Жаңалықтар
Жасөспірімдерге жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу, жылдың ерекшелігін түсіндіру мақсатында «Орфей» клубы аясында «Жаңа жылың құтты болсын, ағайын!» атты жаңа жылдық шашу Қалалық орталық кітапханада өткізілді.
27.12.2013 00:00

Шара басында кітапханашы Жаңа жыл жаңа бастамалар мен ізденістерге тың қадам жасайтын, серпін беретін жақсылыққа ұмтылатын, жаңаша ойлауға жол сілтейтін ерекше сипаттағы мереке екенін айтып өтті.

Жаңа жыл бұл өте әдемі, ғажап мейрам. Ол көшпенділердің де байырғы мейрамы. Шығыс елдері үшін жаңа жыл мерекесі наурыздың 22-сінде, күн мен түн теңелген қасиетті мезгілде басталған. Түрлі тарихи басылымдарда Жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін Ресейде 1700 жылы қантардың 1-інде І Петрдің енгізгені, дәл осы жылы Ресейде жаңаша жыл санау басталғаны, І Петрдің өзі басқарған Мәскеудегі мейрамының таңға дейін созылғаны жазылып жүргенімен, бірқатар этнограф-тарихшылар қыпшақтардың шырша мерекесі болғаның, Жаңа жылдың - көшпенділердің де байырғы мейрамы екеніндігі жөнінде мағлұмат берді.

Мәдени іс-шара барысында «Орфей» клубы мүшелері арнайы дайындаған мерекелік концерттік бағдарламасын тарту етті. Гуманитарлық-экономикалық колледж 1 курс студенттері Жапарова Талшын, Бекболат Марал өз шығармашылықтарынан көпшілік қауымға жаңа жылдық өлендерімен, Аскерханова Альмира, Тәукебаева Балғын орындауларындағы әсем әндерімен көрермендерге мерекелік көніл-күй сыйлады. Мерекеге жиналған барлық жұртшылыққа клуб мүшелері Жаңа жылға бақыт, жаңа бастамалар мен еңбекке зор табыстар тілеп, өз құттықтауларын жеткізді.

 
Семей қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің Қалалық орталық кітапханасында «Алтай-Ертіс кітапханасы» сериясынан шыққан кітаптарға арналып «Шығыстың жауһарлары» атты кітап көрмесінің тұсаукесері өткізілді.
27.12.2013 00:00

«Алтай-Ертіс кітапханасы» - еліміздегі әдебиет саласынының алғашқы көлемді өнірлік жаңа жобасы. Оның іске асуына және көпшілік көңілінен шығуына елімізге танылуына мұрындық болған әрі өзінің қамқорлығын көрсеткен үлкен өнер жанашыры, ұлтжанды аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев мырза. Бұл «Алтай-Ертіс кітапханасы» тұсаукесеріне қаламыздағы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік униветситетінің филология факультетінің 4-курс студенттері, Гуманитарлы-экономикалық колледж студенттері, сонымен қатар танымал әдебиетші, сыншы, өнер зерттеуші, ақын Төкен Ибрагимовтың қатысуымен өтті.


1 3

Мәдени іс-шараның басты мақсаты: өскелең ұрпаққа өңірімізде дүниеге келген халқымыздың біртуар тұлғалары, ардақты ақындары, қарымды қаламгерлерінің өмірімен және шығармашылықтарымен таныстыра отырып, әдебиетіміз бен мәдениетімізді дәріптеп насихаттау.

Шара барысында кітапхана қызметкері биылғы «Алтай-Ертіс кітапханасы» сериясынан шыққан 20 таңдаулы туындыларына, жеке жинақтарына, соның ішінде қазақ әдебиетінің кемеңгері, дана Абай шығармаларының маржан сөздерімен, тамаша жинақтарымен бастау алған туындыларға тоқталып, басқа да тамаша, дарынды қаламгерлеріміздің мұралары жайында баяндап берді.


2«Алтай-Ертіс кітапханасының» екінші топтамасына Қ. Қайсенов, О.Бөкей, М.Сәрсеке, Қ.Жұмаділов, Т.Жұртбай, М.Ибраев, Б.Жақып, М.Қабанай, Т.Әбдікәкімов т.б. сынды қарымды қаламгерлердің шығармалары енгізілді.

Сонымен қатар заманауи техниканың көмегімен жасаған ақын-жазушылардың қанатты сөздерінен арнайы дайындалған «Шығыстың рухани мұрасы» атты көлемді слайдтар тұсаукесері көрсетілді.

Шақырылған қадірлі қонағымыз Төкен Ибрагимовке студенттеріміз, өздерінің сұрақтарын қойып, қаламгердің шығармашылығы мен жан-жақты таныса отырып, көптеген мағлұмат алды.

Шара барысында, Гуманитарлық - экономикалық колледж студенті Зейнешова Аяулым көркем сөздің шебері, өр Алтайдың ақиық жазушысы Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» әңгімесінен монолог оқыса, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік униветситетінің филология факультетінің 4-курс студентті Шеризат Арман жерлес ақынымыз Тыныштықбек Әбдікәкімовтың «Қара шал» өлеңін тебірене жеткізді. Мәдени іс-шараға белсенділік танытып қатысқан жастарға қадірменді қонағымыз Төкен Ибрагимов өз қаламынан шыққан «Жер әңгімеші» атты кітабын сыйға тарту етіп, алғыс-тілегін білдіріп, кітапхана қызметкерлеріне ризашылығын жеткізді. «Алтай-Ертіс кітапханасы» сериясымен шыққан жинақтар оқырман жастарымыздың рухани илігіне айналады деген сеніміміз мол.

4

 
«1986 жылы Желтоқсан оқиғасы» атты толғаныс сағаты Аймақтық орталық зейнеткерлерінің қатысуымен №12 кітапхана-бөлімшесінде өткізілді.
21.12.2013 01:10

Сол 1986 жылғы оқиғадан бері көп уақыт өткен жоқ. Ол қанша жылдар, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болды. Жылдар өткен сайын Желтоқсан оқиғасы айқындала түсуде. Іс-шарада көптеген ардагерлер 16-17 желтоқсанда болған оқиғаны, біздің еліміздің өмірінде орны толмайтын, айтулы оқиға ретінде еске алды.

3Құрметті ардагерлер - Трофимов М.С., Иванов Ф.М., және т.б. зейнеткерлер Желтоқсан оқиғасын еске ала отырып, ол туралы көп толғанды. Сол жылда өткен Қазақстан Компартиясының соңғы 5 – Пленумында болған шешімді ардагерлер еске алып, бағаларын берді.

Бәрібір де біздің елдің азаматтары барлық қиындықтарды бастап кешіріп, жеңімпаз болып шықты. Біздің Республикамыз егемендігімізді алып, енді жаңа мықты мемлекет құрып жатыр. Жастар және Қазақстанның болашағы туралы толғанып ардагерлер осындай қорытынды жасады.

Іс-шара өте қызықты, сергек өтті. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, бір-бірімен пікір алмасып, 86 – жылғы желтоқсан оқиғасы туралы деректі фильмді көрді.

Іс-шараға арнайы ұйымдастырылған «Желтоқсан менің тағдырымда» атты тақырыптық көрменің таныстырылымы өткізілді. Көрмеге 1986 жылғы желтоқсанның қайғылы, каһарлы оқиғалары туралы кітаптар, мерзімді басылымдар, мақалалар, фотосуреттер қойылды.

 
№12 кітапхана-бөлімшесінің оқу залында «Желтоқсан желі» атты тарихи кеш №27 мектептің 9 «а» сынып оқушыларымен өткізілді.
21.12.2013 01:04

Кештің мақсаты: Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күресіп, Желтоқсан құрбаны болған ерлердің өмірі, ерлігі жайында түсіндіру. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, тарихта болған оқиғалардың мәнін түсінуге, ұлтжандылыққа, жолдастыққа тәрбиелеу.

Кештің басында кітапханашы қазақ халқының ең соңғы өліп-тірілуі, халқымыздың қайғы-қасіретіне айналған, сонымен бірге мақтанышына айналған Алматыда 1986 жылы болған Желтоқсан көтерілісі туралы, желтоқсаншылардың патриоттық істері туралы әңгімелеп берді.

Желтоқсан оқиғасына қатысқан батырлардың өмірбаяндарын, өмірдегі мақсаттарын, үміттерін оқушыларға таныстыра отырып, өмірден жас кеткен Желтоқсан оқиғасының құрбаны болған жас ақынымыз Қайрат Рысқұлбековтың өлеңдерін, Отанға деген сүйіспеншілігі туралы жазылған жыр-шумақтарын оқушылар ерекше сезіммен тебірене оқыды.

Бұдан соң оқушылар 1986 жылғы 16-17 желтоқсан оқиғасы туралы деректі бейнероликті тамашалады. Жалпы тарихи кеш барысында Желтоқсан оқиғасына арналған әндер мен бейнеклиптер қолданыла отырып, «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттер таныстырылды.

Кештің соңында «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары» атты викториналық сұрақтар ұйымдастырылды. Өздерінің білімдерін жақсы көрсеткен оқушылар: Кулжабаева Диана, Искаков Ризат, Жунусова Зарина болды.


1 2
 
Тәуелсіздік таңын аңсаған ата-бабаларымыздың асқақ арманын жас ұрпаққа насихаттау барысында «Мерей» клубы аясында «Тәуелсіздік – желтоқсанның жемісі, ынтымақтастықтың ырыс бастауы» атты тарихи кеш Қалалық орталық кітапханасында өткізілді.
21.12.2013 00:38

Мақсаты: Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, еліміздің даму тарихы туралы ұғым қалыптастыру, өскелең ұрпақты елжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу, Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып патриоттық тәрбие беру.

Тарихи кешке ШҚО-тық қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының ғылыми қызметкері Қадырова Лаура Кабдылғазықызы, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің филология факультетінің аға кураторы Сабырбаева Раушан Қойшанқызының жетекшілігімен филология факультетінің және Радиотехника және байланыс колледжінің студенттері қатысты.

Кеш барысында кітапхана қызметкері мерекелік шараны мемлекеттік әнұранмен ашып, еркіндік пен азаттыққа қол жеткізген Тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктері, Желтоқсан көтерілісі – еліміздің егемендігі халқымыздың жүрегінде мәні мен маңызы еш уақытта ұмытылмайтын, ғасырлар бойғы халқымыздың арманынан туған күрес екенін баяндап берді. Осы уақытқа дейін атқарылған ерен еңбектердің арқасында Қазақстанды бүкіл әлемге танытқан Елбасымыздың жеткен жетістіктерін айта отырып, Отан - әр адамның жүрегіне жақын атамекені екендігін сезіну қажеттігін баса назар аударды.

Тәуелсіздік жолында құрбан болған жандарды бір минут үнсіздікпен еске ала отырып, Желтоқсан оқиғасы туралы бейнефильм көрсетілді.

Келесі кезекте сөз алған ШҚО-тық қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығының ғылыми қызметкері Қадырова Лаура Кабдылғазықызы: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтып өткен Қазақ елінің үш маңызды: «Туған жері», «Тәуелсіздік пен азаттық», «Халық бірлігі» атты құндылықтарына сипат беріп, мұрағатта сақталған Қайрат Рысқұлбековтың құжаттары туралы кеңінен мағлұмат берді.

Тәуелсіздік жолында жастарды жігерлендіру мақсатында Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің филология факультетінің аға кураторы Сабырбаева Раушан Қойшанқызы елдің егемендігін аңсаған тәуелсіз елдің ұлы - өжет, қызы – қайратты, халқы - қаһарман болу керек деп жастарды патриот болуға шақырды.

Мерекелік шарада Шеризатов Арман, Ибраймов Қуандық, Серікхантегі Рауан өз жүректерінен жарып шыққан Тәуелсіздік толғауларын жырласа, Ашимханова Кәмшат пен Әубәкірова Лаура «Қазақ елім» атты әнді шырқады. Ал оқырмандар арасында «Сен тарихыңды білесің бе» атты викториналық сұрақ-жауап ойыны өткізіліп, белсенді қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Кеш соңында колледж ұстаздары оқырман қауымды мерекелерімен құттықтап, осындай игі шаралардың келешек ұрпақ үшін тигізер пайдасы зор екендігін айтып өтті. Сонымен қатар «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты кітап көрмесіне қойылған жаңадан келіп түскен әдебиеттер мен мерзімді басылымдарға шолу жасалды. Кеш белсенді қатысқан студенттер мен ұстаздарды марапаттаумен аяқталды.


1 2
3 4

 

 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL