Виртуалды анықтама


28.10.2010 23:13

Анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету кітапхананың міндетті қызметі болып табылады. Анықтамалық-библиографиялық қызмет кітапхананың инновациялық даму жағдайында өзгереді, жетілдіріледі, қалыптасады. Қазіргі уақытта пайдаланушылардың түрлі ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыруда электронық ресурстар маңызды орын алады. Кітапханадағы библиографиялық ресурстармен белсенді түрде жұмыс жүргізіледі. Пайдаланушылар кітапхана қорына қызығушылықтарын танытып қана қоймай, сонымен қатар өздеріне керекті ақпараттарды Интернеттен іздестіруге көмекке жүгінеді. Оқырман сұраныстары алуан түрлі келеді, мысалы: кітапхана қорында экология, Семей полигоны туралы әдебиеттер және т.б. бар сұраныстардың көпшілігі адрестік, тақырыптық мазмұнда болып келеді.

 

ВИРТУАЛДЫ АНЫҚТАМА ҚЫЗМЕТІ:

 

  • ОКЖ кітапхана қорындағы нақты басылым туралы ақпарат алуға көмектеседі.
  • Сізді қызықтыратын тақырып бойынша әдебиеттер тізімін құрастырады (10 атаудан артық емес).
  • Сізді қызықтыратын нақты мәлімет немесе оқиға туралы қысқаша ақпарат жеткізеді.

 

Виртуалды анықтама "БИБЛИОГРАФТАН СҰРАҢЫЗ!"

Сауалдарға жауап 1-3 жұмыс күні аралығында күрделілігіне қарай орындалады. 
Виртуалды анықтама барлық пайдаланушы топтары үшін ТЕГІН қызмет көрсетеді.
«Виртуалды анықтамаға» сұрақ қоймас бұрын Сіз тіркелуіңіз керек.
Біз әдепке сай емес қойылған дөрекі сұрақтар мен репликаларды өшіруге және ұқсас сұрақтарды біріктіруге құқығымыз бар.
Бір адамнан күніне бір ғана сұраныс қабылданады.
Дайын  рефераттарды, курстық, диплом жұмыстарды іздеумен, жазумен айналыспаймыз.
Біз сауда-саттық сипаттағы ақпараттарды беруге (мысалы, сатып алу мен сату туралы ақпарат) байланысты сұрақтарға жауап бермейміз.
Әрекет етіп тұрған заңды бұзуға бағытталған ақпараттар бермейміз.
Электронды пошта арқылы жіберілген сұрақтарға жауап бермейміз.

 

 

LAST_UPDATED2