№6 кітапхана-бөлімшесінде «Менің Қазақстаным-менің болашағым» атты өлкетану сабағы өтті.
12.10.2012 18:35

SAM 3905№9 орта мектептің 2 "в" сынып оқушыларына арнап кітапхана қызметкері «Менің Қазақстаным-менің болашағым» атты өлкетану сабағын өткізді. Шараға сынып жетекшілері Фомина Елена Михайловна қатысты.

Шараның мақсаты: оқырмандардың өз Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру, Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту, туған жерін сүюге тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру.

Шара барысы «Менің Қазақстаным - менің болашағым», "Табиғаттың ғажайып үні" атты слайдтар көрсетіле отырып жүргізілді. Осы сыныптын оқушылары Момыкова Анеля, Кузмина Даша, Хотько Саша, Мананикова Алина шарада Қазақстан туралы жүрек жарды өлең жолдарын оқыды. Ғаламтор арқылы оқырмандар Қазақстанның бас қаласы Астананың назар аударарлық орындарына саяхат жасап, белгілі композитор Мұхамеджановтың орындауында Н.Ә.Назарбаевтың сөзіне жазылған "Менің қалам" атты бине клипті тамашалады. Сонымен қатар шарада ойын ойнатылып, викторина сұрақтары қойылды.

SAM 3908 SAM 3924
 
Цемент кеңтіндегі кітапхана-бөлімшесінде № 11 мектептің 4 сынып оқушыларымен «Менің Отаным-Қазақстан» атты өлкетану сабағы болып өтті.
09.10.2012 23:09

Бұл сабақтың мақсаты: жас ұрпақты Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру. Елімізді сүюге, құрмет тұтуға, байлықтарын қорғауға тәрбиелеу.

Елбасы Н. Назарбаевтың «Біздің Отанымыз біреу ғана. Ол -Қазақстан. Біздің еліміз -тәуелсіз, мақсатымыз -бейбітшілік пен тыныштық» деген сөздері кештің арқауы болды.

ҚР әнұраны орындалды. Оқушылар «Атыңнан айналайын Қазақстан» атты әдеби үзінділерін оқыды. Іс-шара барысында оқырмандардың қызығушылығын арттыру мақсатында «Қазақстан туралы не білесің?», «Әріптерді таңда» атты экраннан қызықты ойын -сайыстар ұйымдастырылды. Балалар белсене ат салысып, өз ойларын ортаға салды.

Іс-шара соңында ән -жырымен, билерімен залдың іші көңілді күйге бөленді.

 

1 2
 
Қалалық орталық кітапханада «Өлкетану оқулары» өткізілді.
02.10.2012 21:27

Өлкетану оқулары 2012 жылы аталып өтілетін атаулы күнтізбеге арналды. 2012 жыл өлкеміз бойынша тарихи оқиғаларға өте бай: Семей қаласына қала статусы берілгеніне 230 жыл, Шығыс Қазақстан облысының орталығы Семей қаласы болып құрылғанына 80 жыл т.б.

Өлкетану - кітапхана жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Кітапхананың міндеті – ұлтымыздың рухани өркениеті, тарихы, мәдениеті, салт-дәстүрлері туралы өлкетану материалдарын насихаттау және тарату.

DSCF2694Өлкетану оқуларының мақсаты: кітапхана жұмысында өлкетану тақырыбындағы көпшілік мәдени шараларды өткізуде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану, жаңашылдық енгізуді үйрену, өлкетану ақпаратын жинақтау, оқырмандарға таныстыру, жастарымыздың бойында туған өлкеміздің тарихына қызығушылық туғызып, отансүйгіштік сезімдерін қалыптастыру, кіші отанымызға деген сүйіспеншілік туғызу.

Өлкетану оқуларының қатысушылары Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашылары, мектеп кітапханашылары, қаламыздағы оқу орындарының студенттері болды.

Бүгінгі уақытта кітапханалар жаң ақпараттық технологияларды қызмет барысында батыл қолдануда. Көптеген кітапханалар «Электронды кітапхана» құруға ұмтылып жатқанда, біз де жаңа кітапханалық жоба «Жанды кітапқа» назар аудардық. Өмірі қызықты, өлке тарихын жақсы білетін адамдармен кездесу, яғни «Жанды кітап - адам» түрінде бастауды жөн көрдік. «Жанды кітап - адам» жобасының негізгі кейіпкері ұстаз, филолог, еңбек ардагері, қызықты әңгімеші, өмір жолы қызықты оқиғаларға толы ұлағатты адамдардың бірі Н.П.Минакова болды. Кейіпкер биылғы жылы 90 жылдық мерейтойын тойлайтын, есімі берілген қаламыздағы көне оқу орындарының бірі Р.С.Байсеитов атындағы қаржы-экономикалық колледжінің тарихы туралы әңгімелеп берді. Н.П.Минакова ұзақ жылдар Совет Одағының Батыры П.Ф.Железняковтың әйелімен хат жазысып тұрған. Басқа да қызғылықты жайттар айтылды.

DSCF2701 DSCF2723

 

Бұдан әрі Семей тарихы жайлы әңгімеленіп, қатысушылар қаламыздың 250 жылдығына арналған уникальды ретрофильм көріп тамашалады.

Библиограф М.Ахметкалиева биылғы жылы 115 жыл толып отырған қазақ жазушысы М.О.Әуезовтің туған күніне байланысты баяндама жасады, «Әуезов мұражайлары» атты виртуалды көрмемен таныстырды. Сонымен қатар Л.Соболев, О.Сүлейменов сияқты көрнекті жазушылардың естеліктері, М.Әуезовтің дауысы жазылған өте құнды кадрлар, мұрағат қорынан алынған аудио-видео материалдар қолданылды.

Өлкетану секторының кітапханашысы Ж.Әбілмәжінова жергілікті жазушы Әди Шәріповтің туғанына 100 жыл толуына орай «Әдебиетіміздің алтын қазынасы» атты слайд-презентация көмегімен баяндама жасады. Жазушының шығармасының желісімен түсірілген «Орман хикаясы» фильмінен үзінді көрсетілді.

Ақпараттық-библиографиялық бөлімнің қызметкері қаламыздығы тарихи-сәулеттік ескерткіштер жайында әңгімелеп, «Семей ескерткіштері» атты виртуалды викторина ұсынды.

«Барлығы туған жерден басталады...» - дамыту және әдістеме бөлімінің әдіскері Т.Д.Сухорукова өлке тарихы туралы қызықты ақпараты осылай аталды.

Мәдени шарда қатысушылар назарына ұсынылған ақпарат, деректердің барлығы өте қызықты, жан-жақты, тыңғылықты дайындалған материалдардан жинақталды.

Ақпараттық-библиографиялық бөлім қызметкерлері кітапханалық-библиографиялық өлкетану өнімдерін қатысушылар назарына ұсынды.

Аймақтық кітапханалық өлкетанудың негізгі мәселелерінің бірі – жаңа ақпараттық технологиялар негізінде оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру, өлкетану құжаттарын жинақтау, жергілікті өлкетану мәліметтер базасы мен бірлескен электрондық ресурстарды құру. Ал өлкетану ақпараттарын – пайдаланушыларға арналған қызықты ақпараттық өнімдерді ұсынып, оның көлемі үнемі өсіп отыруы қажет. Осы орайда жұмыстар жүргізіле бермек.

«Халқымыздың рухани, тарихи, әдеби мұраларын сақтап, халыққа жеткізетін кітапханалардың бары қандай жақсы», - шараға қатысқан қонақтардың бірауыздан түйіндеген ойлары осындай.

LAST_UPDATED2
 
Құрметті әріптестер! Сіздерді «Туған қалам, Семейім!» атты Өлкетану оқуына қатысуға шақырамыз.
27.09.2012 19:36

Өтетін күні: 28 қыркүйек 2012 ж., сағат 14.00.

Өтетін жері: Семей қаласы, Орталықтандырылған кітапхана жүйесі, Қалалық орталық кітапхана

(http:// www.cbssemey.kz), тел: 56-01-21


БАҒДАРЛАМАДА:


1. «Менің туған қалам!» слайд-шоу

Алғысөз

2. «Жанды кітап»

«Тарих беттерін парақтасақ...» Р.Байсеитовтің туғанына 90 жыл, слайд-презентация

3. «Әуезов мұражайлары» М.Әуезовтің туғанына 115 жыл, виртуалды экскурсия

4. «Әдебиетіміздің алтын қазынасы» Ә.Шәріповтің туғанына 90 жыл, слайд- презентация

5. «Семей ескерткіштері» виртуалды саяхат-викторина

6. «Барлығы туған жерден басталады...», информина

7. «Біздің өлкеміздің тарихы» кітапхананың өлкетану ресурстары

Қорытынды.

LAST_UPDATED2
 
Қалалық орталық кітапханада жазушы Д.Ф.Черепановтың туғанына 105 жыл толуына орай өткізілген ақпарат сағаты.
24.06.2012 10:57

Іс – шара мақсаты: Өскелең ұрпақты өз елінің ақын – жазушыларымен таныстыра отырып, елін, жеріне деген патриоттық сезімдерін арттыру.


Адамзаттың ең асыл қазынасы сөз десек, мәдениеттің – атасы да, анасы да – әдебиет. Ғасырлар бойы тағдырлар тоғысы, ұлттар мен ұлыстар шекарасы болып келе жатқан Шығыс Қазақстанның кез- келген азаматы батырлықпен бірген өнерден де кенде емес. Осы орайда оқу залы бөлімінде 19 маусым күні Шемонайха ауданының тумасы, жазушылық еңбегі үшін, Ұлы Отан соғысы, Қызыл жұлдыз ордендерімен наградталған, СССР-дің алты медалінің, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасының иегері Д.Ф. Черепановтың 105 жылдық мерейтойына арналған ақпарат сағаты өткізілді. Мәдени шараға Семей көп салалы колледжінің студенттері қатысты. Адамзат алдында тұратын ұлы міндет – өзінің өмірін жалғастырушы саналы ұрпақ тәрбиелеу. Өлкеміздің тарихы мен өнерін жинақтап, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде туған жеріміздің саңлақтарымен өткізілген мәдени шаралар жас ұрпақтың туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін оятады. Кітапхана қызметкері әдебиетімізге өз өрнегімен келген Дмитрий Феофанович Черепановтың өмірі мен шығармашылығына тоқталып, әдеби қабілетімен ерекшеленген жазушының 1930 жылдың көктемінде «Прииртышская правда» газетінің редакциясындағы қызметінде ауыл өміріндегі өзгерістер, құрылыстағы жетістіктер, Алтайдағы тау-кен өндірісі, Рубцовск-Риддер темір жолының құрылысы жөнінде жазған көптеген мақалалар мен очерктер жайлы, сонымен қатар төрт жыл бойы Ұлы Отан соғысы майданына қатысып, соғыстан қайтып оралғаннан кейін Семейдегі журналистік қызметі жайлы айтып өтті. 1956 жылы «Крутизна» деп аталатын повесі жарық көрді. Бұл – 20-30 жылдары Өскемен және қала маңайындағы ауыл-селолорда болып өткен оқиғалар жөніндегі тұңғыш ірі шығарманың бірі. Бұл кітап - біздің республикамыздағы Октябрьдің жеңісіне, колхоз құрылысы, Үлбі ГЭС-інің құрылысына, сауатсыздықпен күресуге ерекше үлес қосқан комсомол- жастар туралы шығармасын, «Звезда падучая» пьесасы бойынша Семейдің Ф. Достоевский атындағы орыс драма театрында спектакль туралы да сөз қозғалды. Кеште кітап көрмесі ұйымдастырылып, Алтайдың ақын – жазушыларының кітаптары қойылды.

 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL