Революция мен азамат соғысының батырларына ескерткіш (ажал вагондары тұрған жер)
15.02.2012 22:10

Тарих және монументальды өнер ескерткіші (1977 жылғы 2 қараша).
Мекен-жайы: Семей қаласы, Маяковский көшесі.


 21918 жылғы 1 қаңтарда Семейде РСДРП (большевиктер) комитеті құрылды. Еңбекшілер қалада Совет өкіметінің орнауын құттықтап жатты. Бірақ таяп қалған ақ гвардия бөлімдерінің қолдауын сезінген контрреволюцияшылар 1918 жылғы 11 маусымда қалада контрреволюциялық төңкеріс жасады. Қалада ақтардың терроры басталды, ол атаман Анненков келген соң тіпті күшейді. Қазіргі 352-353 кварталдар орналасқан тұрғын массивтердің жанынан ол кезде уақытша Сроственка теміржол айрығы өткен. Міне, осы араға Анненковтың бұйрығы бойынша ажал вагондары қойылған.

Революцияға қатысқан Семейдің, Павлодардың, Петропавловскінің, Барнаулдың және басқа қалалардың коммунистері, Қазақстан мен Алтайдың коммунистері аштық пен суықтан азап тартып, ақ гвардияшылардың өлтіретін күнін күтіп, осы вагондарда қамалып жатты. Осы вагондарда большевиктерге жасалған жантүршігерлік оқиғалар туралы көрнекті қазақ жазушысы Сәкен Сейфуллин өзінің "Тар жол, тайғақ кешу" атты кітабында жазған болатын. Күзетшілерден өз туғандары мен туысқандарының тағдырын біле алмай вагондардың жанында күндіз-түні қолдарында дорбалары бар қарттар мен балалар, әйелдер мен аналар тұрды. Таң алдында ақ гвардияшылар тұтқындарды қарағайлы орман жанындағы құмды тақырға апарып атқан.

LAST_UPDATED2
Көбірек ақпарат...
 
Жауынгер-ауғандықтарға ескерткіш
15.02.2012 20:12

2002 жылғы 4 желтоқсанда қойылған.

Мекен-жайы: Семей қаласы, медицина академиясының қарсысы.

 

1Бұл ескерткіш 1979-1989 жылдары болған, сол бір жарияланбаған соғыста қаза тапқан Семей қаласының 46 тұрғынына арналған. Он жылдық соғыста Ауғанстанда қаза тапқан семейліктерге монумент орнату идеясы олардың жауынгер достарыныікі.

Жауынгер-интернационалистерге ескерткіш жылтыратылған қара граниттен (габродан) жасалған.

LAST_UPDATED2
Көбірек ақпарат...
 
Ш.Уәлиханов пен Ф.М.Достоевскийдің жұптық ескерткіші
15.02.2012 20:05

1977 жылдың өнер монументі-ескерткіші.

Мекен-жайы: Семей қаласы, Достоевский көшесі, 118.

 

1"Ш.Уәлиханов пен Ф.М.Достоевский" жұптық композициясы Семей қалалық атқару комитетінің тапсырысы бойынша РСФСР көркемсурет қорының Москвадағы экспериментальды скульптуралық-өндірістік комбинатында жасалған. Ескерткіш Мытище қаласындағы зауытта құйылған. Авторы мүсінші Д.Г.Элбакидзе. Бұл ескерткіштің негізіне 1859 жылы Семейде Лейбин фотосалонында түсірілген фотосурет алынған.

1859 жылы мамыр айында Достоевский Сібірден Ресейге қайтуға рұқсат алады. Ол жол қағаздарын күтіп жатқанда, Ш.Уәлиханов Қашқариядан қайтып оралып, Омбыға географиялық жаңалық ашқаны туралы хабар әкеле жатқан болатын. Омбыға бара жатып, ол Семейдегі өзінің ескі досына соғады, екеуі қоштасарда суретке түскен.

Жұптық мүсінді жасауға тапсырыс Элбакидзеге 1975 жылы берілген. Сол жылы маусым айында ескерткіш моделі келісіледі. Жұмыс 1977 жылы мамыр айында аяқталады. Ескерткіш Ф.Достоевский атындағы Семей әдеби-мемориалдық музейі ғимаратының жанына 1977 жылғы қыркүйекте орнатылды.

LAST_UPDATED2
Көбірек ақпарат...
 
М.О.Әуезов ескерткіші
15.02.2012 19:58

Ескерткіш - өнер монументі. Ескерткіш 1987жылғы 28 кыркүйекте қойылған.

Ескерткіштің қойыләан жері Семей қаласы, Әуезов алаңы.

1Бастапқы жоба бойынша қазіргі заманғы пайдалану сипаты туристік-экскурсиялық.

1987 жылғы 28 қыркүйекте Семей қаласының тұрғындары өздерінің даңқты жерлестері, совет жазушысы, ғалым, академик Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 90 жыл толуын салтанатты түрде атап өтті. Жазушының мерейтойы бүкіл совет халқы Ұлы Октябрьдің 70 жылдығына дайындылып жатқан даңқты күндерде атап етілді. Жалынды патриот, сөз зергері, ойшыл гуманист, туған жерінің шабытты жыршысы, академик М.О.Әуезов наным-сенімі жөнінен дәйекті интернационалист болатын. Оның «Еңлік-Кебек», «Халықтың қамқоры», «Күндестер» секілді алғашқы шығармалары қазақ театрының алтын қорына енген. М.О.Әуезов қазақ әдебиетінің көптеген жанрларының тұсауын кесуші болған.

LAST_UPDATED2
Көбірек ақпарат...
 
Абай ескерткіші
15.02.2012 19:48

Ескерткіш - өнер монументі.

Ескерткіш 1972 жылғы қыркүйекте қойылған.

2Семей қаласы, Абай алаңы.

Бірлесіп пайдалану сипаты туристік-экскурсиялық.

Қазақ халқының ақыны және ағартушысы Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығы Семей қаласымен тығыз байланысты.

Абай алдымен медреседе, одан кейін орыс училищесінде оқыған. Семейде Абай шығыс поэзиясының көрнекті өкілдері: Саадидің, Низамидің, Фирдоусидің, Шәмсидің шығармашылығымен танысты.

Өзінің Жидебайдағы ауылында тұрғанда да Абай Семейде жиі болған. Ол өзінің жерлесі Анияр Молдабаевтың бұрынғы Загородний көшесіндегі үйінде апталап тұрған.

Абай қоғамдық кітапханаға жиі барған. Спенсердің, Бокльдің, Дарвиннің, Пушкиннің, Лермонтовтың, Крыловтың, Толтойдың, Салтыков-Щедриннің шығармаларын оқыған және қайталап оқыған. Сондай-ақ энциклопедиялық сөздіктерді, анықтамалықтар мен атластарды оқып-үйренген.

LAST_UPDATED2
Көбірек ақпарат...
 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL