Жаңалықтар
26.09.2011 19:39

Тілден терең теңіз жоқ


Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай

орталықтандырылған кітапхана жүйесінің

№2 кітапхана-бөлімшесінде «Тілден терең теңіз жоқ»

атты тақырыптық кеш ұйымдастырылды.

 

1Тіл-адамзаттың ұрпқтан-ұрпаққа, ата-бабаның аманатын, үнін, тарихы мен мәдениетін жеткізіп отыратын ұлы құралы.Ұлттың өзінің тілі болғанда ғана ол мемлекет бола алады, әлемде басқалармен өзін тең ұстайды.Сондықтан да болар мемлекет ең алдымен экономикасымен емес, осы тілімен ғана күшті.

Мемлекеттік тіл – аса маңызды да ең өзекті мәселе, тіл – қазақтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгісі.

LAST_UPDATED2
Көбірек ақпарат...
 
18.09.2011 17:44

 

Орталықтандырылған кітапхана жүйесі Қалалық орталық кітапхана Қызмет көрсету бөлімінің ашық есік күнінде өткізілген мәдени іс-шараға ақпарат

1

Әр жыл сайын қалалық орталық кітапханада 14 қыркүйек күні – ашық есік күні аталып өтіп, әр оқу орындарының студенттеріне ақпарат беріліп, кітапхана жұмысы, ережесімен таныстырылады.

Биылғы ашық есік күніне Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл, Желтоқсан оқиғасына 25 жыл толуына орай, 22 қыркүйектегі «Қазақстан халықтарының тілдер күні» мерекесіне, Жыл сайын ұйымдастырылатын республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы, Ұлы ақын, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай Құнанбайұлының туғанына 166 жыл толғанына, Ұлы дана тұлғамыз Шәкәрім Құдайбердіұлына арналып өткізілді.

LAST_UPDATED2
Көбірек ақпарат...
 
18.09.2011 17:28

 Ашық аспан саған, Қазақстан !

1

2011 жылы 15 қыркүйек күні сағат 11.00 де №12 кітапхана-бөлімшесінің балалар бөлімінде «Ашық аспан саған, Қазақстан » тақырыбында кеш өткізілді.

Осы мәдени -іс шара Тәуелсіздікке 20 жыл толуына арналған жоспардың шеңберінде өткізіліп жатыр. Кештің мақсаты – балаларда патриоттық сезімдерін ояту, Отанымыздың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін насихаттау.

Залдың көрнекілігі – тақырыптық кітап көрмесі , проектормен көрсетілген фотоматериалдар . Кеш Әнұран орындаумен басталды.

Қатысқан оқырмандардын саны – 22 адам, барлығы - №30 орта мектептін 5 «Б» сыныптың оқушылары қатысты. Кешті кітапханашы Э. Оразовамен қатар екі оқушы белсенді қатысып өткізді. Олар сценарий бойынша Отан және Қазақстан , Тәуелсіздік туралы өлеңдерін жатқа айтып , мәнерлеп оқыды.

Өткен мәдени-іс шараның нәтижесі – жаңадан жазылған 9 бала, берілген кітаптардың саны – 10, журналдардан – 7, газеттен – 2 дана қолға берілді.

 

 
15.09.2011 18:31

 Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Кітапхана білімпаздар мекені» атты ашық есік күні болып өтті.

2Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Кітапхана білімпаздар мекені» атты ашық есік күні болып өтті. Оған қаламыздың Қайнар мектебі, №1, 17, 37, 16, мектептерінің 2, 3, 5, 6, 7, сынып оқушылыры сонымен қатар Көп салалы колледжінің студенттері қатысты.

Ғасыр көш ілгері жылжып, тарих беттері қалыңдағанмен, адамзаттың кітапқа деген құрметі, пейіл - ықыласы ешқашан ортаймаса керек. «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге», деп Абай атамыз айтып кеткендей кітап өз құндылығын жоғалтпай, білім мен тәрбие беретін құрал. Экскурсияға келген жас оқырмандарымызды кітапхана қызметкерлері қарсыалып, алдымен кітапхананың тарихымен таныстырып, слайд арқылы «Библиорандеву» көрсете отырып, кітапхананың бөлімдерімен және осы кітапханадағы «Жұлдыз», «Шипагер», «Умка» клубтарымен таныстырды. Сондай - ақ «Атауын тапсаң жаңылма» және «Қаламыздың тарихи ескерткіштері» атты слайд - сабақтар екі тілде өткізілді.Бұл сабақтардың басты мақсаты: ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпай, келешеккке дәріптеу. Балалар экраннан ұлттық аспаптардың атауын тауып айтып отырса, ал қаламыздың тарихы мен ескерткіштерін жатқа білетіндерін көрсетті. «Әріптерге саяхат» тақырыбымен оқушыларға ауызша ойын өткізілді. Ауызша ойында оқушылар әріпті таңдай отырып, сол әріптен басталатын сұрақтарға мүдірмей, қызығушылықпен жауап берді.

Сонымен қатар орыс тілінде «Что? Где? Когда?», «Волк и семеро козлят» ойын-сайысы өткізілді, «Маша и медведь», «Том и Джери» анимациялық мультфильмдер көрсетілді.

№ 1 мектеп оқушылары өз өнерлерін ортаға салып би мен ән шашуларын сыйлады.

Қазақстанның 20 жылдығына байланысты оқу залында «Әлем таныған Қазақстан» атты кітап көрмесімен оқушыларды екі тілде таныстырып өттік.

Кітапхананың қазіргі кезде, жас жеткіншектердің өскелең талабын қанағаттандыруда, рухани байлығын, жалпы қабілетін, ой – өрісін дамытуда, жоғарғы эстетикалық талғамын қалыптастыруда оқырманның қызығушылығын арттыруда алатын орны ерекше.

Экскурсия соңында жаңадан келіп түскен әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.

 
15.09.2011 18:25

№2 кітапхана бөлімшесінде Құрылыс колледжінің студенттерімен «ашық есік» өткізілді.

12№2 кітапхана бөлімшесінде Құрылыс колледжінің 5-12, 5-13 топтарының студенттерімен «ашық есік» күніне арналып «Кітап әлемі біздің кітап сөремізде» атты әңгіме өткізілді.

Әңгімені бастамас бұрын кітапханашы Алина Ш.Қ. 1-курс студенттерін кітапханамен , оның бөлімдерімен таныстырып өтті. Кітапханаға келіп түскен жаңа әдебиеттерге, мерзімді басылым беттеріне шолу жасалды. Сонымен қатар кітапханамыз жаңа технологиямен жабдықталғаны, интернет жүйесіне қосылғаны жайлы айтып кетті. Студенттердің сабақтарына қолайлы рефераттар базасы, «Заң» базасы, скайнер, көшірме бар екені айтылды.

Кітапханашы кітап сөзі қайдан шықты, не мағынаны білдіреді, кітап парағы алғаш неден жасалды, кітап қай ғасырдан бастап шығарыла бастағаны жайлы, кітаптың адам баласына пайдасын, құндылығын, кітаптан алған білім арқылы әлемді тануға болатындығын, ұлағаттылардың кітап туралы дана ойларымен, нақыл сөздермен, кітап тарихымен таныстырды.

 
<< Бірінші < Алдыңғысы 31 32 33 34 35 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL