Жаңалықтар
«Менің жаным поэзиямен бірге»
01.11.2013 15:58

№12 кітапхана-бөлімшесінің оқу залында қазақтың ақыны және жазушысы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 120-жылдығына арналған «Менің жаным поэзиямен бірге» атты ақпарат сағаты өткізілді. Шараға Еуразиялық техникалық-гуманитарлық колледжінің   студенттері қатысты.

            Кіріспе бөлімінде тыңдаушылар әдебиет және қоғам қайраткері, жалынды революционер-демократ жазушының өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстырылды.

            Жазушының шығармашылығындағы негізгі тақырыбы – шындыққа көз жеткізу, алашорда қозғалысы өкілдерін елге таныту, қоғамдағы әділетсіздік пен байлық пен кедейліктің теке-тіресін, мақсатын көрсету. Өз шығармаларында ақын бірінші орынға білімді, мәдениетті, сауаттылықты қойды. Сұлтанмахмұт болашақта қазақ елі 30-40 жылда білім мен мәдениеттен Еуропа елдерінің қатарына қосылады деп армандады.

            Іс-шараның негізгі бөлімінде студенттерді жалынды ақынның өлеңдерімен таныстырып өтті. Оның өлеңдерінің негізгі тақырыбы – болашаққа сенім, әділдік және социалистік тұрғыдан алдағы өмірге зор үмітпен қарау. Сондай-ақ Торайғыровтың лирикасы азаматшыл, туған халқының өміріне арналған. Ақын өлеңдерінде ауыл өмірін, қазақ халқының тәуелсіздігі жолындағы күресін, байлардың, молдалардың, болыстардың сатқындығын суреттейді. «Социализм», «Неге жасаймын?», «Адасқан өмір», «Дауылда» атты өлеңдерінде өзінің философиялық көзқарасын, пікірін алға тартады. Оз шығармаларында Торайғыров Руссо мен Толстойдың, марксистердің шығармаларына меңзеп, өзінің демократтық пікірлерін алға тартады.

            Іс-шара бойы ақынның халқына деген ерекше махаббатын, әлеуметтік әділдікті жырлайтын, жалынды өлеңдері оқылды. Ол өмір шындығын Абай үлгісінде бейнеледі. Сыншыл көзбен қарады. Өйткені өмірді жақсарту мен адамды түзеу, ең алдымен ондағы кемшіліктерді әшкерелеу, сын тұрғысынан бағалап, одан арылудың жолын іздеуден басталады.

            Торайғыровтың атымен әлеуметтік-философиялық өлең жанрының басталуы ғана емес, сонымен қатар көркем прозаның туу, қалыптасу кезеңінің бастауы, қазақ даласындағы өзгерістер, қазақ әдебиетінің даму саласынан елеулі орын алуы тығыз байланысты.

            Іс-шарада біздің кітапхананың белсенді оқырмандары: Абенов Жасұлан, Базарбекова Ажар, Жақсылықова Айжан, Кажнурова Балнұр Торайғыровтың өлеңдерін, поэмаларын оқыды. Осы шараға арнап «Оның өлеңдерінің даңқы өшпес...» атты ақынның шығармаларынан ашық көрме ұйымдастырылды.

sdfdsf
 
«Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ»
01.11.2013 15:49

            №12 кітапхана-бөлімшесінің оқу залында «Дені сау ұрпақ - жарқын болашақ» атты маман қеңесі өткізілді. Шараға Еуразиялық техникалық-гуманитарлық колледжінің студенттері қатысты.

         Мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, жаман әдеттерден аулақ болуға зор мән беру.             Кітапханашы жас кезден бастап салауатты өмір салтын сақтауға, ол үшін біздің елімізде үлкен мән беріліп, көптеген спорт кешендері ашылып жатқандығы туралы айтып өтті.

            Кездесуге арнайы келген маман дәрігер З.Б.Сальменбаева және «Жас Асыл» денсаулық жастар кешенінің психологі М.Н.Сапаргалиеваға сөз берілді. Олар адамның денсаулығы кандай себептермен бағаланатынын, арақ пен темекінің зияндары туралы айтты. Артынан ішімдіктердің адам ағзасын қалай әсер ететіні туралы деректі фильм көрсетілді. Іс-шараға қатысушылардын барлығына буклеттер мен плакаттар, берілген тақырыпқа арналған кітапшалар таратылды.

vbfd dfgdf


LAST_UPDATED2
 
Қазақстан футболының бір ғасырлық мерекесін тойлау күндері Семей қаласының Қалалық орталық кітапханасы мен Қарағанды қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері бірлесіп ұйымдастырған «Қазақстан футболының тарихы» атты онлайн-конференция айтулы оқиға болды.
04.10.2013 09:50
1 2

3

Онлайн - конференцияға Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің профессоры, Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері, өлкетанушы-тарихшы Өмірзақ Сұлтанов, ақын, абайтанушы-ғалым, ҚР журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, аудармашы Сұлтанбеков Мұрат, Татар қоғамдық-мәдени орталығы мұражайының қызметкері Файзуллин Шаукат, «Ярыш» футбол командасының капитаны Юнус Нигматуллиннің туысы Рамиса Нигмати, қаламыздағы өлкетану қоғамының өкілі, өлкетанушы-тарихшы Жуков Павел Николаевич, Қазақстан футболының 100 жылдығына арнайы жасалған эмблеманың авторы Чукеева Динара, қаламыздағы Жастар орталығының өкілі Коновалова Гюзалия және т.б. қонақтар қатысты.

 

4 5

 

        

Шара барысында Семейдегі алғашқы футбол ойынының қалыптасу кезі? Жалпы Семей футболы қалай басталды? Қазақ футболының заңғар жазушы Мұхтар Әуезов есімімен байланыстылығы, «Ярыш» командасы, «Ярыш» эмблемасы, сонымен қатар басқа да футбол командалары, олардың ойыншылары, футбол ардагерлері және т.б. көптеген сұрақтар төңірегінде қарағандылықтар кеңінен жауаптар алды.

            Германияның Бонн қаласынан арнайы осы айтулы мерейтойға келген Юнус Нигматуллиннің немере қарындасы Рамиса Нигмати өзінің «Разноликая жизнь», «В потоке созидания» атты өлең жинақтарын сыйға тартты.

            Онлайн-кездесу кезінде кезінде Қарағандылық «Шахтер» футбол командасының ардагерлері мен ойыншылары да өз пікірлерімен бөлісіп, әріптестердің қойған сұрақтарына жауап берді.

            Шара соңында кітапхана қызметкерлері онлайн-конференцияның қонақтарына алғыстарын айтып, естелік ретінде шағын сыйлықтарын табыстап, шығармашылық табыстар тілей отыра болашақта да бірлескен қызметтестікке шақырылды.

 

 
Тілді дамыту - мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Сондықтан бұл мәселеге елімізде әрдайым аса үлкен назар аударылады. Осы мәселені талқылауға арналған «Жасай бер қазақ тілім - ана тілім» атты диспут Қалалық орталық кітапханада өтті.
02.10.2013 10:53

Оған Гуманитарлық-экономикалық колледж, Көпсалалы колледж, Радиотехника және байланыс колледжінің студенттері қатысып, мемлекеттік тілді дамыту, оның қазақстандық қоғамда кең таралуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өз ойларымен бөлісті.

            Іс-шараның мақсаты: Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ тіліндегі дебат ойындарын жандандыру. Бүгінгі қазақ тіліне құрметпен, жауапкершілікпен қарау. Ана тілін сүюге, ардақтауға, қадірлеуге және тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсінуге шақыру.

            Диспут барысында әртүрлі пікірлер айтылды. Көпсалалы колледж студенті Иманбаева мемлекеттік тілді жетілдіру - ұлт болашағының, ұлт болып қалыптастырудың кепілі және қазақ тілі мемлекеттік тіл болғандықтан бұған басымдық беріп, айрықша көңіл бөліп, қолданыс аясын кеңейтіп, өрістететін шараларды іске асыруды жеделдету керектігі туралы айтса, Радиотехника және байланыс колледж студенті Икмбаев Нуржан, әрбір адам, әрбір маман, әрбір азамат, барлығы бірігіп мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеруге септіктерін тигізу міндетті деген ойын айтып ашық жеткізді.

            Диспутқа қатысушы студент оқырмандар қызу белсенділік танытып өз ойларын білдірді. Іс – шара қорытындысы бойынша біздің ұлт болып қалыптасуымыздың ең басты шарттарының бірі елімізде тұрып жатқан әр азаматтың қазақ тіліне құрметпен, жауапкершілікпен қарап, оның дамуына өз үлесін қосу керек деген жастар ортақ ойларын айтты. Іс-шарада «Тіл – ұлттың жаны, халықтың үні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.



14 15


 
Қазіргі таңдағы жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі – кітапханалар болғандықтан жыл сайын қыркүйек айында Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Ашық есік күндерін» өткізу игі дәстүрге айналған.
24.09.2013 14:31

ХХI ғасыр - мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Ал бар білімнің қайнар көзі - Кітапхана. Ертеңі бар елдің жастарын өркениет әлеміне бастап жол көрсету, мәдениет көшінен қалдырмай жағдай жасау, ақпаратқа қол жетімділігін арттыру мақсатында өткізілетін «Ашық есік күні» аясында өткізілетін шаралар барысында оқырман қауымды кітапхана тарихымен таныстырып, кітапхананың бүгінгі таңда маңызы зор екендігі айтылды.

         Сонымен қатар кітапхана пайдаланушыларына анықтамалық-библиографиялық аппаратпен және мерзімді басылымдармен қалай жұмыс істеу керектігі туралы толық мәлімет берілді.

         Оқырмандардың сұраныстарына орай кітап қорына келіп түскен қазақ және орыс тіліндегі жаңа әдебиеттерге «Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» атты көрме Қалалық орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінде ұйымдастырылып, кітапқа деген қызығушылықтарын арттырды.

            Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Кітапхана білімпаздар мекені» атты кітапханаға саяхат өткізілді. Оған қаламыздың Қайнар колледжі, №17, 16, 6, 28,   мектептерінің 2-8 сынып аралығындағы оқушылар сонымен қатар «Қуаныш» балабақшасының «Балдәурен» тобы қатысты.

 

 

654 52654 645465
231 987987 6456465

 

         

Экскурсияға келген жас оқырмандарымызды кітапхана қызметкерлері алдымен кітапхананың тарихымен таныстырып, слайд арқылы «Библиорандеву» көрсете отырып, кітапхананың бөлімдерімен және осы кітапханадағы клубтармен, үйірмелермен таныстырды. Сондай-ақ мерзімді басылымдарға, жаңадан келген кітаптарға библиографиялық шолу жасалып, кітапхана ережесімен таныстыратын буклеттер таратылды.

 

         №12 кітапхана-бөлімшесінің оқу залында «Кітапхананың анықтама -библиографиялық аппараты» атты кітапханалық сабақ болды. Оған Көпсалалы колледждің 1 курс студенттері қатысты.

 

         Мақсаты: үйрету барысында, кітапханалық-библиографиялық жіктеумен, кітапхананың анықтама-библиографиялық аппаратымен таныстыру. Оқырмандарды өз бетінше ақпараттарды іздеп табуға дағдыландыру. Кітапханашы анықтама-библиографиялық аппаратының маңыздылығымен таныстырды. Каталогпен қалай жұмыс істеп, жылдам әрі дұрыс кітап табуды үйретті. Картотекалармен, оның түрлерімен таныстырды. Кітап туралы барлық мағлұматтарды, мұқаба бетіндегі жазылған барлық мәліметтерді кітап карточкасында табуға болатынын көрсетті. Каталогтың түрлерімен танысқаннан

       

64654 45654654

 

       

кейін, оларға мысал ретінде белгілі бір кітапты қалай табу керектігін көрсетті.

 

         Екінші бөлімінде «Кітап әлемінде» атты интеллектуалды ойын ойнатылды. Сондай-ақ «Кітап адамның досы» деген сұрақ-жауапта кітапқа, оның түрлеріне, мазмұнына арналған сұрақтар қойылды. Студентер каталогпен жұмыс істеу туралы өздеріне қажетті мағлұматтарды алды.

 

        Цемент кентінде орналасқан кітапхана-бөлімшесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен осы іс-шара аясында «Кітапхана - білімпаздар ордасы» атты кітап керуені №32 мектептің 1«А», «Ә» сынып оқушылары №10 мектептің 9 «Б» сынып оқушыларымен өткізілді.

 

6545646787 65456465 64654654

 

           

Мақсаты: Оқырмандарды кітапханаға тартып, тығыз байланыста болу және олардың кітапқа деген сүйіспеншіліктерін ояту.

 

         Іс-шара барысында кітапханашылар кітапхана ережесімен, кітап қорымен, қызмет түрлерімен таныстырды. Балалардың ой – өрісін кеңейту мақсатында әр түрлі викториналық сұрақтар қойылып, жұмбақтар жасырылды.

 

         Жаһандану ғасырында ұлттық мәдениетті сақтап қалу, ұлттық тілді дамыту, Отанын шексіз сүйетін патриоттарды тәрбиелеуге, олардың білімдерін жетілдіруде, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануын ұштастыруда кітапханаларымыз алдағы уақытта да мағыналы да қызықты шаралар ұйымдастыра бермек.


LAST_UPDATED2
 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL