Бізге қалай жазылуға болады
28.10.2010 22:49

Кез-келген жеке тұлға, жынысына, ұлтына, жасына, біліміне, әлеуметтік жағдайына, саяси және діни көзқарасына және кез-келген заңды тұлға жекеменшік формасына немесе ведомствалық бағынуына қарамастан кітапхана оқырманы бола алады.

 

Кітапханаға қалай жазылуға болады?


Кітапханаға жазылу үшін Сізге жеке басыңызды куәландыратын құжат (паспорт, жеке куәлік), Семей қаласында тіркелгеніңіз туралы анықтама қажет. Тұрақты тіркеуі жоқ тұлғалар тек қана кітапхананың оқу залын пайдалана алады.

14 жасқа дейінге балалар кітапханаға ата-анасының құжаты немесе біреуінің қатысуымен жазылады.

14 -18 аралығындағы оқырмандарға кітапханаға жазылу үшін ата-анасының рұқсаты және өз жеке бас құжаты керек.

Пайдаланушы оқырман формулярын толтыру үшін қажетті ақпараттарды беріп, «Семей қаласының ОКЖ кітапханаларын пайдалану ережелерімен» танысып, ережелерді сақтауға келісімін формулярға қол қою арқылы растауы тиіс.

 

Оқырмандарды қайта тіркеу.

 

Жыл сайын 1 қаңтарда кітапханаға оқырмандарды қайта тіркеу жүргізіледі. Әр оқырман жаңа жылда кітапханаға алғаш келген кезде өзімен бірге паспорт немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжаттары алып келуі керек.

Кiтапхананың жұмыс кестесi:

Сейсенбі - Жексенбі сағ. 10.00-18.00

Дүйсенбі - демалыс күні

Әр айдың соңғы күні - тазалық күні

LAST_UPDATED2