Өлкетану іс-шаралары
Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Мұхтар Әуезов Қазақстан футболының жұлдызы» атты спорттық марафон №39 мектептің 8 сынып және №17 мектептің 9 сынып оқушыларымен өткізілді.
23.05.2013 22:21

Шараның мақсаты: Қазақстан футболына 100 жыл толуына байланысты, әйгілі жазушы М.О.Әуезовтің «Ярыш» тобында футбол ойнағаны туралы оқырмандарға мағлұмат беру және жас ұрпақты спортқа баулып, дене тәрбиесіне баса назар аударту. Сонымен қатар оқушыларды М.Әуезовтің өмірімен және шығармашылығымен таныстырып, қаламгердің туындыларын насихаттау, кітапқа деген қызығушылығын арттыру, көркем шеберлігін, тілін ой-өрістерін дамыту.

Шараны жүргізген кітапханашы ұлы жазушының өмірбаянына, әлем әдебиеті қазынасына ерекше қымбат көркемдік-эстетикалық игілік болып қосылған «Абай жолы» эпопеясының шығармашылық тарихына тоқталды. Жазушының өскен ортасы туралы слайд көрсетті. Шара соңында «Былғары доп тарихынан» тақырыбымен ұйымдастырылған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.


1 3
4 2
 
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезінде өмір сүрген қазақтың ұлы ақыны прозашы, аудармашы, тарихшы және философ Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығымен жас ұрпақты хабардар ету, мол мұрасын кеңінен насихаттау мақсатында Қалалық орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінде «Шәкәрімнің шығармашылық әлемі» атты әдеби кеш өтті.
19.05.2013 09:35

1Шараны ашқан кітапхана қызметкері: Шәкәрімнің поэзиялық шығармалары мазмұнға бай, сан салалы болып келеді. Онда азаматтық лирика да, махаббат лирикасы да, табиғат суреттері де, философиялық толғамдар да, элегия, сонет, тарихи баллада, халықтық қара өлең үлгісі де баршылық. Осындай жан-жақтылық оның прозасына да тән. Оның тарихи, ғылыми, философиялық шығармалары қазақ прозасының дамуына өзіндік ықпалын тигізді. Сондай-ақ, ол қазақ әдебиетінің басқа халықтар әдебиетімен байланысты дамуына зор үлес қосты. Араб, парсы, түрік, орыс тілдерін жетік білгендіктен, ол осы халықтардың ғасырлар бойы қалыптасқан қазыналарына еркін бойлап, солардың озық үлгілерін қазақшаға аударып, халқының игілігіне айналдырды – деп сөз бастады.

Шәкәрімнің мазмұнға толы лирикасы, прозасы, сан салалы поэзиялық шығармалары жайында ШҚО қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының ғылыми қызметкері Л.Кадырова мұрағаттағы сақталған ақынның суреттерін көрсете отырып, тартымды баяндап берсе, Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымының кандитаты, ақын аудармашы, ұстаз Мұрат Рахымжанұлы Сұлтанбеков Абайдың он бір өлеңін, Шәкәрімнің 26 өлеңін орыс тіліне аударып оқырман қауымға тарту еткені туралы айтып берді. Өзіміздің жерлесіміз Шәкәрім әндерін жинақтаушы, қазақ радиосының алтын қорына із қалдырған, бүкіл республикада Шәкәрім әндерінің бірден бір орындаушысы Келденбай Өлмесековтың орындауында «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әні тыңдатылды.

Кешке арнайы «Қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті тұлғаларының бірі - Шәкәрім» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалды. Кеш қонақтары халқы, Ел тәуелсіздігін алысымен, қайта табысқан жарқын есім, ұлы ақынды ешқашан ұмытқан жоқ, ұмытпайды да – деген оймен тарқасты. Кешке қатысқан радиотехника және байланыс колледж студенттері мәдени шараны қызыға тыңдап, ақынның өлендерін мәнерлеп оқыды.

2 3

 

 
Мұқан Төлебаевтың туғанына 100 жыл толуына орай өткен тағы бір шара «Қазақтың інжу маржаны – М.Төлебаев» атты музыкалық кеш Цемент кентінің кітапхана бөлімшесінде ұйымдастырылды.
04.05.2013 00:00

1Кешке №39 мектептің 9 сынып оқушылары қатысып, Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық колледж студенттері шараның өтуіне атсалысып, белсенділік танытты.

Кітапханашы өзінің сөзінде М.Төлебаев қазақтың ұлы композиторларының бірі екенін атап өтті. Композитор музыканың алуан жанрында еңбек етіп, фортепьяно мен скрипка үшін пьесалар, симфониялық оркестр мен хорға арнап күрделі шығармалар жазған. Мұқан Төлебаев Қазақ КСР-і мен Қазақстан Республикасының алғашқы әнұраны авторларының бірі болған, М.Төлебаевтың шығармашылығының шарықтау шыңы, қазақ музыкасындағы аса елеулі туындыларының бірі - «Біржан-Сара» операсы. Аталмыш туындыда жеке адам тағдыры, бас бостандығы үшін күрескен Біржан мен Сара сынды өнер өкілдерінің шығармашылығы мен трагедиялық тағдырын терең тебіреніспен баяндады. Сондай-ақ композитор драмалық спектакльдер мен кинофильмдерге музыка жазып, жеке дауыс пен фортепьяноға арнап қазақтың көптеген әндерін өңдеген.

Анасы Тәжібала Ақшалова халық музыкасын жетік білетін Ақшал Тастанбековтың қызы еді. Мұқанның өнерге деген қызығушылығы анасынан қалған белгі сияқты.

Кеш барысында музыкалық колледж студенттері М.Төлебаевқа арналған «Есімің ел есінде дара тұлға» атты әдеби монтажды ұсынып, анасы Тәжібаланың өмірден ерте озған дарынды композиторды жоқтап жазған «Ана зары» өлеңін колледж студенті Бексатова Қымбат оқып берді. «Біржан –Сара» операсынан үзінді биді «Кербез» бишілер тобы орындады. Кітапхана оқу залында «Ғасыр әуені» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, шолу жасалынды.

Бұл шаралардың мақсаты: Қазақтың ұлы композиторының өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа жан – жақты таныстыра отырып, шығармашылық ізденіс пен ақындық өнерге қызығушылықтарын арттыру, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

2 3
 
Қазақтың танымал композиторы КСРО халық әртісі, Мемлекеттің сыйлықтың лауреаты Мұқан Төлебаевтың (1913-1960) бір ғасырлық мерейтойына арналған «Ұлы даланың музыкасы» атты әдеби музыкалық кеш ағымдағы Балалар және жасөспірімдер кітапханасында өтті.
04.05.2013 00:00

Қазақтың жаңа еуропалық үлгідегі кәсіби музыкасының негізін қалаушылардың бірі Мұқан Төлебаев қазақтан шыққан ұлт мәдениетінің өкілі ретінде, көпұлтты мемлекетіміздің музыка өнерінің кеңінен танылуына зор еңбек сіңіріп, музыкалық театрымызды ұлттық бояуы мол мазмұндық жағынан кәсіби биік шыңға көтерді. Композитор шығармашылығы ХХ ғасырдағы қазақ музыкасында айрықша орынға ие.

Әдеби музыкалық кешке арнап композитор өмірі мен шығармашылығымен таныстыратын арнайы көрме, архивтік фотосуреттерден слайд шоу, Семей Мемлекеттік Пединститутының студенттерінің қатысуымен композитор шығармаларынан концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Қаранова Меруерт орындаған «Бақыт вальсі» әні мен СМПИ-тың 3 курс студенттері Толеубаева Арайлым мен Абдрахманова Азиза орындаған «Көзімнің мөлдірі» атты халық әні жиналған қауымның көңілінен шықты.


1 2
 
Қалалық орталық кітапханада қазақтың алғашқы опера өнерінің негізін қалаушы даңқты өкілдерініің бірі, КСРО-ның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Мұқан Төлебаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Әуелеп ұшқан ән ғұмыр» атты сазды кеш қаламыздағы РжБК студенттерінің (30 адам) қатысуымен өткізілді.
28.04.2013 00:00

1Мәдени-іс-шараның мақсаты: атақты сазгер Мұқан Төлебаевтың өмірімен шығармашылығымен таныстырып, артынан қалдырған асыл мұра туындыларың жас ұрпаққа насихаттап, дәріптеу.

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы 2013 жылды «Мұқан Төлебаев жылы» деп жариялды, осы орайда еліміздің барлық аумақтарында түрлі шаралар ұйымдастырылып өткізілуде. Мұқан Төлебаев «Аманкелді» операсының, ҚазССР Мемлекеттік гимінінің әуенінің авторы болған. Оның «Біржан мен Сара» операсы қазақтың опера музыкасында аса бағалы мұра ретінде ерекше орын алады.

Сазды кешке арнайы шақырылған қонағымыз Семей Мемлекеттік педагогикалық институтының музыка бөлімінің оқутышысы, ҚР мәдениет қайраткері, ҚР Ұлттық Астана-Байтерек сыйлығының лауреаты, әнші, сазгер Бейсембеков Айтмуханбет қатысты. Қадірменді қонағымыз Мұқан Төлебаевтың шығармаларының тарихынан оқырмандарға мағлұмат бере отырып сазгердің жазған бірнеше шығармаларын орындады. Оның орындауындағы әндер: «Кестелі орамал», «Тос,мені тос» романсы, неаполитан романсы жас көрермендеріміздің ыстық ілтипатына бөленді.

Оқырман назарына «Ғасыр әуені» атты көрме ұсынылып, композитордың өмірі мен қызметі туралы кітаптар, мерзімді басылымдар, ол туралы лебіздер, фотоматериалдар, буклеттер қойылды, «Музыка байтерегі» атты слайд көрсетілді. Шара соныңда құрметті қонағымыз кітапханаға өзінің жазған «Бірі қалжын - бірі шын» атты әзіл-қалжын шығармалар жинағын сыйға тарту етті.

3 4
 
Тағы мақалалар...
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL