Жаңалықтар
06.03.2014 17:28
8march


Назар аударыңыз!

Біздің мерекелік жұмыс кестеміз:

Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана

жүйесінде 8-10 наурыз – демалыс,

әрі қарай күнделікті жұмыс кестесі.

LAST_UPDATED2
 
№12 кітапхана-бөлімшесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Евразиялық техникалық-гуманитарлық колледжінде «Елбасымыздың жаңа Жолдауы» атты талқылау 205 топ студенттерімен өткізілді.
06.03.2014 15:32

Мақсаты: «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір көзқарас, бір болашақ» Жолдауымен студенттерді таныстыру.

Кітапханашы шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің он сегізінші кезекті Жолдауында қойылған мақсаттарды шешу екі кезеңнен тұратыны жайында ақпарат берді. Бірінші кезең 2030 жылға дейін, ал екінші кезең 2030-2050 жылдар аралықтарын қамтиды. Сонымен қатар ол Жолдаудың Қазақстан тарихына енетін 10 креативті идеясына студенттердің назарын аударды. Олар: патриотизмде, инновацияларда, геологияда, ауыл шаруашылығында, ғылымда, аумақтық дамуда, көлікте, энергетикада, ШОБ (шағын және орта бизнес), экономикалық дамуда екендігін атап өтті. Осы идеяларда қойылған тапсырмаларды орындау елімізді жарқын болашаққа бастайды. Олар: экономика мен ауылшаруашылығында жаңа салалардың құрылуы – нано-және ғарыштық технологиялар, робот техникасы, болашақ энергиясы.

bewaa2

Студенттер ҚР Президентінің халыққа Жолдауына қызығушылық танытып, Қазақстан халқының алдына қойған Елбасы талаптарына ерекше тоқтала келіп, өз ойларын, көзқарастарын ортаға салып, белсенділікпен талқылады.

Студент Жакупова Алина бірінші басымдық бойынша өз ойын айта келіп, сирек кездесетін жер асты металлдарын өңдеп жандандыру керектігін және ғылымды қажетсінетін салалар - электроника, лазерлі техника, медициналық жабдықтарын ұлғайту керек екендігін айтты.

Белянков Никита өзінің екінші басымдық туралы сөздерінде - агроөнеркәсіптік кешенді инновациялық рельстерге көшіру жөнінде ерекше назар салу керек екенін атап өтті. Ауылшаруашылығы – ол біздің дәстүрлі саламыз. Азық-түлікпен қамтамасыз ету жалғасын табуда. Өйткені қазіргі фермерлерге әлемдік стандартпен өндірісті дамытып алғашқы технологияларды енгізу қажет.

Студент Мұқанов Серіктің ойы барлық студенттердің қызығушылығын тудырды. Ол Жолдаудың төртінші басымдығы жөнінде жігерлене айтып берді; инфраструктуралық трада-агломерациясы, көлік, энергетика, урбанистикалық орталықтардың дамуы, Қазақстанның үлкен қалалары (дәл осы қалалар өздеріне инвестицияны, халықты, сапалы білім мен медицинаны, мәдени қызметтерді тартады) көлік инфрастурасы, логистикалық қызмет, энергетика, көлік және темір жол құрылысы, атом станциясы – барлығы төртінші басымдықта айтылады.

Алтыншы басымдық студенттер үшін жақын және түсінікті болып келеді. 21 ғасырда дамыған мемлекет – ол белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтары бар ел. Онда: 3-6 жастағы балаларды мектепалды даярлығымен 100-пайыз қамту, ұлттық кәсіби техникалық білім беру жүйесі, үш тілді білу: қазақ тілі, орыс және ағылшын тілдері, сыни ойлау дағдысы, ақпараттарды терең талдау, үлгерімі жоғары студенттерді қолдау, медициналық сақтандыру, спортпен шұғылдану, алдын-ала тексерілу – мықты денсаулықтың негізі екендіктері атап көрсетілген. Бұл басымдықпен студент Текебаев Темирлан таныстырып өтті.

Іс-шараның соңында кітапханашы Президент Жолдауындағы 10 қызықты деректерді айтып өтті.

LAST_UPDATED2
 
Қалалық орталық кітапханада «Гендерлік саясат бүгінгі күннің өзекті мәселесі» атты маманмен кездесу Авиценна атындағы медициналық колледж студенттерімен өткізілді.
06.03.2014 15:29

Мақсаты: студенттердің құқықтық білімдерін арттыру, «2006-2016 жылдарғы Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік Стратегиясымен» және оның негізгі принцитерімен таныстыру.

Кітапхана қызметкері кіріспе сөзінде қоғамдық өмірдің барлық саласында гендерлік теңдік принциптерін жүзеге асыру мақсатында негізгі құжат «2006-2016 жылдарғы Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік Стратегиясы» бекітілгендігі жөнінде айта отырып, мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан істер туралы мәліметтер берді.

 

bewaa

Бұдан соң сөз кезегі «Отбасы орталығы» Қоғамдық қорының психолог-маманы Н.Ә.Қуандықоваға берілді. Ол қоғамдық өмірдің барлық саласында әйелдер мен ерлердің, яғни саясатта, экономикада, білім алуда, отбасында, денсаулық сақтаудағы құқықтары аталған стратегиялық құжатта тең қарастырылатындығын және әйелдер мен балалардың денсаулығын сақтауда, оларға зорлық-зомбылық көрсетуге жол бермеу мәселелерін шешу жолдары көрсетілгендігін түсіндіріп өтті.

Сонымен қатар Назым Әшімқызы әйелдер соңғы уақытта ерлермен теңдікті жиі талап етіп, қоғамда ерлердің орнын басып, әйел нәзіктігі жайында ұмытып кететіндігі жайында сөз қозғап, бұл дұрыс па деген ой салды. «Неліктен әйелдер ерлермен тең, тіпті олардан жақсырақ болып, қоғамдағы жауапкершілікті өздеріне алғысы келеді? Шынымен қоғамда қалыптасқан көзқарастарды бұзу қажет пе? Бұл туралы Сіздер қалай ойлайсыздар, қоғамда, отбасында әйелдер мен ерлер арасындағы теңдік жайында не айтасыздар?», - деп қатысушыларға сауал қойды.

Шараға қатысқан оқырмандар: Гендерлік теңдік дегеніміз не? Біздің мемлекетімізге керек пе? Гендерлік саясат қайдан шықты?, - деген сауалдар төңірегінде әңгіме қозғап, талқыланды.

Сонымен бірге шара барысында «Қазақстандағы гендерлік саясат» атты слайд көрсетіліп, «Әйелдердің қоғамдағы рөлі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

 
Сотрудники Детско- юношеской библиотеки в 10 классе школы №34 провели час информации «Творческое наследие Жусипбека Аймаутова», посвященный 125-летию со дня рождения писателя.
06.03.2014 15:24
There are no translations available.

Цель мероприятия: познакомить с творчеством писателя, вызвать интерес к книгам.

newssss newssss2

На фоне слайдов, посвященных Ж. Аймаутову, библиотекарь познакомила с жизнью и творческим путем писателя и предоставила слово учителю казахской литературы Жумагуль Баграмкызы, которая рассказала, что роман «Акбилек» - один из первых казахских романов, где рассказывается о тяжелой судьбе казахской девушки в период социальных потрясений.

Прослушав информацию, ребята ответили на вопросы викторины по произведениям Ж. Аймаутова.

Затем библиотекарь провела библиографический обзор литературы по книгам, представленным на книжной выставке.

 
Қалалық орталық кітапхананың Ақпараттық-библиографиялық бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Экология департаментінің қызметкерлері үшін «Экология және қоршаған орта» атты Маман күні өткізілді.
21.02.2014 17:01

Мақсаты: экология саласының мамандарын қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану бойынша жарық көрген кейінгі ақпаратпен, экология бойынша нормативті-заңды құжаттармен таныстыру.

eco1 eco2

Қоршаған ортаны қорғау саласы мен табиғатты қорғаудың құқықтық актілері, экологиялық кодексті жүзеге асыру шеңберіндегі түрлі заң актілеріндегі өзгерістер жайында «Қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша нормативтік құжаттар» тақырыбында Ақпараттық-библиографиялық бөлім меңгерушісі М.Маханбетова экоақпарат берді. Сонымен қатар, Интернет-ресурстар, «Заң» мәліметтер қоры, кітапхананың ақпараттық қорындағы экологиялық тақырыптағы материалдар туралы кеңінен айтылды.

Кітапхана қызметкері М.Ахметкалиева «Аймақтың экологиялық мәселелері» атты әдебиеттер мен мерзімді басылымдарға шолу-репортаж жасап, қоғамда экологиялық мәдениет қалыптастыру, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, Шығыс Қазақстан облысының қазіргі кездегі экологиялық ахуалы, өзекті экологиялық мәселелер бойынша кең көлемде айтып берсе, Б.Ержанова «Семей ядролық полигон аумағындағы радиактивті ластануды зерттеу» тақырыбында библиографиялық шолу жасады. Эколог мамандар айтылған тақырыптар бойынша өз ойларымен бөлісті.

Шара барысында ұсыныстық әдебиеттер тізімінің тұсаукесері жасалды, «ҚР қоршаған ортаны қорғау жағдайы», «Жасыл экономика» атты библиографиялық құралдар ұсынылды. Қатысушыларға 68 дана басылым ұсынылып, мамандар сұраныстары бойынша 24 басылым берілді. Мамандар күнін қорытындылай келе, «Сіздің тақырыптық ұсынысыңыз» атты сауалнама жүргізілді.

 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL