Қорытынды
Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «КІТАП АРҚЫЛЫ РУХАНИ ЖАҢАРУ» атты Кітап мерекесі аясында өткен шығармашылық сайыстардың қорытындысы.
27.04.2018 14:27

1-4 сынып оқушылары арасында әдеби шығармаларда суреттелген заттардың немесе кейіпкерлердің бейнесін сипаттайтын «Біз кітап әлемінен» атты қолда бар материалдардан жасалған қолөнер сайысының жеңімпаздары:

• 1 орын - Улан Венера, Балалар және жастар шығармашылығы сарайы, 4 сынып - «Царевна лягушка»;

• 2 орын - Колонич Анастасия, №44 мектеп, 4 сынып – «Жар птица»;

• 3 орын – Дуйсенгалиева Адина, Балалар және жастар шығармашылығы сарайы, 1 сынып - «Колобок».

1 2 3
4 5 6

Ынталандыру сыйығына ие болған сайыскерлер:

• Кажибеков Бахтияр – 10 мектеп, 2 сынып - «Муха-Цокотуха»;

• Калиев Рустам - №17 мектеп, 3 сынып - «Ұя – Қамқорлық»;

• Қалтаев Батыр - №10 мектеп, 2 сынып - «Бір қап алма»;

• Саржанова Шырайлым - №30 мектеп, 4 сынып - «Құмырсқа мен шегіртке»;

• Арнұр және Ернұр Қадылбековтер - №44 мектеп, 3 сынып - «Түлкі мен тырна»;

• Бейсенов Заңғар - №20 мектеп, 1 сынып - «Кірпілер».

7 8 9
10 11 12

5-8 сынып оқушылары арасында тарихи немесе қазіргі заманғы, кино-мультфильм және әдеби кейіпкерлердің образын жасап, бейнесін сомдап көрсету мақсатында өткен «Костюмдер дефилесі» атты байқау жеңімпаздары:

• 1 орын - Тлеуханова Зарина, №44 мектеп, 5 сынып – «Снежная королева»;

• 2 орын - Исабекова Асылжан, Знаменка орта мектебі, 5 сынып - «Мақта қыз»;

• 3 орын - Сарсенбекова Махаббат, №3 мектеп, 5 сынып - «Мыстан кемпір».

13 14 15

Ынталандыру сыйлығына ие болған қатысушылар:

• Токтарханова Айжан - №37 мектеп-гимназиясы, 5 сынып - «Принцесса Бель»;

• Турсынгалиева Ақмарал – Знаменка орта мектебі, 5 сынып - «Мальвина»;

• Алдабергенова Елдана - №21 мектеп, 7 сынып - «Золушка»;

• Байболатова Қымбат - №48 мектеп, 8 сынып, «Малефисента»;

• Худалей Милана - №2 мектеп, 8 сынып – Комикс «Anthrocon» Furre Zapper;

• Серикова Еркежан - №30 мектеп, 5 сынып - «Корей ертегісі».

16 17 18
19 20 21

Біздің байқауларға ұсынылған қызықты әрі жарқын жұмыстары үшін барлық сайыскерлерге зор алғысымызды білдіреміз! Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта та кітап арқылы біліммен қаруланып, шығармашылық табыстарға жете берулеріне тілектестігімізді білдіреміз!

 
Биыл 15-ші рет ұйымдастырылып отырған Кітап мерекесі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «КІТАП АРҚЫЛЫ РУХАНИ ЖАҢАРУ» тақырыбымен өтуде.
20.04.2018 17:43

Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 2003 жылдан бері Халықаралық балалар кітабы күні мен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күндерін бірлестіріп, 2-23 сәуір аралығында КІТАП МЕРЕКЕСІН дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Биыл 15-ші рет ұйымдастырылып отырған Кітап мерекесі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «КІТАП АРҚЫЛЫ РУХАНИ ЖАҢАРУ» тақырыбымен өтуде.

Мерекенің басты мақсаты – балаларды әдебиетке жақын болуға баулып, кітапханаға тарту, кітап құндылығын, оның адам өміріндігі алатын орнын, маңызды рухани азық екендігін түсіндіру.

1 2 3

Осы ауқымды шара аясында ОКЖ-нің барлық кітапхана-бөлімшелерінде бір ай бойы қызықты кездесулер, әдеби кеш, ертеңгілік сияқты т.б. көптеген мәдени шаралар өткізіліп, талапты, талантты балалардың шығармашылық ізденістерін арттыру мақсатында шығармашылық сайыстар өткізілді.

4 5 6

Атап өтетін болсақ 1-4 сынып оқушылары арасында әдеби шығарма кейіпкерлерінің бейнесін сипаттайтын «Біз кітап әлемінен» атты қолда бар материалдардан жасалған қолөнер сайысы және 5-8 сынып оқушылары арасында тарихи, қазіргі заманғы, кино-мультфильм және әдеби кейіпкерлердің бейнесін сомдап көрсету мақсатында «Костюмдер дефилесі» атты байқау ұйымдастырылды.

Бұл шығармашылық байқауларға қала бойынша барлығы 25 мектептен 200-ге жуық оқушылар қатысты. Қорытынды шығару үшін тәуелсіз сарапшылар комиссиясы құрылды.

10 11 12
13 14 15

Байқаулардың жеңімпаздары салтанатты түрде Балалар және жастар шығармашылығы сарайында өткен Кітап мерекесінде марапатталды. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар мен мақтау қағаздары тапсырылды.

Кітап мерекесін өткізуге демеушілік көрсеткен ЖШС «Меломан Home Video» ұжымына және ұйымдастыру жұмыстарына атсалысқан т.б. барлық серіктестерімізге зор алғысымызды білдіреміз.

LAST_UPDATED2
 
Семей қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің /ОКЖ/ ұйымдастыруымен 2003 жылдан бері дәстүрлі түрде қала көлемінде Кітап мерекесі өткізіліп келеді. Биылғы мереке Алаш қозғалысының 100 жылдық мерейтойына арналып «ТАРИХ ҚОЙНАУЫНАН СЫР ШЕРТКЕН...» тақырыбы аясында өткізілді.
22.04.2017 11:19

Мерекенің басты мақсаты – өскелең жас ұрпақты әдебиетке жақын болуға, кітап оқуға үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіріп, ұғындыру.

Кітап мерекесі аясында 2-21 сәуір аралығында ОКЖ-нің барлық кітапхана-бөлімшелерінде түрлі тақырыптағы кітап көрмесінің тұсаукесері, әдеби кештер, ойын-саяхаттар, ертеңгіліктер және т.б. мәдени шаралар өткізілді.

Сонымен қатар мереке барысында талапты, дарынды мектеп оқушыларының шығармашылық ізденістерін арттыру бағытында «Алашым деп жыр арнаймын» тақырыбында жас ақындар және «Менің елім - Мәңгілік ел» атты жас суретшілер сайыстары ұйымдастырылды.

IMG-20170421-WA0052 IMG-20170421-WA0073 IMG-20170421-WA0077

Бұл байқауларға қаламыздың 30 мектебінен 300-ден астам оқушылар қатысты. Жас суретшілердің жұмыстарын сараптап, байқау қорытындысын шығару үшін арнайы әділ қазылар алқасы ретінде Балалар көркем өнер мектебінің директоры Алжанов Кайырбек Абдикаримович, осы мектептің ұстазы Шаяхметов Серік Қабденұлы, Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің кіші ғылыми қызметкері Жакеева Гүлжан Орынбековна төрелік етті.

DSCN9893 DSCN9896 DSCN9916

Жас суретшілер байқауына қатысқан 1-4 сынып оқушылары өздерінің суреттерінде қазақтың кең байтақ даласын, әсем қаламыз Астананың көрікті жерлерін, үстіміздегі жылы өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі туралы қиялдарын бейнелеген.

Сайыс қорытындысы бойынша І орынды №10 мектептің 4 «в» сынып оқушысы Виктория Матвеева, ІІ орынды №43 мектептің 4 «б» сынып оқушысы Лилия Краснопеева, ІІІ орынды №22 мектептің 2 «г» сынып оқушысы Адина Рапиханова иеленсе, ынталандыру сыйлықтарына №5 гимназиясының 3 «а» сынып оқушысы Гүлнұр Дүйсен мен №31 мектептің 3 «а» сынып оқушысы Жанель Имантаева ие болды.

20170421 104504 DSCN9920 20170421 104528

Жас ақындардың шығармашылығын шыңдап, балалардың ерекше қабілеттерін қолдауға бағытталған жыр сайысы балалардың жас ерекшеліктеріне қарай 5-7 және 8-10 сынып оқушылары арасында өткізілді. Байқау қорытындысын шығарып, үздік жас ақындарды анықтау үшін әділ қазылар ретінде жергілікті ақындарымыз төрелік етті, олар:

• Ақын, аудармашы, абайтанушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты - Мұрат Сұлтанбеков;

• Ақын, «Халықтық ой-сана» ақындар орталығының жетекшісі, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты, Қазақстан авторлар қоғамының мүшесі, республикалық айтыстар мен жыр-мүшайралардың жүлдегері - Серік Молдабеков;

• Ақын, республикалық айтыстар мен жыр-мүшайралардың жүлдегері - Жанарбек Торайғыров.

IMG 5528 20170421 103043 20170421 104452

5-7 сынып оқушылары арасында бірінші орын – Жанерке Оразғалиева (№4 мектептің 5 «б» сынып оқушысы), екінші орын – Дамир Жапаров (№2 мектептің 6 «а» сынып оқушысы), үшінші орын – Алуа Алпанова (№16 мектептің 5 «ә» сынып оқушысы) есімді жас дарындарға бұйырды. Ал №8 мектептің 6 «а» сынып оқушысы Ұлпан Мейізбекова мен №4 мектептің 7 «а» сынып оқушысы Жібек Советқадырова ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Қазылар алқасының шешімімен 8-10 сынып оқушылары арасында ең үздік өлеңімен танылған 37 гимназияның 9 «б» сынып оқушысы Адель Мухамеджанова бірінші орынға қол жеткізсе, №5 мектептің 9 «б» сынып оқушысы Дильназ Баекенова екінші орынды, №36 мектептің 9 «а» сынып оқушысы Әйгерім Тоқтамыс үшінші орынды иеленді. Сонымен қатар Отбасы үлгісіндегі №8 балалар үйінің 9 «б» сынып оқушысы Тимур Мухаметзянов пен №37 гимназиясының 8 «а» сынып оқушысы Гүлім Аспандиярова ынталандыру сыйлығына ие болған жүлдегерлер қатарынан көрінді.

IMG 5480 IMG 5498 IMG 5526

Жас ақындарымыз бүгінгі Тәуелсіздікті арман еткен Алаш идеясын және елінің жарқын болашағы үшін күрескен кемеңгер тұлғалардың, Алаш қайреткерлерінің ерен еңбектерін жырға қосып, ұлттық мұрамыз бен елдік-ерлік құндылықтарымызды ұлықтаған.

Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында өткен Кітап мерекесінде сайыс жеңімпаздары жарияланды. Жеңімпаздар сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталып, жұмыстары Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің сайтына қойылды.

Кітап мерекесі барысында жас өнерпаздардың орындауындағы әсем әндер мен мың бұралған билер көрермендерге шат көңіл сыйлап, ризашылыққа бөледі.

Семей қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әкімшілігі Кітап мерекесін өткізуде қолдау көрсеткен барлық серіктестер мен әріптестерге зор алғысын білдіреді.

 
Семей қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің /ОКЖ/ ұйымдастыруымен 2003 жылдан бері дәстүрлі түрде қала көлемінде Кітап мерекесі өткізіліп келеді. Биылғы мереке ОКЖ-нің 40 жылдық мерейтойына арналып «КІТАПХАНАҒА ҚҰРМЕТПЕН» тақырыбы аясында өткізілді.
26.04.2016 16:56

«Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің негізі 1976 жылы қалалық халық депутаттары кеңесі атқарушы комитетінің шешімімен қаланды. Орталықтандырылған кітапхана жүйесі құрылғанда құрамына 30 кітапхана-бөлімшесі болды.

Бүгінгі таңда ОКЖ құрамына мәдени-ақпараттық және ағартушылық орта болып табылатын 10 кітапхана-бөлімшесі кіреді.

1 2 3

Мерекенің басты мақсаты – өскелең жас ұрпақты әдебиетке жақын болуға, кітап оқуға үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіріп, ұғындыру.

4 5 6

Кітап мерекесі аясында 2 - 22 сәуір аралығында ОКЖ-нің барлық кітапхана-бөлімшелерінде бір ай бойы әр түрлі бағытта дөңгелек үстел, семинар, әдеби кеш, ертеңгілік және т.б. мәдени-көпшілік шаралар өткізілді.

Сонымен қатар мереке барысында талапты, талантты жастардың шығармашылық ізденістерін арттыру бағытында «Кітапханаға шат күлкі сыйлайық» атты фотобайқау, «Мен кітапхананы жырлаймын» атты жас ақындар және «Шын жүректен...» атты бейне-құттықтау сайыстары ұйымдастырылды. Бұл сайыстарға тек қана қала мектептері ғана емес қала маңындағы Шақаман, Пригород, Мұқыр, Знаменка, Березовский т.б. орта мектептері де қатысып белсенділік танытты.

Сайыскелерді бағалау үшін тәуелсіз сарапшылар комиссиясы құрылып, Балалар мен жастардың шығармашылық сарайында өткен Кітап мерекесінде сайыс жеңімпаздары жарияланды. Жеңімпаздар сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталып, жұмыстары Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің сайтына қойылды.

7 8 9

ОКЖ-сін мерейтойымен құттықтап, сайыс жеңімпаздарын мақтау қағаздарымен марапаттап, сыйлықтар табыстау үшін Кітап мерекесіне Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы К.Б.Көпбаев, қалалық маслихат депутаты А.В.Кулинич, «Нұр-Отан» партиясының өкілдері келді.

Сонымен қатар Кітап мерекесіне кітапхана ісінің ардагерлері, мәдениет мекемелері, серіктестер шақырылды. Олар ОКЖ-нің 40 жылдық мерейтойымен құттықтап, кітап оқуды ілгерілендіруде табыстар мен шығармашылық жетістіктер тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

10 11 12

ОКЖ қызметкерлері ұзақ жылдар бойы өз оқырмандарын құшақ жая қарсы алып, жан-тәнімен қызмет көрсетіп қана қоймай, сонымен бірге олардың білім алып, рухани-мәдени, әдеби мұраларымызбен сусындауға жол ашып, жағдай жасауда. Кітапхана ісіне адал қызмет еткен көптеген мамандар Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.

13 14 15

Жас өнерпаздардың орындауындағы әсем әндер мен мың бұралған билер көрермендерге шат көңіл сыйлап, ризашылыққа бөледі.

Семей қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің әкімшілігі Кітап мерекесін өткізуде қолдау көрсеткен барлық серіктестер мен әріптестерге зор алғысын білдіреді.

 
«Әлемге танылған Абай»
23.04.2015 17:33

Семей қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде 12 жылдан бері жыл сайын Жер бетіндегі ең керемет ғажайып - кітапқа арналған мереке өткізіліп келеді. 1967 жылдан бастап балалар кітабы бойынша Халықаралық Кеңестің шешімімен 2 сәуір ұлы ертегіші Г.Х. Андерсеннің туған күніне орай Халықаралық балалар кітап күні болып аталып өтуде. Ал 1995 жылдың 16 қарашасында өткен ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының XXVIII-ші сессиясында 23 сәуір Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күні болып жарияланды. Орталықтандырылған кітапхана жүйесі 2003 жылдан осы екі атаулы мерекені бірлестіре отырып Кітап мерекесін өткізуді дәстүрге айналдырған. Биылғы Кітап мерекесі ұлы ақын, ойшыл, қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналып «Әлемге танылған Абай» тақырыбы аясында өткізілді.

Басты мақсат – балаларды әдебиетке жақын болуға, кітап оқуға үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру, «кітап – білім бұлағы, ал білім – өмір шырағы» екенін ұғындыру. 

1 2 3

Осы ауқымды шара аясында ОКЖ-нің кітапхана-бөлімшелерінде бір ай бойы дөңгелек үстел, әдеби кеш, ертеңгілік және т.б. мәдени-көпшілік шаралар өткізіліп, талапты, талантты балалардың шығармашылық ізденістерін арттыру мақсатында шығармашылық сайыстары ұйымдастырылды: «Абайдың туған жері балалар көзімен» атты жас суретшілер сайысы, «Абай – қазақ поэзиясының асқар биігі» атты жас ақындар сайысы, «Абай әлемі» тақырыбында бейнероликтер байқауы.

4 5 6

Кітап мерекесі аясында өткізілген шығармашылық байқауларға барлығы 30 мектеп, оның ішінде 5 қала маңындағы мектептер, 2 аула клубтары, №8 балалар үйі, №4 нашар еститін және №8 саңырау балаларға арналған интернаттар, қала маңындағы Березовский, Түрксіб, Озерки, Шүлбі және Знаменка орта мектептері қатысты. Қатысқан балалар саны 500-ге жуық.

7 8 9

Қорытынды шығару үшін тәуелсіз сарапшылар комиссиясы құрылып, 22 сәуір күні Балалар және жасөспірімдер кітапханасында өткен Кітап мерекесінде сайыс жеңімпаздары жарияланды. Жеңімпаздар сыйлықтармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

10

Кітап мерекесі аясында ұйымдастырылған шығармашылық байқауларда жүлделі орындарға ие болған сайыскерлер тізімі

1-4 сынып оқушылары арасында өткен «Абайдың туған жері балалар көзімен» атты жас суретшілер сайысы бойынша:

I орын - Пригород орта мектебінің 4 сынып оқушысы Бейсембаева Альмира

II орын - №43 мектептің 3 сынып оқушысы Александровская Анастасия

III орын - №4 мектептің 3 сынып оқушысы Асқар Анар

5-8 сынып оқушыларымен өткен «Абай әлемі» бейнероликтер байқауы бойынша:

I орын – отбасылық үлгідегі №8 балалар үйінің 8 сынып оқушылары Смирнов Алексей, Стрельников Максим, № 15 мектептің 5 сынып оқушысы Тылғатбеков Мәди

II орын - №3 мектептің 7 сынып оқушысы Кәрібаева Ақсауле

III орын - №37 мектептің 6 сынып оқушысы Нуранова Аяжан

9-11 сынып оқушылары арасында өткен «Абай – қазақ поэзиясының асқар биігі» жас ақындар сайысы бойынша:

I орын - №37 мектептің 11 сынып оқушысы Жетыбаева Мадина

II орын - №47 мектептің 9 сынып оқушысы Кенжебекұлы Ерсін

III орын - №22 мектептің 10 сынып оқушысы Жакина Гүлім.

Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше көңіл бөліп, олардың мәселелерін шешуге, өмірге тез бейімделіп, жұмысқа тұруларына айрықша жағдай жасап, көмектесу керектігі туралы атап айтқан болатын. Осыған орай Кітап мерекесі аясында «Абайдың туған жері балалар көзімен» (1-4 сынып) атты жас суретшілер сайысы ұйымдастырылып, осы сайысқа Семей қаласындағы нашар еститін балаларға арналған №4 мектеп-интернаты және есту қабілеті бұзылған (естімейтін) балаларға арналған мектеп-интернаты тәрбиеленушілері қатысуға арнайы шақырылды.

Арнаулы нашар еститін балаларға арналған №4 және есту қабілеті бұзылған (естімейтін) балаларға арналған мектеп-интернаты оқушыларымен өткен жас суретшілер байқауында жүлделі орындарға ие болған сайыскерлер тізімі:

1-4 сынып оқушылары арасында өткен «Ертегілер елінде» жас суретшілер сайысы бойынша:

І орын - нашар еститін балаларға арналған №4 мектеп-интернатының оқушысы Мукашев Мерей

ІІ орын - нашар еститін балаларға арналған №4 мектеп-интернатының оқушысы Марат Қуаныш

ІІІ орын – есту қабілеті бұзылған (естімейтін) балаларға арналған мектеп-интернатының оқушысы Женисбекова Аяулым.

LAST_UPDATED2
 
<< Бірінші < Алдыңғысы 1 2 Келесі > соңғы >>

JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL