Қалалық орталық кітапханада «Құқықты қорғау - міндетіміз» атты сұрақ-жауап кеші Радиотехника және байланыс колледжі студенттерімен өткізілді.
19.02.2014 15:16

Бұл шараға Семей қаласындағы Орталық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы Сапкина Л. қатысты.

Мақсаты: оқушыларды адам құқығымен таныстыру, құқықтану тарихына деген танымдық қызығушылықтарын дамыту.


6 7 8

Сұрақ-жауап кешінің басында кітапханашы: «Соңғы уақыттарда балалар құқығын қорғау мәселесі әртүрлі талқылаулардың, дөңгелек үстелдердің және семинар-кеңестердің өзекті тақырыптарының біріне айналып отыр. Себебі, өзінің болашағын ойлаған кез келген мемлекет ең алдымен адам ресурсының, оның ішінде жас өреннің құқықтық жағдайын айқындап алуы қажет. 1994 жылдың 8 маусымында Қазақстан Республикасы «Балалар құқығы туралы» Конвенцияға қосылып қана қоймай, өзге де нормативтік құқықтық актілермен баланың өз отбасында өмір сүруі мен тәрбиеленуі, өз ата-анасын білуі, ата-анасына қамқоршы болуы және олармен бірге тұру құқығын бекітті», - деп сөзін аяқтады.

Бұдан соң сөз кезегі сұрақ-жауап кешінің қонағына берілді. Ол 1989 жылғы 20 қарашадағы БҰҰ-ның «Балалар құқығы туралы» Конвенциясына сәйкес 18 жасқа толғанға дейін әрбір адамзат баласы кәмелеттік жасқа толмаған бала болып саналады және мемлекет әрбір баланың әлеуметтік жағдайына, нәсіліне, ұлтына, дініне, жынысына, тектік-топтық жағдайына, тіліне, оның ата-анасы мен заңды қамқоршыларына қарамастан барлық құқықтарын қамтамасыз етуі тиіс екендігін айтты. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері және олардың арасындағы құқық бұзушылық туралы айта келіп, кешке қатысушыларды қызықтырған: Адам құқығын қорғайтын заңдарды кімдер шығарады? Біздің елімізде балаларға қамқорлықты қандай ұйымдар жүргізеді? Оқуға құқық пен міндет дегенді қалай түсінуге болады? және т.б. көптеген сұрақтарға жауап берді.

Сұрақ-жауап кешінің соңы электронды тұсаукесер көрсетілімімен жалғасып, «Қазақстандағы адам құқығы» атты кітап көрмесіне қойылған кітаптар мен мерзімді басылымдарға библиографиялық шолу жасалды.

 
Қызмет көрсету саласы колледжінің 1-курс студенттерінің қатысуымен «Елбасы Жолдауы - елдің қамы» атты ақпарат сағаты №2 кітапхана-бөлімшесінде өткізілді.
19.02.2014 15:12

Мақсаты: Жолдауды жан-жақты талқылап, ой бөлісу, студенттерге Елбасының қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру, Жолдаудың негізгі 7 бағыттарын түсіндіру.

3 4 5

Кітапхана қызметкері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы туралы, Еліміз тәуелсіздік алып, ел болып есін жинап, жоғын жоқтап, барын базарлаған, асылын ардақтаған Ұлы елге айналғандығы туралы айтып кетті.

Жолдауды талқылауға қатысқан колледждің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Әмержанова Н.Т. студенттерге Елбасы Жолдауында көрсетілген бағыттарын орындап, жүзеге асыру туралы өз ойын қорытындылап, кітапхана қызметкерлеріне өзекті ақпарат бергендері үшін алғысын білдірді. Студенттер өз пікірлерімен бөлісті.

Ақпарат сағаты «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, Бір мүдде, Бір болашақ» атты кітап көрмесіне қойылған мерзімді басылымдар беттеріне библиографиялық шолумен аяқталды.

 
В новости 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына орай №2 кітапхана-бөлімшесінде Қызмет көрсету саласы колледжінің 2-курс студенттері, көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларының балаларына арналған интернаттың 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Ауғанстан – жүректегі жара» атты таным сағаты өткізілді.
15.02.2014 17:12

Таным сағаты Ауған соғысында қаза тапқан батыр ағаларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алумен басталды.

Бейбіт өмірде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген өрімдей жас жігіттер Ауған соғысында, қаншама жас қыршынан қиылып, мүгедек болып оралғаны жайында және олардың ерен ерліктері жайлы, жалпы Ауған соғысының қысқаша тарихына кітапханашы тоқталды.

Ауған соғысының ардагерлері Әбуев Әлібек Тілебалдыұлы, Идрісов Ерсін Әлібекұлы таным сағатынының қадірменді қонақтары болды. Ауған соғысы кезіндегі қазақстандық жауынгерлердің ерлігі, қажыр-қайраты, от пен оқтың ортасындағы жан кешті тағдыры, бөтен елде өздерінің ел алдындағы әскери борышын өткізгендіктері, жауынгерлер өздерінің бастарынан кешкен қиын да ұмытылмас күндерін еске алып, жастарға әңгімелеп берді. Бүгінгі жастарымыз ондай сұмдықты көрмесін, еліміздің бейбіт өмірінің әрбір сәтінен рух алып, келешектің мызғымас іргесін құруға атсалыссын, - деген тілектерін білдірді.


afganis1 afganis2 afganis3

Таным сағатында «Ауған соғысының қасіреті» атты слайд, «Алып шаһар» публицистикалық видеосы қатысушылар назарына ұсынылды.

«Ауған ақиқаты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, әдебиеттер мен мерзімді басылымдар беттері бойынша шолу жасалды.

 
Шүлбі кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде «Сыбайлас жемқорлық – бұл әлеуметтік қасірет» атты кітап көрмесінің тұсаукесері кітапхана оқырмандарына өткізілді.
12.02.2014 15:40
newasti2 newasti1

Көрмеге Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы әдебиеттер қойылды.

Мақсаты: оқырмандарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау туралы әдебиеттермен, ҚР-ның құқықтық құжаттарымен таныстырып, ақпарат беру, қоғам мен ел алдындағы жауапкершілік сезімін және өмірлік көзқарасын қалыптастыру.

Кітапханашы оқырмандарға кітап көрмесін таныстыра отырып, - сыбайлас жемқорлық ел экономикасының кез-келген дамуына үлкен қатер тудыратындығын түсіндірді. Жемқорлық дегеніміз – адалдық пен көргенділіктің жоқтығы, лауазымдық қызметін пайдаланып, әділетсіз жолмен пайда табу. Бұдан соң Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасы, оны орындаудың кезеңдері, кітап көрмесіне қойылған әдебиеттер жайында ақпарат беріп, сыбайлас жемқорлыққа байланысты мақал-мәтелдерге назар аудара отырып, олардың дөп айтылғандығын тілге тиек етті.

Сөз соңында кітапханашы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте барлығымыз біріге күш салып қолға алсақ қана келешегіміз жарқын болмақ, - деп шараны қорытындылады.

 
Балалар және жасөспірімдер кітапханасының оқу залында Көпсалалы колледж студенттерінің қатысуымен «Ауғаныстан - жүректе қалған із» атты кездесу кеші өтті
12.02.2014 15:35
dety1dety2 dety3

Ауған соғысының аяқталғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған кешке арнайы Ауған соғысының ардагері Есіркенов Амангелді Жұмаханұлы шақырылды.

Мақсаты: оқушыларды Ауған соғысының шығу себептері мен оған қатысқан қазақстандықтардың ерен ерліктерімен таныстыру. Оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Кеш ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді үнсіздікпен еске алудан басталды. Кітапханашы шара басында, Ауған соғысы туралы, оның адам баласына әкелген қасіреті туралы кеңінен айтып өтті: 1979 жылдың 25 желтоқсанынан 1989 жылдың 15 ақпаны, яғни 9 жылдан аса уақыт бойы кеңес әскерлері Ауған жерінде болған ұрыстарға қатысып, интернационалдық борыштарын өтеді. Бұл соғыстан қанша боздақтар оралмады. Қазақстаннан Ауған соғысына 22000-дай адам қатысып, көпшілігі қаза тауып, хабар-ошарсыз кетті. Отан үшін өз өмірлерін құрбан етіп ерліктің үлгісін көрсеткен қаһарман жауынгерлер есімі ұмытылмайды және ерлікті құрметтеу өскелең ұрпақтың міндеті деп ойын түйіндей келе, сөз кезегін кеш қонағы ардагер Есіркенов Амангелді Жұмаханұлына берді.

Амангелді Жұмаханұлы 1980-1982 жылдардағы Ауғанстандағы әскери міндетін өтеу кезеңі туралы әңгімелеп берді. Отты жылдардағы ерліктері, естеліктері туралы өте тартымды айтылды. Соңынан оқушылар Отан, Ауғанстан соғысы туралы өлеңдер оқып, ән тыңдады. Кітапханашылар тарапынан Ауғанстан туралы слайд-тұсаукесері, бейнефильм көрсетілді. Кешке арнайы безендірілген «Ауғанның от-жалыны» атты кітап көрмесі Ауғанстанға байланысты жазылған кітаптар, шығармалар, естеліктер мәңгілік алау қойылған ескерткіштер туралы жазылған мерзімді басылымдармен толықтырылып, оқырмандарға ұсынылды.

LAST_UPDATED2
 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL