Ескерткiштер және мәдени-тарихи орындар
«Еңлік-Кебек» кинотеатры
05.03.2012 00:31

Сәулет ескерткіші (1991 жылғы 9 тамыз).

Әріп Тәңірбергенов көшесі З а.

 

2Кинотеатр Москва қаласы Гипрокино институты жасаған 264-13-84 типтік жоба негізінде салынған. Жобаны «Семоблпроект» мемлекеттік жобалау институтында В.Г.Ливенцов, сәулетші В.Саркеев қайтадан жекелеп жасаған. Құрылыс кезінде «Семгражданстрой», оның бас директоры В.П.Гончаров, «Гордорстрой»» - бастығы П.Г.Решетов мердігер болған. Тапсырыс беруші - облыстық өндірістік Киногерлер бірлестігі, бастығы К.А.Асылғажин.

Кинотеатр ғимараты 8 балға шыдас беретін сейсмикалық тұрақтылық ескеріліп салынған. Қызыл залдың оригиналды алты бұрышты формасы бар. Ғимарат түсті силикатты кірпіштен салынған. Фойенің, кассалық вестибюльдің, желдету және бейне салондарының сыртқы қабырғалары әк таспен безендірілген. Фойенің қабырғалары мен едендерін әсемдеген кезде мәрмәр пайдаланылған.

LAST_UPDATED2
Көбірек ақпарат...
 
1918-1920 жылдары қазақ совет әдебиетінің классигі М.О.Әуезов тұрған үй
05.03.2012 00:25

Тарихи ескерткіш.

Мекен-жайы: Семей қаласы, Академик Павлов көшесі, 70.

 

2Қазақ совет әдебиетінің классигі, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты М.Әуезов көп ұлтты совет әдебиетін өзінің тамаша шығармаларымен байытты. Семейде өткізген жылдары жазушының Семей қалалық бес жылдық училищесі мен мұғалімдер семинариясындағы оқуымен байланысты. 1919 жылғы қараша айында М.Әуезов семинарияны бітіріп, бастауыш мектепте сабақ беру құқығына ие болады. Семей губерниясында Совет өкіметі орнағаннан кейін ол өзінің қоғамдық қызметін бастайды. 1919 жылдан бастап ол губерниялық революциялық комитетте "жат жерліктер" бөлімін басқарады.

LAST_UPDATED2
Көбірек ақпарат...
 
Неке сарайы
05.03.2012 00:20

1979 жылғы сәулет ескерткіші.

Абай көшесі, 75.

Жоба авторы сәулетші Л.С.Гаврилова.


1Қалалық атқару комитеті күрделі құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша МКСО жылжымалы-механикаландырылған колоннасы шектеулі серіктестігі салған.

Екі залы мен фойесі бар бір қабатты ғимарат. Екінші қабатында күйеу жігіт пен қалыңдық бөлмесі бар. Бірінші қабатта өтініштер беру залы, мұрағат, қызмет бөлмесі, шампандар мен шараптар залы орналасқан. Кіреберісте порталдың ішінде махаббатты бейнелейтін ауқымда мүсіндік композиция жасалған.

Жалпы алаңы – 10050 шаршы метр.

 

Әдебиет:

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі [Мәтін] = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. – Б.104.

LAST_UPDATED2
 
«Бинар» қонақ үйі
05.03.2012 00:16

1900 жылғы сәулет ескерткіші

Мекен-жайы: Семей қаласы, Ж.Шайжүнісов көшесі, 129.

 

1Ғимарат 1900 жылы салынған. Онда қонақ үй нөмірлері орналасқан. Тұрғындар арасында да ғимарат көпес Сахноның қонақ үй нөмірлері деп аталған.

Бұл шағын ғана екі қабатты ғимарат. Қабырғалары рустпен өңделген, тек цокольдағы терезелері ғана тік төрт бұрышты шығыңқылықпен бөлінген. Терезелері тік бұрышты, жоғары жағы доға тәрізді. Төбесі шетіне дейін өрнекті металл торкөзбен әсемделген. Ғимараттың орташа биіктігі 3,2 метр, пайдалы алаңы 61031 шаршы метр. Ғимараттың көлемі 6395 текше метр. Тұрғын алаңы 329 шаршы метр. 25 бөлмесі, екі қабаты бар. Тағаны тізбекті шойтас. Қабырғалары мен аралық қабырғасы кірпіштен қаланған, төбесі ағашпен жабылған, темірмен шатырланған. Ашылмайтын қос терезелі.


Әдебиеттер:

Гостиничные номера купца Сахно; Воскресенский православный собор; Здание китайского консульства; Здание, построенное в честь отмены крепостного права [Текст]: [о памятниках архитектуры г. Семей] // Вести Семей. - 2010. - 10 нояб. - С. 4. : ил.

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі [Мәтін] = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. – Б. 88.

LAST_UPDATED2
 
Мемлекеттік банк
05.03.2012 00:13

Азаматтық архитектураның үлгісі.

Мекен-жайы: Семей қаласы, Уранхаев көшесі, 57.


Революцияға дейін Семейде 5 Банк болған. Сибирь сауда Банкінің бөлімшесі 1898 жылы ашылып, әрекет ете бастаған. Орыс-Азиат және Волга-Кама банктерінің бөлімшелері, қалалық қоғамдық банкі өз қызметін 1907 жылдың аяғында ашқан. 1910 жылы мемлекеттік банктың ғимараты салынған.

Бұл екі қабатты кірпіш ғимарат облыстық банктың кеңсесі ретінде белгілі бір мақсатқа пайдалану үшін жобаланып салынған. Ғимараттың ішкі жоспарлануының ерекшелігі де осымен байланысты. Сызбасында ғимарат «Г» тәрізді құрылыс. Урицкий көшесіне шығатын негізгі қасбеті мен Уәлиханов кешесіне шығатын бүйірлік қасбеті Семейге тән фигуралы кірпіш қалау әдісімен салынған. Екі қасбеті де декорацияланған. Ғимаратқа кіретін есік портиктермен баса көрсетілген, ол Урицкий көшесі жағында.


Әдебиет:

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі [Мәтін] = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. – Б.78.

LAST_UPDATED2
 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL