Жаңалықтар
Балалар және жасөспірімдер кітапханасының оқу залында №34 мектептің 8 сынып оқушыларымен «Еліміздің басты мерекесі - Тәуелсіздік» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өтті.
15.12.2013 00:00

 

1Мақсаты: патриоттық тәрбие беру, Желтоқсан құрбандары болған жастардың өмірі және қайсарлығы туралы ақпарат беру.

Кітапхана қызметкері кітап көрмесін ұйымдастырудағы басты мақсат пен міндеттерді айта келе, осы көрмеге қойылған әдебиеттердің әрқайсысын оқырмандарға таныстырып өтті.

1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі кезінде ерекше есте қалған оқиғаларды саралар болсақ, ең алдымен ерлермен қатар қазақ қыздарының қайсарлығы таңқалдырады. Кітап көрмесінде желтоқсаннан бастау алып, тәуелсіздігімізбен жалғасқан еліміздің, халқымыздың тарихынан сыр шертетін әдебиеттер жайында, 1986 жылғы Алматы қаласындағы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан қазақ қыздарының қайсарлығы туралы жазушы Болатбек Төлепбергеннің «Желтоқсан қарлығаштары» публицистикалық кітабына оқырмандардың назарын аударып, ерекше тоқталып өтті.

Аталған кітапта Желтоқсан көтерілісінің тұтануына түрткі болған жайттардан бастап, желтоқсандық қаһарман қыздардың естеліктері берілген. Кітапханашы бұл кітаптың 4 бөлімнен тұратындығын айтып, әр бөлімімен жеке таныстырды.

1- бөлім:

Ұлт азаттық күрестерден Желтоқсан көтерілісіне дейін

Бұл бөлімде Желтоқсан көтерілісінінің тұтануына түрткі болған жайттар мен кеңестік тоталитарлық жүйеге қарсы жүргізілген жастардың ұлт-азаттық күрестері сарапталады. Қазақтың қыздарының қайсарлығы, өжеттілігі, жігіттермен қатар көрсеткен ер мінезділігі айтылады. Бұл тағылым- мәңгілікке тағзым етер бүгінгі ұрпаққа үлгі, болашаққа бағдар.

2- бөлім:

Желтоқсан, қыздар, тағдырлар.

Аталмыш бөлімде Желтоқсанда ерлік пен елдіктің үлгісін көтерген қазақ қыздарының жұртшылыққа таныс та бейтаныс қырлары ашылған. Ол - Желтоқсан шырғалаңында жазықсыз сотқа тартылып, отқа түскен, жігіттерінің артынан іздеп барып, түрменің кермек дәмін бірге татысып, некелерін тар қапаста қиған қазақ қыздарының тағдыры, асқақ рухы.

3- бөлім:

Желтоқсандық қыздар естелігі елдің сырын шертеді

Үшінші бөлімде Желтоқсанның суық ызғарына шалдығып, ажал құшқан қыршын тағдырлар жайында сыр шертіліп, жазықсыз жала жабылып, түрменің кермек дәмін татқан қайсар қыздардың естеліктері беріледі.

4- бөлім:

Қаһарман қыздар қайда жүр?

Бұл бөлімде ерлік пен елдіктің белгісі іспетті желтоқсанда азаматтық ұстанымына адалдық танытқан, мейлінше таныс та бейтаныс қаһарман қыздар есімін нақты айғақты құжаттар арқылы атап көрсетілген. Нақты деректер мен құжаттарға негізделген желтоқсандық қаһарман қыздардың аты-жөндері мен сол кездегі іс-әрекеттері өзек болған тізімдер жарияланған.

Көңіл қойып тыңдаған қонақтарымызға зор алғыс білдіріп, мәдени шара «Желтоқсан желі» бейнебаянымен аяқталды.

2

LAST_UPDATED2
 
Қалалық орталық кітапханасының қызмет көрсету бөлімінде «СПИД-ауруының қоғамға әсері» атты мамандармен кездесу кеші Гуманитарлық-экономикалық колледж студентерімен өткізілді.
04.12.2013 22:36


1Мақсаты: ғасыр дертіне айналған СПИД ауруының алдын алу жолдарын айту, одан сақтану, қорғана білу туралы түсінік беру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.

Соңғы жылдары әлем жұртшылығының назары ЖҚТБ дертіне ауып, соған қарсы тұруға күш салынуда. Барша халықты алаңдатып отырған СПИД ауруы - қатерлі дерт. Ол жыл сайын қарқын алып келеді. «Ғасыр обасы» деп аталған осы ауруды дүниежүзі ғалымдары қанша бас қосып ақылдасса да, әзірге көзін жоюға шамалары келмеуде. Саналы адамзаттың көздеген мақсаты есірткі мен ЖҚТБ ауруына қарсы тұру, қоғамға, ел болашығына нұқсан келтіртпей, адамзаттың, қоғамның саулығын қорғау.

Кездесуге қаламыздағы СПИД-ке қарсы тұру орталығының дәрігер-эпидемиологы Құрманғалиева Әлия Болатқызы және «Отбасы орталығы» Қоғамдық қорының психолог маманы Әшімова Назым Қуандыққызы қатысты.

Кездесу барысында мамандарымыз ЖҚТБ қандай ауру екендігін, оның қандай жолмен жұғып тарайтынын әрбір адам нақты біліп, терең түсіну қажет екендігін, қоғамға тигізер зиянды әсері қаншалықты екенін саралап жеткізді.

Шара барысында студенттер тарапынан СПИД орталығының маман-дәрігеріне төмендегідей сұрақтар қойылды:

СПИД ауруы қоғамға қаншалықты қауіпті?

Вирустың сыртқы орта жағдайларына төзімділігі қандай?

СПИД проблемалары мен оның алдын алу шаралары.

Арнайы дайындалған «Ғасыр дерті» атты ашық кітап көрмесіне қойылған тақырыпты досье, мерзімді басылымдар және буклеттермен шараға қатысқан оқырмандарға таныстырылды.

 
29.11.2013 10:07

            Мақсаты: жеткіншектердің Елбасына деген құрметі мен туған жеріне, халқына сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру.

Кітапханашы оқушыларға Ұлт көшбасшысы дегеніміз басқаларды көшбасшылыққа жетелейтін адам екендігін түсіндіре отырып, Елбасының өмірбаянымен таныстырып, оның тәуелсіз мемлекетіне, еліне сіңірген ерен еңбегі жайында баяндады.

            Әрбір елдің тарихында өзінің ерекше аталып өтетін атаулы күндері болады. Қазақстан халқының бірауыздан және ҚР парламентінің шешімімен 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні деп жарияланды. Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мемлекетті асқан сенімділікпен, әлеуметтік-экономикалық жағдайын алға жетелей отыруында, елімізде бейбітшілік пен келісімділік өркендеуде деп білеміз. Біздің тәуелсіз Қазақстан Республикасының жетістікке жетуі Елбасының ерен еңбегінің арқасында деп білеміз.

            Осы ақпараттардың барлығы «Егемендігіміздің тарихи жолы» атты слайд тұсаукесерінің көрсетілімімен қатар берілді.   Кітапханашылар дайындаған Елбасының өмірбаяны, саяси қызметі, отбасы мен сүйікті істері жайындағы сұрақтарға оқушылар белсенді жауап беріп, Елбасы жайлы өз ой-пікірлерін ортаға салды.

            Тарихи сағат соңында «Елбасы талабы – Қазақстан өркендеуі» атты ашық кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

den1 den2
den3 den4
 
29.11.2013 09:58

            Шараның мақсаты:

  • оқырмандардың Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы мен қызметі, ел басқару ісіндегі еңбегі жайлы білімдерін толықтыру;
  • тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктермен таныстыру;
  • жеткіншектердің бойына патриоттық сезім қалыптастыру.

            Портрет кеші барысында кітапхана қызметкері Тұңғыш Президенттің өмірбаяны мен қоғамға, мемлекетке сіңірген еңбек жолы туралы айтып өтті. Сонымен қатар ел Президентінің мәртебесі мен Қазақстан Республикасының әлемдік аренадағы орны туралы сөз қозғап, Елбасы еңбектерінде жазылған ойлары мен естеліктері оқылды.

      Ғаламтор арқылы Елбасы жайлы деректі фильм және 20 қараша күні Өскемен қаласында «Нұрсұлтан Назарбаев. Адам және саясаткер» атты жылжымалы көрмесінің салтанатты түрде ашылғандығы көрсетілді. Көрмеге президенттік институттың қалыптасу кезеңдері мен Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясатынан сыр шертетін фотосуреттер, Тұңғыш Президенттің жеке заттары мен оған тарту етілген сыйлықтар қойылғандығына тоқталып өтті.

            Сонымен қатар кеш барысында Елбасының сөзіне жазылған «Үш қоңыр», «Город мой» әндердінің бейнероликтері тамашаланып,   Елбасының бастамасымен ашылған оқу орындары жайлы ақпарат берілді.

            Шара соңында «Менің елім - менің Президентім» атты ашық көрмеге шолу жасалып, көреген саясаткер, алғыр басшымыз Елбасының еңбектерімен таныстырылды.

 

nash1 nash2
nash3 nash4
 
Қазакстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған «Президент күні - еліміздегі тарихи жаңа күн» атты жұлдызды сағат өткізілді.
28.11.2013 14:56

            Бірінші желтоқсан – Қазақстанның жаңа жылнамасындағы тарихи күн. Тап осы күнді еліміз Президент күні ретінде атап өтуі заңды. Осы күні, 1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан үшін тағдырлы күндерде алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, оның барысында Егемен Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Президенті болып   сайланды. Президент болып тағайындалған күннен бастап, ол Қазақстанның дағдарыстан шығуына сара жол сала білді.

            Қазакстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған «Президент күні - еліміздегі тарихи жаңа күн» атты жұлдызды сағат өткізілді.

            Мақсаты: жастарға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастырып, Елбасына деген құрметтерін арттыру.

            Жұлдызды сағаттың қонақтары: «Жас Отан» жастар қанаты маслихатының төрағасы Зейнуллин Бауыржан, Шәкәрім атындағы университетінің филология факультетінің 4 курс студенті Шеризат Арман, Радиотехника және байланыс колледжінің қоғамдық пәндер оқытушысы Сулейменова Жанат Меңдіғалиқызы болды. Іс-шараға Семей көп салалы колледжі мен Радиотехника және байланыс колледжінің   студенттері қатысты.

            Шараның басында еліміздің әнұраны орындалып, Шеризат Арманның Елбасына арнайы жазған «Арнауымен» ашылды.

            Жұлдызды сағат   үш бөлімнен тұрды:

  • Студенттердің       Елбасына Арнаулары
  • Елбасымыз туралы не білеміз?
  • «Қазақстан – 2050» стратегиясы.

            Жұлдызды сағаттың шарты бойынша колледж студенттері Елбасына арнап шығарған арнауларын оқыды. Көпсалалы колледжінің студенті Қамшығер Жарқын «Келеміз 20-дан 22-ге қадам басып», ал Радиотехника және байланыс колледжінің студенті Нәзер Қазбек «Кемеңгер Елбасы»   өлең-арнауларын тарту етті.

            Келесі бөлімде қатысушылар өздерінің дайындап әкелген Елбасы туралы деректерін ұсынып көрсетіп, қаншалықты Президентіміздің еліне, халқына деген ұшан-теніз еңбектері жайында баяндап берді.

            Үшінші бөлімде «Қазақстан-2050» стратегиясы туралы өздерінің ойларын қысқаша ортаға салды. Радиотехника және байланыс колледжінің студенттері Назер Қазбек, Әлімғазы Ертуған өздерінің болашақта Отанымыздың кәсіптік саласында үлестерін қосып, саналы азамат ретінде еңбек етіп, қоғамға пайдасын тигізетіндерін айтса, Көпсалалы колледж студенттері Қамшығер Жарқын, Төлегенова Қымбат   «Қазақстан-2050» стратегиясы бойынша еліміздегі жастарымыздың алып жатқан мамандықтары бойынша білікті маман болып, еліміз үшін, халықтын әл-аухатын көтеріп, ауылшаруашылығында еңбек ететіндерін айтты.

            Жұлдызды сағатта екі колледж студенттері өздерінің біліктіліктерін көрсетіп, белсенділік танытып, әділқазылар алқасының әділ бағасын алып, арнайы Алғыс хатпен марапатталды.

            Шара соңында Талғатов Руслан, Әлімғазы Ертуған, Бақтиярова Айдананың орындауларында «Үш қоныр» әні шырқалса, Көп салалы колледж студенттері «Атамекен» әнін орындады.

            Осы шараға арнайы ұйымдастырылған «Елбасы - ел шежіресі» атты кітап көрмесіне   қойылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.

            Бүгінгі жастар ертеңгі болашақтың іргетасы, кемел келешектің иелері. Сондықтан жастарымыздың жан-жақты, сауатты, бірнеше тілді білетін, көзқарасы дамыған, білікті маман болуларына тілектестік білдіре отырып жұлдызды сағат шарасы қорытындыланды.

 

nacii1 nacii2 nacii3
nacii4 nacii6 nacii5


 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL