28.10.2010 22:49

Қалай біздің оқырманымыз бола аласыз

Кітапхана оқырманы кім бола алады?

Оқырман жынысына, жасына, ұлтына, біліміне, әлеуметтік жағдайына, саяси сенімдеріне, дінге деген көзқарасына қарамастан кез келген жеке тұлға, сондай-ақ меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кез келген заңды тұлға бола алады.

Кітапханаға қалай жазылуға болады?

Кітапханаға жазылу үшін сізде құжат (паспорт, куәлік) болуы қажет. 14 жасқа дейінгі балалар кітапханаға ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжат негізінде немесе оның қатысуымен жазылады. 14 пен 18 жас аралығындағы пайдаланушылар кітапханаға ата-анасының рұқсатымен және жеке басын куәландыратын құжатпен жазылады.

Пайдаланушы оқырман формулярын толтыру үшін қажетті мәліметтерді хабарлауға, "Семей қаласының ОКЖ кітапханаларын пайдалану ережелерімен" танысуға және олардың сақталуына келісімді формулярдағы жеке қолтаңбамен растауға тиіс.

Оқырмандарды қайта тіркеу

Жыл сайын 1 қаңтардан бастап кітапханада оқырмандар қайта тіркеледі. Әрбір оқырман жаңа жылда кітапханаға алғаш барған кезде өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс.

ОКЖ кiтапханаларының жұмыс кестесi

Қалалық орталық кітапхана, Мирный кентіндегі және Шақаман ауылындағы кітапхана-бөлімшелері

Дүйсенбі – сенбі, сағат 10:00-ден18:00-ге дейін жұмыс істейді

Демалыс күні – жексенбі

Әр айдың соңғы жұмыс күні - тазалық күні

№2, №6, №12, Цемент, Шығыс, Шүлбі кентеріндегі кітапхана-бөлімшелері және Балалар және жасөспірімдер кітапханасы

Сейсенбі – жексенбі, сағат 10:00-ден18:00-ге дейін жұмыс істейді

Демалыс күні – дүйсенбі

Әр айдың соңғы жұмыс күні - тазалық күні

Жоламан кентіндегі кітапхана-бөлімшесі

Дүйсенбі – жұма, сағат 10:00-ден18:00-ге дейін жұмыс істейді

Демалыс күні – сенбі, жексенбі

Әр айдың соңғы жұмыс күні - тазалық күні

LAST_UPDATED2