Бір мұнаралы мешіт
15.02.2012 19:36

Сәулет ескерткіші. XIX ғасырдың II жарты жылдығы.

Мекен-жайы: Семей қаласы, М. Жұмабаев көшесі, 17-үйдің бұрышы.

.

 

5Мешітті Стамбулдан келген сәулетші Ғабдулла әпенді салған.

Бұл ғимараттың сәулеттік-көркемдік бейнесі биік конус тәрізді жабынмен аяқталатын дөңгелек формалы, екі қабатты сымдай тартылған мұнарамен айқындалады. Терезелердің үлкен ойықтары таға тәріздес сынадай қағылған аркалармен жабылған. Мешіттің подвалдық бөлмелері бар, ол бірдей төрт бөлікке бөлінген, олардың әрқайсысының екі есігі бар. Бұлар - қоймалар, шаруашылық орындары ретінде пайдаланылады. Мешіттің подвалдық бөлігінің астында тамбур бар, оған жақын тұрған подвалдық бөлік арқылы кіруге болған. Тәрізі, ол мешіттің бағалы заттарын сақтайтын құпия орын қызметін атқарған секілді. Негізгі зал алтарьлық бөлігінде үш қырлы кертпеш салынған михрабы бар үш бөлікті орын. Михраб мұсылмандардың қасиетті қаласы Мекеге бағдарланған.

LAST_UPDATED2
Көбірек ақпарат...
 
Насос станциясы
15.02.2012 00:02

1910 жылғы сәулет ескерткіші.

Мекен-жайы: Семей қаласы, Черепанов көшесі, 1-ші үй.

 

.

41873 жылы Семейде телеграф, ал 1910 жылдан бастап телефон мен су құбыры жүйесі болған. Сөйтіп, XX ғасырдың басында Семей Дала өлкесінің мәдени және әкімшілік орталығы ретінде көрінген.

1910 жылы Семейде Ертістің сол жақ жағалауында Плещеев деген көпестің қаржысына насос стансасы салынған. Бұл Қазақстандағы алғашқы су құбыры еді.

Семейдегі Смычка аралындағы су құбыры құрылғыларын кеңейту мен жаңғыртудың техникалық жұмыс жобасы Қазақ КСР коммуналдық шаруашылық министрлігінің 1974 жылғы 21 қаңтардағы тапсырмасы бойынша жасалған.

Алғашқы кезде насос стансасы арқылы тек көпес Плещеевтің өзін және өз туыстарын, губернатордың үйін, тағы басқаларды сумен қамтамасыз еткен.

 

LAST_UPDATED2
Көбірек ақпарат...
 
Бұрынғы Қытай Консулдығының ғимараты
14.02.2012 23:56

1900 жылдың тарих пен сәулет ескерткіші.

Мекен-жайы: Семей қаласы, Шайжүнісов көшесі, 138.

 

1Ғимарат 1939 жылы Қытай консулдығына 10 жылға жалға берілген. Жалға алу актісіне Қытай консулдығының өкілі Тянь-Бао-Ци қол қойған. Қалалық Кеңес атқару комитетінің 1963 жылғы 1 қарашадағы шешімімен ғимарат қалалық оқу бөліміне, 1968 жылғы 24 желтоқсанда қалалық денсаулық сақтау бөлімінің балабақшасына берілген. Қазір бұл ғимаратта Мұғалімдер үйі орналасқан. Бұл - Семей қаласының қоғамдық белгідегі өте қызықты ғимараттарының бірі. Ауқымы шағын, бір қабатты ғимарат өте әшекейленіп салынған. Қабырғалары рустпен өңделген, цоколі жазық, тек ондағы терезелер ғана тік бұрышты шығыңқылықпен жасалған. Терезелері тік бұрышты, тек жоғары жағы ғана доға тәрізденіп иіледі, терезе жақтаулармен қоршалған, олардың жоғарғы жағы рельефті етіп жасалған. Жақтаулардан ағашпен ойылған оюдың ықпалы сезіледі. Карнизі айшықты, төбенің жиегімен тумба және айшықты метал торкөз ретінде әсемделген. Кіреберіске ортасынан жарылып ашылатын өрнекті ағаш есік орнатылған, екі баспалдақты қанатшасы бар. Төбесі екі жаққа сырғымалы, ол да жоғарғы торкөзге ұқсастырылып металл өрнектерімен айшықталған. Ғимаратқа аула жақтан кіретін тағы бір есік бар, мұнда не қилы өрнектермен ернектелген ағаш таяныштары бар веранда салынған, бұл тәрізі кейіннен жасалған нәрсе болса керек. Ғимарат бір қабатты, астында подвалы бар. Ғимараттың орташа биіктігі 3,7 метр; Жалпы пайдалы алаңы 406,5 шаршы метр, оның ішінде тұрғын алаңы 101,6 шаршы метр. Тағаны әктас ылайымен араластырып салынған тізбекті шойтас.

 

Әдебиет:

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области [Мәтін]. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. - 233 б.

Гостиничные номера купца Сахно; Воскресенский православный собор; Здание китайского консульства; Здание, построенное в честь отмены крепостного права [Текст] : [о памятниках архитектуры г. Семей] // Вести Семей. - 2010. - 10 нояб. - С. 4. : ил.

LAST_UPDATED2
 
Екі мұнаралы мешіт
14.02.2012 23:37

XIX ғасырдың ортасының сәулет ескерткіші.

Орналасқан жері: Семей қаласы, Абай көшесі, 50.

 

2Архивтік материалдардан екі мұнаралы мешіттің құрылысы 1858 жылы басталып, 1862 жылы аяқталғаны белгілі. Мешіт облыстық дін басқармасының тапсырысы бойынша көпестер Сүлейменовтың, Әбдешевтің, Рафиковтың, Халитовтың қаражаттарына салынған. Жобасының авторлары - облыстық сәулетші Болботов, инженер-поручик Манашев болған.

Ленинград қаласының мемлекеттік тарихи архивінде сақталған өтініш құжатта Семей қаласының Мұхаммет дініндегі тұрғындары бұрын өртеніп кеткен ағаш мешіттің орнына тас мешіт салу туралы сұрайтыны, істе ары қарай бұл мешітті салу қалаға зиян келтірмейтіні, қайта оны көріктендіре түсетіні жазылған.

Этнограф Завалишин: "Егер Ертіс жақтан қараса, ол (Семей) өте сұлу және құрылыстары да жақсы. Бірақ бұл нағыз азиаттық қала, онда екі шіркеу ғана бар, екеуі де тастан салынған, есесіне жеті мешіт тұрғызылған, оның біреуі тастан салынған соборлы екі мұнаралы, архитектурасы тамаша мешіт, ол тек 1862 жылы ғана аяқталған" деп жазады.

LAST_UPDATED2
Көбірек ақпарат...
 
Воскресенский /казачий/ православный собор
14.02.2012 23:25

Сәулет ескерткіші, 1857-1860.
Семей қаласы, Парижской Коммуны, 18.


 

1Бұл ғимарат «Тоновтық» құрылыстар типіне жатады. Лейбгвардия полкына арналған Санкт-Петербургтегі Миронов шіркеуінің жобасын жергілікті сәулетші Болботов қайта өңдеп және жергілікті жағдайларға ыңғайлап жасаған.

Воскресенск храмы үш престолды: бастысы Христостың тірілуі құрметіне, солтүстік бөліктегісі Құдай Архистратигі Михаилдың құрметіне, оңтүстік бөліктегісі бірінші Воронеж епископы шырақшы Митрофанның құрметіне орнатылған.

 

LAST_UPDATED2
Көбірек ақпарат...
 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL