Қайрат Рысқұлбеков ескерткіші
08.11.2012 08:28

2002 жылғы 13 желтоқсанда қойылған.

Мекен-жайы: Семей қаласы, Ленин көшесіндегі Халықтар достығы үйінің алды.



1Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Семейде 2002 жылғы 13 желтоқсанда Семейде 1986 жылы Алматыда болған желтоқсан оқиғасына қатысушы, қайтыс болғаннан кейін «Халық қаһарманы» атағына ие болған Қайрат Рысқұлбековке ескерткіш ашылды.

«Халық қаһарманы» Қ.Рысқұлбековтің ескерткіш-бюсті жылтыратылған қара граниттен жасалған.

Ескерткіш авторы Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі, мүсінші Мұратбек Жанболатов.

Ескерткіштің бет жағында «Қайрат Рысқұлбеков Халық қаһарманы» деген сөздер бар.


Әдебиет:

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области [Мәтін]. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. – Б. 115.

LAST_UPDATED2
 
Бауырластар зиратындағы обелиск, Ленин атындағы парк
08.11.2012 08:23

Тарихи ескерткіш.


 

11919 жылы атылған адамдардың мәйіттері В.И.Ленин атындағы парктегі бауырластар зиратына жерленген болатын. 1920 жылы бауырластар зиратында кірпіштен қаланып, сыланған обелиск орнатылды. 1973 жылы бұл обелиск алынып тасталып, орнына металл мен граниттен жасалған жаңа обелиск орнатылды. Авторлары ерлі-зайыпты Гавриловтар. Революция рәміздері ретінде штык пен ту алынған. Қызыл гранитке жұлдыз ойып салынған, «1919 жыл» деген жазу мен қаза тапқандардың аты-жөні көрсетілген. Штык пен металл каркас титан беттерінен жасалған. Сұр және қара гранит Алтай өлкесіндегі кен орнынан жеткізілген. Қызыл гранит Алматыдан әкелінген. Штыктың биіктігі 11 метр, подиумның көлденеңі 9 метр. Штык қалада Совет өкіметі қарулы жолмен орнатылғанын бейнелейді.


Әдебиет:

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі [Мәтін] = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. – Б. 112.

LAST_UPDATED2
 
Сәбит Дөнентаев бейіті
08.11.2012 08:19

1933 жылғы тарихи ескерткіш.

Мекен-жайы: Семей қаласы, қаланың шығыс бөлігіндегі бейіт.

 

Көрнекті қазақ ақыны, XX ғасырдың басындағы демократы Сәбит Дөнентаев қазақ әдебиетіне елеулі үлес қосты. Ол 1891 жылы бұрынғы Семей облысы (қазіргі Павлодар облысы), Павлодар уезі, Ақсу болысының №4 ауылында кедей шаруаның отбасында туған. Ол әліпбиді мұсылман мектебінде танып, кейін Павлодарда Қасым Ертікбаев негізін қалаған мектепте оқыған. Дарынды жастың рухани сұраныстары медресе шеңберінен шығып жатты. Оның қашан жаза бастағаны туралы мәліметтер жоқ, дегенмен ол мектеп қабырғасында жүріп-ақ қалам тербеген секілді, өйткені оның алғашқы өлеңдері 1913 жылы алғашқы қазақ журналы «Айқапта» жарияланған. 1916 жылы Уфада оның өлеңдер жинағы жарық көрген. Осы алғашқы кітабы оның оқырмандар арасында танылуына ықпал еткен. Осы жинақ жарыққа шыққаннан кейін С.Дөнентаевтың өлеңдері баспасөз беттерінде жариялана бастайды. 1916 жылы С.Дөнентаев тылдағы жұмыстарды атқаруға әскерге шақырылады. Отанына ақпан революциясынан кейін оралып, Семейдегі мұғалімдер даярлайтын курсқа оқуға түседі. Қазақстандағы революцияның жеңісі оның алдынан шығармашылық қызмет үшін кең жол ашады.

1919-1922 жылдары ақын ауылдарында жергілікті жерлерде еңбекші бұқараны совет өкіметі маңына топтастырып, белсенді жұмыс істейді. 1923 жылы С.Дөнентаевты губерниялық «Қазақ тілі» газетінің редакциясына жұмысқа шақырады. Осы сәттен бастап, оның ақын, әрі публицист ретіндегі жемісті еңбек жолы басталады. Ол осы кезде Қазақстанда болған өзгерістерді сипаттайтын көптеген өлеңдер, фельетондар, мақалалар жазды. Бұл жылдары Дөнентаев совет жазушыларының позициясын ұстанады, мұны оның өлеңдерінен байқауға болады. 1929 жылдан өмірінің ақырына дейін ақын пролетар жазушылары ассоциациясының мүшесі болды.

С.Дөнентаев ұзақ науқастан соң 1933 жылғы 23 мамырда Семей қаласында қайтыс болды.

Бейіт басындағы ескерткіші ашық кітапты бейнелейтін тақта түрінде жасалған. Бейіт металл қоршаумен қоршалған. Онда «Сәбит Дөнентаев (1891-1933 жж.)», - деген жазу бар.


Әдебиет:

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі [Мәтін] = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. – Б. 95.

LAST_UPDATED2
 
Тыныбай Кәукенов мешіті
04.11.2012 10:57

XIX ғасырдың бірінші жартысындағы сәулет ескерткіші.

Орналасқан жері: Семей қаласы, Жамбыл көшесі, 18.

 

1Семей мешіт салу үрдісімен атағы шыққан аймақ. Семей қаласының өзінде күні бүгінге дейін жеткен ежелгі мешіттер бар.

1872 жылғы 15 желтоқсанда Семей қалалық думасы Үкіметтік сенаттан Ертістің сол жақ жағалауындағы Слободкаларды қаланың шеңберіне қосуды сұрайды. Бұл туралы Омбы мұражайындағы "Судың ар жағындағы Слободканың Семей қаласына қосылуы туралы істің" материалдарында жазылған. Судың ар жағындағы Слободкалар "Тыныбай", "Жоламан", "Тарақты" секілді шектескен үш мекеннен тұрады, онда дені қырғыздар (қазақтар. ауд.) болып табылатын 534 үй, 2686 жан тұрады" делінген. Үкіметтік сенат қалалық думаның өтінішін қанағаттандырған. Сол жақ жағалаудағы "Тыныбай Слободкасы" деп аталған қаланың бір бөлігі уақ руынан шыққан екінші гильдиялы көпес Тыныбай Кәукенов деген қырғыздың (қазақтың) есімімен байланысты. Мұны 1839 жылғы 22 тамыздағы «Семей қаласының жоғарғы жағында көшіп жүрген қырғыздардың жағдайы туралы баяндама» атты мұрағаттық материал да растайды: «...Семейлік Тыныбай Кәукенов деген қырғыз қырда сауда жасаумен айналысып, біршама қаржы жинап алды, сөйтіп қалада үй салып, 1839 жылы үшінші гильдия бойынша көпестікке жазылды». Сондай-ақ Қазақстанның архивінде «Уақ болысының старшинасы Кәукеновты Семей қаласының көпестер сословиесіне кіргізу туралы» 1842 жылғы мұрағаттық іс сақталған. Жоғарыда көрсетілген архивтік материалдар Т.Кәукеновтың шынымен Семей қаласында өмір сүргенін қуаттайды. Көпес болғандықтан ол Ертістің сол жақ жағалауынан тұрғын үй салған. Үйдің жанынан мұсылмандарға арнап мешіт салдыра бастаған.

Ескерткіштің архитектурасы «татар-сібір» мешіттері деп аталатын типке жатады, бұлардың салыну принципі православие діни сәулет құрылыстарына өте ұқсас, мұнда да бір білікке ауқымы әртүрлі құрамдас бөліктер орнатылған. 3Басты ерекшелігі - исламға тән ғимараттың күмбез және тік формалы болып аяқталуында жатыр. Прииртыш православие шіркеуінің сәулет өнерінде негізгі ауқымның төрттігі шағын төрттікпен немесе сегіздікпен толықтырылса, мешітте бұл күмбездік жабын арқылы біршама басқаша шешім тапқан. Тыныбай мешітінің қабырғалары жұтаң безендірілген. Оларды тік бұрыш формалы терезе ойықтары, сондай-ақ әйелдерге арналған бөлмені жарықтандыратын негізгі ауқымның екінші қабатының төбе терезелері жандандырып тұр. Әртүрлі өрнектермен әшекейленген түтін құбырлары мен су ағар құбырлар қосымша әр береді.

Көпес Тінібай Кәукенов Ф.М.Достоевский, прокурор, Врангель сынды адамдармен ниеттес болған. Шоқан Уәлихановтың атақты Қашқар сапары кезінде жүргізілген күнделігінде Тінібайдың Қытай еліне сауда жүргізіп, керуен жүргізіп отырғаны жайлы жазылған.

Тінібай мешіті – дінімізге тосқауыл қойылған Кеңес заманында да үздіксіз жұмыс істеген бірден-бір мешіт.


Әдебиеттер:

Мечеть Тыныбая Каукенова [Текст] : [о зданиях - памятниках архитектуры города Семей] // Вести Семей. - 2011. - 8 марта. - С. 4.

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі [Мәтін] = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. - Б. 79.

LAST_UPDATED2
 
Метиз-фурнитура зауыты (Мусиннің диірмені)
04.11.2012 10:51

1900 жылдың тарих және сәулет ескерткіші.

Мекен-жай: Семей қаласы, Ильяшев көшесі, 45.


 

11900 жылы Мусин деген көпес Семейде диірмен салды, онда ұн тартылып, Сібір мен Алтайдан әкелінген бидай өңделді. Диірменнің жанында қойма болды, онда дайын өнім сақталатын. Бұл үш қабатты кірпіш ғимарат.

 

Әдебиет:


Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі [Мәтін] = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. – Б. 109.

LAST_UPDATED2
 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL