Жаңалықтар
20.11.2013 10:46

Қазақстан тұрақтылық пен татулықтың ордасы. Елімізде ұлтаралық татулықтың негізін құрайтын, қазақ халқының саяси мәдениетінің биік деңгейі толеранттылық – үлкен құндылық екенін жас ұрпаққа жаңғырту мақсатында Қалалық орталық кітапхананың оқу залы бөлімінде «Төзімділік төрге оздырады» атты тарихи сабақ Шәкәрім атындағы колледж студенттерімен өткізілді.

            Мақсаты: Жас ұрпаққа толерант жайында түсініктеме беру, толеранттылық негіздері бойынша жеке тұлға қалыптастыру.

            Іс - шара барысында кітапхана қызметкері қоғамда болып жатқан түрлі жағдайларға байланысты оған енді «толерантты ел» деген сөздің қандай мағынаны білдіретіндігі, толеранттылық ұғымның баламасына орай төзімділік, шыдамдылық, сабырлылық, саяси мәдениеті деңгейінің айқын көрсеткіші екендігін және бүгінгі күні әлеуметтік және рухани дамудың маңызды шартына айналғаны   жөнінде айтып өтті.

            Сонымен қатар мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Астана төрінде әлемдік дінбасылардың құрылтайын өткізіп, бейбіт өмір тыныштығын сақтау мәселелері төңірегінде қаншама атқарып жатқан қызметтерін   слайд арқылы көрсете отырып, еркін елдегі әрбір азамат білімді терең игеруі арқылы мақсатқа жететіндігін дәлелдей түсті.                     

            Оқырмандар тарихи сабақтан: «Толеранттылық біздің халқымыздың күнделікті өмірінің дағдысына, дәстүріне айналуы керек» - деген ой – пікілерін ортаға салды. Тарихи сабақ соңында «Толеранттылық – тарих тағлымы» атты ұйымдастырылған кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

 
Сыбайлас жемқорлық - қоғамның өзекті мәселесі
20.11.2013 10:29

            № 2 кітапхана-бөлімшесінде № 20 орта мектептің 10 сынып оқушылары мен «Нұр Отан» партиясының сараптау бөлімінің басшысы Жақымбаев Мұратқан Қожатайұлының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық - қоғамның өзекті мәселесі» атты ақпарат сағаты өткізілді.

            «Нұр Отан» партиясының сараптау бөлімінің басшысы Жақымбаев Мұратқан Қожатайұлы жемқорлық туралы еліміз өз тәуелсіздігін жариялағаннан бастап алғашқы күннен-ақ мықтап қолға алған қым-қуат шаруаның ең бірегейі де, бастыларының бірі де осы сыбайлас жемкорлық үрдісімен күрес туралы, Президент Н.Ә.Назарбаев егемендігіміздің елең-алаңында-ақ бұл кеселді дертті болдырмаудың амалын қарастыру, оны түп тамырымен жою жөнінде нақты тапсырмалар мен ұсыныстар айтқаны жайлы әңгімеледі.

            Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық талай мемлекеттерде үлкен қауіп туғызатын құбылыс. Экономикалық-саяси шолушылардың айтуы бойынша Қазақстанда осы қылмыс кең таралған. Жемқорлық іс-әрекеттер қоғамның барлық саласында бар екенін талай ірі мерзімді басылымдар беттерінен, ғаламтордан, теледидардан   азаматтар ақпаратты алуда. Сондықтан, Елбасымыз сыбайлас-жемқорлықты жою үшін бірталай заңдарға өзгерістерді енгізуді ұсыныс жасаған.

       Шараға қатысқан оқырмандар жемқорлық тақырыбы бойынша өз ойларын ортаға салды. Бүгінгі күні әр азамат осы қылмыстан зардап шегуде, өйткені берген паралардың мөлшерін әрбір өндіруші шығарған тауардың немесе көрсетіп жатқан қызметтерінің бағасына кіргізеді. Жастардың ойлары бойынша, жемқорлықпен бүкіл халық болып белсенді күресу керек. Интеллектуалдық тақта арқылы жемқорлық тақырыбы бойынша электронды тұсаукесер, бейнеролик көрсетілді.

Ақпарат сағатының соңында «Сыбайлас жемқорлық-қоғамның өзекті мәселесі» атты тақырыптық   көрмеге шолу жасалды.

hfghgf hjkjh
 
В библиотеке-филиале №6 ЦБС для студентов музыкального училища им М. Толеубаева был проведен информационный час на тему «ЭКСПО -2017: Энергия будущего».
13.11.2013 14:42
There are no translations available.

      Цель данного мероприятия: познакомить студентов с достижениями Казахстана, развить у студентов чувство патриотизма и гордость за свою страну.

      Библиотекарь рассказала слушателям что, столица Казахстана - Астана, избрана местом проведения международной специализированной выставки ЭКСПО в 2017 году. Тайное голосование стран-участниц Международного бюро выставок (МБВ) состоялось в Париже в ходе заседания 152-й сессии генеральной ассамблеи МБВ. Астана набрала 103 голоса из 161. Тема «Энергия будущего», предложенная Казахстаном обусловлена тем, что обладая значительными запасами традиционных энергоресурсов, наша страна последовательно принимает меры по использованию альтернативных источников энергии и взяла курс на построение «зеленой» экономики. Столица Казахстана была признана соответствующей высоким требованиям для организации выставки «ЭКСПО». Современный город, обладающий динамичной и комфортной средой для бизнеса и проживания, уже имеет опыт проведения крупных международных мероприятий, включая Саммит ОБСЕ и Зимние Азиатские игры. Кроме того, для проведения «ЭКСПО - 2017» будет создана дополнительная инфраструктура.

           Учащиеся поделились своим мыслями и предположениями об ожидании пользы от тех новых технологий в области энергетики, которую наша страна приобретет в связи с проведением выставки «ЭКСПО - 2017». Информационный час завершился обзором литературы, представленной на выставке: «Строительство века - «ЭКСПО - 2017».

 

7111 7112

 

 
«БІЗ ӘРҚАШАН БІРГЕМІЗ: МЕН ЖӘНЕ КІТАПХАНА»
05.11.2013 16:33

Кітапхана – оқырман мен кітап арасындағы негізгі алтын көпір десек, ал кітапханашы - кітапхана тірлігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы екені даусыз. Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір-ақ ауыз сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Кітапханашылар - жұрт көп біле бермесе де, көп елемесе де оқырмандарға қажетті ақпараттың тиімдісін беріп отырған, эстетикалық талғамы бай, ойы зерек, қиялы жүйрік, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдаған, дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп қызмет атқарып жүрген, қасиетті қазыналарымызды көзінің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген ең қажетті мамандық иелері десек артық айтқандық болмас.

            Осынау абыройлы мамандық иелерінің арасында Дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімінің ұйымдастыруымен «Біз әрқашан біргеміз: Мен және Кітапхана» атты кітапханалық шоу байқауы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің жас мамандары арасында өткізілді. Бұл сайысқа қатысуға кітапханалық жұмыс өтілі аз жас мамандар таңдалып алынды, яғни олар білім деңгейіне, жасына, лауазымына қарамастан өздерінің кәсіби білімдерін, шеберліктерін және өнерлерін ортаға салды.

           

            Кітапханалық шоудың басты мақсаты жас мамандарымыздың шығармашылық жетістіктерін айқындау, жұмыстың жаңа түрлері мен әдістерін енгізуге ықпал ету, ұжымда позитивті жұмыс дәстүрін қалыптастыру, кітапхана мен оның қызметкерлерінің имиджін нығайту болды.

            Шара жүргізушілері байқау шымылдығын салтанатты түрде ашып, сайыскерлер мен шоу қонақтарын таныстырып өтті. Осыдан кейін-ақ:

  • Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы - Байғазинова Фарида Жақанқызы;
  • Республикалық ғылыми-техникалық кітапханасы оқу залының меңгерушісі Тулеуканова Гульфира Қаңтарбайқызы;
  • Инновациялық-технологиялық колледж кітапханасының меңгерушісі - Қуанбаева Роза Сәбиқызы әділқазылық еткен тартысты байқау басталып та кетті.

            Кітапханалық шоудың бағдарламасында әртүрлі викториналар мен тестілер болды. Жас кітапханашылар 9 бөлім бойынша күш сынасты. Олар:

è Сәулем, айнам, жарқыным,

            Айтып берші, айт шынын!             - визитка (таныстыру);

è Кітапхана – мақтанышым,

            Кітапханашы – мамандығым - кітапхана мен мамандықты жарнамалау;

è Күздің кәделі сыйлығы - дизайнерлік өнер сайысы;

è Есімдер калейдоскопы - әдеби құпия;

è Өзім-өзіме шебермін - психологиялық тест;

è Кітапханалық лото - кәсіби турнир;

è Білу сенің міндетің,

            КБЖ-нің негізін! - кітапханалық-библиографиялық жіктеу-викторинасы;

è Сен сұлу – экспромт-дефиле;

è Балалық шақ ертегілері – викторина-мүмкіндік.

Кітап жанашырлары өздерінің жан-жақты дайындықпен келгендерін дәлелдеп бақты. Сайыскерлер әртүрлі ән-би орындап, өлеңдер оқып және әзіл-шыны аралас қойылымдар арқылы өздерінің шығармашылықтарын көрсете білді.

«Жарнама – өте қызықты пән», - деп жарнама туралы танымал кітапта айтылғандай - оқырмандарды кітапхана туралы, оның қызметтері жайындағы ақпараттармен уақытында таныстыру, көкейкесті кітаптар мен мәселелер жайында оқырмандармен бөлісу, олардың ықыласын кітапханаға бұру – осының барлығы жарнаманың көмегімен жасалады. «Кітапхана – мақтанышым, Кітапханашы – мамандығым» атты кітапхана мен мамандықты жарнамалау сайысы қызықты әрі ұмытылмастай тартымды өтті.

Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қарап біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.
– деп, келесі «Сен сұлу» атты экспромт-дефиле байқауында қыздар өз жанкүйерлерінің ішінен бір көмекші шақырып сән үлгісін көрсетті. Мұнда әр сайыскердің қолына 3 байлауыштан таратылып, олар 3 минут ішінде көмекшісімен бірге осы байлауыштардан сәнді де үйлесімді бір киім ойлап шығарып, оның ерекшеліктері мен ыңғайлылығы, қайда киіп баруға болатынын 1-2 ауыз сөзбен түсіндіріп өтті. Бұл байқауда қатысушылардың қиялдары мен шығармашылық шешімдері, шеберліктері бағаланды.

Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді,

- дей отырып, «Күздің кәделі сыйлығы» атты дизайнерлік өнер сайысына кезек берілді. Бұл сайыста байқауға қатысушылар   берекелі алтын күздің бізге берген мол табиғи материалдарынан, яғни жапырақтардан, астық дақылдарынан және т.б. сол сияқты заттардан   үйде дайындап әкелген әдемі бұйымдардың жасалу жолы, оның мағынасы   жайында 2 минут ішінде ауызша әңгімелеп берді. Бұл жұмыстардың атаулары да күздің қайталанбас бояуларымен нақышталғандай: «Ормандағы алаңқай», «Күзгі көңіл-күй», «Күзгі гүл шоғы», «Күзгі миниатюра», «Күзгі кезең», «Білім бәйтерегі», «Күздің назы шын жүректен».

            «Балалық шақ ертегілері» атты мүмкіндік-викторинасында қатысушылар сурет артында жасырылған танымал ертегі кейіпкерлерін табу арқылы өздерінің нәтижелерін біршама жақсартты.

            Аталған сайыстардың барлығы көңіл-көтеру және сергіту бөлімдері болса, кәсіптік байқауларда да ОКЖ кітапханашылары өте жақсы нәтиже көрсетіп, өздерінің осындай қарапайым, елене бермейтін, бірақ өте қажет кітапханашы мамандығының иелері екендігін дәлелдеді.

            «Кітапханалық лото» атты кәсіби турнирде мамандар кәсіптік терминдерді жақсы деңгейде білетіндіктерін көрсетті. Ал «Есімдер калейдоскопы» атты әдеби құпия сайысында қатысушылар қазақ, орысжәне шетел классиктерін өте жақсы білетіндіктерін байқатты.

      «Білу сенің міндетің,

            КБЖ-нің негізін!» – атты кітапханалық-библиографиялық жіктеу - викторинасы арқылы сайыскерлердің кітапхана ісінің негізі болып табылатын Кітапханалық-библиографиялық жіктеуді қаншалықты білетіндері сынға алынды.

            Өздерінің әріптестері мен таныстарын қолдау үшін келген жанкүйер көрермендер осы еліктіргіш шараның белсенді шығармашылық бөлігі болды. Олар өздерінің эмоцияларын жасырмай кітапханалық шоу сайыскерлерінің әрқайсысын ду қол шапалақпен қарсы алып, ұрандап, қолдап-қолпаштап отырды.

            Әділ қазылар алқасы байқау қатысушыларының кәсіби құзырының деңгейін, шешендік шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін және берілген тапсырманы көрнекті түрде бейнелеп жеткізе білуін бағалады. Жеті қатысушылардың барлығына номинациялар, мақтау қағаздары мен ескерткіш сыйлықтар тапсырылды.

            Сонымен байқау қорытындысы бойынша бас жүлде - «Үздік кітапханашы» атағын Маркетинг және әлеуметтік-мәдени жобалар бөлімінің жас маманы Нұрғожинова Гүлмира жеңіп алды.

            Әділқазылар алқасының пікірі бойынша «Көп оқитын кітапханашы» номинациясына №2 кітапхана-бөлімшесінің маманы Алпысбаева Гүлнар лайық деп танылды.

            Ал «Ақылды кітапханашы» номинациясы №12 кітапхана-бөлімшесінің қызметкері Куспанова Фаридаға берілді.

            Әділқазылар алқасының мүшелері №6 кітапхана-бөлімшесінің ең жас маманы Ахтанова Инешті «Адал кітапханашы» номинациясымен марапаттады.

            Әділқазылар алқасы мүшелерінің шешімі бойынша Қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Нұрланбекова Жанна «Тапқыр кітапханашы» болып танылды.

            Балалар және жасөспірімдер кітапханасының маманы Мырзағожинова Айнұр ерекше сәнді көйлек пен «Күздің кәделі сыйлығын» шеберлікпен безендіргені үшін «Өнерлі кітапханашы» номинациясына ие болды.

            «Жанашыр кітапханашы» номинациясын Мирный кентіндегі кітапхана-бөлімшесінің қызметкері Умерханова Раушанға тапсырылды.

            Әділқазылар алқасының мүшелері Байғазинова Фарида Жақанқызы, Тулеуканова Гүлфира Қаңтарбайқызы және Қуанбаева Роза Сәбиқызы ОКЖ қызметкерлерін байқауды ұйымдастырудағы атқарылған үлкен еңбектері үшін алғыстарын білдіріп, сайыскерлерді жеңістерімен құттықтап, шығармашылық табыстар тіледі.

            Кітапханалық шоу соңында ОКЖ қызметкерлері байқауға қатысушыларды құттықтай отыра, осы шара туралы пікірлері мен ұсыныстарын айтып, оны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Әрине, мұндай шараларды өткізу мамандардың біліктілігін көтеруде маңызы зор екенін құптаған әріптестер көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.

 

 

biblioteka skazki DSCN1934 DSCN1800
loto moda DSCN1853 DSCN1892
12345 bbk viktorina DSCN1820 DSCN1876


 

 


 
«ЭКСПО-2017 Қазақстанның басты стратегиялық Жобасы»
01.11.2013 16:04

«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу, онда да жаһандық деңгейдегі шараны табысты атқару тәуелсіз Қазақстанның елдігін танытатын үлкен сынақ десек артық айтқандық емес. Астананың осынау бәсекелі бәйгеге «Болашақ энергиясы» атты тақырыппен түсіп, сол арқылы жүйрік шығуы да елдік жауапкершілікті онан сайын арттыра түсетіні сөзсіз. Өйткені, бүгінгі таңда әлем елдері жаһандық энергетикалық қауіпсіздік мәселесіне ерекше ден қойып келеді. Энергетикалық қатер ауқымы кеңейіп қана қоймай, дүниежүзілік деңгей бойынша энергияның тапшылығы да барынша айқын сезіле бастады. Ендеше адамзатты алаңдатып отырған әлемдік проблеманы шешуге қатысты дүниелердің баршасы терең ынта мен үлкен назарды өзіне аударатыны сөзсіз.

            Осы тұрғыда Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «ЭКСПО-2017 Қазақстанның басты стратегиялық Жобасы» атты ақпарат күні қаламыздағы педагогика колледжінің студенттерімен өткізілді. Мәдени шарада көрме кешенінің елорданың көрме нысандары мен инфрақұрылымы құрылысына елеулі көлемде жеке инвестициялар тартуға, оларға қызмет көрсетуге ондаған мың жұмыс орындарын құруға, ішкі туризмді дамытуға және елге шетелдік туристер ағынын ұлғайтуға, Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік ресурстарын шоғырландыруға мүмкіндік беретіні айтылды.

            Көрме әлемді қазақстандықтардың көпұлтты мәдениетімен, ежелгі тарихымен, өнерімен, дәстүрлерімен, қонақжайлылығымен таныстырады, әлемдік қоғамдастықтың алдында Қазақстанның туристік тартымдылығын және танымалдығын арттыратыны сөзсіз.

            Сондай-ақ кітапхананың оқу залында оқырмандарға арналған «ЭКСПО – 2017» – болашақтың энергиясы» тақырыбында мерзімді басылымдардан кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға библиографиялық шолу өткізілді.

            Түйіндей айтқанда, елорда «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі инфрақұрылымдық жобалардан бастап, қолға алынатын құрылыстың баршасы Бас қаланың құрамдас бөлігі болып қала берері анық.

 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL