Жаңалықтар
В Центральной городской библиотеке в отделе обслуживания прошел вечер-памяти «Мужество – есть великое свойство души», посвященный 25-летию со дня вывода советских войск из Афганистана.
12.02.2014 15:26

Кешке ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз, ауған соғысының ардагерлері Рысбаев Елгелді Соланұлы, Мамырбеков Бақтығали Әбдіғамитұлы және Радиотехника және байланыс колледжінің 3 курс студенттерімен бірге А.А.Ахметованың жетекшілігімен «Жас жұлдыз» балалар орталығының тәрбиеленушілері қатысты.

Шараның мақсаты: ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға сай өскелең ұрпақтың рухани дүниесі кең тұлға болып қалыптасуына, қазақстандық патриотизм рухында тәрбиеленуіне соғыс ардагерлеріміздің Отан алдындағы борышын адал орындаған ерліктерінен, патриоттық сезімінен тағылым алуға тәрбиелеу.

avgan avgan2

«Ауғанды еске ал» атты әуенімен басталған мәдени шара басында Ауған соғысында құрбан болған жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алынды. Кеш барысында кітапхана қызметкері Ауған соғысының тарихы мен қасіретін, соғысқа қатысқан қазақстандықтар туралы сөз қозғап, «Ұлы дала өркениеті» атты деректі фильм көрсете отырып жас ұрпаққа Ауған соғысының қасіретін сезінуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде екенін айта отырып, бейбітшілік үшін күрескен ағалардың ерлігін сақтау, оларды үлгі-өнеге тұту - әрбір қазақ азаматының борышы, - деп шараның мәні мен маңызына кеңірек тоқталды.

Кешке шақырылған Ауған соғысының ардагерлеріне сөз кезегі беріліп, сол сұрапыл соғыстағы ауыртпалықтарды еске алып, жас ұрпақты бейбіт күннің парқын біліп, қастерлеуге шақырды. Әр ардагерге оқырман қауым ойларында жүрген сұрақтарын қойып, жауаптар алды және тағылымы мол кездесу болғанын да айтып өтті.

Сонымен қатар «Жас жұлдыз» балалар орталығының тәрбиеленушілері Төкенов Әлішер «Атамекен», «Жас дәурен» дуэті «Дала жыры» атты әндерімен көпшілікке көтеріңкі көңіл сыйлады. Кітапхананың тұрақты оқырманы К.Жармұхамбетов өз ойын ортаға салып, ауған ардагерлерінің ерлік-жігерін жастарға үлгі етіп айта білді.

Шара соңында өз борыштарын адал атқарған ауған соғысы ардагерлеріне естелік кітаптар сыйға тартылып, «Ауғанстан – тарих қойнауының бір парағы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

Открытие  вечера началось  песней «Вспомни Афган», далее присутствующие минутой молчания  почтили  память всех воинов интернационалистов, которые ушли из жизни,  верные присяге и выполнившие свой воинский долг перед Родиной.

            В продолжении мероприятия сотрудник библиотеки рассказала о событиях, сыгравших  существенную роль в истории нашей Родины,  для аудитории был  продемонстрирован документальный фильм «Ұлы дала өркениеті». Более подробно была дана информация о тех, кто прошел через ад и смерть, через кровь и слёзы и сохранили человеческую доброту, о  натиске и упорстве воинов,  любой ценой готовых выполнить поставленную задачу. Было отмечено, что долг каждого гражданина нашей страны - помнить своих героев и знать свое прошлое, осознать чувство долга, ответственности, самопожертвования и  патриотизма.

            Затем выступили приглашенные ветераны, воины-афганцы, которые достоверно и взволнованно рассказали об исторических событиях, тесно связанных с военными действиями в Афганистане. Особое внимание  было уделено солдатскому подвигу.  Гости призвали подрастающее поколение ценить и уважать  традиции старших поколений, проявлять чувство гордости за свою страну.

            Гости вечера ответили на многочисленные вопросы аудитории. Музыкальную часть вечера продолжили воспитанники детского центра  «Жас жұлдыз» Токенов Алишер с песней «Атамекен», дуэт «Жас дәурен» с песней  «Дала жыры».

LAST_UPDATED2
 
Қалалық орталық кітапханада Ақпараттық-библиографиялық бөлімінің ұйымдастыруымен «Шежіреге толы туған өлке» атты өлкетану оқулары өткізілді.
07.02.2014 11:02

Оқуға ОКЖ қызметкерлері, мектеп кітапханашылары, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті студенттері, оқырмандар, өлкетанушылар қатысты.

Мақсаты: қаламыздың дамуына елеулі үлестерін қосқан қайраткерлердің еңбектерін, әдебиет пен өнер майталмандарының өмірі мен шығармашылығын, батырлардың ерлік жолын насихаттау. Жастарымыздың туған жеріне, өлкесіне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімдерін ояту.

Аталмыш шара 2014 жылы ШҚО бойынша аталып өтілетін мерейтойларға арналды.

IMG 6208 IMG 6182

Семейде есімі бүкіл республикаға белгілі адамдар аз емес. Сондай тұлғаның бірі - туғанына бір ғасыр болатын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, Социалистік Еңбек Ері, ұлағатты ұстаз Жақия Шайжүнісов.

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының бас маманы Г.Е.Қожахметова Ж.Шайжүнісовтің бүлдіршіндерді азаматтық жолда тәрбиелеуде сіңірген еңбегі, келешек ұрпаққа қалдырған педагогикалық, рухани мұралары, Көкпекті балалар үйіне сіңірген ерен еңбегі, Орел облысынан келген 120 панасыз жеткіншекті Көкпекті балалар үйіне қоныстандырған қамқорлығы жайлы өте қызықты деректер келтіре отырып әңгімелеп берді. Көкпекті балалар үйі кезінде тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл Одақтағы ең үлгілі балалар үйі ретінде екі рет Бүкілодақтық көрмеге қатысқанын, алтын медальмен марапатталғанын ерекше айтып өтті.


IMG 6220 DSCN2864

Семей қазақ халқының дамуында және оның тарихи-рухани мәдениетінде үлкен рөл атқарғаны белгілі. Мұнда атақты саяхатшылар Джордж Кеннан, Семенов-Тянь-Шанский, Янушкевич, Паллас, Коншин т.б. болған, олар қазақтардың тұрмыстары мен дәстүрлі, дала өлкесінің атақты адамдары туралы қызықты естеліктер қалдырған.

Сондай белгілі адамның бірі өлкетанушы Н.Я.Коншиннің 150 жылдығына орай, ол туралы Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қор бөлімінің сақтаушысы А.Нұрбаева кеңінен баяндап берді.

Әсіресе, Н.Я. Коншиннің аса білімдарлығы, бірнеше тілді жетік меңгергендігі, дала өлкесінің тарихы жайында жазған еңбектері үшін және Семейде географиялық қоғамының бөлімін ашқаны үшін Орталық география қоғамының күміc медалімен марапатталғаны туралы нақты дәйектер келтірді.

Семей жерінің топырағын басып, қаланың тарихи-рухани дамуына өзіндік үлесін қосқан тарихи тұлғалардың бірі, қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушы Жүсіпбек Аймауытов (125 жыл) екенін өз баяндамасында Қазіргі заман тарихы құжаттама орталығының құжаттама бөлімінің меңгерушісі Л.Қ.Қадырова айтып берді.

Шараға қатысушылар Ж.Аймауытовтың Семейдегі мұғалімдер семинариясын бітіргені, мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде "Абай" журналын шығарысқаны, Қ.Сәтбаевпен, М.Әуезовпен танысқаны туралы ақпаратты қызығушылықпен тыңдады.


DSCN2958 IMG 6223

Өз өлкесінің патриоты, жас ізденуші, Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледж студенттері Ташкенбаева Аида мен Махамбетова Әйгерім Кеңес Одағының Батыры Әйткеш Ибраев пен Кенжебек Шәкеновтің туғандарына 90 жыл толуына байланысты олардың ерлік істері туралы толғана әңгімелеп берді.

Біздің Отанымыздың тарихында ұмытылмайтын ерлік беттері жетерлік. Соның бірі, тарихта 1979–1989 жылдардағы Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінде болып, сол кездегі халықаралық жағдайды ушықтырған Ауған соғысы деген атпен мәлім. Соғыстың аяқталғанына 15 ақпанда 25 жыл толады. 1978 жылғы Ауғанстандағы сәуір айындағы төңкеріс, соғыстың өршуі, себеп-салдары, оның зардаптары, сол уақыттағы ауған халқының тарихи, саяси, экономикалық-әлеуметтік жағдайы, келтірілген шығын туралы деректерді нақты фактілерге сүйене отырып ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі М.О.Маханбетова баяндап берді.

Бұдан соң шара өнер, мәдениет, әдебиет саласында бір кісідей еңбек сіңірген тұлғалар туралы тақырыппен жалғасты.

Қазақ киносының Анасы атанған, белгілі киноактриса, ҚР халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әмина Өмірзақованың есімі тек біздің елімізде ғана емес, ТМД елдерінде де кеңінен танымал. Театр сахнасында 150-ден астам күрделі кейіпкерлердің бейнесін шынайы шеберлікпен сомдап, көптеген көркем фильмдерде басты рольдерде ойнаған біздің өлкеміздің мақтанышы Әмина Ерқожақызының туғанына биыл 95 жылдығына орай кітапхана қызметкері М.С.Ахметкалиева «Сахна саңлағы» атты тақырыпта айтып берді.

Кітапхана қызметкері Б.Т.Ержанова «Белгілі жазушы, сыншы әдебиет пен өнер зерттеушісі, абайтанушы Төкен Смайылұлы Ибрагимовтің өмір жолы кімге болсын үлгі-өнеге. Абай мұражайының шырақшысы. «Қазақстанға еңбегі сіңген қызметкері» атағы берілді, «Құрмет» орденімен марапатталды. Жұртшылыққа ұлы Абай мұрасы, жалпы қазақ поэзиясы, мәдениеті жайлы зерттеу еңбектері арқылы кеңінен танымал қаламгер екі жүзден астам әдеби-сын, әдеби зерттеу, абайтану еңбектерінің авторы, үстіміздегі жылдың 18 ақпанында 75 жылдық мерейтойы аталып өтіледі», - деп өзінің баяндамасында атап өтіп, қаламгердің шығармашылығына тоқталып, библиографиялық шолу жасады.

Шараға арнайы «Шежіреге толы туған өлке» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған өлкетану әдебиеттері, мерзімді басылымдар, библиографиялық құралдар қойылды. Көрме материалдары бойынша әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.

Тақырыптар бойынша арнайы электронды тұсаукесер сүйемелдеуімен баяндамалар жасалып, видео және фотоматериалдар көрсетілді. Өлке тарихынан сыр шертетін мұндай кітапхана шаралары алдағы уақытта жалғаса бермек.

Семей өңірінде дүниеге келген халқымыздың біртуар тұлғалары, өнерпаз өрендері, игі жақсылардың өмір жолы ұрпаққа өнеге, келешекке үлгі болса дейміз, - деген ізгі тілектерін білдіре отырып, шара қорытыланды.

 
№12 кітапхана-бөлімшесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Евразиялық гуманитарлық техникалық коллежінде «Әйел. Қоғам. Заң» тақырыбында ақпарат өткізілді.
07.02.2014 09:04

Мақсаты: жастарды құқықтық сауаттылыққа, әйелдерге құрмет пен ізет көрсете білуге тәрбиелеу, ҚР-ның гендерлік саясатын жан-жақты түсіндіру.

new1.1new1.2

Іс шара басында кітапханашы ҚР Конституцияның негізгі баптарына және «Отбасы және неке», «Адам құқығы декларациясы», «Бала құқығы конвенциясына» қысқаша шолу жасап, Қазақстан әйелдерінің құқықтық жағдайына егжей-тегжейлі тоқталды. ҚР Заңдары әйелдердің әлеуметтік дамуына, олардың әлеуметтік жағдайының төмендеу үрдісіне әсер етіп қарсы тұра алады. Әйел құқығы мәртебесі елімізде - қоғамымыздың қалыпты деңгейін анықтайды.

Осы іс-шарада сұрақтар қойылып, оған студенттер жауаптарын берді. Студенттер Конституцияның баптары, бала, отбасы, әйел құқығы туралы Заңдармен танысып, көптеген мағлұматтар алды.

Көптеген сұрақтарға студенттер дұрыс жауап бере білді. Қиындық тудырған сұрақтарға кітапханашы өзі жауап берді.

Қойылған сұрақтарға нақты жауап берген студенттердің бірі Жакупов Ержан. Ол «дискриминацияның әйелдерге қатысы» ұғымын ашып түсіндіре білді және ҚР Конститутциясының 14-ші бабында жыныстық дискриминацияға тиым салынғандығы жөнінде айтып өтті.

«Гендерлік қатынас», «гендерлік саясат» ұғымдарын студент Байжұманова Жанерке түсіндіріп берді. ҚР-дағы балалар құқығының жағдайы және оларды сексуалдық қысым көрсету түрлерінен қорғау түсінігі қиындық тудырды. Бұл жерде ҚР-ның Қылмыстық кодексінің баптарына жүгініп, жауаптарын таба білдік. Әйелдерге зорлық-зомбылық жасаудың түрлері туралы сауалдарға, студент Мелихова Оксана жауап берді. Ол зорлық-зомбылықтың түрлерін, себептерін және олардан қорғану әдіс-тәсілдерін айта кетті.

Іс-шара қызықты өтті. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарды зейін қоя тыңдап, оларға жауап берді. Шара соңында «Әйел. Қоғам. Заң» атты кітап көрмесіндегі құқық саласындағы әдебиеттерге шолу жасалды.

 
№6 кітапхана-бөлімшесінде №8 мектеп-кешенінің 8 сынып оқушыларымен және М.Төлебаев атындағы Музыкалық училищесінің 3 курс студенттерімен Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына орай «Ауғанның от жалыны» атты ерлік сабағы өткізілді.
06.02.2014 15:59

Шараның мақсаты: оқырмандарға ауған соғысының шығу себептері мен оған қатысқан қазақстандықтардың ерен ерліктерімен таныстыру. Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ете отырып, оқырмандарды отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлерінің есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

mer1 mer2mer3

Шара өту барысында кітапхана қызметкері: «Тарих парағын ақтарғанда түрлі соғыстар туралы оқитынымыз рас, соғыс әділетсіз болса да әр ғасырдың тұсындағы тарих беттерінен өшірілмейді, әр соғыстың тұтқыны, құрбаны, батырлары болатыны да хақ, XX ғасырда да біраз соғыстар дүниені дүр сілкіндіргені белгілі, соның бірі - кеңестік дәуір тұсында солақай саясаттың салдарынан басталған Ауған соғысы, ол қаншалықты әділетсіз әрі мағынасыз болғанымен, тарих беттерінде өз ізін, таңбасын қалдырды», - дей келе Ауған соғысының қысқаша тарихына тоқталып «Ауған ақиқаты» атты баяндамасын оқыды.

Сонымен қатар Отан үшін өз өмірлерін құрбан етіп, батылдық пен ерен ерліктің үлгісін көрсеткен қаһарман интернационалист-жауынгерлеріміздің есімдерін атап өтті.

Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұлдың шығармасы желісінде «Мен көрген соғыс» атты деректі фильм түсірілгені туралы айтылып, бейне баян көрсетілді.

№8 мектеп-кешенінің 8 сынып оқушысы Низан Абылай «Қазақ деген ел қайда?», М.Төлебаев атындағы Музыкалық училищесінің 3 курс студенті Мұсағалиев Архан «Өз елім», «Қазақтың жігіттері» атты патриоттық әндерімен шараны көркемдеп отырды. Сонымен қатар осы мектептің оқушылары әдеби монтаж оқыды.

Шара соңында кітапхана қызметкері «Ауғанның от жалыны» атты тақырыптық сөреге библиографиялық шолу жасап, қатысушыларды әдебиеттермен таныстырып өтті.

LAST_UPDATED2
 
«Семей қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында жиын өткізілді.
01.02.2014 14:22

 

DSCN2730           DSCN2733

Мемлекет басшысының Жолдауында «2050 Стратегиясын» іске асыру жөніндегі бірінші дәрежелі міндеттер айтылды. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолындағы нақты тапсырмалар берілді. Президент көтерген барлық бастамалар әрбір қазақстандықтардың көңілінен шықты.

«Біз, кітапханашылар, әлемдегі 30 дамыған елдің қатарына кіру барысында Елбасы алға қойған міндеттердің бәрін жетік білуге, насихаттауға және оны орындауға күш салуымыз қажет», - деді кіріспе сөзінде «Нұр Отан» партиясының ОКЖ бойынша бастауыш партия ұйымының төрайымы Қ.М.Қалқашева.

Барша Қазақстан азаматтары зор ықыласпен қабыл алған биылғы Жолдау «Қазақстан жолы – 2050» халықтың әл-ауқатын жақсартуға, ертеңгі жарқын болашағына бағытталған кең ауқымды тақырыптарды қамтитын құжат.

Талқылауда сөз алғандар биылғы Жолдаудың жыл сайын ел тарихының жаңа беттерін ашатын саяси дәстүрлі нышандарына тоқталды. «Қазақстан-2050» стратегиясы - дамудың даңғыл жолы деп, енді биылдан бастап 2050-ге дейінгі қалған жылдар жеті бесжылдыққа бөлініп, әр бесжылдықтағы Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына кіру мәселесін шешетін Жолдауда айтылған нақтылы істерге тоқталды.

20140131 142851          222

ОКЖ қызметкерлерінің барлығы Елбасы Жолдауын талқылауға белсене қатысып, еліміздің алдына қойылған жаңа міндеттерінің өзектілігі мен маңыздылығына айырықша назар аударды. Атап айтатын болсақ: «Индустриялды-инновациялық даму» бағыты бойынша Ж.С.Абильмажинова пікір білдірсе, «Агроөнеркәсіптік кешен» туралы А.К.Елеусизова өз ойын айтты. «Қазақстандық ғылымның әлеуетін арттыру» тақырыбын Г.Б.Жұмабекова талдады. Сонымен қатар «Инфрақұрылым», «Шағын және орта бизнесті дамыту», «Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениетті дамыту», «Мемлекеттік институттардың жұмысын жетілдіру» атты басымдықтар бойынша Ш.М.Битибаева, О.С.Омерзакова, С.К.Нукушева, Г.А.Тыныстанова өз ойларын ортаға салып, әсерлерімен бөлісті.

Талқылау барысында отбасында бала тәрбиелеп отырған қызметкерлер Жолдауға байланысты өз әсерлерімен бөлісті: олар мектепке дейінгі мекемелермен балаларды қамтамасыз ету, білім беру және дәрігерлік қызметтердің сапасын жақсарту, шәкіртақы көлемін 25% арттыру. Президенттің бұл шешімі Қазақстан тұрғындары тарапынан ризашылықпен жоғары бағаланды.

Біздер, мәдениет қызметкері үшін жақын айтылған сөздер жалпықазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін бергені. Мәдениет туралы саясаттың ұзақмерзімді тұжырымдамасын жасау жөнінде тапсырма берілуі. Онда қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени менталитетін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған шаралар белгілеу керек деп көрсетілген.

Сондай-ақ Елбасы «Мәңгілік ел» атты патриоттық актісін әзірлеу, ұйымдастыру жөнінде және оның қоғамдағы түйінді бағалы құжат болатынын атап өтті. Міне, сондықтан Н.Назарбаев «Мәңгілік ел» Патриоттық актісін жүзеге асыруда барлық қоғамдық бірлестіктерді белсене қатысуға шақырды. Жолдауда көтерілген «Мәңгілік ел» идеясы тікелей кітапхана қызметкерлеріне де қатысты. Орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлері де келешекте осы идея негізінде оқырмандармен жұмысты ынталандыруда және жетілдірудің инновациялық түрлерін қолдануда әрекет етіп, ынта жігермен аянбай еңбек ететіндіктерін жеткізді.

20140131 145311

 

Шараға қатысқан Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Бүркітбаева Анаргүл Ұлықбекқызы талқылау барысына жоғары баға беріп, алдағы уақытта да Елбасы Жолдауын насихаттауда және жүзеге асыруда кітапхана қызметкерлеріне табыстар тіледі.

Талқылауды түйіндей келе, Орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлері әрбір қазақстандық Жолдаудың мазмұнын терең ұғынуға тиіс екендігін айта келе, «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруда белсенді түрде жұмыла еңбектенеміз және бұл Жолдау мәдениеттің дамуына игілікті жол ашатын жақсы тұжырымдама деп күтеміз», - деп қорытындылады.

 


LAST_UPDATED2
 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL