№ 6 Балалар - жасөспірімдер спорт мектебінің ғимараты
05.03.2012 00:55

XIX ғасырдың екінші жартысының (1911 жылдың) тарих және сәулет ескерткіші.

Мекен-жайы: Семей қаласы, Торайғыров көшесі, 80.


2Бұл ескерткіштің пайда болуы крепостнойлық құқықтың жойылу датасымен байланысты. Қаланың байырғы тұрғындарының айтуынша, ғимараттың салыну уақыты XIX ғасырдың екінші жартысына жатады. Қазірге дейін бұл ескерткішке қатысты құжаттар табылмаған. 1959 жылы бұл ғимаратта адамдар тұрған. 1959 жылы Семей қалалық Кеңесінің шешімімен бұл үй қалалық оқу бөлімінің балансына беріліп, ғимарат күрделі жөндеуден өткізілген. Қалалық Кеңестің шешіміне сәйкес ғимаратта мектеп орналасқан. Бірнеше мәрте күрделі жөндеу жүргізілгеніне қарамастан, ғимарат өзінің бастапқы бет-бейнесін жоғалтпаған, тек оның ішкі бөлігі ғана өзгертілген.

Бұл - қызыл кірпіштен қаланған екі қабатты ғимарат. Ғимараттың жоғарғы бөлігінде3 крепостниктік құқықтың жойылған датасы кірпішпен қалап жазылған. Ғимараттың ішкі бөлігіне екі холл, екі дәліз және жеті бөлме кіреді. Қабырғалары кірпіштен қаланып, ортасына топырақ төгілген, едендері тақтай. Бөлмелері ағашпең кейбір жері кірпішпен бөлінген. Қос терезелі, олар тұйық қақпақпен жабылады. Ғимарат ыстық сумен жылытылады. Есіктерінің материалы ағаш, қолдан жасалған, қарапайым, барлық бөлмеде бір есіктен. Ішкі қабырғалары сыланған, әктелген және сырланған.

Әдебиеттер:

Гостиничные номера купца Сахно; Воскресенский православный собор; Здание китайского консульства; Здание, построенное в честь отмены крепостного права [Текст]: [о памятниках архитектуры г. Семей] // Вести Семей. - 2010. - 10 нояб. - С. 4. : ил.

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі [Мәтін] = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. – Б. 85.

LAST_UPDATED2
 
«Ахметриза медресесінің» ғимараты
05.03.2012 00:53

XIX ғасырдың 50-60 жылдарындағы тарих және сәулет ескерткіші.

Орналасқан жері: Семей қаласы, Красноармейская көшесі, 108 үй.


1Бұл медреседе 1855-59 жылдары қазақ халқының болашақ ақыны мен ағартушысы Абай Құнанбаев оқыған. Медресенің кітапханасынан Абай музейіне Абай оқыған және зерттеген парсы, түрік, шағатай, араб тілдеріндегі көптеген кітаптар тапсырылған.

Бұл ғимарат көп жылдар бойы тұрғын үй ретінде пайдаланылған. Медресе ғимаратымен қатар тұрған мешіт 1949 жылы өртеніп кеткен. Медресе ғимараты мен оның төбесі ағаштан салынған.

Тағаны кірпіш. Медресе тоғыз бөлмеден тұрады, ғимараттың жалпы алаңы 928 шаршы метр. Сәулет, живопись тұрғысынан алғанда ерекше композициялық ерекшеліктері жоқ.

 

Әдебиет:

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі [Мәтін] = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. – Б. 78.

LAST_UPDATED2
 
Абай атындағы Семей мәдени-ағарту училищесінің ғимараты
05.03.2012 00:48

XIX ғасырдың ортасындағы сәулет ескерткіші.

Орналасқан жері: Семей қаласы, Ибраев көшесі, 153.


1Ғимаратты келген қонақтар тоқтайтын жер ретінде бай көпес салдырған. Кейбір байырғы тұрғындардың айтуынша, бұл үйде қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев секілді атақты адамдар болған.

Бай көпестің қонақ үй нөмірлері ғимараты XIX ғасырда саман кірпіштен салынған, кейін оған сылақ жүргізілген. Пайдаланылған жылдар ішінде ғимараттың көптеген сәулеттік және декоративтік элементтері жойылып кеткен. Соған қарамастан бүтіндей алғанда ғимарат өзінің сәулеттік келбеті мен мәнінен айрылмаған. Ғимарат тарихи ортаны сақтау орайында үлкен құндылыққа ие және қоғамдық сәулет ескерткіші болып табылады.

 

Әдебиет:

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі [Мәтін] = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. – Б. 90.

LAST_UPDATED2
 
Петр-Павел Абалацко-Знаменский әйелдер монастыры (Бұрынғы Қырғыз діни Миссиясы)
05.03.2012 00:42

Сәулет ескерткіші. Ескерткіш 1894 жылы қойылған.

Мекен-жайы: Жаңа Семей, Заря көшесі, 42.

 

1Ғимарат XIX ғасырдың аяғында салынған. Сибирь мен Азиялық Ресей жөніндегі жолшының 1901 жылғы альбомында осы ғимараттың фотосуреті жапсырылған, онда «Қырғыз миссиясы» деп жазылған жазу бар. «Діни миссия» 1894 жылы салынған.

1994 жылы Семей облыстық әкімшілігі басшысының 30 тамыздағы №01-1195 шешімімен ғимарат орыс православие шіркеуіне тегін пайдалануға берілген. 19943 жылдан бастап мұнда қасиетті Петр мен Павел храмы (Әйелдер монастыры) орналасқан.

 

Әдебиеттер:

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі [Мәтін] = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. – Б. 108.

Көбірек ақпарат...
 
Бұрынғы әйелдер гимназиясының ғимараты
05.03.2012 00:37

1873 жылдың тарихи және сәулет ескерткіші.

Мекен-жайы: Семей қаласы, Уранхаев көшесі, 17.


21873 жылы Семейде төрт кластық әйелдер прогимназиясы ашылған болатын. Гимназияның алғашқы оқытушыларының бірі Семейдің тұңғыш кәсіпқой суретшісі, Семейдегі Орыс географиялық қоғамының мүшесі В.Н.Белослюдов болған. 1909 жылы прогимназияның атауы әйелдер гимназиясы деп, оқу мерзімі 7 жыл болып өзгертілген. Кейін мұнда партия мектебі орналасты. Ұлы Отан соғысы жылдарында мұнда көшпелі госпиталь болған. 1951 жылдан бастап зоотехникалық-мал дәрігерлік институт. 1986 жылы желтоқсан айында ғимарат өртеніп кетті.

Үш қабатты, қызыл кірпіштен қаланған ғимарат. Подвалы бар. Тағаны тізбектелген шойтас,3 ірге қабырғасы кірпіштен қаланған, қабырғалары мен бөлме аралықтары кірпіштен қаланған, өңделмеген, қасбеті орташа күрделілікте безендірілген. Төбесі   шектесе жабылған, шатыры темір, едені тақтай, плитка және цемент. Сылақ, әктеу секілді өңдеу жұмыстары жүргізілген. Ғимараттың биіктігі, төбесіндегі топырағымен қоса есептегенде - 14,8 метр, ғимараттың келемі 37208 текше метр.

Әдебиет:

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі [Мәтін] = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. – Б.74.

LAST_UPDATED2
 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL