Ескерткiштер және мәдени-тарихи орындар
Жеңіс мемориалы
17.10.2012 20:07

Ескерткіш 1985 жылғы 9 мамырда қойылған.

 

 

2Зеңбіректердің гүрсілі де басылды. Азамат соғысы мен Ұлы Отан соғысы тарихтың қойнауына кетті. Советтер елінің жылнама кітабына батырлардың есімдері алтын әріптермен жазылды.

Ұлы Отан соғысы батырларының өшпес ерліктері адамдардың жадында мәңгілік сақталады. Өйткені соғыс жылдарында совет адамдарының жалынды патриотизмі, олардың Отанға, халыққа шексіз берілгендігі айқын көрінді. Совет халқының фашистік Германияны жеңуінің 40 жылдығына 1985 жылы 9 мамырда Семей қаласындағы саябақтың ортасында Ұлы Отан соғысы жылдарында еліміздің бостандығы жолында өз өмірлерін қиған семейліктердің құрметіне ескерткіш-монумент орнатылған болатын.

Біздің көз алдымызда батыр жауынгер тұр. Ол біреудің ұлы, біреудің әкесі, біреудің ағасы не бауыры, яғни мыңдаған қайғының жиынтығы деуге болады. Біздің алдымызда 18 метрлік стела көкке қадалып тұр. Оның сәулеттік композициясында арғымаққа мініп шауып келе жатқан қазақ қызы - Жеңістің хабаршысы бейнеленген. Төменде үш тостаған қойылған, олар аналардың, әйелдердің және балалардың көз жастарын бейнелейді.

Ескерткіш Ленинградтың «Монумент-скульптура» зауытында жасалған. Материалы қола. Ескерткіштің биіктігі 18 метр. Жеңімпаз жауынгердің биіктігі 4 метр, атқа мінген қыздың ауқымы 3x3 метр. Ескерткіштің алдында мәңгілік алау жанып тұр. Төмендегі үш тостағанның ауқымы 80x90 сантиметр.

Монументальді мүсіннің авторлары: О.С.Клюшкин, А.В.Семченко, В.Ф. Тихомолов. Сәулетшілері: Е.А.Жук, В.Ф.Дроздов, М.Г. Сейдалин.


Әдебиет:

Жұмаділов Д. Отты жылдар естелігі [Мәтін] / Д. Жұмаділов // Семей таңы. - 2010. - 29 сәуір. - Б. 10.

Сләмов А. Жерлес жауынгерлердің жасампаз ерлігі [Мәтін] : [Семейде жасақталған дивизия жайлы] / А. Сләмов // Семей таңы. - 2010. - 6 мамыр. - Б. 3.

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі [Мәтін] = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. – Б.98.

LAST_UPDATED2
 
Медицина институты
17.10.2012 19:54

1952 жылдың сәулет ескерткіші.

Мекен-жайы: Семей қаласы, Абай көшесі, 103.


1СССР Министрлер Кеңесінің Қаулысымен және СССР Денсаулық сақтау Министрінің 1952 жылғы 2 қыркүйектегі бұйрығымен 1953 жылғы 6 қыркүйекте Семейде медициналық институт ашылды. Жас жоғары оқу орны өз жұмысын жалпы алаңы 2367 шаршы метрлік екі қабатты бейімделеген екі ғимаратта бастады.

1987-89 жылдары бас оқу корпусына қосымша құрылыс салынды. Бұл қосалқы мақсаттарға пайдаланылатын, зертханалар орналасқан жартылай подвалдық орны бар үш қабатты оқу ғимараты. Негізгі ғимарат кірпіштен қаланған, сызбасында «П» тәрізді, ірге қабырғасы бар құрылыс. Негізгі ғимараттың қасбеті классикалық стиль қатаң сақталып салынған. Терезелері тік бұрышты, ешқандай әшекейі жоқ.


Әдебиеттер:

Рақыпбеков Т. Шындықты айтпасам, ауырып қаламын [Мәтін] : [Семей мемлекеттік медицина университетінің ректоры Т. Рақыпбековпен сұхбат] / Т. Рақыпбеков // Семей таңы. - 2011. - 26 қаңтар. - Б. 4.

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі [Мәтін] = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. – Б. 97.

LAST_UPDATED2
 
«Октябрь» кинотеатрының ғимараты
14.10.2012 21:59

1974 жылдың сәулет ескерткіші.

Мекен-жайы: Семей қаласы, Интернационал көшесі, 5.


 

3Құрылысшылар "Октябрь" кинотеатрын 1974 жылғы 30 желтоқсанда пайдалануға берген, типтік жобасының нөмірі 264-13-14. Құжаттамасы 1971 жылы бекітілген, сол жылы құрылыс басталған. Жобасы типтік жобаның негізінде жасалған. Жоба Москва қаласының Орталық мемлекеттік жобалау ғылыми-зерттеу институтында жасалған, сәулетшісі облыстық ауыл шаруашылық басқармасынан П.М.Губанов, құрылысын жүргізген «Семтяжстрой». Жұмыс алаңы 2225 шаршы метр. Жалпы алаңы 2932 шаршы метр. Көлемі - 22100 текше метр.

Құрылыс материалы кірпіш. Кинотеатрдың қабырғаларының біріндегі революция тақырыбындағы фризді алматылық суретші Сенченко салған. Кинотеатрда жарықтық табло орнатылған. Өзінің ауқымы жағынан бұл Қазақстандағы екінші жарнама, әріптерінің биіктігі 170 сантиметр. Одан жаңа фильмдер жарнамасын, синоптиктердің болжамын, халықаралық жаңалықтарды, хабарландыруларды оқуға болады. Ішкі жағында өңдеу материалы ретінде полиролданған ағаш, мәрмәр, әйнек пайдаланылған. Кинотеатрдың үлкен және кіші залына бір мезетте 1100 адам сыяды.


Әдебиет:

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі [Мәтін] = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. – Б. 109.

LAST_UPDATED2
 
1918-1920 жылдары қазақ совет әдебиетінің классигі М.О.Әуезов тұрған үй
14.10.2012 21:50

Тарихи ескерткіш.

Мекен-жайы: Семей қаласы, Академик Павлов көшесі, 70.


 

11Қазақ совет әдебиетінің классигі, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты М.Әуезов көп ұлтты совет әдебиетін өзінің тамаша шығармаларымен байытты. Семейде өткізген жылдары жазушының Семей қалалық бес жылдық училищесі мен мұғалімдер семинариясындағы оқуымен байланысты. 1919 жылғы қараша айында М.Әуезов семинарияны бітіріп, бастауыш мектепте сабақ беру құқығына ие болады. Семей губерниясында Совет өкіметі орнағаннан кейін ол өзінің қоғамдық қызметін бастайды. 1919 жылдан бастап ол губерниялық революциялық комитетте "жат жерліктер" бөлімін басқарады. Облыстық мемлекеттік архивте М.Әуезовтың Семей губерниялық ревкомының қырғыз кіші бөлімшесінің меңгерушісі болып жүрген кездегі жеке бас ісі сақталған. М.Әуезовтың жеке кәртішкесінде оның тұратын орны да жазылған: Больничная көшесі 62 үй. Бұл үй 1869 жылы салынған Әуезов бұл үйде 1918-1920 жылдары тұрған. Қазір бұл көше Академик Павлов2 атындағы көше, 70, Демьян Бедный көшесі 11-13, - деп өзгертілген.

Бұл үйдің жалпы алаңы 251,8 шаршы метр. Тағаны бетонды, ленталы. Қабырғалары 2,5 кірпіштен қаланған. Төбесі ағашпен жабылып, темір шатырмен шатырланған, едені тақтай. Терезе мен есіктері қолдан қарапайым түрде жасалған. Төбесі бір жағына ғана сырғымалы, жұқа тор көзді тақтайдың үстіне 30° көлбеулікте қағылған болат жабындымен шатырланған.


Әдебиет:

Жұртбай, Тұрсын. Әуезов және Алаш идеясы [Мәтін] / Т. Жұртбай // Абай. - 2009. - N 1. - С. 23-33.

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі [Мәтін] = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. – Б. 86.

LAST_UPDATED2
 
Шұлық фабрикасы
05.03.2012 01:00

1900 жылғы сәулет ескерткіші.

Мекен-жайы: Семей қаласы, Б.Момышұлы көшесі, 31/33. Ш.Уәлиханов көшесімен қиылыс.


1Шұлық фабрикасының ғимаратын (революцияға дейін сауда орындары болған) Михайлов-Малышев деген көпес сатып алған. Мұнда оның азық-түлік дүкендері орналасқан. 1916 жылы болған ереуіл (солдат әйелдердің нан үшін көтерілуі) кезінде дүкен қиратылған. Кейін онда әртүрлі қоймалар орналасқан. 1941 жылы Ростов облысының Азов қаласынан Семейге шұлық фабрикасын көшіргенде, оны осы ғимаратқа орналастырады.


Әдебиет:

Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі [Мәтін] = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. – Б. 87.

LAST_UPDATED2
 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL