Биыл «Бір ел – бір кітап» акциясының таңдауы Сайын Мұратбековтың шығармаларына түскендігі белгілі. Осы орайда Қалалық орталық кітапханада Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» повесіне арналған «Прозаның хас шебері» атты оқырмандар конференциясы өткізілді.
16.04.2014 14:58

Мақсаты: Сайын Мұратбековтың шығармашылығымен таныстырып, шығармаларын насихаттау, жастарды отаншылдыққа, өнегелікке тәрбиелеу, сондай-ақ оқырмандарды әдеби - көркем кітаптарды оқуға шақырып, кітапханаға тарту.

new1 new3new2

Оқырман конференциясының барысында кітапханашы слайд көрсете отырып жазушының өмір жолымен және шығармашылығынмен оқырмандарды таныстырып өтті.

Оқырман студенттер «Жусан иісі» повесі бойынша басты кейіпкерге жақсы мінездеме бере отырып, өз пікірлерін ашық айтып, шығармадан алған әсерлерін жеткізді.

Шығарма желісі бойынша қойылған: «Оқиға қай кезеңде болған»?, «Жазушы повесті неге «Жусан иісі» деп атайды?», «Жусан иісі» арқылы жазушы оқырманға қандай ой тастайды?», «Әнгіменің негізгі идеясы не?», «Өздерің бұл әңгімеге қандай тақырып қояр едіңдер?» деген басқа да, сұрақтарға оқырман тарапынан тыңғылықты жауаптар алынып, жан-жақты қамтылды.

Іс-шараға «Прозаның хас шебері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жазушының кітапхана қорындағы бірнеше шығармалары мен баспасөз беттеріне жарияланған естеліктері қойылды.

Оқырман конференциясына қатысқан колледж ұстаздары іс-шарадан алған зор әсерлерін айтып, кітапхана қызметкерлеріне үлкен ризашылықтарын жеткізді. Осы шараға белсенді қатысқан студент оқырмандарымыз: Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеттің филология факультетінің студенттері А.Шаймарданова, А.Шеризат, Д.Байболова, Н.Қабаева, А.Әліпаева, С.Қуандықұлы, А.Сағындыковаға кітапхана тарапынан алғыс хаттар табыс етілді.

LAST_UPDATED2
 
ОКЖ бөлімшелерінде Халықаралық балалар кітабы күні, Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай ұйымдастырылатын Кітап мерекесі аясында әртүрлі шаралар өткізілуде.
03.04.2014 09:46

 

Балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Кітап ғажайып қазына» атты ертеңгілік №17, №36, №6, №4 жалпы білім беретін мектептерінің 1-4 сынып оқушыларымен өткізілді.

pk1 pk2 pk3
pk4 pk5 pk6

Кітапхананың оқу залы мерекеге сай безендіріліп, ертеңгілік жүргізушілері кітаптың шығу тарихы туралы айтып өтті. Шара барысында кітап, ертегі кейіпкерлерінен викториналық ойындар слайд арқылы ойнатылып, оқушылардың қызығушылығын арттыра түсті. Ертеңгілікте атаулы күндерге толы жыл мерейгерлері аталып, «Кітап театрының» аясында қойылған «Күшік, мысық және тышқанның достығы» атты ертегісі тамашаланды.

Аталған шарада «Ертегілер әлемінде» атты суретті кітап көрмесіндегі әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды.

Мәдени шарада әсем ән, әуен, терме айтылып мың бұралған бишілер мереке көркін аша түсті. М.Төлебаев атындағы музыка колледжінің студенттері «Күзгі қайың», «Наурыз» т.б. әндерін орындап, «Қазақ, өзбек» билерінен өнер көрсетті. Мектеп оқушылары да қалыс қалмай өздерінің дайындап әкелген өлең, әндерін нақышына келтіре орындап берді.

Шара соңында ата-аналар, ұстаздар өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, алғыстарын айтты. Оқырмандар мол әсермен, көтеріңкі көңілмен қайтты.

LAST_UPDATED2
 
Шүлбі кентіндегі кітапхана-бөлімшесінде кент тұрғындары және оқырмандарға арналып «Мерекені қайта жандандырып» атты сәнді қазақтың ұлттық киімдерінің байқауы өтті.
27.03.2014 09:50

Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурызды мерекелеу әрбір үйге жыл бойында молшылық және табыс әкеледі деп есептеледі. Ол өзінің салт-дәстүр, жоралғыларымен түсіндірілген.

Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке. Наурызды мерекелеу әрбір үйге жыл бойында молшылық және табыс әкеледі деп есептеледі. Ол өзінің салт-дәстүр, жоралғыларымен түсіндірілген.

nazyriz1 nazyriz2

Шараға әр жастағы адамдар қатысып, үлкен сүйіспеншілікпен ұлттық киімдерін таныстырып, өзге халықтардың дәстүріндегі ұлттық киімдерінің айырмашылықтары туралы айтты. Қазақтың ұлттық киімдері композициялық жағынан қарапайым болғанымен, кестемен, аң терісімен және т.б. ою-өрнекпен көмкерілгендіктен өте жарасымды болып келеді.

Шара соңында сайыс жеңімпаздары У.Оспанова және А Құрманғалиеваға сыйлықтар табысталды.

 
nauriz
 
№12 кітапхана-бөлімшесінде №8 балалар үйінің 7-8 сынып оқушыларымен «Наурыз - бейбітшілік және еңбек мейрамы» атты кеш өткізілді.
20.03.2014 09:57

Кітапханашы балаларға Наурыз мейрамын қазақ даласында қалай тойлағанын, ежелден келе жатқан салт-дәстүрдің маңызын, Наурыз көжені қалай дайындайтындығын, Наурыз жырын, Наурыз бата туралы айтып өтті.

Іс-шарада оқушылар «Жыл басы» атты көрініс қойды. Кешке Қыдыр ата келіп батасын берді.

«Ұлттық ойын – асыл қазынам» атты ойын-сайыс өтті. Кітапханашы ұлттық ойын түрлерінің суреттері бар кітаптарды қолдана отырып, балаларға ұлттық ойындардың тарихын, маңызын, мазмұнын қысқаша баяндады. Балалар қызығушылықпен тыңдап «Сиқырлы таяқ», «Арқан тарту» атты ойындарға белсене қатысты.

Наурыз мейрамына арналған викториналық сұрақтар қойылды. Өткізілген іс-шарада өлең оқылып, ән айтылды. «Қош келдің Наурыз» атты ашық көрмеге библиографиялық шолу жасалды.

№2 кітапхана - бөлімшесінде № 35 орта мектептің 6 сынып оқушыларының қатысуымен «Наурыз — жердің Ұлы мейрамы» атты кеш өткізілді.

Көктем мен еңбектің ежелгі мерекесі «Наурыз» парсы сөзі, қазақша «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді, бесікке салу, тұсау кесу қазақ халқының салт-дәстүрлері, Наурыз көже — Ұлыстың ұлы күні жеті түрлі тағамнан жасалатын қасиетті ас, Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналады, сол себепті бұл тағамды жеті түрлі тағамнан жасап, молшылық болсын, береке болсын деп ниет еткені жайлы кітапханашы қысқаша айтып берді.

№35 мектептің оқушыларының көмегімен дайындалған шағын концерттік бағдарлама тамашаланды. Дарыбаева Камила, Сабырова Аружан би биледі, Күзенбаева Мадина Ұлықбек Есдәулетовтың «Ұлыс мерекесі» өлеңін мәнерлеп оқыды, Аманғалиева Аружан мен Жарқын Айдананың орындауында «Наурыз думан» әні көпшіліктің көңілінен шықты.

«Қош келдің, Әз Наурыз» атты слайдтар көрсетіліп, Наурыз мейрамына байланысты экран арқылы сұрақ-жауап ойыны ойнатылды.

Кеш «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз» атты көрмеге библиографиялық шолумен аяқталды.

 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL