеңдерін оқыды. Шара соңында кітапханашылар ақынды мерейтойымен құттықтап, сыйлық табыстады.

 
Орталық қалалық кітапханада ақын, жазушы Мұратбек Оспановтың 50 жылдық мерейтойына арналған «Ақын - елдің ардағы» атты кездесу кеші өтті
21.03.2012 08:37

IMG 13961Мақсаты: Өлкеміздегі ақын – жазушыларымыздың өрнегі мол жырларын жас ұрпаққа насихаттап, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Aбайдай, Мұхтардай, Шәкәрімдей даналарымыздың құнарлы топырағында дүниеге келген ақын Мұратбек Оспановтың 50 жылдық мерейтойына арналған «Ақын - елдің ардағы» атты кездесу кеші өткізілді.

Кешке Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымының кандидаты, ақын Мұрат Сұлтанбеков, драматург Жұмабек Қамбаров, «Дәулет» коммуналдық кәсіпорынының директоры, ақынның жанашыры, демеушісі Шаған Жұмақсанов, республикалық «Абай» журналының тілшілері және ақынның алғашқы ұстазы, «Абай» журналының жауапты хатшысы Айтқаным Ахметбекова, республикалық «Жас қазақ үні» газетінің Семей өңірлік меншікті тілшісі Орымбек Сарсенбин, студенттік өмірін бірге кешкен ақынның досы Бекен Нұрахметов, СМПИ даярлық тобының тыңдаушылары Қытай, Маңғолия елдерінен келген қандастарымыз және Радиотехника және байланыс колледжі студенттері қатысты.

Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, Республикалық «Абай» журналының басIMG 14111 редакторы, бірнеше республикалық мүшәйраларының жүлдегері, ҚР «Мәдениет қайраткері», «Абай» ауданының құрметті азаматы, ақын Мұратбек Оспановтың өмірін, шығармашылығы мен еңбек жолын кітапхана қызметкері толық баяндап берді. Ақынның шығармашылығы негізінен азаматтық лирикадан тұрады. Бұл дегеніміз - тәуелсіз мемлекетіміздің түйткіл мәселелелерін қозғайды. 2003 жылы республикалық «Абай» журналына бас редактор болған алғашқы күннен бастап журналдың ертеден ұстанған бағытымен қоса, қоғамдағы саяси – әлеуметтік тақырыптарға ерекше мән беріп, жыл сайынғы ел Президентінің жолдауын қолдай отырып, еліміздің саяси беталысын саралайтын материалдарды үнемі жариялау үстінде. 2005 жылы Ел тәуелсіздігінің бір мүшел болған күніне арналған «Тәңір сыйы» атты дастаны жарық көрген. Осы дастанға байланысты Елбасы алғысын жеткізген арнайы хат алған.

М.Оспанов поэзиямызға көлденең кеп қосылған көк аттылы емес, «Ар» атты арғымақ үстіндегі егеменді егеулі қаламын ұстаған, ішкі серт, уәдемен, үлкен тілеумен, жарқын үмітпен келген ақын. Кеш барысында ақын өзінің бірнеше өлеңдерін оқып, жыр құмар қауымға өзгеше әсер, өзіндік ләззәт шуағын сыйлады Қазіргі таңда ақын Мұратбек Оспанов ащы маңдай мен терімен піскен шымыр шығармаларының тәтті жемісін жинап келеді. Кешке келген қонақтарға сөз беріліп, өзіндік қолтаңбасымен, қазақы сөз бояуымен, шеберлігімен ерекшеленетін ақынға ыстық лебіздерін білдірді.

Кітапхана директоры А.Ә. Шаймарданова ақынды құттықтап, кітапхана бөлімшелерінің оқырмандарымен кездесуге шақырды.

СМПИ 2 курс студенті Мақаев Жасұлан ақынға өз арнауын тарту етсе, қандастарымыз Әуетай, Рахатбек, Серік Семей жеріне, Абай ақынға арнаған жүрекжарды өлеңдерін оқи отырып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, мазмұнды да мағыналы жауаптарын алды.

Кеште кітапханаға келіп түскен Мемлекеттік «Мәдени мұра» аясында Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен, Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің қолдауымен шыққан Шығыс өңірінің ақын -жазушыларының жаңа әдебиеттерімен таныстырылып, слайд көрсетілді.

LAST_UPDATED2
 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL