31.10.2011 07:54

 

Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Қызмет көрсету бөлімінде « Күй құдіреті » ( Д. Нұрпеисованың туғанына 150 жыл ) атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылып өткізілді.


4Қазақ халқында ең көп тараған аспаптық музыка ол – күй. Күй ертеден келе жатқан көне музыкалық ұғым. Халық басынан қандай күй кешсе де, күй тіліне түсіре білген. Аңыз, хиқая, тарихи құрылыстық, әдеп салттық, табиғат әсемдігін суреттеп, қобыз, домбыра, сыбызғы аспаптарында ойнаған.

Қызмет көрсету бөлімінің «Радуга» шығармашылық ұйымы Дина Нұрпеисованың туғанына 150 жыл орай «Күй құдреті» атты әдеби сазды кеш ұйымдастырып өткізді. Осы кешке саз колледжінің студенттері қатысты.

Кеш «Сарыарқа» күйімен ашылып, күйші анамыздың өмірбаянымен жалғасты.

Кештің жалғасында Дина Нұрпеисованың «Той бастар», «Ана бұйрығы», «Әсем қоныр» т.б. күйлері туралы әңгіме қозғалып, сұрақтар қойылды. Студенттер Динанын «Той бастар» күйін тындады.

Кештің қорытындысында оқырманға сұрақ-жауап беріліп, бағаланды.5

Мәдени-шараның көрнеклігі «Дәстүрлі күйшілік өнер» атты кітап көрмесі болды.

Кештің мақсаты: Ұлы күйшілердің өмірбаянын, күйлерін таныстыра отырып, күйлер туралы білім беру, күйлерді тыңдата отырып, есту қабілеті мен күйге деген қызығушылығын арттыру, күйдің шығу тарихын түсіндіре отырып, табиғатты құрметтеуге, ата-анасы мен үлкендерді сыйлауға тәрбиелеу мәдени-шараның басты мақсаты болып отыр.

 
31.10.2011 07:39

 Орталық қалалық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінде өлкетану сабағы өткізілді. Роллан Сейсенбаевтың тұғанына 65 жыл толуына орай өлкетану сабағы өткізілді.

 

1

Қашанда елдің рухани тынысы кең ,халқының еңсесі биік болуын қалайтын жазушының ел ішін аралаған сәттерінен қағазға түскен осындай бірқатар дүниелерін біз бүгіннен бастап жұртшылық назарына ұсынып отырмыз ,

қызмет көрсету бөлімі кітапхананың мәжіліс залында жазушы Роллан Сейсенбаевтың туғанына 65 жыл толуына байланысты өлкетану сабағы өткізілді. Мәдени іс шараға Радиотехника байланыс колледж студенттері қатысты. Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы Нурбаева Г.Р. танымдық тағылымы мол мағлұмат берілді.

Р.Сейсенбаев «Халықаралық Абай клубның» президенті. Төрткүл дуниеге Абайды танытуды алдына мақсат етіп қойды. Абай арқылы қазақты бүкіл әлемге танытты. Шетелде Абайды он бес тілге аудартты. 1995 жылы Лондон қаласында «Абай үйі » ашылды.

 

2 3

Сонымен бірге «Өз заманының жазушысы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Кітап көрмесіне 40 астам әдебиеттер мен мерзімді басылымдар және тақырыпты досье қойылып, елдің рухани тынысы кең, халқының еңсесі биік болуын қалайтын жазушының әдебиеттері насихатталып, Р.Сейсенбаевтың «Өзімді іздеп жүрмін»., «Өмір сүргің келсе»,. «Если хочеш жить»,. «Тау басында түйіскен жол» шығармаларына әдеби шолу өткізілді.

 
24.10.2011 20:10

Кітапхананың ағымды жөндеу жұмыстарынан кейін «Кітап-асыл қазына» атты ашылу салтанаты өтті.


SAM 0418

Ашылу салтанатына М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің 2-3 курс студентері, №8 мектеп-кешенінің 8 сынып оқушылары, кітапханамыздың тұрақты оқырмандары қатысты. Ашылу салтанатын музыкалық колледждің 3 курс студенті Жұмаш Тоқтар жүргізді. Осы колледждің студентті Калибек Ыбырайым кітапханаға арнау айтты.

Сонымен қатар музыкалық колледж студенттердің ұйымдастыруымен «Науқас кітап», «Кітаптар мұңы» атты көрністер көрсетіліп, «Кітап асыл қазына» атты әдеби монтаж айтылды. Балалар би студиясының бишілері биден шашу шашса, №8 мектеп-кешенінің 6SAM 0423 сынып оқушысы Низан Абылай «Сүгірдің термесі», «Елім менің» әндерің орындады. Кітапханамыздың ашылу салтанатында Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Шаймарданова Айгұл Әлімбекқызы, М.Төлебаев атындағы музыкалық колледждің ұстаздары Сапанов Талғат Оразаұлы, Бейсханова Айшагұл Калибекқызы, Камзин Болат Еркинбекұлы, №8 мектеп-кешенінің кітапханашысы Ахметжанова Роза Тоқтарханқызы өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

 

SAM 0436 SAM 045
 
21.10.2011 21:31

Орталық қалалық кітапханада қызмет көрсету бөлімінде

«Жемқорлықпен күрес – жүйелі атқарылар іс» атты

мәдени іс-шара өткізілді

PA200031Қазіргі кезде қоғамымызда қауіпті құбылысқа айналған қылмыстардың бірі, сыбайлас жемқорлық болып отыр. 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданған болатын.

Қазақстанның қылмыстық заңдарының ережелерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлықпен күрестің тиімділігін арттыру мақсатында 20 қазан күні радиотехника және байланыс колледжінің қатысуымен «Жемқорлықпен күрес – жүйелі атқарылар іс» атты ақпарат сағаты өткізілді. Мәдени шараны кітапхана қызметкері Ш.Әбеу ашып, Қазақстанның заң ғылымында сыбайлас жемқорлықтың даму тарихына тоқталды.

Көбірек ақпарат...
 
20.10.2011 20:13

МЕНІҢ ОТАНЫМ – ҚАЗАҚСТАН

Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!

PA180016Биыл 1986 жылғы Алматыда өткен «Желтоқсан» оқиғаларына 25 жыл толса, еліміздің егемендік алғанына және Семей ядролық полигонының жабылғанына 20 жыл болады.

Еліміздің тарихы туралы түсінік беріп, ұлттық озық дәстүрлерден үлгі алып, халқымыздың салт-дәстүрін, мәдениетін, үлгі-өнегесін балалар бойына сіңіру мақсатында Балалар және жасөспірімдер кітапханасында көптеген қызықты да мағыналы шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрады.

Көбірек ақпарат...
 
<< Бірінші < Алдыңғысы 31 32 33 34 35 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL