Жаңалықтар
ОКЖ-не қарасты №6 кітапхана-бөлімшесінде "Қарттарым аман сау жүрші" атты кездесу кеші өтті
04.10.2012 23:36

Шараға кітапханың қарт оқырмандары шақырылды. Қонақтарды кітапханашылар "Все что в жизни есть у меня" атты әнімен күтіп алды.

Шараның мақсаты: жапырақ жайған бәйтеректей, айналаға жүрек жылуын шашып, мейірімділік пен бауырмалдықтың үлгісін танытып жүрген қарттарымызға құрмет көрсету, сыйлап тыңдай білу, үлгі-өнеге тұту.


SAM 3824 SAM 3827

 

Шара барысында қарттарға әр түрлі сұрақтар қойылып, жауаптар тыңдалды. Кеште қариялар өздерінің ең қызықты сәттерімен бөлісті.

«Супербабушка» атты конкурс ұйымдастырылды, ортаға батыл қарттарымыз шықырылды.

Конкурстың бірінші шарты "Собери портфель". Сайыстың шарты бойынша немересінің сабақ кестесіне қарап сабақ сөмкесін жинау керек, қонақтарымыз белсене қатысты.

Жастық шақтарына саяхат жасап, жас жеткіншектердің сұрақтарына барынша қызықты жауаптар берді.

Сонымен қатар шарада Петросян Степаненконың "қисық айна" деген видио ролигынан үзінді көрсетілді.

Кеш "Мы желаем счастья вам" өлеңімен аяқталды.


SAM 3829 SAM 3839
 
Қалалық орталық кітапханада Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты интерактивтік дәрісі бойынша талқылау өтті. Шараға Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.
02.10.2012 20:29

Шараның мақсаты: Елбасы дәрісін талқылау, интернационалистік, отан сүйгiштiк және толеранттық идеяларының негiзiнде жоғары зерделi, мәдениетті және рухани-адамгершiлiк қасиеті жоғары тұлға қалыптастыру, білімге жетелеу.

Ақпараттық-библиографиялық бөлімнің қызметкерлері Елбасы дәрісін талқылауға сұрақтар әзірледі, «Жастар және білім» атты тақырыпты көрме ұйымдастырды, көрмеге кітапхана қорында бар мерзімді басылымдар, кітаптар қатысушылар назарына ұсынды, «XXI ғасырдағы білім мен ғылым» тақырыбында библиографиялық шолу жасады.

DSCF2386Кітапханашы сөз барысында дәрістің маңыздылығын түсіндірді. Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты интерактивтік дәрісін online трансляция арқылы оқытушылар мен студенттер бір мезгілде тыңдаған еді. Президент Назарбаев Университетінде болып, студенттер алдында білім, ғылым, экономика және саясатта алда қандай жаңа міндеттер тұрғаны туралы өзінің ой-толғамдарымен бөлісті, - деп атап өтті.

«Университет жанынан Білім мектебі ашылды. Мұнда еліміздің болашағы, мемлекетіміздің жаңа зиялы қауымы өсіп келеді. Бизнес мектебі мен Мемлекеттік саясат мектебін ашу жоспарлануда. Біз қазір «Білім-ғылым-инновация» атты постиндустиралдық әлемге қарай бағыт алып барамыз,- деді Президент өз дәрісінде. Жастарды қоғам өміріне белсене қатысуға, жақсы оқуға, үнемі алдыңғы қатарда болуға шақырды.

Кітапханашы еліміздің болашағы – жастарға үлкен сенім артылып отырғандығын, сондықтан алдағы уақытта республикамыздың экономикасын өркендетуге өз үлестерін қосуға дайын болулары керек екендігін айтты.

Студенттер де өз тараптарынан мемлекет көшбасшысына өздерінің білім алып, тәжірибе жинақтауға барлық жағдайдың жасалып отырғаны үшін алғыстарын білдірді. «Біздің міндетіміз – оқу, университетті бітірген соң біз, еліміздің өркендеуі жолында еңбек етуге дайынбыз», - деп өздерінің тілек-ойларын жеткізді.

Елбасының еліміздің жастарын жан-жақты болуға, спортпен шұғылдануға, өнерлі болуға, шетел тілдерін меңгеруге, отандық және әлемдік әдеби мұраны терең білуге шақырған үндеуін бірауыздан мақұлдады.


DSCF2390 DSCF2392
 
Қалалық орталық кітапханада «22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер күні» мерекесіне орай «Кәнеки тілім сөйлеші» атты шешендік өнер сайысы өткізілді.
27.09.2012 20:28

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.

Тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы әр елдің мақтанышы, атадан балаға мирас болып қалған баға жатпес, мұра.

Иә, тіл – халықтың басты қасиетті байлығы болса, байлығымызды келешек ұрпаққа қалдыру, оның қасиетін білу мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті 1998 жылғы 22 қыркүйекті «Қазақстан халықтарының тілдері күні» деп жариялаған болатын.

Осы орайда қалалық орталық кітапханада «22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдер күні» мерекесіне орай «Кәнеки тілім сөйлеші» атты шешендік өнер сайысы радиотехника және байланыс колледжінің қатысуымен, Семей мемлекеттік педагогика институты, «НұрОтан» халықтық демократиялық партиясының «Жас Отан» жастар қанаты мүшелерімен бірлесіп өткізілді.

Көбірек ақпарат...
 
Қалалық орталық кітапханада «Кітапханалық-библиографиялық жұмыстағы жаңашылдық» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасы, қаламыздағы лицей, колледж кітапханаларының, орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашылары қатысты.
27.09.2012 20:19

Семинардың мақсаты:

кiтапханалардағы кiтапханалық қызмет көрсетудi дамытуды басқаруға кiтапханашылардың назарын аудару, демек инновацияны шебер енгiзе білу: ғылымның жетістіктерін iс жүзiнде қолданып, стратегиялық жоспарлау, маркетинг және жоба жұмысын кең қолдану;

дербес зерттеулер жүргізу, жаңа кiтапханалық - библиографиялық және ақпараттық технологияларды меңгеру;

Кiтапхана-бөлімшелерінің кiтапханашыларын кітапханалық қызмет көрсету орындарында негізгі ақпараттық материалдармен қамтамасыз ету.

Жұмыстың инновациялық түрлеріне ерекше назар аударылды.

Көбірек ақпарат...
 
«Ашық аспан астындағы оқу залы» акциясы аясында Орталық қалалық кітапханада Қазақстан халықтарының тілдері күніне арналған«Тіл- жаның, тіл – қаның, Тіл- арың, тіл – әнің» атты кеш өткізілді
27.09.2012 19:48

Кештің мақсаты: Қазақстанның мемлекеттік тілімен еліміздің жас азаматтарының еркін және тиімді меңгеруіне, тілді жетілдіруіне, оны әрі қарай белсенді қолдануды қалыптастыруда қажетті мүмкіндіктер жасау, дұрыс сөйлеп, сөз мағынасын зерделей білуіне де ықпал ету.

Елбасымыз Н.Назарбаев Әбішұлының 1998 жылы 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес «22 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне орай «Тіл- жаның, тіл – қаның, Тіл- арың, тіл – әнің» атты кеш өткізілді. Кешке ұлт жанашыры, тіл жанашырлары Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орынбасары Көпбаев Берік, Қазақстан Республикасының Жазушылар Одағының мүшесі, Семей қаласының, Абай ауданының құрметті азаматы, ақын, «Абай» журналының бас редакторы Мұратбек Оспанов, Семей қалалық «Нұр отан» ХДП- ның «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері және Радиотехника және байланыс колледжінің студенттері қатысты. Кешті кітапхана қызметкерлері «Тіл өнері дертпен тең», - деп тілдің қадір-қасиетін жете түсінген бабаларымыздың нақыл сөздерімен ашып, ұлттың асыл мұрасы – ана тілін құрметтей білуге шақырды.

LAST_UPDATED2
Көбірек ақпарат...
 
<< Бірінші < Алдыңғысы 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL