ОКЖ Қызмет көрсету бөлімінде, «Мерей» клубы аясында, «Ғасырдың дарабозы» атты поэзия сағаты өткізілді.
17.06.2012 15:38

Іс – шара мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа жан – жақты таныстыра отырып, шығармашылық ізденіс пен ақындық өнерге қызығушылықтарын арттыру, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

1

Шығармалары дүние жүзінің қырыққа тарта тілдеріне аударылып, Қазақстан және Қырғызстан Республикасының «Халық жазушысы» дәрежесін иемденіп, әлем халықтары мен қазақ елінің мақтанышына айналған ұлт ақыны Мұхтар Шахановтың 70 жасқа толған мерейтойына орай оқу залы бөлімінде «Мерей» клубы аясында «Ғасырдың дарабозы» атты поэзия сағаты өткізілді.

Кешке Семей көп салалы колледжінің студенттері қатысты. Кеш барысында кітапхана қызметкері ақынның өмірі мен шығармашылығына тоқталды.

«Төрт ана», «Арман», «Жігерлендіру» атты өлеңдерін студенттер мәнерлеп оқып шықты.

Ұлттың ең басты ерекшелігі – тілі. Кеште оқырмандарға тіл мәселесінің әлі де болса көтерілмей тұрғаны жайлы, тілім деп тілімденіп жүрген М.Шахановтың тіл жанашыры екендігі,   «Космополитизм» сөзінің тұжырымдамасына түсінік берілді. Қырғыз топырағында жазылған «Өркениеттің адасуы», «Жазагер жады космоформуласы» атты саяси романдардың ұлттық әдебиетіміздің абыройын әлемдік биікке көтергені, ЮНЕСКО шеңберінде талқыланғаны жайлы сөз қозғалды.

Оқырмандарды «Ғасырдың дарабозы» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттермен таныстырып, ақын шығармалары бүгінгі әлемдік поэзиясындағы жаңа биіктіктерге ұмтылдырды.

 
26.01.2012 20:30

122222Шын аты Жан-Батист Поклен (1622-1673), өзінің театр қызметінде қабылдаған аты Мольер, классицизм заманында жасаған жазушы, француз комедиясының жаратушысы, ұлттық француз театрдың негізін салушы.

Мольер адам өмірінің еркін және ақылды құрылымының арманын өзінің туындыларында, идеяларын классикалық комедия пішінінде ұсынды. 60-шы жылдардың аралығында Мольер үш маңызды: "Тартюф", "Дон-Жуан" және " Мизантроп" комедия шығармаларын жазады..

Іс-шара барысында зейнеткерлер комедия туралы көп қызықты мәліметтермен танысты, зейнеткерлерге Жан-Батист Мольер шығармаларынан ең қызықты үзінділер оқылды.

Комедияда авторы дiни екi жүздiлікке қарсы күрес туралы, феодалдық аристократияның құлауы, арам тамақ және адамдардың жаман қасиеттерін өткiр қамшылайды. Әдеби портреттен кейін оқырмандар комедиялардағы кемшіліктер бiздiң заманымызда да бар кемшiлiктер. Және осы, кемшiлiктермен күресу керек деген нәтижеге келді. Зейнеткерлер өз ойларын ортаға салып, белсене араласып отырды.

 
18.12.2011 09:53

 №6 кітапхана-бөлімшесінде «Некрасов поэзиясы» атты әдеби сағат өтті.

Оқырмандардың әдебиетке, сөз өнеріне деген қызығыушылығын оятуға, олардың шығармашылығына еркін жол ашуға, өздігінен ізденуге баулуға, оқушыларды көркем әдебиет оқуға тарту, көркем әдебиет оқу арқылы сауатты, білімді болуға, адамгершілікке, ізденімпаздыққа, мәдениеттілікке, сөйлеу мәдениетін, тіл байлығын дамытуға тәрбиелеу мақсатында Радиотехника және байланыс колледжінің 2 курс студенттеріне арнап орыс ақыны Н.А.Некрасовтың туғанына 190 жыл толуына орай «Некрасов поэзиясы» атты әдеби сағат өткізілді.

1 2

  Шараға жетекшілері Дюсембаева Асем Қалиасқарқызы қатысты. Әдеби сағат барысында кітапханашы ақының өмірімен, шығармашылығымен таныстырып, артынан қалған әдеби мұрасын насихаттап, кітаптарына библиографиялық шолу жасады.

3

 
13.11.2011 16:01

 №12 кітапхана-бөлімшесінде Евразиялық гуманитарлы-техникалық колледж студенттерімен Семейдің Абай атындағы драма театрының әртісі, Қазақстанның халық әртісі Бекен Имаханов 75 жасқа толуына орай "Сахна саңлағы" атты кездесу кеш өтті.

Кештің мақсаты: Б. Имахановтың актерлік шығармашылық шеберлігінің шыңдалған бейнелерін Абай театрының, қаланың ғана емес Қазақстан халықтары сүйіп көретін актер екендігін оқырмандарға таныстыру.

Шара барысында оқырмандар Бекен Имахановтың өмірбаян мен шығармашылығымен танысып, әң орындап берді. Сонымен қатар оқырмандарға слайд ұысынылды.

Кездесу кешінде студенттер белсенді қатысып, сұрақтарын қойып нақты жауаптар алды.

7 8

 

№12  кітапхана-бөлімшесінде  Евразиялық гуманитарлы-техникалық  колледж студенттерімен  Семейдің Абай атындағы драма театрының әртісі, Қазақстанның халық әртісі Бекен Имаханов 75 жасқа толуына орай "Сахна саңлағы" атты кездесу кеш өтті.

Кештің мақсаты: Б. Имахановтың актерлік шығармашылық шеберлігінің шыңдалған бейнелерін Абай театрының, қаланың ғана емес  Қазақстан халықтары сүйіп көретін  актер екендігін оқырмандарға таныстыру.

            Шара барысында оқырмандар Бекен Имахановтың өмірбаян мен шығармашылығымен танысып, әң орындап берді. Сонымен қатар оқырмандарға слайд ұысынылды.

Кездесу кешінде студенттер белсенді қатысып,  сұрақтарын қойып нақты жауаптар алды.

 
31.10.2011 08:15

Мақсаты: ақынның өмірбаянымен және шығармаларымен таныстыра отырып оқушының кітап оқуға деген қызығушылығын, ойлау қабілеттерін, көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту, елжандылыққа тәрбиелеу.

Кітапханашы Сағынбаева А. С. ақынның өмірбаянымен шығармашылығына тоқталып өтті.

Сайыс басталмас бұрын әділқазылар алқасы сайланды. Шара барысында оқушылар «Жас қанат» және «Талант» командасы болып бөлініп, балалар ақынның өлеңдерін жатқа айтуда сайысқа түсті. Ә. Дүйсенбиевтің бір өлеңін «Жас қанат» бастаса, «Талант» тобы жалғастырды. Осы сайыс арқылы команда мүшелерінің қаншалықты ақынның өлеңдерін білетіндігі анықталды.

Сонымен қатар ақынның шығармашылығына байланысты мынандай сұрақтар қойылды:

1. Ақын қай жылы, қай жерде дүниеге келді ?

2. Ақынның алғашқы өлеңі қай жылы жазылды ?

3. Ақын басқа ұлт ақын, жазушыларының қандай шығармаларын қазақ тіліне аударды?

оқушылар өздерінің білгірлігімен ерекшеленді. Әдеби сайыс соңында №4 мектептің оқушысы Мамырбеков Ерасыл «Ақ мамам» әнін нақышына келтіре орындап, көпшіліктің көңілінен шықты.

 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL