Жаңалықтар
20.10.2011 20:06

№12 кітапхана-бөлімшесінің балалар бөлімінде «Қазақ халқының таланты рухани биігі» атты кеш өтті.

1Бұл кешке №8 балалар үйінің оқушылары және кітапханашысы Попова Л.А. қатысты.

Мақсаты: қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өмірге белсене араласып, адамгершілік, ағартушылық идеяларды уағыздаған қазақтың ұлы ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының творчетвосына арналған. Кеште ол – сондай-ақ, прозашы, аудармашы, тарихшы және философ ретінде бейнеленді. Шәкәрімнің поэзиялық шығармалары туралы сөз козғалды, олардың мазмұнға бай, сан салалы болып келуіне де, Шәкәрімнің тарихи, ғылыми, философиялық шығармалары қазақ прозасының дамуына өзіндік ықпалын тигізгені туралы баяндалды. Қатысушылар бұл кешке арнайы дайындалып Шәкәрімнің бірнеше өлеңдерін жатқа айтты.

 
19.10.2011 02:24

 « Сазгер сыры »

сазды кеш

N12 – кітапханада Евразиялық технико-гуманитарлық колледж студенттерімен «Сазгер сыры » - атты кеш Семейлік сазгер, әнші, Қазақстанға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Тұрсынғазы Рахимов жайлы өткізілді.

 

1Кештің мақсаты: «Өнер – тәңір сыйы» десек, бойға біткен қасиетті танып, оны дамыту, жан дүниені тебіренкен ерекше сезімнен туған ән ырғағын тыңдаушыға жеткізіп,көкірек ояту екінің бірінің қолынан келе бермейді. «Сәби болғым келеді» әнімен танымал, отыз жылдай қазақ даласын шарлап, өз өнерімен қалың қауымды сүйсінтіп жүрген, әнші, сазгеріміз Тұрсынғазы Рахимовтың – осындай өнер иесі.

«Үш бақытым » деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлап өтсе, «үш ұстазым бар » деп Тұрсынғазы әркез мақтанышпен айтады. «Сен сазгерлікпен айналысасың»-деген ұстазы, тәлімгері Жүсіпбек Елебеков болса, «Сені асырайтын қара домбыраң» деп Есімхан Обаев тілек білдірсе, енді бір ұстазы компазитор Теміржан Базарбаев еді.

Өнер өлкесінде, оның ішінде сазгерлік салада маңдайы жарқырап, бәйгеден келіп жүрген санаулы жүйріктің бірі Тұрсынғазы Рахимов екені даусыз. Оның бапкері қашанда халық екені баршамызға мәлім. Әншінің абыройы бүкіл шығыс еліне, қала берді барша қазақ халқына ортақ.

Кеш өткізілген оқу залында «Сазгер сыры»- тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Колледж студенттерінің ішінен Ақылбаева Сая домбырамен үш күй орындаса, Дана Ермекбаева сазгердің «Дариға домбырамды берші маған» /сөзі:М.Мақатаевтікі/ өлеңін шырқады.

 
29.09.2011 20:31

Цемент кентіндегі кітапханада № 32 орта мектебінің 10 сынып оқушыларымен М.О.Әуезовтің туған күніне арнап «Ұлы даналар» атты кездесу кеш өткізілді.

1Цемент кентіндегі кітапханада № 32 орта мектебінің 10 сынып оқушыларымен М.О.Әуезовтің туған күніне арнап «Ұлы даналар» атты кітап көрмесі және кездесу кеш өткізілді. Кітапханашы Омарханова Г.М. ұлы жазушының өмір жолы мен шығармашылығына қысқаша шолу жасады. Оның Абаймен Шәкәрім туып, теңдесі жоқ еңбектерімен жер жаһанға танылған Шынғыстау өлкесінен екені айтылды. Алғашқы әңгіме , повестеріне сол өңірде жазылғаны, бұған өлкесінің ғажап сұлу табиғаты растықпен суреттелгені сөз болды. «Ел әңгімелері», «Көксерек», «Қаралы сұлу» т.б, «Абай жолы» романы арқылы дүниежүзіне халықтарына қазақ ұлтының бар екенін, оның дарынды да дархан екенін таныды.

М.Әуезовті еске алғанда Шәкәрімдей дананы сөз етпеу мүмкін болмағандықтан кездесуге қатысқан зейнеткер аға Ғазиз Кәрібайұлы Ысқақов бұл тақырыпқа сөз сөйлеп, философ жанның «Үш анық» деген шығармасына тоқталып, өз пікірін білдірді.

Кітапхана меңгерушісі Кабжалелова С.К. кездесуді қортындылады. М.Әуезовтың шығармашылығы мәңгілік мұра. Оларды осы жасөспірім жақын оқып, біліп әрі қарай да оқыған үстіне оқу керек екенін айтты. Сонда ғана тәуелсіз қазақ елін әлем елдері таный білетін болады.

 
26.09.2011 20:08

 Қалалық орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары мәжіліс залында радиотехника және байланыс колледждің әдеби кеш өткізді.


3

Елімізде 2007 жылдан бері Қазақстан Республикасының мәдениет министрлігі мен Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен «Бір ел - бір кітап» акциясын ұйымдастырып келеді.

Әдеби-көпшілік шара биыл да өз жалғасын тауып қыркүйек айындағы «Бір ел - бір кітап» акциясында ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында ақын әрі прозашы, драмашы әрі аудармашы, сыншы әрі публицист Жүсіпбек Аймауытовтың есімі айрықша орын алған, әдебиеттің әр алуан жанрларында қалам сілтей жүріп, ол қазақ әдебиетінің жаңа өріске шығуына мол еңбек еткен Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы жарияланып отыр.

Көбірек ақпарат...
 
26.09.2011 20:00

N12 кітапхана бөлімшесінде тіл апталығына байланысты « Тілге құрмет - Елге құрмет »- атты дөңгелек стол болып өтті.


1N12 кітапхана бөлімшесінде тіл апталығына байланысты « Тілге құрмет - Елге құрмет »- атты дөңгелек стол болып өтті. Бұл шараға Семей көпсалалы колледжінің студенттері қатысты.

Бұл өткізіліп отырған шараның мақсаты: Оқушылардың өз ұлтына, тіліне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір – қасиетін дарыту, туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған аға – ұрпақ өкілдерінің еңбектерінен оқып үйрену, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушыларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйелі айта алуға, топ алдында еркін сөйлеуге баулу.

Осы дөңгелек столға қатысқан студенттер өздерінің ой – пікірлерін, тіл туралы қанатты сөздерін әсерлі баяндады. Студенттер З. Ақылбаева, Б. Жұматова, Исалар

тіл туралы жазған ақындар С. Торайғыров, Д.Әбілов, Ә. Тәжібаев, . Ә.Сәрсенбаевтардың өлеңдерін тамаша жатқа оқып шықты. Тыңдарман арасынан да Бақытбекова С, Оразкенова С, Атабаева Бағилалар өздерінің тіл туралы ойларымен алмасты.

Шараға «Тілім менің – тірлігімнің тірегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, « Тілге құрмет – Елге құрмет» тақырыбында слайд көрсетілді.

 
<< Бірінші < Алдыңғысы 31 32 33 34 35 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL