Тарихи-сәулет ескерткіші
Ескерткіш 1915 жылы қойылған
Ескерткіштің орналасқан орны: Семей қаласы, Шоқан Уәлиханов көшесі, 150.
1904 жылы ғимаратта құрамында үш негізгі және бір дайындық класы бар мұғалімдер семинариясы ашылған. 1914 жылы семинарияда 5 класс болған: төрт негізгі және бір дайындық класы. 1920 жылғы қыркүйекте семинария халыққа білім берудің практикалық институтына айналдырылған, ал 1922 жылдан бастап бұл педагогикалық техникум.
1915 жылдан 1919 жылға дейін мұнда Мұхтар Әуезов оқыған. Бұл туралы мұнда мемориалдық тақта орнатылған. 1967 жылы М.О.Әуезовтің 70 жылдығын тойлау күніне орай училищеге «М.О.Әуезов атындағы педагогикалық училище» атағы берілген.
Мұғалімдер семинариясының 1903 жылы салынған оқу корпусы күні бүгінге дейін оқу орны болып табылады.
Мұғалімдер семинариясының жанында Семейдің үйдегі шіркеулерінің бірі орналасқан. Шырақшы Иннокентий Иркутскийдің атындағы бұл шіркеудің пірәдәрі бір кезде осы өлкеге аты танымал болған өлкетанушы ғалым, священник Борис Георгиевич Герасимов болған. Ол - Орыс Императорлық географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімі Семей кіші бөлімшесінің басшыларының бірі. Борис Герасимович семинарияда бірқатар пәндерден сабақ берген және Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың мұғалімі әрі досы болған.
Әдебиет:
Шығыс Қазақстан облысы сәулет және монументальды ескерткіштерінің тізбесі [Мәтін] = Свод архитектурных и монументальных памятников Восточно-Казахстанской области. - Өскемен : Альфа-Пресс, 2005. – Б. 94.
Қосымша әдебиеттер:
Жанаева Ш. Семейдің мұғалімдер семинариясы [Мәтін] : Сәтбаевтар әулетінің үш өкілі / Ш. А. Жанаева // Қазақ әдебиеті. - 2009. - 10-16 сәуір. - Б. 10.
Жоламанова, Перизат. Жиырма жылдан кейінгі кездесу [Мәтін] / П. Жоламанова // Семей таңы. - 2009. - 17 қыркүйек. - Б. 4.
Қасымжанұлы, С. Ақылы мен ажары қатар өріп... [Мәтін] / С. Қасымжанұлы // Ертіс өңірі. - 2009. - 11 наурыз. - Б. 1.
Оразбекова, Балғын. Іргелі білім ордасы [Мәтін] / Б. Оразбекова // Ертіс өңірі. - 2010. - 17 наурыз. - Б. 17.
Тобықбаева, Г. Жастардың жан-жақты дамуы жолында [Мәтін] / Г. Тобықбаева // Семей таңы. - 2009. - 26 ақпан. - Б. 9. |