Әдеби серпантин


Балалар және жасөспірімдер кітапханасында Николай Николаевич Носовтың туғанына 105 жыл толуына орай №4 мектептің 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Ең көңілді балалар жазушысы» атты бір автордың суретті кітап көрмесінің тұсаукесері өткізілді.
28.11.2013 15:19

            Мақсаты: жазушының өмірдерегінен мағлұмат бере отырып, оның шығармашылығын терең, кең көлемде насихаттай келе кітапхана қорындағы автордың еңбектерімен таныстыру.

            Аталған көрмеде жазушының кітаптарымен қатар мерзімді басылымдар бетіне басылып шыққан жазушы туралы мәліметтер және деректер қойылды. Көрмемен таныстыру кезінде оқушыларға «Николай Носов әңгімелеріне саяхат» тақырыбында викториналық сұрақтар қойылып, балалардың дұрыс жауаптары тыңдалды.  

                        Балалар кітап сөресіндегі кітаптарға қарап шығармаларды бірден танып, не туралы жазылған екендігін жарыса әңгімелеп берді. Көрмеге қойылған жазушы кітаптарының көмегі балалардың қойылған сұрақтарға жауап бергенде көп пайдасы тиді.

            Осындай көрмелер көбіне жазушылардың мерейтойларына орай ұйымдастырылады. Бұл жерде жазушының кітаптарымен бірге, жазушы туралы материалдар да беріледі. Көрме қай автордың, қандай шығармалары, қандай мақсатта қойылғанына байланысты әртүрлі оқырман тобына арналуы мүмкін.

pisatel1 pisatel2 pisatel3
 
Ұлы ойшыл, қайталанбас дара тұлға Л.Н.Толстойдың туғанына 185 жыл толуына байланысты Қалалық орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінде
25.09.2013 15:16

Қаржы және экономика колледжінің 1 курс студенттерімен «Толстой – бұл біртұтас әлем» атты саяхат – шолу өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: Оқырмандарды Лев Николаевич Толстойдың шығармашылығымен таныстыра отырып, автор туралы мағлұмат беру. Туындыларының мазмұны мен идеясын ашу. Шығарма туралы өз ойын еркін айтып, өз пікірлерін қорғап, айқын да дәлелді сөйлеуге дағдыландыру.

Саяхат-шолу барысында Л.Н.Толстойдың өмірі мен шығармашылық жолына байланысты Мәскеу, Қазан, Ясная Поляна сияқты жерлер туралы ақпарат беретін слайдтар көрсетілді. Сондай ақ кітапханашы оның шығармаларымен бірге Толстой туралы жазылған кітаптармен және оның кейіпкерлерімен студенттерді таныстырып өтті.

А.М.Горькийдің сөзімен аталған: «Толстой – бұл біртұтас әлем» атты үнемі қолданыстағы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда – шығарма жинақтамалары және жеке туындылары, соның ішінде И.Репиннің, И.Крамскойдың репродуктивтік суреттері, Толстойдың замандастарымен түсірілген фотосуреттері, оның романдарына иллюстрациялар, олардың балаларының Толстой туралы естеліктері және т.б. өз орнын тапқан.

 

4
 
№6 кітапхана-бөлімшесінде Кітап мерекесі аясында жас оқырмандардың ой-өрістерін кеңейту, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында орыстың аса шебер балалар жазушысы Н.Носовтың туғанына 105 жыл толуына орай «Дымбілмес және бәрі-бәрі» атты саяхат-ойын №9 орта мектептің 3 сынып оқушыларына арналып өткізілді.
28.04.2013 00:00

1Шара барысын кітапхана қызметкері көрнекті кеңес қаламгері Н.Носовтың өмірі мен шығармашылығын оқырмандарға таныстыра отырып жүргізді. Жазушының "Дымбілмес пен достарының хикаялары", "Дымбілмес Күн қаласында" ертегі-романдары балалардың сүйіп оқитын әйгілі шығармалары екендігіне тоқталды. Шығармалардың оқиғалары қызықты, тілі тартымды екендігін, бұл кітаптарды қызықпай, құмартпай оқу мүмкін емес екендігін айта кетті. Шара барысында "Новый герой", "Механик", "Кто это сказал" атты ойындар өткізілді. М.Төлебаев атындағы Музыкалық колледждің жанынан құрылған балалар студиясының оқушылары Тындыкова Айжан, Гурбянова Алена "Новый русский танец" биімен, Рахым Дариға, Жунусова Жамиля "Андежанская полька" биімен шараны көркемдеп отырды.

Жас оқырмандарымыз жазушының ертегі-романдары желісімен түсірілген мультфильмдерді тамашалап, әрдайым сәтсіздіктер мен күлкілі жайларға ұшырап қала беретін кейіпкеріміздің басынан кешкендеріне саяхат жасап қайтты. Ертегі желісі бойынша оқырмандарға викторнина сұрақтары қойылып, жауаптар тыңдалды. Шарға арналып кітап көрмесі ұйымдастырылып библиографиялық шолу жасалды.

2 3
 
Цемент кентіндегі кітапхана бөлімшесінің оқу залында № 32 мектептің 11 сынып оқушыларымен бірлесе отырып «Марина Цветаеваның 120 жылдығына» арналып поэзия сағаты болып өтті.
08.11.2012 08:14

Іс – шара мақсаты: оқушыларды ақын М.Цветаеваның өмірі және шығармасшылығымен жан - жақты таныстыру.

Кітапханашы өзінің сөзінде ақынның өлеңдерінің негізінде азаматтық лириканың поэзиялық шығарманың бейнелілігі арқылы танылатынын айтып өтті. Ақынның көңіл күйін, тағдырын өлең жолдары арқылы айқын аңғаруға болады. Ақынның жырлары қайталанбас көркем суреттерімен, айшықты поэтикалық тілімен оқырманын баурайды.

Поэзия сағатында оқушылар ақынның өлеңдерін оқып, басқа жазушылардың М.Цветаева жайында айтқан ой пікірлерін айтып берді. Іс – шара барысында кітап оқу залында «Тағдыр. Мінез. Поэзия» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашылар библиографиялық шолу жасап, оқушыларды кітапханаға шақырды.

 

DSC09871 DSC09875
 
№12 кітапхана - бөлімшесінде №27 мектептің 11 сынып оқушыларымен бірлесе М.Цветаеваның туғанына 120 жыл толуына байланысты «Поэзия.Тағдыр.Ғасыр.» атты кеш өткізілді
24.10.2012 18:38

12012 жылдың 26 қыркүйегінде орыстың атақты ақыны Марина Цветаеваның туғанына 120 жыл толған болатын. Егер Анна Ахматова орыс классикалық шығарманың салт-дәстүрін сақтаушы болса, Марина Цветаева- жаңашыл ақын. Ақынның өлең жолдарынан адамдардың жан-дүниесін, ішкі сыйқырлы сезімін батыл суреттегінің көруге болады. Шарада М.Цветаеваның өлеңдері оқылып, басқа жазушылардың ой пікірлері талқыланды. Арнайы әдеби «Ресей.Тағдыр.Қасірет.» атты ашық көрме ұйымдастырылып, ақынның өміріне, қайғылы тағдырына, творчествалық жолына арналған кітаптар, мерзімді басылымдардан алынған мәліметтер, сонымен қоса суретті кітаптары қойылды.

 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL