Жаңалықтар
№12 кітапхана-бөлімшесінде кітапхана оқырмандарының қатысуымен Абай күніне арналған «Абай мұрасы - ұрпаққа аманат» атты ақпараттық стенд өтті.
15.07.2026 15:24

Іс-шара барысында кітапханашы оқырмандарға Абай Құнанбайұлының өмір жолы, шығармашылығы және қазақ әдебиеті мен руханиятындағы ерекше орны туралы айтып, ақынның өлеңдері мен қара сөздерінің тәрбиелік мәні, адамгершілік, білім, еңбек және өнер туралы тағылымды ойларымен таныстырды.

Ақпараттық стендке Абайдың шығармалары, ақын туралы зерттеу еңбектері, энциклопедиялық басылымдар мен танымдық материалдар қойылып, оқырмандарға шолу жасалды.

Қатысушылар ақынның өлеңдері мен қара сөздерінен үзінділер оқып, олардың мазмұны жөнінде өз пікірлерімен бөлісті.

Сонымен қатар «Абай әлемі» атты танымдық сұрақ-жауап ұйымдастырылып, оқырмандар ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытты.

46 47
 
Цемент кентінің кітапхана-бөлімшесінде кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысуымен «Астана - болашақ қаласы» атты викторина ұйымдастырылды.
15.07.2026 15:16

Викторина бес кезеңнен тұрды: «Қазақстан - біздің Отанымыз», «Елорданың тарихы мен көшуі», «Сәулетті және көрікті жерлері», «Елорданың әкімшілік аудандары», «Астананың географиясы, табиғаты мен климаты».

Алғашқы кезеңде қатысушыларға Қазақстанның тарихы, мемлекеттік рәміздері мен мәдениетіне қатысты жалпы сұрақтар қойылды. Екінші кезеңде елорданың қалыптасу тарихына арналған сұрақтар ұсынылды. Оқырмандар «Қазақстан Республикасының астанасы қай жылы ресми түрде Алматыдан Ақмолаға көшірілді?», «Астана қаласы қай өзеннің жағасында орналасқан?» сияқты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті.

44 45

Викторина жалғасында қатысушылар елорданың сәулет өнері, көрікті орындары, әкімшілік аудандары, географиялық орналасуы, табиғаты мен климаты туралы білімдерін сынады.

Іс-шара соңында тақырыпқа сай кітап көрмесіне шолу жасалды.

 
№12 кітапхана-бөлімшесінде кітапхана оқырмандарының қатысуымен «Астанам - асқақ ордам!» атты фотогалерея өткізілді.
15.07.2026 15:13

Фотогалереяда еліміздің бас қаласының қалыптасу тарихы, сәулетті ғимараттары, заманауи архитектурасы мен көрікті орындары бейнеленген фотосуреттер ұсынылды. Келушілер Астананың қысқа мерзім ішінде қарқынды дамып, тәуелсіз Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени орталығына айналғаны туралы мағлұмат алды.

Шара барысында оқырмандар елорданың тарихы мен бүгінгі келбеті жайында өз пікірлерімен бөлісті.

42 43
 
Қалалық орталық кітапханада кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен «Астана – Қазақстан халқының тәуелсіздігі мен бірлігінің символы» атты ақпараттық досье өткізілді.
15.07.2026 14:51

Іс-шара барысында қатысушыларға Астананың тарихы мен бүгінгі келбетін бейнелейтін танымдық бейнеролик көрсетілді.

Әрі қарай қатысушылармен еркін форматта ой алмасу ұйымдастырылып, «Астана сіз үшін нені білдіреді?», «Елордамыздың қандай ерекше орындарын білесіздер?», «Болашақтағы Астананы қалай елестетесіздер?» деген сұрақтар төңірегінде пікірталас жүргізілді.

30 31
 
Жоламан кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде қітапхана оқырмандарының қатысуымен Астана күніне арналған «Астана - жастар қаласы» атты көрме-ақпарат өткізілді.
15.07.2026 14:34

Шара барысында «Астана - тәуелсіз Қазақстанның астанасы», «Елорда шежіресі», «Астана - болашақ қаласы» фотоальбомы, Қазақстан тарихына арналған басылымдар, елорданың көрікті орындары мен сәулеті туралы кітаптар, Астананың мәдени және қоғамдық өмірі туралы жарияланымдар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен жетістіктері туралы материалдар және энциклопедиялар, фотоальбомдар мен мерзімді басылымдар орналасқан көрмеге шолу жасалды.

24 25
 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL