Семей қалалық орталық кітапханада 2013 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндерге арналған арналған «Шежіреге толы туған өлке» Өлкетану оқулары өтті.
03.03.2013 21:59

Оқуға Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашылары, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті студенттері қатысты.

Мақсат: қала тарихымен таныстыру, туған өлкеге сүйіспеншіліктерін ояту, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, кіші отанының өткені мен бүгініне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Биыл ескі Семейдің негізі қаланғанына 295 жыл. Осыған байланысты ОКЖ кітапханаларында түрлі өлкетану шаралары өткізілуде.

Осы аталмыш шара биылғы жылы Қазақстан футболына 100 жыл, Қоғам және мемлекет қайраткері, Аягөз ауданының тумасы, бұрынғы Семей облысының бірінші хатшысы Кешірім Бозтаевтың туғанына 80 жыл, Семей былғары-тері комбинатының іске қосылғанына 85 жыл, Семей цемент зауытының іске қосылғанына 55 жыл сияқты өзекті тақырыптарға арналды.


DSCF4328 DSCF4329

Спорт ойындарының ішіндегі кеңінен таралғаны және көпшіліктің ерекше ықыласына бөленген түрі футбол болып саналады. Ал, Семей қаласы қазақ футболының отаны және де оның М.Әуезов есімімен тығыз байланысты екендігін түрлі деректерден білеміз.

Өлкетану оқуларына қатысушылар 1913-1914 жылдары ірі сауда орталықтарының бірі саналған Семей қаласында құрылған ССК, "Олимп", "Ласточка", "Орлята" және "Ярыш" (Жарыс) атты алғашқы қазақстандық командалар тарихымен танысты. Кезінде құрамында Мұхтар Әуезов өнер көрсеткен «Ярыш» футбол командасы, қазақстандық футболдың дамуына ерекше үлестерін қосқан команданың ойыншылары жайлы кеңінен әңгімеленді.

100 жылдық тарихы бар «Ярыштың» төсбелгісі жайлы деректерді қатысушылар ерекше ықыласпен тыңдады. Төсбелгіні «Ярыштың» капитаны Юнус Нигматуллиннің туысы Р.Нигматуллина арнайы 2009 жылы Германиядан келіп, қалмыздағы татар мәдени орталығының мұражайына тапсырған екен. Өйткені, қазақ футболының тарихы мен сырына қанық осынау көне төсбелгі жас ұрпаққа бірден-бір ескерткіш және аманат болып қалмақ. Сонымен қатар, қазіргі семейлік «Спартак» футбол командасының тарихы, тәрбиеленушілері жайлы мағлұматтар айтылып, қызықты деректер келтірілді.


DSCF4330Осында тарихы тереңде жатқан Семейде елге танымал тұлғалар көптеп саналады. Солардың бірі Республикаға еңбек сіңірген қайраткер, артында тұрлаулы істер қалдырған бірегей тұлғаның бірі – Кешірім Бозтаев.

Шара барысында К. Бозтаевтың өмірбаяны, қоғамдық қызметі, Семей полиогонында ядролық сынақты жабуда сіңірген еңбегі, жетістіктері жайында кітапхана қызметкері баяндамасын слайд арқылы байланыстыра отырып қызықты әңгімелеп берді.

Тоғыз жолдың торабындағы Семей сауда орталығы болып саналады. Осы тақырыпты жалғастырған кітапхана қызметкері қайта құру жылдарындағы Семей қаласының экономикасы, өнеркәсібі туралы, өндіріс көлемінің, жұмыс орындарының қысқаруы жайында тиісті мәліметтер келтіріп, баяндама жасады. Дегенмен де, бастан кешкен қиыншылықтарға қарамастан, егемендік жылдары қаламызда экономика қарқынды дамып, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға үлестерін қосып отырған кәсіпорындар көптеп саналады. Солардың бірі Семей былғары-тері комбинаты, Семей цемент зауыты, олардың қалыптасуы, қазіргі уақытта шығаратын өнімдері туралы ақпараттық және статистикалық мәліметтер келтірілді.

Шара барысында «Шежіреге толы туған өлке» көрмесі ұйымдастырылып, кітап, мерзімді басылымдар, библиографиялық құралдар қойылды. Көрме материалдары бойынша әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.

Тақырыптар бойынша арнайы слайд сүйемелдеуімен баяндамалар жасалып, видео және фотоматериалдар көрсетілді. Қатысушылар, әсіресе «Қазақстанның ядролық мұрасы» видеофильмін ерекше ынтамен көрді. Өлке тарихынан сыр шертетін мұндай кітапхана шаралары алдағы уақытта жалғаса бермек.

LAST_UPDATED2
 
№12 кітапхана-бөлімшесінің оқу залында «Абай тағлымы халық даналығы» атты Б.Ерсәлімұлының 75 жылдығына орай «жанды кітап» формасында жуздесу өтті.
24.02.2013 01:16

Іс-шараға Семейдің көпсалалы колледжінің студентері қатысты.

Кештің мақсаты: Республикалық Абай қорының Президенті Балтабек Ерсәлімовпен кездесу ұйымдастырып, студенттермен жүздестіру. Жас ұрпақты Балтабек Бәзілұлының өнеге жолымен, елеулі еңбегімен, журналистік жазбаларымен таныстыру.

Бұл кеште Балтабек Ерсәлімовтің шәкірті, ақын «Абай» журналының бас редакторы Оспанов Мұратбек Ғабиденұлы, осы журналдың корректоры Райхан Әбілмансұрқызы және филолог, зейнеткер Ыбырай Алтынсарин атындағы медальдың иегері Түгелжан Әзімжанова қатысты.

Ерсәлімов Балтабек (1938 жылы туылған) – филолог, этнограф. Абайдың жиені. Ақын шығармаларын насихаттау ісіне белсене араласып, Семейдегі Абай қорын ұйымдастырып, ашқандардың бірі және 1990 жылдан директоры, 1992 жылдан «Абай» журналының қайта шығуына айтарлықтай үлес қосқан, 1993 жылдан баспадан жарық көрген «Абайдың ақын шәкірттері» атты жинақтың жауапты шығарушысы, - деп бастады сөзін кітапхана қызметкері.


1 2

 

Кеш барысында сөз алған қонағымыз Балтабек Ерсәлімов өзі туралы: «Ысқақтан Ахметбек, Ахметбектен Қапиза туады. Қапизаның соңында қалған жалғыз тұяқ мен Балтабекпін. Сонда мен Абай мен Ысқаққа жиеншар. Ысқақтың баласы Ахметбекке туған жиен боламын. Анам Қапиза Ахметбекқызы ұлы Абайдың інісі Ысқақ Құнанбайұлының баласы болады » - деп сөз бастады.

Кеш қонақтары М.Оспанов, Р.Әбілмансұрқызы сөз алып, Түгелжан Әзімжанова Балтабек Бәзілұлының еңбектеріне, оның ішінде Б.Ерсәлімівтің «Құнанбайдың қуғын көрген ұрпақтары» атты кітабына тереңірек тоқталды. Іс-шаранын барысында кітапханашылар слайд көрсетіп, баспасөз басылымдардан көрме ұйымдастырды.

 
Жазушы, драматург, аудармашы, өзіміздің жерлесіміз Оралхан Бөкей 2013 жылы тірі болса 70 жасқа толар еді. Осы орайда Цемент кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Оралхан Бөкей – нағыз талант иесі» атты әдеби сағат №32 сыныптың 5 «А» және 6 «А» сынып оқушыларымен болып өтті.
03.02.2013 21:33

Әдеби сағаттың мақсаты: оқушыларды қазақ әдебиетіне өзіндік ерекшелігімен, өзіндік өрнегін сала келген жазушы Оралхан Бөкейдің өмірімен таныстыру, оқырманға белгісіз беттері туралы айту, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, жас ұрпақты елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматыққа баулу.


SAM 1292 SAM 1310

Оралхан шығармасы Алтай тауының шыңындай асқақ екені көзі тірісінде-ақ мойындатқан. Сөзден өрім өре отырып, қазағының қанталаған жеріне шипа іздеген жазушының бар кейіпкері – шынайы тұлғалар. Сондықтан да Оралханның кірпияз шығармасы жасандылыққа ұрынбаған.


SAM 1312 SAM 1326

Шара барысында оқушылар О.Бөкейдің өмірі мен шығармашылығынан әдеби монтаж оқып, жазушының «Құлашаның шоты» деген әңгімесінен көрініс көрсетті. 6 «А» сынып оқушысы Тлеуханов Тілек «Ата толғау» күйін, 6 «Е» сынып оқушысы Еламан Аида «Шындық туралы» толғауын, ал 5 «А» сынып оқушысы Самарханова Аружан «Ана жүрегі» атты әнін орындап берді.

Шара соңында «Алтайдан ұшқан ақиық» атты слайд-шоу көрсетілімі болды.

 
Танымал жерлесіміз Мұрат Рахымжанұлы Сұлтанбековтың 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Қаламы қарымды қаламгер» атты «Жанды кітап» кеші қызмет көрсету бөлімінде өткізілді.
03.02.2013 21:18

6Кешке Семейдің М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, Еуразиялық-гуманитарлық колледжінің студенттері мен Республикалық «Абай» журналының қызметкерлері және ШҚО Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының ғылыми қызметкері Қадырова Лаура қатысты.

«Жанды кітап» кешінің мақсаты: өмірі қызықты оқиғаларға толы, өлке тарихын жақсы білетін әңгімешіл адамдармен кездесу ұйымдастырып, олардың ұлағатты да сырлы әңгімелерін көпшілік қауымға тыңдату арқылы жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беру. «Жанды кітап - адам» жобасы аясында өткізіліп отырған бүгінгі кештің негізгі кейіпкері - ұстаз, филолог, ұлағатты жерлестеріміздің бірі Сұлтанбеков Мұрат Рахымжанұлы болды. Кеш барысында кітапхана қызметкері қос тілдің шебері, Қазақстан бойынша және аймақтық мәдени мұрасының дамуына атсалысқан тұлға, Жазушылар Одағының мүшесі, филология ғылымының кандидаты, «Атилла» атты көпактілі пьесасы үшін «Атилла» медалімен марапатталған, ақын, аудармашы, ұстаз Мұрат Сұлтанбековтың өмірі мен шығармашылығы туралы толық баяндады. Сөз кезегін М.Сұлтанбеков жалғастырып, аудармашылықпен қоса, драматургия саласында жемісті еңбегі жайлы, көп актілі «Атилла» атты тарихи пьесасынын қалай жазылғанын, Қайнар университеті мен Патеон Ассос университетінің Седимес институты ұйымдастырған Алматыда өткен Аттиланың 1600 жылдық мерейтойына арналған «Қазақ өркениеті бүкіләлемдік тарих процестердің даму барысында» атты ғылыми конференцияда Атилла жөнінде баяндама жасап, аталған пьесасы үшін Атилла атындағы медальмен марапатталғанын, болашақ жоспарлары туралы оқырмандармен ой бөлісті. Әсіресе, Абайдың ақындық мектебін зерттеуші, М.Әуезовтің шәкірті, абайтанушы және шәкәрімтанушы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қайым Мұхамедханұлының тапсыруымен Ақылбай Құнанбаевтың «Дағыстан» поэмасын, Абайдың «Қарасөздерін» шеберлікпен аударғаны жайында орыс ақыны Я.Смоляков «жоғары деңгейдегі аударма» деп әділ бағасын бергені туралы және ұшқыр қаламынан әр жылдары жарық көрген кітаптары жайлы айтылды.

1 2

 

Алдынан талай шәкірт түлетіп ұшырған ұстаздың Республикалық «Абай» журналындағы қызметі туралы, ұшқыш болсам деген арманы поэзияға ұласып, жыр әлемі ерекше сиқырлы күшке бөледі, - деп Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, ақын, «Абай» журналының бас редакторы Мұратбек Оспанов айтып өтті.

Сонымен қатар ШҚО Қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығына келіп түскен Сұлтанбеков Мұрат Рахымжанұлының 1960 жыл мен 2011 жыл аралығын қамтыған жеке құжаттары жөнінде осы орталықтың ғылыми қызметкері Қадырова Лаура мәлімдеді.

Кеште Семей педагогикалық колледжінің студенттері Асқан Кәдірбек домбырамен ән салып, Серікқазина Қаламқас жүрегінен жарып шыққан өлеңін оқып берді. Соңымен бірге кешке қатысушылар Мұрат Сұлтанбековке төмендегідей сұрақтарын қойып, ақын жауаптарын қызығушылықпен тыңдады.

• Абайдың Қара сөздерінің ішіндегі мазмұны мен тақырыбы жағынан өзгешерек тұратын – Қырық алтыншы сөзі туралы айтып өтсеңіз?

• Көңіл-күйіңізге қарай ақындық сөз құдіретінен жылу іздейтін кезіңіз болама? және т.б.

Оқырмандарға слайд-шоу көрсетіліп, кітап көрмесімен таныстырылды.

Кеш соңында келген қонақтар ізгі тілектерін білдіріп, колледж ұстаздары кітапхана қызметкерлеріне алғыстарын айтты.

 
Балалар және жасөспірімдер кітапханасының оқу залында Семей қаласының құрметті азаматы Төкен Ибрагимовпен кездесу кеші өтті.
20.11.2012 07:44

1Балалар және жасөспірімдер кітапханасының оқу залында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы, сыншы, зерттеуші, абайтанушы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10-20 жыл» медальінің иегері, Семей қаласының, Абай ауданының құрметті азаматы Төкен Ибрагимовпен кездесу кеші өтті. Кешке «Қайнар» колледжінің 1 курс студенттері қатысты.

Кездесу кештің мақсаты: Төкен Ибрагимовтың өмірбаяны мен шығармашылығына тоқталып, оқушыларға таныстыру.

Кешті кітапханашылар Рамазанова К.А. және Омарханова К.М. ағаның өмірі мен еңбек жолын таныстыра отырып, сөз кезегін Төкен ағаға берді. Экраннан Т. Ибрагимовқа арналған слайд көрсетілді.

«Қайнар» колледжінің студенттері қызықты сұрақтарын қойса, қалалық филормонияның әншісі Әлия Баженова тамаша әнін сыйға тартты.

Шара соңында кітапханашылар Төкен аға Балалар кітапханасына, «Қайнар» колледжінің жетекшісі Гүлшат Сайлаубайқызына және колледж кітапханасына өз кітаптарын тарту етті. Сонымен қатар «Ертістің есіл азаматы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалды.

2 3
 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL