23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күні
25.04.2013 00:00

1967 жылдан бастап Халықаралық Кеңестің шешімімен 2 сәуір ұлы ертегіші Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне орай Халықаралық кітап күні аталып өтілуде.

Дүниежүзілік кітап күнінің 23 сәуір күні тойлануына себеп болған, көптеген белгілі жазушылар (М.Сервантес, В.Шекспир, И.Вега, М.Дрюон және тағы басқалар) бұл күні дүниеге келіп, дүниеден озған. Мереке Халықаралық Кітап баспа Ассоциациасының ынтасымен 1969 жылдан тойланып келеді. 1995 жылдың 16 қарашасында өткен ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 28 сессиясында мереке туралы Қарар қабылданып, 23 сәуір «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күні» болып жарияланды.

Жыл сайын Балалар кітабы халықаралық кеңесі ұлттық секцияларының бірі аталған керемет мерекенің демеушісі болады және жыл сайын дәстүр бойынша әлем балаларына Жолдау және Халықаралық балалар кітабы күніне арналған плакат жазу үшін танымал жазушы мен белгілі суретшіні шақырады. Осылай әр жылы балаларға белгілі бір тақырыппен жолдау жолданады.

Осы мерекеге орай Орталықтандырылған кітапхана жүйесі 2012 жылдың 2-23 сәуірі аралығында Халықаралық балалар кітап күні мен Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау күніне арналған қалалық Кітап мерекесін өткізді.

Басты мақсат – балаларды әдебиетке жақын болуға, кітап оқуға үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру, «кітап – білім бұлағы, ал білім – өмір шырағы» екенін ұғындыру. Осы мақсатта ОКЖ-нің кітапхана-бөлімшелері бір ай бойы дөңгелек үстел, әдеби кеш, ертеңгілік және т.б. мәдени-көпшілік шаралар өткізді.

Кітап мерекесі аясында «Оқитын қала» атты фотоконкурс ұйымдастырылды.

Қорытынды шығару үшін тәуелсіз сарапшылар комиссиясы құрылды, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды, баға жетпес құнды кітаптар сыйға берілді. Жеңімпаздардың жұмыстары Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің сайтына енгізіліп, ақпарат құралдарында жарияланады. Кітап мерекесіне қала мектептері және қала маңындағы орта мектептері белсене қатысты. Барлығы 35 мектеп қатысты, 189 оқушы өздерінің шығармаларын ұсынды. Осы оқушылардың шығармасынан 22 шығарма үздік деп таңдалды.

Кітап мерекесі аясында «Оқитын қала» атты фотоконкурста жүлделі орындарға ие болған сайыскерлер:

5-6 сынып аралығында:


І орын - Нуриахметова Наталья 6 сынып №29 ЖОББМ «Чтение — лучшее учение»
1

 

 

ІІ орын - Болатов Ерназ 5 сынып №10 ЖОББМ «Моя кошка тоже умеет читать»
2



ІІІ орын – Кадугинова Мадина 6 сынып №29 ЖОББМ «Веселые картинки»
3





Ынталандыру сыйлығы:

1. Балхашев Ерасыл 6 сынып «Жас ұлан»   «Полезное с приятным»
1


 

2. Мәрденов Жәнібек 6 сынып №26 ЖОББМ «Кітап. Көзі жұмыққа – арзан, көзі ашыққа – маржан!»

2


 

3. Моженко Мария 6 сынып №10 ЖОББМ «Нам и здесь удобно»


3




Номинациялар:


1. Отбасы және кітап - Жиенбеков Адильжан 5 сынып №10 ЖОББМ «Дружные читатели»
 1


 

2. Кітап оқу жас тандамайды — Мурзаканов Султан 5 сынып «Жас ұлан» «Моя первая книжка»
2


 

3. Кітап – балалықтың адал досы – Мендыханова Адия 6 сынып №43 ЖОББМ «Позабыты все игрушки»
3



4.Кітапхананың ғажайып әлемі – Байбусинов Талғат 6 сынып №9 ЖОББМ «Самые юные читатели»
4


 

5. Қызықты сәттер – Амирханова Айдана 6 сынып № 43 ЖОББМ «Свет знаний»

5




7-8 сынып аралығында:

І орын - Ардакова Айерке 8 сынып Знаменка «Сенікі қызықтырақ екен, ия»
1


 

ІІ орын - Жумакулов Мерей 7 сынып №33 ЖОББМ «Кітап – алтын қазынам»

2



ІІІ орын – Сыздыков Ескендир 7 сынып «Жас ұлан» - «Тяжело в учении, легко в бою»
3



Ынталандыру сыйлығы:


1. Сабыржанова Анастасия 8 сынып   №2 ЖОББМ «Пять минут отдыха»
1


 

2. Морозов Кирилл 8 сынып «Жас ұлан» «Школа будущего командира»
2


 

3. Гундич Зинаида 7 сынып №9 ЖОББМ «Сейчас их двое – ребенок и книга»

3



Номинациялар:

 

1. Отбасы және кітап - Шакенова Ақмарал 7 сынып №3 ЖОББМ «Сіңілдерім сүйкімді, оқып бер деп қиылды»
1


 

2. Кітап оқу жас тандамайды — Бекешев Бахтияр 7 сынып №20 ЖОББМ «Книга в жизни моей семьи»

2


 

3. Кітап – балалықтың адал досы – Марқазатова Айжан 8 сынып №26 ЖОББМ «Мен оқулықтарымды мәпелеп ұстаймын»

3


 

4.Кітапхананың ғажайып әлемі – Мустафинова Мадина 7 сынып №10 ЖОББМ «Перед экзаменом»

4


 

5. Қызықты сәттер – Қарқынов Ерлан 8 сынып А.Ибраев атындағы ЖОББМ «Тауығым, қашпашы, кітап оқиық...»

5

Мереке дәстүрлі түрде жалғасын таба бермек.

LAST_UPDATED2
 
Асыл мұра - Кітап мерекесі
26.04.2012 21:45

Семей қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі барлық кітапханалар тәрізді оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын сиқырлы да киелі орда. Біз отыз бес жылдық тарихы бар асыл қазыналар мекенінде еңбек етіп, барлық жарқын істерді халықпен бірлесе атқарып жатқанымызды мақтан етеміз.

            Жас ұрпақтың санасында туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ана тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеп, халықтың салт-дәстүрін аялай, ардақтай білуде тәрбиелеу кітаптың еншісінде.

            Осыған орай кітапхана ұжымы да ұлтымыздың ұлы мұраттары мен мақсаттары жолында кітапхана оқырмандардың рухани байлығын арттырып, халықтың салт-санасын қалыптастыруда шығармашылықпен жемісті еңбек етіп келеді.

            Рухани байлық кітап оқу арқылы молаятындықтан, бүгінгі таңда жас ұрпақты кітап оқуға баулуды түрлі шаралар арқылы жүзеге асыруды мақсат етіп отырмыз.

           Міне, осы мақсатта жас оқырмандардың арасында Орталықтандырылған кітапхана жүйесі 2003 жылдан бері 1967 жылдан бастап Балалар кітабы жөніндегі халықаралық кеңестің шешімімен Данияның әлемге әйгілі ертегішісі Ганс Христиан Андерсеннің туған күніне орай Әлемдік балалар кітабы күні болып тағайындалған - 2 сәуір мен 1995 жылы Парижде өткен Бас Ассамблея конгресінің шешімі бойынша Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні болып жарияланған - 23 сәуір мерекелерін бірлестіре отырып, бір ай төңірегінде Қалалық Кітап мерекесін өткізуді дәстүрге айналдырған.            

 

Кітап - атадан қалған асыл мұра, көненің көзі, ескінің сөзі. Ол - мәңгілікке сапар шеккен ақыл ескерткіш. Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің сөзімен айтқанда «Әр адамның өмірлік досы».

            Биылғы бұл ауқымды шара осы ұлы жазушы, драматург, әдебиетші-ғалым, қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 115 жылдығына арналды. Асыл азамат Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің мерейтойы – тәуелсіз еліміздің рухани өміріндегі айтулы оқиға. Туған халқын төрткүл дүниеге мәшһүр еткен үлкен суреткер Мұхтар Омарханұлы Әуезов кемел ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі.

           Келер ғасырда да кемелдене беретін кемеңгер М.Әуезов – бүгінгі тәуелсіз мемлекеттің іргесін нығайтып жатқан жаңа ұрпақтардың да сарқылмас игілігі деген оймен Кітап мерекесі аясында балалардың «Жұлдызды жол» көркем сөз оқу байқауы, «Мұхтар әлемі» жас ақындар және «Туған өлкем» мәнерлеп оқу шығармашылық сайыстары өткізілді.

       Байқауға қатысқан үміткерлерді бағалауға арнайы әділқазылар алқасы құрылып, жұмыстармен жете танысып, сарапқа салып бағаларын беріп, жеңімпаздарды анықтап 24 сәуір күні Балалар және жастар шығармашылық сарайында өткен Кітап мерекесінің салтанатты кешінде осы жеңімпаздарымыз марапатталды.

Атап өтсек: 9-11 сынып оқушылары арасында «Жұлдызды жол» айдарымен өткен көркемсөз оқу байқауында М.О.Әуезов шығармаларынан үзінді оқып жеңімпаз атанғандар Ануарбекова Аяулы, Қалибекова Маржан, Есенова Нұрай болса,

5-6 және 7-8 сыныптар аралығында өткен «Мұхтар әлемі» атты жас ақындар сайысында Мұхтар Әуезовке деген шынайы сүйіспеншіліктерін өлең жолдары арқылы жеткізген жүлделі ақындарымыз Кенжебекұлы Ерсін, Тулеубекова Асель, Орынбасарова Арайлым, Жақсылықова Аяулым, Махметов Темірлан, Жакина Гүлімнің үстемдері биік болды.

Ал, кішкентай оқырмандарымыз яғни, 1-4 сынып оқушылары қатысқан «Туған өлкем» атты мәнерлеп оқу сайысының жеңімпаздары Қуанышева Әйгерім, Ишимова Зарина, Иқласова Заремалар көрермендердің ерекше ықыласына ие болды.

     «Нұр Отан» ХДП да мерекеден қалыс қалмай өз тараптарынан сайыскерлер Ерназар Мөлдір, Чубова Анастасия, Қуанышбекова Жансая, Бейсенгалиева Алинаны арнайы алғыс хаттармен аттап өтті.

   Жалпы осы мереке аясында кітапхана ұйымдастырған әр түрлі мерекелік шараларға қала және қала маңындағы 41 мектеп, 500 тақау оқушылар қатысты.

           Жастардың бетін кітапқа бұрып, ықыласын кітапханаға аудару мақсатында атқарылып жатқан шара, Кітап мерекесін өткізуде бірлесе ат салысып, көмек көрсеткен білім бөліміне, қалалық мәдениет сарайына, балаларға тосын сый жасап, қуанышқа бөлеген демушілеріміз «Радуга Семей» фирмасы мен «Альфа – Марино» студиясына алғысымыз шексіз. Алдағы уақытта да, кітап құдіреттін түсінетін осындай азаматтарымыздың қатары көбейеді деген ниеттеміз.

            Оқырмандар арасында қолдау тауып отырған Кітап мерекесі туралы ақпараттар жергілікті бұқаралық ақпараттық құралдары, мерзімді басылым беттерінде жарық көріп, телеарналар арқылы көрсетілді.

            Жалпы мұндай шаралардың өткізілуі өнерлі, жас таланттардың басын қосып, жастардың жан-жақты дамуына ықпал ете отырып, ұлттық әдебиетке деген оқырмандардың қызығушылығын арттырары сөзсіз.

 

Жас акындар сайысы

LAST_UPDATED2
 
Ең қымбат қазына - Кітап мерекесі
15.05.2011 12:55

Еліміздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толуына орай Орталықтандырылған кітапхана жүйесі кітапханаларында 2 сәуір - Әлемдік балалар кітабы күні мен 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні мерекелеріне арналған, бір ай төңірегінде Қалалық Кітап мерекесі өткізілді. Кітапхана бүгінде оқырман үшін білім алудан бос уақытын өткізу, интеллектуалды және рухани қасиеттерін дамыту, ақпараттық сұранымдарын қанағаттандыратын білім ордасы. Кітап мерекесінің әр күні рухани байлықтарымызды насихаттау мақсатындағы түрлі шараларға толы болды. ОКЖ кітапханалары барлық бағыт, стил, формат бойынша: кездесу кештерін, әдеби кештер, дөңгелек үстелдер, диспуттар, ертеңгіліктер өткізді. Биылғы жылы кітапхана ұйымдастырған әр түрлі мерекелік байқауларға қаланың 36 мектебі мен 500-ден артық оқушылары қатысты.

Балалар арасында Отанын құрметтеуге, тәуелсіздікті бағалай білуге, ұлтжанды, елжанды болуға, елінің тәуелсіздігі жолында күрескен ерлердің қаһармандығы мен күрескерлік ерліктерін әрдайым есте ұстауға, үлгі ете білуге үйрету мақсатында жас ақындар, электронды тұсаукесер (слайд) және жас суретшілер шығармашылық сайыстары жариялаған болатын. Кітап мерекесінің аясында жарияланған шығармашылық сайыстар жас талапкерлердің оқырмандарға өз ойларын білдіру мүмкіндігін тудырды және бұл ойлар тәуелсіздікке арналып жазылған жұмыстарында әдемі де, әсерлі суреттелген.

1

Мерекенің қорытынды бөлімі сәуір айының 22-ші жұлдызында Қалалық орталық кітапханада салтанатты түрде аталып өтті. Осы кеште сөз алған қонақтар алғыстарын білдіре отырып, ұрпағымызға ақыл берер, халқымыздың білімділігін арыттырып, сапасын жақсарттар кітапханалардың істеріне сәттілік тіледі.

2

Мереке барысында келешегі кемел жас ақындар сайысы жеңімпаздарының жырларын қонақтар ықыласпен тындап, электронды тұсаукесер сайысы жеңімпаздарының жұмыстарымен танысып, кітапхана фойесінде орналасқан жас суретшілердің еңбектерін тамашалады.

3

Кітап мерекесіне арнап №17 мектептің «Ұлылар үні» атты драмалық үйірменің қатысушылары өзінің қайсар рухымен артында өшпес із қалдырған, өз халқының тәуелсіздігі үшін жас ғұмырын сарп еткен, қазақтың ұлы перзенттерінің бірі Қайрат Рысқұлбековты милиционерлердің тұтқынға алуы, кісі өлтірдің деп жала жабуы, ұрып-соғуы туралы көрніс көрсетіп, Қайраттың ар-намысының биік екенін дәлелдеген «Күнәдан таза басым бар» дейтін өлең жолдарынан үзінді оқыды.

4

Қойылым барысында бейне таспа арқылы оқушыларға 1986 жылғы желтоқсан оқиғасынан хроникалық үзінді көрсетілді. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған Тәуелсіздігімізге қол жеткізуде құрбан болған, қыршынан қиылған қазақ жастарының, мыңдаған боздақтардың рухын еске алып бір сәт үнсіздік жарияланды.

Байқауға қатысқан үміткерлерді бағалауға арнайы әділқазылар алқасы құрылып, жолданған жұмыстармен жете танысып, сарапқа салып бағаларын беріп, үздіктерді анықтады. Сайыстар нәтижесінде шығармашылық қабілеті бар, өнерлі оқырмандар іріктеліп шығып, жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталды. Білімділік танытып жүлделі орындарға ие болған сайыскерлер №39 мектептің 9 сынып оқушысы Жүкенов Нұржан, №47 мектептің 11 сынып оқушысы Айтқалиева Дана, №22 мектептің 10 сынып оқушысы Қалиев Дулат, №35 мектептің 3 сынып оқушысы Данильченко Ольга және осы мектептің 6 сынып оқушысы Таурбекова Саулелердің және т.б. мерейлері үстем болды.

5

Сонымен қатар «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының арнайы алғыс хаттарына қала мектептерінің оқушылары Дүйсенов Сұлтан, Чепрасов Александр, Бейсенбеков Талғат, Мубаракова Ақмарал, Ахмер Біржан, Қабдулова Айдана, Алпысбаева Ләззат, Дюсенова Айгерім ие болып, сайыстарымызға қатысып, ат салысып, белсенділік танытқан қаламыздағы және қала маңындағы мектептерге Орталықтандырылған кітапхана жүйесі өз тараптарынан құрмет көрсете отырып, алғыс хаттармен марапаттады.

6

Кеш соңында мерекеге қатысқан қауым осы мерекені өткізуге атсалысқан жандарға зор алғыстарын білдіріп, Кітапхана арқылы балалар мен жасөспірімдердің ішкі жан-дүниесімен мәдени рухани, адамгершілік қасиеті, эстетикалық талғамы, өмірге деген көзқарасы, сана-сезімі қалыптасады деген ойларын, ұсыныс-тілектерін айтты. Кітап мерекесінің оқырман қауымға берер рухани ләззаты мол болды деген ниеттеміз.

7

8

 

 

Жас ақындар сайысы

8-9 сынып

1 орын

2 орын

3 орын

 

10-11 сынып

1 орын

2 орын

3 орын

 

Электронды тұсау кесер сайысы

1 орын Калиев Дулат

2 орын Игисинов Думан

3 орын Ануарбекова Куралай

 

Жас суретшілер сайысы

1-4 сынып

1 орын Данильченко Ольга

2 орын Жампозов Тигран

3 орын Ахметова Анель

 

5-7 сынып

1 орын Таурбекова Сауле

2 орын Дерябина Яна

3 орын Дуйсенов Султан

 

LAST_UPDATED2