Намысты ұрпақ бойына туған жері мен еліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Мирный кентіндегі кітапхана – бөлімшесінде №2 орта мектептің 9 сынып оқушыларына арналған «Семей қаласының құрылғанына 295 жыл» атты тарихи – танымдық кеш өтті.
12.04.2013 00:00

Тәуелсіз ел тарихы – отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім, Отаным деген қасиетті ұғымдар әр азаматтың өз табалдырығынан, өз өлкесінен басталады. Тылсым табиғатымен, қазақ тарихына сіңірген қызметімен ерекше дараланатын өлкенің бірі, қилы заманды басынан кешкен Семей қаласы. Намысты ұрпақ бойына туған жері мен еліне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында Орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты Мирный кентіндегі кітапхана – бөлімшесінде №2 орта мектептің 9 сынып оқушыларына арналған «Семей қаласының құрылғанына 295 жыл» атты тарихи – танымдық кеш өтті.


1 2

 

Кеш «Туған қалам Семейім» атты өлеңімен ашылып, кітапхана қызметкері слайд арқылы қала тарихына ерекше тоқталып, Семей атауының қашан және қалай берілгені туралы және қаламыздың тарихи, мәдени-рухани орталықтары жайлы кеңінен айтып өтті. 1968 жылы түсірілген, қаламыздың ескі көрінісін бейнелейтін «Семейге 250 жыл» атты деректі фильмнің көрсетілуінен оқушылар ерекше әсер алды. Жергілікті ақын, жазушы Мұрат Сұлтанбековтың «Годы и поколения», «На Иртышском ветру» атты өлеңдерін Барлықбаева Айжан және Каменская Настя нақышына келтіре мәнерлеп оқып берді. Оқушылар Семей қаласының тарихы туралы «Информина» атты ойынға белсене қатысып, өз білімдерін көрсете білді. Сонымен қатар Семей жерінің көне тарихынан сыр шертетін ескерткіштер туралы экран арқылы виртуалды саяхат-викторинасы ұйымдастырылып, оқушылардың тарихи танымдылығын арттыру жолындағы нәтижелі көрінісі бола білді.

Қала туралы кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылған «Сырға толы Семейім» атты кітап көрмесіне шолу жасалынып, кеш соңында сынып жетекшісі танымдық-тарихи игі шаралардың маңыздылығын айтып, алғысын білдірді.

 
Қазақстаннның және КСРО халық артисі, композитор Мұқан Төлебаевтың туғанына 100 жыл толуына орай №6 кітапхана-бөлімшесінде Радиотехника және байланыс колледжінің 1 курс студенттеріне арналған "Халқымыздың біртуар перзенті" атты портрет кеші өтті.
08.04.2013 23:18

Шараның мақсаты: ХХ ғасырдың алып тұлғасы, қазақ музыкасының классигі, ерекше дарын иесі Мұқан Төлебаевты еске алу, оқырмандарды өмірі, өскен ұясымен таныстыру, шығармашылығын насихаттау.

Шара барысында кітапхана қызметкері композитор Мұқан Төлебаев қазақтың еуропалық үлгідегі кәсіби музыкасының негізін қалаушылардың бірі болып саналатындығын, оның 100-ден астам шығармалары, композитордың қаламынан шыққан опералар, оркестрлік немесе вокальды-симфониялық шығармалары, камералық-аспаптық пьесалары, әндер мен романстарының қай-қайсысы да терең сезімталдығымен, музыкалық тілінің шыншылдығымен, өзіндік қолтаңбасымен дараланып отыратындығын оқырмандарға айтып өтті.

Атаулы шарада М.Төлебаев атындағы музыкалық училишенің студеттері ат салысып, шара барысында М.Төлебаевтың "Жастык шақ", "Тос мені тос", "Кестелі орамал"т.б. шығармалары және композиторлық дарынының шырқау шыңы болған «Біржан-Сара» операсынан үзінді тыңдалып, осы училишенің "Кербез" би тобы өз өнерлерін көрсетті. Студенттер Тұрысбекова Балжан, Амантолеуов Жанболат "Есімің ел есінде - дара тұлға" атты әдеби монтаж оқыды. Шара соңында кітапхана қызметкерлері "Халқымыздың біртуар перзенті" атты көрмеге шолу жасады.


1.1 2
 
Орталық қалалық кітапхана Досымхан Тоққарұлының «Өмір жолы» атты кітабының тұсаукесері өтті.
21.03.2013 23:52

1Мақсаты: Еліңді тану – өлкеңді танудан басталады. Өлкеміздегі жазушыларымыздың өрнегі мол жырларын жас ұрпаққа насихаттап, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Ертіс өңірі зиялылар мекені,асылдар ортасы.Осы киелі аймақтаң Қазақстан Республикасының Журналистер Одағының мүшесі,Қазақстан Республикасының халық ағарту ісінің озық қызметкері,КСРО халық ағарту ісінің озаты,Еңбек ардагері,ұстаз,қаламгер, Отыздан аса жыл білім саласында тер төгіп,ізденген ардагер ұстаздың бұған дейін де «Аталар жолы», «Шыңғыстың білім ордасы», «Нұрлы жол», «Өмір жолы» сынды кітаптың авторы Тоққарин Досымханның кездесу кеші кітапхананың тұрақты оқырмадары мен кітапхана қызметкерлерінің қатысумен өтті.

Мәдени-іс шараны кітапхана қызметкері салтанатты түрде ашып, ортаға Қазақстан Республикасының халық ағарту ісінің озық қызметкері,КСРО халық ағарту ісінің озаты,Еңбек ардагері,ұстаз,қаламгерді шақырып, конаққа сөз берілді.

Кітапхананың тұрақты оқырманы Семей қалалық Ардагер Советінің төрағасы Доғалақов Амантай қаламгердің өмірі мен шығармашылығы жайында баяндап, әсіресе «Өмір жолы» атты кітабына сөз тоқтатты.

2 3
4 5

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Абай ауданының, Семей қаласының құрметті азаматы Бекен Имаханов балалық шағын бірге өткізген, мектеп қабырғасында бірге білім алып, болашаққа бірге аттанған кластасы туралы сыр шертті. Ағартушы ұстаздың қаламынан шықан кітаптарының кейіпкері Бақыт Назарбековаға сөз беріліп,қаламгерге өзінің ән шашуын тарту етті.

 

6Сонымен қатар кеште Шәкәрім атындағы №5 мектеп гимназияның ұстазы Тұтқышев Болатбек халық әні «Дүние -ай әнін орындап ,көпшіліктің ризашылығына бөленді.

Оқырмандардың назарына «Өнегелі өмір жолдары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,библиографиялық шолу жасалды.Кітап көрмесінде әдебиет ұсынылып, көптеген мерзімді басылымдар мен қаламгердің фотомариалдары қойылды.Ұстаз жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Білімдіден шыққан сөз» атты слайд көрсетілді.

 
Алтайдың ақиғы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Оралхан Бөкейдің туғанына 70 жыл толуына орай "Оралхан Бөкей көркемсөз өнерінің шебері" атты өлкетану сабағы №6 кітапхана-бөлімшесінің ұйымдастыруымен №8 мектеп-кешенінің 7 "Ә" сынып оқушыларына өткізілді.
21.03.2013 23:47

Шараның мақсаты: Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығын насихаттау, оқырмандардың көркем шығармаға қызығушылығын арттыру.

Шара барысында кітапхана қызметкері қазақ әдебиетіне өзіндік ерекшелігімен, өзіндік өрнегін сала келген жазушы Оралхан Бөкейдің өмірімен шығармашылығын слайд көрсете отырып таныстырды. Қазақтың қайталанбас жазушысы Оралхан Бөкейдің «Қайдасың, қасқа құлыным» повесінен Шарипбаева Арайлым, «Кербұғы» әңгімесінен Қолжабекова Гүлім үзінділер оқыды.

Сонымен қатар «Жалғасын тап?» атты жазушының шығармаларына викториналық ойын жүргізілді. Шара барысында оқырмандар «Үркер ауып барады», «Кербұғы» секілді шығармалар жинағы мен баспасөз беттеріне жарияланған Оралхан Бөкей жайлы естеліктер қойылған «Оралхан – Алтайдың ақиығы» атты көрмені тамашалады.


3 4
 
№12 кітапхана бөлімшесінде Евразиялық гум.-техникалық колледждің 1-курс студенттерінің қатысуымен жазушы, ақын, сазгер, алаштанушы Сейітжан Тәбәріковтің шығармашылығына арналған «Жүрек сөйлейді» атты кездесу кеші өтті.
15.03.2013 08:16

Кешті кітапханашы С.Тәбәріковтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы қысқаша баяндамамен ашты. Өзінің қиын да, ауыр өмірінен қысқаша үзінді келтіріп, жазушы Сейітжан аға: «Мен жастайымнан кітап оқуға көп көңіл бөлдім. Жастармен үндесе жұмыс істеу, олармен пікірлесу, аталық ақылымды айтуды парызым деп білемін», деп кешті жалғастырды.


3 4

Кездесу барысында Сейітжан ағаның қолынан Кеңес заманы кезінде комсомол билетін алғанын кітапхананың белсенді оқырманы Ермек Шарипханұлы айтып, композитор Мелс Қоқымбаев С.Тәбәріковтың өлеңдеріне жазған әндеріне тоқтала кетті. Сондай-ақ Сейітжан ағаны өздерінің ұстазы деп санайтын жазушы Тоққарин Досымхан, мұғалім-зейнеткер Тұрысбаев Болат Тұрысбаеұлы және Құсайынов Тілеубай Зұпанұлы да С.Тәбәріковтың өмірі мен шығармашылық жолдарынан мысал келтіріп сөз алды. Кеш соңында Қалалық мәдениет үйінің директоры Иманбаев Нұриден Құсамағилы мен осы мәдениет үйінің қызметкері Қуаныш Оралбаев С.Тәбәріковтың әндерін домбырамен орындады.

Сонымен қатар кездесу кешінде колледж студенттері Шаймарданов Алмат, Маукенов Шыңғыс С.Тәбәріковтың «Полигон наласы» атты өлеңін, ал Минашқанов Бауыржан мен Жұмабаев Ернар «Баба мекен сыршыл екен» атты өлеңін нақышына келтіріп орындады. Атаулы колледж мұғалімі осындай тәрбиелік мәні зор кездесуді ұйымдастырған кітапхана қызметкерлеріне алғысын айтып, ризашылығын білдірді. Кеште «Жүрек сөйлейді» атты кітап көрмесі ұсынылып, көрмеге С.Тәбәріков өз қолтаңбасымен сыйлаған 7 кітабы және баспа беттерінен материалдар қойылып, шолу жасалды. «Өнегелі өмір» атты слайд көрсетілді.

 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL