Ескерткiштер және мәдени-тарихи орындар
Шәкәрім Құдайбердиев бюстісі
05.03.2012 00:06

1999 жылғы 4 қарашада орнатылған.

Мекен-жайы: Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің бас корпусының алды.

 

1Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931) – ақын, жазушы, сазгер, философ, тарихшы, сазгер. Қазақстан Республикасы үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі №1436 қаулысымен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті болып аталды. 1999 жылғы 4 қарашада Семей қаласында Шәкәрім атындағы университеттің бас корпусының алдында Шәкәрім Құдайбердиевтің ескерткіші ашылды.

Мүсіннің авторы біздің жерлесіміз, Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі Мұратбек Жанболатов. Мүсін қара мәрмәрдан жасалған. Бюстінің биіктігі 2,07 метр. Тұғырының биіктігі 2,13 метр.


Әдебиет:

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі [Мәтін] = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. – Б.104.

LAST_UPDATED2
 
Ямышев қақпасы
15.02.2012 22:35

Тарих пен сәулет ескерткіші.

Мекен-жайы: Семей қаласы, Абай көшесі.

 

11718 жылы I Петрдің жарлығымен Семейден 18 шақырым жерде Семипалатный қамалының негізі қаланған. Ертіс суының көктемде тұрақты түрде тасуының салдарынан 60 жылдың ішінде қамалдың орны үш рет ауыстырылған. 1776 жылы қамал қайтадан биіктеу жерге салынған, сол арада қазір де Семей қаласы тұр. Соңғы қамал өзеннің оң жақ биіктеу жағасында орналасты, үстіңгі жағы биік ағаш дуалмен қоршалды, дуалдың асты топырақпен көтерілді. Қамалдың зеңбірек орналасқан екі бастионы және үш қақпасы болды. Ямышев қақпасы Омбы жақ бетте, Семипалатинский қақпасы Ертістің тік жағасына қарай шықты ал Усть-Каменогорский қақпасы - шығыс жағында болды.

Біздің заманымызға дейін осы үш қақпаның біреуі - батыс қақпасы ғана жетті. Теміржолға дейін баратын жолдың құрылысын жүргізуге кедергі жасап тұрғандықтан, 1970 жылғы қараша айында аталмыш қақпаны Ертіске қарай 50 метрге жылжыту шешілген.

1973 жылы қақпаның орны ауыстырылған, тағанының негізіне тақталар салынған. Қамал қақпасы мен қамал қабырғалары инженер-капитан Г.И.Андреевтің басшылығымен және соның жобасымен салынған.

XIX ғасырдың сәулет ескерткіші мемлекеттің қорғауына алынып, оған республикалық ескерткіш санаты берілген.

Қақпаның үлкен аркалары бар, төбесі шатырлы, карнизінің түрі қарапайым сурет секілді. Аркасының қабырғалары жоғары қарай иіліп барып, бір шағын тоннельге айналады.

Батыс қамал қақпасының түрі толық жаңғыртудан өткен. Темір қақпалары құлыппен бекітіледі. Бұрынғы кездегі секілді қамал қақпаларының жанына лафетке 2зеңбіректер орнатылған.


Әдебиет:

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области [Мәтін]. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. - 233 б.

Қосымша әдебиеттер:

Аллея памятников истории советской эпохи; Ямышевские ворота; Двухминаретная мечеть; Одноминаретная мечеть; Стела в честь 250-летия Семипалатинска [Текст] : [памятники г. Семей] // Вести Семей. - 2010. - 3 нояб. - С. 4. : ил.

Жанғалиев, Ұ. Қорғандағы қазба жұмыстары [Мәтін] / Ұ. Жанғалиев // Семей таңы. - 2009. - 9 сәуір. - Б. 6.

Омаров, А. Көне Семей болған ба? [Мәтін] / А. Омаров // Семей таңы. - 2008. - 31 қаңтар. - Б. 6.

LAST_UPDATED2
 
Часовня
15.02.2012 22:31

1902 жылғы сәулет ескерткіші

Орналасқан жері: Семей қаласы, Ертістің сол жақ жағалауы.

 

2Қырғыз Рухани Миссиясы бастығының орынбасары, Санкт-Петербург университеті мен Рухани Академиясының түлегі, келешекте Орыс Православие шіркеуінің белгілі иерархы Куйбышев және Сызрань митрополиті болған, иеромонах Мануил /Лемешевский/ негізін қалаған православие Сергектік қоғамының бастамасымен салынған. Ол сонымен қатар ірі тарихшы болған адам, соңына бірқатар еңбектер қалдырған. Солардың ішінен «Жизнеописание русских церковных иерархов» деген еңбегін атауға болады, онда орыс шіркеу дінбасыларының төңкеріс, азамат соғысы және кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы қуғын-сүргін кезіндегі тағдыры баяндалған. Қазіргі кезде ғимарат Орыс православие шіркеуіне қайтарылған және Никольск часовнясы деген атқа ие.

Часовня XIX ғасырдың ортасында Заречный слободкасында орналасқан айырбас (меновой) ауласында қоғамдық және жеке-меншік қаражаттарға салынған.

«Обзор Семипалатинской области за 1902 год» басылымының 74-ші бетінде ол туралы мынадай мәліметтер бар: часовняны салу 26912 рубль 80 копейкада түскен. Сәулетшісі белгісіз.

Часовнямен байланысты аңыздар кеп. Соның бірі мынадай:

«Көпес Ертістен тауар еткізіп әкеле жатыпты. Қатты дауыл кетеріліп, тауардың бір бөлігі суға кетеді. Көпестің өзі әзер аман қалыпты. Толқын оны қазіргі кезде часовня түрған жерге таяу жағалауға шығарып тастаған. Өзін аман сақтап қалғаны үшін қүдайға алғыс ретінде көпес осы часовняны салыпты».

Ғимарат шағын төртбұрыш іспетті етіп салынған. Кірер есігі батыс жағында. Екі жақ қабырғаларында өрнекті шойын тормен торланған екі аркалы терезелері бар. Әрбір қабырғасы ортасында декорациялық қызғалдақ гүлі бар кескінмен және күрделі профильді карнизбен аяқталады.

Қораптардың қиылысқан жерінде сегіз қырлы шатыр орналасқан, оның тебесінде сарымсақ тәрізді барабан және ауыр шойын крест орналасқан.

Ауқымының шағындығына қарамастан, бұл ғимарат таңдаулы діни құрылыстарға тән ақиқат асқақтық пен ұлылыққа толы. Материадары: ағаш, кірпіш, темір, бетон.

Часовняның биіктігі 12 метр, жалпы алаңы 36 шаршы метр.


Әдебиеттер:

Часовня; Мечеть Тыныбая Каукенова; Казахский гуманитарно-юридический инновационный университет; Государственный Центр выплат пенсий и пособий [Текст] : [о зданиях - памятниках архитектуры г. Семей] // Вести Семей. - 2011. - 8 марта. - С. 4.

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области [Мәтін]. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. - 233 б.

LAST_UPDATED2
 
Орталық телеграф
15.02.2012 22:27

1915 жылғы сәулет ескерткіші.

Ескерткіштің орналасқан жері: Семей қаласы, Найманбаев кәшесі, 116.

 

2Бұл ғимаратта алғашқы телеграф орналасқан, телеграф қызметі ұйымдастырылып, Семей қаласын Ресей мемлекетінің орталығымен байланыстыратын кабель салынған.

1917 жылғы революциялық оқиғалар, сондай-ақ 1918-1921 жылдардағы контрреволюциялық күштермен күрес Орталық телеграф ғимаратымен байланысты, бұл оқиғаларға Семейдің байланысшылары белсене қатысқан. 1992 жылдан бері қарай ғимарат Семей радиотехника және байланыс колледжінің балансына берілген. Екі қабатты кірпіш ғимарат, қасбеттері молынан өрнектелген. Жоғарғы және ішінара төменгі қабаттары қашаутаспен әрленген. Үстіңгі жағы арка секілді болып бітетін тік бұрышты терезелері бар, оларға маңдайша жақтаулар мен жауырындық қабырғалары бар жақтаулар орнатылған. Жауырындық қабырғалар ғимараттың ұзына бойына, орталық кіреберіс есіктің шетіне орналасқан. Рельефтік тартымдар, ернеу өрнектері, маңдайша қабырға, жабынның ұзына бойына орнатылған мұнарашалар ғимаратты өте пластикалы және айшықты етіп тұр. Бұл революцияға дейінгі Семейдің азаматтық құрылысының ең таңдаулы үлгілерінің бірі болып табылады.


Әдебиет:

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области [Мәтін]. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. - 233 б.

LAST_UPDATED2
 
Семейдің 250 жылдығына арналған стела
15.02.2012 22:21

1968 жылғы монументальды өнер ескерткіші.

Мекен-жай: Семей қаласы, Шәкәрім даңғылы, автомобиль көпірінің жаны.


 

2Семей қаласының аты Зордшинкинт буддалық монастырының жеті шатырының қирандыларынан алынған.

1968 жылы Семейде қаланың негізі қалануының 250 жылдығы тойланды. Осы оқиға құрметіне сол жеті шатыр орналасқан жерге 1972 жылы қаланың негізі қалануының 250 жылдығына орай стелла орнатылды.

Авторы – ленинградтық сәулетші Томич. Биіктігі 18 метр. Өңделуі – темірбетонды декоративтік токөздер және қаланың екі мыс гербі. Семей қаласының гербі конфигурация формалы қалқанда бейнеленген. Гербтің ортасында Совет мемлекетінің рәмізі бес тармақты жұлдыз орналасқан. Жұлдыздың үстінде ашық кітап тұр, ол қаланы ірі мәдениет орталығы және оқу орындарының ордасы ретінде сипаттайды. Ашық кітаптың сол жағында қалаға аты берілген жеті шатыр бейнеленген. Оң жағында ашық күн шұғыласына малынған өнеркәсіп орындарының сұлбасы орналасқан.


Әдебиеттер:

Аллея памятников истории советской эпохи; Ямышевские ворота; Двухминаретная мечеть; Одноминаретная мечеть; Стела в честь 250-летия Семипалатинска [Текст] : [памятники г. Семей] // Вести Семей. - 2010. - 3 нояб. - С. 4. : ил.

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области [Мәтін]. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. - 233 б.

LAST_UPDATED2
 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL