![]() |
Мақсаты: азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді қалыптастыру, қоғамдық құндылықтарды насихаттау, Қазақстанның тәуелсіздігі мен жетістіктері туралы білімді тереңдету.
Іс-шара басы кітапханашының әрбір қазақстандық үшін үлкен маңызға ие Тәуелсіздік еліміздің еркіндігі мен ұлылығының символы болып табылатындығы туралы сөздерімен басталды.
Іс-шараның басты қонағы жас маман, Семей қалалық Жастар ресурстық орталығының әдіскері Өмірбаев Райымбек Төлендіұлы әңгіме барысында жас ұрпақтың барлық технологиялар мен ақпаратты ұтымды пайдалануға ұмтылысы, тәуелсіздікке қол жеткізу және болашақ ұрпақтың бостандығын сақтау үшін қандай батыл қадамдар жасау керектігі туралы айтып берді.
Сондай-ақ, қонақ ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан мемлекеттілігінің жаңаруына және елдің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық өміріне қосқан баға жетпес үлесі мен зор ықпалын атап өтті.
Іс-шара тек мақсаты айқын, білімді, табысты көшбасшылар ғана тәуелсіз мемлекет құра алады деген қорытынды сөздермен аяқталды.